Бірге тексерейік!
СтатистикаБәрі де тексеріледі! Байланыс үшін: https://t.me/smaqov Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 5
- Всего постов
- 26
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 32
- 1/48двое суток
- 36
- 1/72трое суток
- 39
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қауіпсіздік һәм бақылау: Мемқызметкерлерді Aitu мессенжеріне көшірудің астарында не жатыр? Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/qauipsizdik-ham-baqylau-memqyzmetkerlerdi-aitu-messenzherine-koshirudin-astarynda-ne-zhatyr
Теледебатқа фактчек: Мейрамгүл Мәдәлі жатақхана саны туралы рас айтты ма? Тамыздың 5-і күні өткен құрылтай сайлауы алдындағы партиялар дебатында, «Respublica» партиясының өкілі Мейрамгүл Мәдәлі кейінгі 2 жылда 113 жаңа жатақхана салынғаны жөнінде дерек келтірді. Сондай-ақ, ол аталған жатақханаларға 31 мың студент сыйатынын да сөз етті. Мейрамгүл Мәдәлі айтқан осы және өзге де деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/teledebatqa-faktchek-meyramgul-madali-zhataqhana-sany-turaly-ras-aytty-ma
Теледебатқа фактчек: Самбетбай Тазабектің ғалымдарға қатысты сөзі рас па? Теледебатта қаншалықты рас мәлімдемелер айтылады? Тексерейік. Құрылтай сайлауына қатысты 29 шілде күні өткен теледебатта, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі Самбетбай Тазабек Дакенайұлы 3 жарым млннан астам қазақстандық тұрақты МӘМС жүйесіне кірмейтіні жайлы дерек келтірді. Сондай-ақ, ол осынша адам зейнатақы жүйесінен де, әлеуметтік қорғаудан да тыс қалғанын айтты. Теледебат кезінде партия өкілі айтқан деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/teledebatqa-faktchek-sambetbay-tazabektin-galymdarga-qatysty-sozi-ras-pa
Теледебатқа фактчек: Олжас Нұралдинов ШОК туралы не деді? Теледебатта қаншалықты рас мәлімдемелер айтылады? Тексерейік. Құрылтай сайлауы қарсаңында 29 шілдеде өткен теледебатта саяси партия өкілдері бас қосып, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Теледебат барысында қатысушылар «Қазақстанның болашағы – адам капиталы» тақырыбында пікірталасып, түрлі мәлімдеме жасады. «Ақ жол» партиясының атынан келген Олжас Елтайұлы елдегі шағын және орта кәсіпорындары жайында дерек келтіріп, такси жүргізушілері мен курьерлердің күннен күнге өсіп жатқанын айтты. Factcheck.kz аталған деректерді тексеріп көрді. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/teledebatqa-faktchek-olzhas-nuraldinov-shok-turaly-ne-dedi
Теледебатқа фактчек: Сұңқар Ислам студенттер мен жас маман туралы рас айтты ма? Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/teledebatqa-faktchek-sunqar-islam-studentter-men-zhas-maman-turaly-ras-aytty-ma
Ғалымдар әлемдегі халық санын жартылай қысқарту керек деді ме? ҮКІМ: МАНИПУЛЯЦИЯ Ақпарат таратушылар биыл 26 шілдеде жарияланған «Achieve Sustainability by Easing Population to 4 Billion by 2200» атты зерттеуге сілтеген. Дегенмен, ғалымдар Жер шарындағы адам санын «қысқарту» туралы емес, 2200 жылға қарай халық санының өсуін баяулату жөнінде жазып отыр. Көптеген медиа пайдаланған «қысқарту» сөзі эмоцияға әсер ететіндей бұрмаланған, себебі әңгіме шамамен екі ғасырға жуық уақыттағы гипотетикалық демографиялық үрдіс жөнінде. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/galymdar-alemdegi-halyq-sanyn-zhartylay-qysqartu-kerek-dedi-me
Дубай билігі елге барған туристерге 815 доллар бере ме? Әлеуметтік желілерде Дубай билігінің қазақстандық туристерге арнап қаржылай бонустар беру туралы ақпарат тарап жатыр. Жаңалыққа сенсек, Дубайға барған әрбір қазақстандыққа 815 доллардан береді-міс. Ақпарат қаншалықты рас, Factcheck.kz тексеріп көрді. Үкім: ШЫНДЫҚҚА ЖАҚЫН БАӘ билігі Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, туристердің азаюына байланысты A Dubai Invite бағдарламасын әзірледі. Жобаға 18 жастан асқан БАӘ азаматы мен Emirates ID бар тұрғындары қатыса алады. Алайда танысын/досын шақырған тұрғындар 3 мың дирхам сыйақыны ақшалай түрде емес, бонус түрінде, яғни түрлі ойын-сауық орталықтары мен серіктестіктер ұсынған пакетті ала алады. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/dubay-biligi-elge-bargan-turisterge-815-dollar-bere-me
Қазақстанда интернет арзан ба? ҮКІМ: МАНИПУЛЯЦИЯ Желідегі жазбаларда жалпы интернет бағасы жайлы жазылған. Ал рейтиңді құрастырған Global Broadband Price League тізімді стационарлық кең жолақты интернет бойынша жасағанын жазған. Яғни, жалпы интернет бағасына қатысы емес. Екіншіден, рейтиң халықтың сатып алу қабілетін ескермейді. ITU деректерінде, Global Broadband Price League рейтиңіндегі Қазақстаннан төмен тұрған бірқатар елдің тұрғындары интернетке табысының салыстырмалы түрде аз бөлігін жұмсайтыны көрсетілген. Сондықтан желіде тараған рейтиң интернет бағасына объективті баға беруге мүмкіндік бермейді. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/qazaqstanda-internet-arzan-ba
Теңге әлемдегі нығайған 5 валюта қатарына кірді ме? ҮКІМ: МАНИПУЛЯЦИЯ Қазақстандық БАҚ ақпаратқа дереккөз ретінде Ресейдің «РИА Новости» басылымына сілтейді. Ал бұл басылым мәліметтерді биржа алаңдарынан алған. Trading Economics, Investing.com секілді биржа алаңдарындағы теңге бағамының жыл басынан бері долларға шаққандағы өсімі жайлы деректерін есептесек, шамамен 4,22% жуық нығайғанын байқаймыз. Бірақ бұл көрсеткіш тек айырбас бағамының өзгерісіне негізделген және инфляция мен басқа да экономикалық факторларды ескермейді. Валюатның нығаю үшін мұнай бағасы, Ұлттық банктің интервенциялары, экспорттаушылардың валюталық түсімдері секілді өзге де факторлар әсер етуі керек. Сондықтан теңгені «әлемдегі ең нығайған валюталардың бірі» деп көрсету манипуляция. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/tenge-alemdegi-nygaygan-5-valyuta-qataryna-kirdi-me
Құпия құжаттар: мемлекеттік ақпараттық тапсырыс қалай жабық жүйеге айналды? Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/qupiya-quzhattar-memlekettik-aqparattyq-tapsyrys-qalay-zhabyq-zhuyege-aynaldy
Дубайдағы Кайан мұнарасына шабуыл бейнеленген видео — фейк 🚫 Алғашында Иранға қарсы шабуыл ретінде сипатталған видео орыс тілінде БАӘ-не жасалған шабуыл деп тарап жатыр. Видео — фейк. Желіде Иран Біріккен Араб Әмірлігіндегі Джебель-Әли портына шабуылдағаны туралы ақпарат тарады. Жазбамен бірге жарияланған видеода БАӘ-дегі Кайан мұнарасына ұқсайтын ғимараттың өртеніп, адамдардың бейберекет қашып жатқанын көруге болады. Материал жазылып жатқан тұста жазба 2,6 млн қаралым жинап үлгерді. Factcheck.kz редакциясы ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеруді жөн көрді. ҮКІМ: ФЕЙК Видео жасанды интеллект көмегімен жасалған. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/dubaydagy-kayan-munarasyna-shabuyl-beynelengen-video-feyk
Ұстау мен страйк. Сайлау қарсаңындағы журналистер бетпе-бет келген кедергілер нені көрсетеді? Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/ustau-men-strayk-saylau-qarsanyndagy-zhurnalister-betpe-bet-kelgen-kedergiler-neni-korsetedi
Сайлауға дайындық: партия мен үміткерді сынай алмаймыз ба? Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/saylauga-dayyndyq-partiya-men-umitkerdi-synay-almaymyz-ba
Италияда бір жынысты жұптардың бала асырауына тыйым салынды ма? ҮКІМ: МАНИПУЛЯЦИЯ Италияның «Баланың отбасыда өмір сүру құқығы туралы» заңының 6-бабында бала асырап алу тек кемінде үш жыл некеде тұрған ерлі-зайыптыға (coniugi uniti in matrimonio) рұқсат етілетіні жазылған. Ал бір жынысты адамдарға қатысты заңның 1-бабында ЛГБТ өкілдері тек азаматтық некеге (unione civile) ғана тұра алатыны көрсетілген. Бұл дәстүрлі неке ұғымынан бөлек қарастырылады. Десе де, заңда бала асырауға тек ерлі-зайыптыға рұқсат етілсе де, Италия соты бір жыныстағы жұптарға ата-ана болуға рұқсат етілгені туралы шешім шығарған мысалдар тіркелген. Сол үшін ақпарат манипуляция. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/italiyada-bir-zhynysty-zhuptardyn-bala-asyrauyna-tyyym-salyndy-ma
Алматы студенттер үшін әлемдегі ең үздік 80 қаланың қатарына енді ме? ҮКІМ: ШЫНДЫҚ QS Best Student Cities 2027 рейтиңінде Алматы қаласы 65,1 балл жинап 78-орында тұр. Бұл рейтиңде Алматы расымен де Дубай (79-орын), Доха (81-орын), Уашиңтон (81-орын) және Атланта (83-орын) сияқты ірі мегаполистерден жоғары тұр. 2026 жылғы рейтиңде Алматы қаласы 63,5 баллмен 91-орында болған. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/almaty-studentter-ushin-alemdegi-en-uzdik-80-qalanyn-qataryna-endi-me
Қазақстан бала құқығын қорғайтын ТОП-25 ел қатарында ма? ҮКІМ: ШЫНДЫҚ Қазақстан The KidsRights Index көрсеткішінде 2026 жылы 194 елдің ішінде алғашқы 25 елдің қатарына кіріп, 24-орынға тұрақтағаны рас. Дегенмен бұл жаңалық емес, керісінше елдің кейінгі 3 жылдағы көрсеткіші нашарлаған. 2024 жылы Қазақстан 21-орында болса, былтыр 23-орынға түскен. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/qazaqstan-bala-quqygyn-qorgaytyn-top-25-el-qatarynda-ma
Қазақстанда кедейлер көбейгені рас па? ҮКІМ: МАНИПУЛЯЦИЯ Ұлттық статистика бюросының деректеріне сай, 2026 жылдың І тоқсанында табысы төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4,9% болды. Бұл өткен жылғы бірінші тоқсаннан көп. Десе де кейінгі 5 жылдың қорытындысын қарасақ (2020-2025) мұндай халықтың үлесі көбеймегенін байқаймыз. Керісінше 0,3%-ке азайғанын (5,3%-тен 5%-ке дейін) көруге болады. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/qazaqstanda-kedeyler-kobeygeni-ras-pa
Бөтелкенің қақпағы судың құрамын білдіре ме? ҮКІМ: ЖАЛҒАН Біз Қазақстанда да, шетелде де стандартталған бөтелкенің қақпағы жөнінде ақпарат таба алмадық. Бұлай мәлімдеуге еш негіз де, дәлел де жоқ. Әр бренд өздігінше шешім қабылдап, түстерді өз қалауынша пайдалана алады. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/botelkenin-qaqpagy-sudyn-quramyn-bildire-me
Балаға қатысты кибербуллиң: медиаға қойылатын талаптар қандай? 2021 жылы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Білім туралы» заңдарына кибербуллиң ұғымы енгізілді. 2024 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу деп аталатын 127-2-баппен толықтырылды. Биылғы 6 айдың өзінде осы баппен 235 іс тіркелген. 2024 жылы қабылданған масс-медиа туралы заңда да кибербуллиң ұғымы кездеседі. Factcheck.kz редакциясы медиадағы балалаларға қатысты хабарлар кибербуллиңге себеп болмауы үшін не істеу керек екенін талдап, жаңа енгізілген баптар мен құқықтық нормаларға шолу жасап көрді. Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/balaga-qatysty-kiberbullin-mediaga-qoyylatyn-talaptar-qanday
без подписи