tgindex
ArshatGo
@arshatgoЭротикаказахский

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ. ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Последний пост
10 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
1
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Эротика
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
800
−1 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
593
20 постов
Вовлечённость
74,1%
к подписчикам
Постов в день
0,1
всего 20
Упоминаний
3
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
177
1/48двое суток
202
1/72трое суток
218

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Біз мұндай спортты құптаймыз!

  • Қазір жаңа буын футболшылар қалыптаса бастаған кезде бізге нидерланд футбол стилі қолайлы болуы мүмкін. Тек нәтиже үшін уақыт керек. Мүмкін жаңа бапкер жаңа стиль қоя алатын болар? https://sportm.kz/2026/08/09/jana-dauir-bastala-ma-djon-van-t-shkip-futboly-qazaqstan-quramasyn-ozgerte-ala-ma/

  • Грант тізімі шыққаннан кейін Астана мен Алматыда үй бағасы көтеріле ме? Өйткені сұраныс көбейген кезде солай болуы заңды. Бұл нарықты бақылап жүргендер бар ма? Қазір рахат, жұрт 1-курс баласына үй алып береді. Соған қарағанда жағдай дұрысталған ба деймін. Бұрын ипотекаға әзер ілігетін едік...

  • Футбол тақырыбындағы интеллектуал сұрақтар мында https://t.me/quizdes

  • видео или голосовое, без подписи

  • ИБД (имитация бурной деятельности) қазақша қалай болады? ҚЖК қалай? Қызу Жұмыс Кейпі

  • Атамның соғыс күнделігі енді ағылшын тілінде Нағашы атам Қайыржан Мұхтаров 1941 жылы соғыстың нақ бірінші күні майданда болған, Минск түбінде. Сол күннен бастап Венаға дейін төрт жыл бойы соғыста жүріп, қолындағы кішкене дәптерге күнделік жазып отырған. Соғыста күнделік жазған сарбаз некен-саяқ, мүмкін ол жалғыз қазақ та шығар? Түпнұсқа дәптер қазір Ұлттық музейде сақтаулы. Мен сол күнделікті ағылшын тіліне аударып, кітап қылып шығардым. Кітапта: - Атамның өз сөзі, әр жазбаға тарихи түсініктеме - Минскден Венаға дейінгі толық соғыс жолының хроникасы - Соғыс кезіндегі фотолары - Түпнұсқа дәптердің беттері (өз қолжазбасы) - Соғыстан кейінгі өмірінен, отбасынан фотолар Атам соғыстан кейін ауылға оралып, өмір бойы математика мұғалімі болды, бес бала өсірді. Кітаптың атауы да содан: «A Teacher's Voice from the Front» (Майдандағы мұғалімнің үні). Енді бұл құнды тарихпен бүкіл әлем таныса алады. Электронды нұсқасы - $7 Қағаз кітап - $13 (әлемнің кез келген жерінен тапсырыс беруге болады) https://www.amazon.com/dp/B0HBN6CJ84 Өтінішім: бұл постты АҚШ, Еуропа, шетелдегі ағайын-туыс пен ағылшын тілді достарыңызға бөлісіп жіберсеңіздер екен. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына, мемуарларға қызығатын адамдарды тегтесеңіздер тіпті тамаша. Сатып алып, мүмкіндік болса Amazon-да ағылшын тілінде қысқа пікір қалдырсаңыздар, кітап іздеу нәтижесінде жоғары көтеріледі. Жаңа кітап үшін алғашқы пікірлер алтыннан қымбат. Бәріңізге алдын ала рақмет!

  • https://www.amazon.com/dp/B0HBN6CJ84

  • Қазақ рулары үшін бір қызық дүние жасадық - urpagy.kz Ру шежіресін онлайн сайтқа айналдыратын сервис. Қағаздағы, дәптердегі, тіпті ескі қолжазбадағы тізіміңізді берсеңіз болды, қалғанын өзіміз істейміз. Не болады: 🌳 Руыңызға жеке мекенжай — ruaty.urpagy.kz 📱 Интерактивті ағаш: атаның үстін бассаңыз, балалары ашылады 🔍 Мыңдаған адамның ішінен кез келгенін атымен іздеу 🖼 «Менің жеті атам» суреті — кез келген адамнан бастап жасалады, Instagram/Stories-ке дайын 💬 Қонақ кітабы — ағайын хабарласып, өз тармағын жазады 📲 QR-код — тойға, кітапқа, визитке басып шығаруға болады Телефонда да, компьютерде де жақсы ашылады. Шежіре бір рет жасалады да, ұрпаққа қалады. Көлеміне қарай 3 түрлі тариф бар. Толығырақ әрі дайын мысалдарды сайттан көріңіз 👇 🔗 https://urpagy.kz

  • Футболдың ыстығы басылған кезде болашақтағы қазақ комментаторлығы туралы айтсам деймін... Өткен Мундиаль комментаторларға ағылшын тілін білу міндетті екенін көрсетті. Біз - көрермендер үзілісте, матч соңында команда өкілдері не деп жатқанын білгіміз келеді. Жалпы спорт журналистері шетелге шықса да, жұмысына дайындалса да, ағылшын - басты ақпарат тілі. Комментаторлық стильді жаңарту керек. Радио-комментаторлық бар, теле-комментаторлық бар. Көрермен ТВден онсыз да ойынды көріп отыр. Алаңдағы қимылдан бөлек, ойнап жатқан футболды да көбірек айтқан жөн. Командалардың тактикаларын, алаңдағы схеманы, бапкерлердің не жоспарлағанын, жаңа қосылған ойыншылардың не істеуі мүмкін екенін, мықты және әлсіз тұстары қайсы екенін, қайдан қауіп төнетінін, кімнің қанаты ақсап тұрғанын, т.б осындай нәрселерді айтса деймін. Сонда көрерменнің де футбол сауаты артады. Бізде әлі әдеби стиль келе жатыр. Оған жастар желіде күліп отыр. Әдемі сөз саптау, ұйқас табу міндетті емес. Бұлай істеу - футбол сауатыңның кем екенін жабу. Сондықтан жаңа деңгейге көшу керек. Ок, ағылшынды меніңше өзіне керек дегендер, басқалардан бір бас артық тұрам дегендер өздері үшін 2 айда үйреніп алады. Ал футболды дұрыс коменттеуді орыстардан, түріктерден адам әкеліп, курс өткізу керек. Икемі бар жастар көп деп ойлаймын. Кастингтер жасап, әлеуеті барларды бір оқытып алса - жаңа есімдер шығады. Жаңа стильді солар қалыптастырады. Қазір де бар сауатты жігіттер, әдебиетке салынып кетпеген. Жаңа стильдің локомотивтері солар болуы керек.

  • 19 июл.476191из arshatgo

    Аргентина құрамасында неліктен қаранәсілді футболшы жоқ? Басқа Оң.Америка командаларында бар да, Аргентинада неге жоқ? 18-ғасырда Аргентина құл базарында басты транзит нүктелерінің бірі болыпты. Кейін халықтың 50% қаранәсілді болған. 19-ғасырда тәуелсіздіктері үшін соғыста алдыңғы шепке негрлерді жіберген. Осылайша біразы сол соғыста өлген. Қалғандары адам саналмаған, есепке алынбаған, құжат берілмеген. Түрлі аурулардан өле берген. Елді "Ағарту" саясаты бойынша Испания мен Италиядан көп адам көшіп келген. Қаранәсілді халық саны өте төмен пайызға түскен. Сондықтан қазір аргентиналық қаранәсілді ешқандай танымал спортшы, өнер адамы, саясаткер жоқ

  • Егер мен Финал ұйымдастырушысы болсам... Ойынды тең аяқтатқызар едім. Мүмкін болса пенальтиге жеткізіп, драма жасап дегендей. Кім жеңетіні абсолют похуй! Өйткені бұл дегенің - қып-қызыл ақша! Қаншама минут трансляция, жарнама, шоулар! Букмекерлер де жақсы пайдаға қалар еді. Бірақ мен орг емеспін. Орг - ФИФА. Олар әлбетте мен сияқты пайдақұмар ойда емес шығар...

  • 12 июл.3 128625

    Биылғы түлектер ертеңнен бастап грант таңдауын бастайды. Мына тест ЖИ арқылы жасалған, оқушының қай мамандықтарға жақын екенін анықтайды және соған сай қай университеттерде қай бөлімдерде оқуға болатынын көрсетеді. Әлбетте ЖИ қателесуі мүмкін. Соңғы шешім оқушының өзі және мұғалімдері мен ата-анасының кеңесімен болғаны дұрыс. Дегенмен қызыққа тесттен өтіп көрсе болады. Әсіресе биыл 10-сынып бітіргендер үшін жақсы ориентир болуы мүмкін https://prof.jiti.kz/

  • Claude Pro қолданып көргісі келетіндер болса, мына сілтеме арқылы 1 апта тегін пайдалана алады. Кейін 20$ айлық жазылым алса, бәрімізге жақсы болады https://claude.ai/referral/Ibprq7muyA?s=android

  • Футбол қарғысы мен миллиардтық келісім: Бразилия мен Норвегия арасындағы 2 қызықты жайт 🇧🇷 🤝 🇳🇴 Екі елді мүлдем күтпеген екі қызық факт байланыстырып тұр: 1. Бразилия Норвегияны ешқашан жеңбеген ⚽❌ Футбол тарихындағы ең титулды құрама, 5 дүркін әлем чемпиондары өз тарихында Норвегия ерлер құрамасын бірде-бір рет жеңе алмаған. Осы уақытқа дейін өткен 4 матчтың екеуінде Норвегия жеңіп, екеуі тең аяқталған. Енді Әлем кубогының 1/8 финалында Бразилия осы «қарғысты» бұза ала ма, көреміз. 2. Норвегия Амазон ормандары үшін миллиардтап ақша төлейді 🌳💰 Норвегия - Амазон ормандарын сақтауға арналған арнайы қордың ең ірі доноры. Бұл нәтижеге негізделген жасыл дипломатия: Бразилия ормандарды кесуді азайтқан сайын, Норвегия миллиондаған доллар грант бөліп отырады. Скандинавтар осы уақытқа дейін Бразилия экологиясына 1 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Жасыл алаңда бітіспес қарсылас, ал жасыл табиғатты қорғауда ең жақын серіктес!

  • 29 июн.4703из merey_yermukhanov

    https://youtu.be/G5Iea3orVuM?si=HmV28T18VDkoCd5J Жастардың әуселесін көрейік деп, el.kz-тің ұжымымен істеп жатырмыз. Негізі, мектеп бағдарламасынан әлдеқайда кеңірек сұрақтар да бар. Керек-ринг атауы — 2015-16 жылдан бергі атауға деген ізет. Ал минустау мен ұпай жүйесі — Топжарғандікі дей салайын :)

  • Әлем Кубогы плейоффтары басталады енді. ФИФА сайтында болжам жасай аласыз. Францияны чемпион қылып шығардым 🙄 https://play.fifa.com/bracket-predictor/

  • ЖИ футболдан Ұлттық Құрамамыздың ресейден келетін жаңа бапкерін болжады. 1. Адиев - бұрын бапкер болды, ел футболымен таныс, беларустағы клубынан жақында босады. 2. Бердыев - бұл да Қазақстан футболымен байланыста. Қазіргі клубымен келісімшарты осы ай соңында аяқталады. 3. Игнашевич - бос жүрген осындай жастау бапкер келуі мүмкін. Сіздің болжам қандай?

  • Менің күшті бір досым бар. Ол - "кинолог". Жеке каналында фильмдерді жақсы талдайды. Жақында 300 оқырманға жете алмаймын деп жазып еді. Қазір жетіпті. Ал біз 400 қылып тастайық та, а? https://t.me/kinostankz

  • 16 июн.6435из fcaktobe_tkb

    🎙️ ТКБ подкастының кезекті шығарылымында Ернар, Рымбек және Аршат елордада бас қосып, “Ақтөбе” – “Алтай” матчын жан-жақты талқылады. Ойынның маңызды сәттері, команданың ойыны және матчтан кейінгі әсерлер — барлығы жаңа эпизодта. Әдеттегідей, подкаст түнделетіп жарық көреді. ⏳ Бізге тіркеліп, лайк басып қолдау көрсетуді ұмытпаңыздар! 👍🔴⚪️ https://youtu.be/KAM2qdQoAJ4?si=EuK48-VTz4IJFrKt