Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Статистика- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 8
- Всего постов
- 26
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 1 495
- 1/48двое суток
- 1 713
- 1/72трое суток
- 1 847
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
❌ ақылды көзілдірік ✅ смарт-көзәйнек
❌ телефонмен кіруге болмайды ⁉️ с телефоном ✅ телефон алып кіруге болмайды
❌ кадрлар керемет шығуы үшін барын салған ✅ кадрлар керемет шықсын деп барын салған
Тіркестен тіркес, сөйлемнен сөйлем, мәтіннен мәтін арпалысып жүрген күндердің бііір күні бір мысал кезігіп, Назгүл мынаны осы себепті былай деген екен ғой дейсің. Каналдағы титтей мысалдың ар жағында мидың мыңғырық процесі барын түсінген өз алдына, кей нәрсеге өзің бетпе-бет келмесең, мән бермеуің мүмкін. Бір күні Итакаға оралғанда шетінен жайлааап отырып жазармын)
Редакция синтаксисті қайталасыншы.
❌ бұл ел үш жағынан теңізбен қоршалған ⁉️ окружен ✅ теңіз қоршап жатыр
Жөндеуден өткен деген - "с ремонтом" дегеннің қазақшасы ғой типа, алайда қазақша қисынға салсақ, бірдеңе жөндеуден өтуі үшін алдымен бұзылып, сынып, бүлінуі керек. Тіпті "жөнделген" десек те, ол алдымен бүлінген нәрсе екенін ойлап тұрсақ керек. Ал "с ремонтом" жаңа пәтер болса, ол мүлде басқа әңгіме.
видео или голосовое, без подписи
Мынаны бізге қазақ тілі деп өткізді ғой…
Білесіздер ме.... Қазақ тілінде "нанмен же" деген тіркестің еш мәні жоқ. Мүлде жоқ. Ол "Немен же?" деген сұраққа жауап бермейді. Өйткені "нан" - жеу деген әрекетті істеуге қатысатын құрал емес. Көмектес септіктің ережесі бар, орны бар, жөні бар. Қанша жерден "біздің жақ түгел солай сөйлейді" деп өзеуресеңіздер де, мұндай тіркес орыс тілінен келгені - келген. Орыс тілін білмеген қазақтар бүйтіп айтпас еді. Ал енді "ок, бір қатені халық өзі таңдап, сіңіріп алыпты, кірсе кіре берсін" десек, онда басқаның бәрін кіргізіп алайық та, қазақ тілін бір шетке жинап қоя салайықшы. Тіл деген тірі организм дегенде бәледейміз ғой, алайда тірі организмнің о бастан гендер жинағы болатынын, сол гендер жинағына ақау түссе мутация болатынын ұмытып кетеміз ғой. Ендеше, қазақ тілі мутант болып бара жатыр...
видео или голосовое, без подписи
✅ Абайдың сөзден тосылғаны
Калькасыз сайлау ❌ ҚР Құрылтайының сайлауы ✅ ҚР Құрылтайы сайлауы ❌ ҚР ҚҰрылтайы депутаттарының сайлауы ✅ ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлау ❌ сайлауға қатысатын үміткерлер ✅ сайлауға түсіп жатқан үміткерлер ❌ өз дауысын берді ✅ дауыс берді ❌ бірдеңе/біреу үшін дауыс берейік ✅ бірдеңеге/біреуге дауыс берейік
❌ Септік жалғаулы есім сөзді есім сөз меңгермейді ❌ ✅ Жастарға айтар өсиетім
“Дауыс беру” контексінде қазақ тілінде “үшін” емес, барыс септік жалғауы қолданылады. Голосуй за того-то Анау үшін дауыс бер емес Анаған дауыс бер
❌ ауа райы ыстық / ауа райы ысып кетті Ауа райының ысып кеткені сонша 😭😭😭 Күн. Ыситын да, суитын да - күн.
Әлімжан Асқар деген барып тұрған… ерекше құбылыс екен ғой. -уда, -уде дегенді мүлде қолданбай, футбол эфирінің етістігін күшті қылып өзгертіп тастапты. Әдетте біздің еститініміз ойнауда тебуда болуда салуда мен салмауда ғой). Сосын таптаурын сөйлемдер бар. Күмәнсіз. Басқа дым жоқ. Сондай ортада принципке барып, морфология-синтаксисіне кәдімгідей мән беріп отыр-ау. Знашыт, тегін адам емес. Біреулер "тікелей эфирде дұрыс сөйлеп отыру мүмкін емес, анау-мынау, ауызекі-мауызекі" деп жатады ғо — бос сөз екен онда. Эфирді басқаруын, толтыруын, ана жердегі сентименттің бәрін қолға ұстатқандай жеткізетінін, шешендігін былай қойғанда деймдағы.
❌Испанияға болысамыз Алаңға жүгіріп шығып, аяғына доп салып бермесең, болысқаның қайсы? Болеть - болысу емес 🤣 Жанкүйер болу не қырғыздар айтатындай “күйіп-пысу”
❌ фармацевтикалық сала ✅ фармацевтика саласы
Тиісінше Қызығу кейде әуестену 🤣