tgindex
Narikbi LIVE
@narikbi_liveказахский

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст 📍 Amsterdam, Netherlands

Последний пост
7 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
15 198
−18 за 3 дн.
Сутки
−7
−0,05%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
5 208
17 постов
Вовлечённость
34,3%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Narikbi LIVE pinned a photo

  • 7 июл.2 416364

    Өз таңдауым, бірақ бөтен өмір / Сабит Мұхамеджанов / Narikbi LIVE #142 Жаңа эпизодтың қонағы — психолог Сабит Мухамеджан. Ол SDU университетінде психология бөлімінің басшысы болып қызмет етті, қазір «Topraq» академиясының негізін қалаушы әрі бизнес-психологы. Бұл әңгімеде адамның ішкі әлемін ашып сөйлестік. Нәтижемен қалай жұмыс істейміз, орта жастағы дағдарыстан қалай өтеміз, отбасындағы рөлдер, өзіңді ешкімге керексіз сезінген сәттер, кәсіпкердің шаршауы, «меннің» кезеңдері мен адамның потенциалын ашу деген не деген сұрақтарды таратып айттық. Әр бөлімді терең қазбалуға тырыстық. https://youtu.be/u2osV3V8xaw?si=GDCqoLvASaIY2P9b

  • Narikbi LIVE pinned a photo

  • 11 июн.3 412404

    Азамат Қанапия: «Сүлейман сұлтанда» 40 кейіпкерді сомдадым / Narikbi LIVE #141 Бұл жолғы қонағым: диктор әрі актер Азамат Қанапия. Ол дубляж саласында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленген, ал Disney компаниясы оның дауысын 32 елдің ішіндегі ең үздік деп таныған. Әңгімемізде дубляждың артында қандай қызықтар жасырылғанын, дауысты қалай қоюға болатынын, тұтығып сөйлеуден арылудың жолдарын және неге қазақша сөйлейтіндер азайып бара жатқанын талқыладық. Дауысын кәсіби деңгейге жеткізгісі келетіндерге пайдалы жаттығулар да бар. https://www.youtube.com/watch?v=U2eXn0_EhJ8

  • 3 июн.3 669324

    Нұрлан Мұқанов: 50% бедеулік еркектен / Narikbi LIVE #140 Подкаст жаңа эпизодында андролог-уролог Нұрлан Мұқановпен ер денсаулығы туралы ашық, ұялмай әрі түсінікті әңгіме құрдық. Бұл көбіне үнсіз қалатын, бірақ әр ер адамға қатысты тақырып. Тестостерон қалай жұмыс істейді, деңгейі төмендесе ағзада не өзгереді, бала көтеру мәселесінде кім кінәлі, варикоцеле, жыныстық инфекциялар, ерте эякуляция, тестостерон терапиясының пайдасы мен қаупі, осының бәрін дәрігердің тәжірибесі арқылы талқыладық. Халық арасындағы кейбір мифтерге де нақтылық енгіздік. https://youtu.be/YUVPFUlM9DA?si=BlkEjeyOVsac9tB4

  • 25 мая5 055228

    Жандос Қонақбаев: Қазақстаннан әлемдік бренд шыға ма? / Narikbi LIVE #139 Бұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев. Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды. Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай қателер жібергені, неге Қазақстаннан әлемдік бренд әлі шықпай тұрғаны туралы ашық айтты. Стиль деген не? Киім адамға қалай энергия береді? Кәсіпкер болу үшін қандай қасиет керек? Осы сұрақтардың бәріне жауап табасыз. https://youtu.be/LzXlUBIlPHg?si=QGNKG_AaVTeMRxwh

  • 12 мая11,1 тыс4637

    Абдрашит Түлкібай: сені гормондар басқарады / Narikbi LIVE #138 Бүгінгі қонағымыз — психофизиолог Абдрашит Түлкібай. Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз. Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не? Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей қайдан туады? Скроллинг неге миды шаршатады? Осындай сұрақтардың бәріне Абдрашит аса қарапайым, түсінікті тілмен жауап берді. https://youtu.be/IlUq_1OtOow?si=1JwU335BSr90AYJk

  • 29 апр.4 0584

    видео или голосовое, без подписи

  • 29 апр.4 1344

    видео или голосовое, без подписи

  • 29 апр.3 6983

    видео или голосовое, без подписи

  • 29 апр.3 6173

    видео или голосовое, без подписи

  • 29 апр.4 0502213

    Достар, бір ойымды айта кеткім келіп еді. Осы подкаст маусымына біз шынымен көп күш салдық. Қонақты таңдау, тақырыпты дайындау, сұрақтарды ойластыру, түсірілім күнін келісу, түсіру, монтаж, баннер, анонс — әрқайсысы бөлек еңбек. Сырттан бір сағаттық видео болып көрінгенімен, артында бірнеше апталық жұмыс жатыр. Бұл маусымда тәсілімізді өзгерттік. Бұрынғыдай асығыс емес, әр шығарылымға терең дайындықпен келіп жатырмыз. Мақсатымыз — сапаны көтеру. Көрермен отырып көргенде "уақытым бекер кетпеді" деп тұрғанын қалаймыз. Әр шығарылымның артындағы еңбекті сезініп, бағалап отырсаңыздар — бұл бізге үлкен мән береді. Сол қолдау арқылы алда тағы да тереңірек, мазмұнды дүниелер жасауға күшіміз молаяды. Рақмет 🙏

  • Narikbi LIVE pinned a photo

  • 29 апр.9 7284717

    Асқар Сабдин: Иран — біз білмейтін тарих / Narikbi LIVE #137 Иран — биылғы жылы тек Таяу Шығыс емес, бүкіл әлем назарын өзіне аударған ел. Бірақ біз бұл ел туралы не білеміз? Парсы өркениеті, шиизм, аятолла билігі, имамдар ілімі, қазақ тіліндегі парсы сөздері, әзербайжандар тағдыры, шекарадағы оқиғалар... — осының бәрі айналамызда айтылса да, көбіне мифтер мен үстірт пікірлер арқылы жетеді. Сол себепті бұл шығарылымға белгілі теолог, ғалым Асқар Сабдинді қонаққа шақырдық. Ағамызбен бірге Иранның тарихы мен бүгінін, парсы халқының ұлттық кодын, шиизмнің ішкі қыр-сырын және ислам әлеміндегі бүгінгі ұстанымын талқылаймыз. Егер сіз: — Иран мен парсы өркениеті туралы тереңірек білгіңіз келсе, — шиизм мен сүннизмнің айырмашылығын түсінгіңіз келсе, — қазақ пен парсы арасындағы тарихи-мәдени байланысты ұғынғыңыз келсе — бұл подкаст сізге арналған. https://youtu.be/UBBLrihT5w8?si=re1YD0mWqYLBZFTc

  • 28 апр.3 2922704

    32. Бала кезде осы жасқа толған ағаларымды қарап, осылар нені ойлап, не сезеді екен деп ойлаушы едім. Осы адам бүгін мен болдым. Кеше сапардан 10х15 фото альбом шығарғым келіп, арнайы аппаратқа бардым. Телефонды қосып, экраннан басатын суреттерді таңдау керек. Сол кезде тоқтай алмай 200дей фотоны таңдап тастаппын. Неге сонша көп? - деп ойланып қалдым. Сөйтсем, шүкір ететін сәттерді жиып, жиі көргім келеді екен. 32-де шүкірлікті сездім. Ата-анам, туған ағам, сүйікті жарым, екі балам - отбасым бар. Осы екен ғой бастысы. Осыны түсіндім.

  • 1 апр.4 212285

    Талғат Тынымбай: "Талғатпен сұхбаттың" шындығы / Narikbi LIVE #136 Бүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз. Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды! https://youtu.be/ByRjXPMVHjs?si=MzGP4fAlhw9KJWrh

  • 12 мар.6 1374216

    Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #134 Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін. - Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз? - Отбасы — бұл «бизнес-жоба». Иә, естілуі суық шығар, бірақ неге біз бизнеске келісімшарт жазамыз да, өмірлік жарымызбен ашық сөйлесуден, рөлдерді бөлуден қашамыз? Фильмдердегі «мінсіз махаббат» туралы ертегілер бізді қалай алдап келгенін айттық. - Өзіңнің талантыңды тап. Неге бір адамдарға көп сөйлеу оңай, ал екіншілеріне жалғыз отырып ойланған майдай жағады? Өзіңді қинауды қойып, табиғи талантыңды қалай пайдалану керек екенін түсіндік https://youtu.be/6HOa0ZkMQWY

  • 23 февр.7 7965618

    Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134 Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» @kalkastop телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек. Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма сапасы мен күнделікті сөйлеуде жіберетін қателіктеріміз туралы ашық әрі пайдалы әңгіме өрбіттік. «Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе? Неге біз қазақша сөйлегенде асығамыз? Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз? https://youtu.be/-GX59brkY0A?si=LpHDi6GcAlLbvzqC

  • 4 февр.7 1984423

    Данияр Аренов: бала - сіздің жобаңыз емес / Narikbi LIVE #133 Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық. Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық: • Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?. • «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай? және өзге де қазіргі ата-аналарға өзекті сұрақтарды ашып көрдік. https://youtu.be/q_TVdOQ6E1g

  • 28 янв.4 930875

    видео или голосовое, без подписи