Qazaq Grammar | Қазақ тілі
СтатистикаҚазақ тілі мен қоғам Qazaq language and pop-culture 📩kazakgrammar@gmail.com 📨tildes.kz@gmail.com 📸 https://www.instagram.com/qazaqgrammar
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 30
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 509
- 1/48двое суток
- 583
- 1/72трое суток
- 629
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Канье & шетте қалған қазақ тілі Каньенің Алматыға келетіні туралы алдын ала біршама уақыт бұрын жарияланды. Әлжеліде концерт туралы түрлі жарнама жарияланды, блогерлер, медиа тартылды. Ең өкініштісі, соның бәрі тек орыс тілінде болды. Қазақша медиа, блогерлердің Канье концерті туралы айтқанын мүлдем көрмедім. Осындай үлкен әртістер Қазақстанға келгенде неге ұйымдастырушылар қазақтілділерді елемейді? Қазақша сөйлейтіндер Каньелерді тыңдамайды деп ойлай ма? Әлде билетке ақшалары жетпейді дей ме? Мен Каньені 2007 жылдан бері тыңдап келем. Қаншама достарым оның тыңдармандары. Осындайда қазақтілділердің құқығы тапталатыны ызаландырады. Қазақша медиаларға үстіртін қарайды. Тіпті бүгінгі концерттің ертеңге шегерілуі туралы да қазақша айтылмады. Есесіне ТҮРІКШЕ жазылыпты! WTF???!!! 😡 Қазақша дубляжға да, басқаға да қарым-қатынас тура осындай! Қазақстанда тұрып неге орыстілділер профит көреді де, қазақтілділер бәрін тегін жасауы керек?
10 тамыз — хакім Абай Құнанбайұлының туған күні 🙌 Ұлы ақынымыз жайлы жаңа, өте қызық деректі ұсынамыз. Толық оқып шығуға кеңес береміз. @QazaqGrammar
10 тамыз — хакім Абай Құнанбайұлының туған күні 🙌 Ұлы ақынымыз жайлы жаңа, өте қызық деректі ұсынамыз. Толық оқып шығуға кеңес береміз. @QazaqGrammar
Brand new day-дің кәдімгідей ТУРА қазақша аудармасы – СУ ЖАҢА КҮН. Қалайша? 60 секундта түсіндірем (десеңдә) Негізі Brand-тің ата-баба заманындағы прото-баба нұсқасы *bʰrewh₁ деген сөз болған (бреуһ деп оқи бер әзірше). Мағынасы - от қызуы, қайнау, бұрқылдау. Көне адамдар Қара теңіз жағалауынан Батыс Еуропаға қарай қоныс аударғанда бұл сөз бір-біріне ұқсамайтын екі мағынаға бөлініп дамыған. Бір бағыты көне германдармен, екінші бағыты ежелгі римдіктермен өрбіген. Германдар бреуһ сөзін brand (от, өртеу) деген сөзге ұластырып жіберген, ал римдіктерде бреуһ-тің алғашқы «б» дыбысы «ф»-ға ауысып, fervēre (қайнау, қызу) деген сөз пайда болған. Бұдан латынның fermentum сөзі шығады да, ол ары қарай франсұз тілі арқылы еуропалық ғылым тіліне еніп, биологиялық үдерісті сипаттайтын терминге айналады. Шо там ба? Әлде Шотам, Уәлиханов па? Содан не жоқ, Жаулаушы Уилхелм көкеміз басып алып, франсузша ферменттерін тықпаламай тұрғанда, орта ғасырлық Англиядағы тайпалар да брит еліне +1 сөз қосып алайық деп ұйғарады. Осылайша отқа қыздырылған темірмен малға таңба басуды «to brand» деп атай бастайды. Яғни бұл ұстаның қолынан шыққан жаңа таңба деген мағына беретін, ал оның мағынасы кейін келе заманауи түсініктегі нарық брендіне ұласып кетеді... Бренд демекші, Астана мен Алматы әуежайындағы BI Group-тың жазуына мұқият қарасаңыз (суретте тұр), шет жағына АвиаСейіліс (әлгі қымбат билеттерді сейілтіп жіберетін компания) өз пікірін қыстырып кетіпті. "Брендтер шайқасы" деп осыны айт! ...Ферменттерге оралайық: шамамен сол адуын орта ғасырда Холланд теңізшілері шарапты ұзақ сақтау үшін отқа қайнату әдісін ойлап табады да, оны brandewijn (күйдірілген шарап) деп атайды. Англияға жеткенде ағылшындар бұл сөзді қысқартып, өзің білетін brandy (бренди) деген сусынға айналдырып жібереді. Ал сыра қайнатуды «brew» деп атайтын болады. Осылайша бұл сөз өрт болып басталып, суға бір-ақ ұласып кетеді. Ал ұсталар болса отқа әбден қызған бұйымды мұздай суға малып қалып, СУ ЖАҢА бұйым жасап шығармай ма?
сәлем, оқырман! «Семей полигоны» жабылғанына 35 жыл толғанына орай beimälım медиа-жобасы ұйымдастырып отырған atom ulağan dala атты онлайн-зертханаға тегін қатысқыңыз келсе, 6 тамыз сағат 23.59-ға дейін мына форманы толтырыңыз. зертхана бағдарламасымен…
сәлем, оқырман! «Семей полигоны» жабылғанына 35 жыл толғанына орай beimälım медиа-жобасы ұйымдастырып отырған atom ulağan dala атты онлайн-зертханаға тегін қатысқыңыз келсе, 6 тамыз сағат 23.59-ға дейін мына форманы толтырыңыз. зертхана бағдарламасымен мына жерде таныса аласыз: https://beimalim.tilda.ws p.s. бағдарлама мен кестеде сәл өзгеріс болуы мүмкін. зертханаға тегін қатысушыларға кітаптың pdf-нұсқасы жіберіледі. сұрақтар бойынша @Ozat_Qasyhan’ға жазыңыз.
без подписи
Қазақ тіліне қатысты дау туындаса, сол компанияны, мекемені 2GIS’те жамандап, рейтингін түсіріп, cancel жасап шығамыз. Бірақ қазақ тіліне дубляждалған кино шықса, тым-тырыс: “ой, қазақшасы онша емес, сапасыз, дубляждай алмайды, дауыстары келіспейді, түсініксіз” деп мың сылтау айтамыз. Қазақша дубляж кеше ғана шыққан жоқ. 2011 жылдан бері бар, 15 жыл болды! Әлі де болса қалыпты нәрсеге айналдыра алмай келеміз. Жамыраған тобыр болмай, мықты ұлт болайық! Қазақша дубляжды көрейік!
без подписи
без подписи
Перед тем как вы, скорее всего, по привычке купите билет на Человека-паука, хочу напомнить: Он выходит в крутом казахском дубляже. Рекомендую подписчикам пойти именно на “Өрмекші адам”. Қазақша көрейік❤️🕷️ Иногда одного фильма достаточно, чтобы узнать новые слова и выражения. Орысша субтитры там будут, донт уорри.
Географиялық ұғымдар, 3-бөлім төбе – холм, сопка аңғар – долина, русло, ущелье сай – овраг, ложбина, лог дөң – бугорок, холм, возвышенность шөл – пустыня шөлейт – полупустыня өр – подъем құз – отвесная скала, крутой утес қазаншұңқыр – котловина шоқы – сопка, пик, вершина, бугор жар – обрыв, крутой берег
🇹🇷 түрік тілі анау айтқандай жақын тіл емес қой негізі. бірақ дәл жазбаша тілге, жазу емлесіне келгенде қазақ тілі екеуі әжептәуір жақын. мәселен, жақын тілдерден: 🇺🇿 өзбек көп сөзді О’латып жазатыны (оқ — ақ, қор — қар, қошиқ — қасық) 🇦🇪 немесе одан да жақын татар [і] дыбысын э/е әріптерімен белгілеп, у/о дыбыстарын керісінше қолданытыны (күпер — көпір, көрәк — күрек) 🇰🇬 тіпті жақын қырғыздың өзі «қауын», «тауық» дегендерді коон, тоок деп жазатыны қазақтың қай-қайсын да шатастырмай қоймайды. оның қасында түріктің бұл сөздерді ak, kar, kaşık, köprü, kürek, kavun, tavuk деп жазатыны кез келген қазаққа әлдеқайда түсініктірек. одан бөлек түркі тілдерінің ішінде түрік, қазақ, қарақалпақ қана ма/ме сұраулығын бөлек жазады: 🇰🇿 keldi me? 🇬🇦 keldi me? 🇹🇷 geldi mi? 🐺 keldime? 🇰🇬 keldimi? 🇺🇦 keldimi? 💚 keldimi? [килдеме?] 🇺🇿 keldimi? 🇹🇲 geldimi? 🇦🇿 N/A: gәldi?
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи