PR туралы
СтатистикаPR және соның айналасы. Пікір-мікірлер gulimeo@gmail.com адресіне және @gulimeo чатына қабылданады. Осы тақырыпта әңгімелескім келеді дегендер @prkzchat тобына қосылуына болады. PR туралы кітап іздегендерге: @prkitap
- Последний пост
- 24 нояб.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
#агрессивмаркетинг Чот бүгін на хихи прибило. Таяқ жегелі отқан шғарм 😁
❗видеода көп боғауыз сөз бар Журналистер келмей тұрғандағы және журналистер келіп қалғандағы Гүлім
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 2 апта бұрын Тредске келді. Аяқалысы жаман емес – мысықконтенттің негізгі тренд екенін бірден ұғып алды ) Жұмысы туралы постарымен бірге анда санда жеке өмірі туралы айтып тұрғаны сүйкімді. #мемпиар
Бір сайт менің бастығымды "Forbes мүшесі" деп қойыпты. Мүшесі нес?? Forbes тізіміндегі бизнесмен ғой. #казахшадурустапсойле
!!! ВАКАНСИЯ ЖАБЫЛДЫ #вакансия #алматы Қазақша жазатын копирайтер PR бөліміне аса сауатты копирайтер қажет. Жарнамаларымыз бен әлеуметтік желілерімізді дамытуға көмектесетін, жобаларымыздың үніне айналатын маманымыздан күтетініміз: Міндеттер: 1. Контент жасау • Компания сайтына және әлеуметтік желілеріне мәтіндер әзірлеу (жаңалықтар, анонстар, түсіндірме материалдар, эмоциялы жазбалар) • Сайтқа мәтіндер жазу (жаңалықтар, жоба сипаттамалары, ақпараттық беттер) • Ұтымды слогандар, есте қаларлық тақырыптар, әрекетке шақыру мәтіндерін (CTA) әзірлеу. 2. Аударма • Орыс тілінен қазақ тіліне мәтіндер аудару (әлеуметтік желілер, сайт, ресми материалдар) • Мәтіндерді мақсатты аудиторияға бейімдеу, сөзбе-сөз аудармай, калькасыз жазу. 3. PR бөлімінің жұмысы • Пресс-релиз, пост-релиз, ресми мәлімдеме, хат мәтіндерін дайындау • PR кампанияларды жүргізу: сыртқы жарияланымдар мен медиа-анонстарға мәтіндер әзірлеу, трендтерді бақылау, репутациялық, имидждік шараларды жүзеге асыру. 4. Редактура және сапаны бақылау • Мәтіндерді компания коммуникациясының ыңғайына сәйкестендіру. 5. Контент жоспарлау (Маркетинг бөлімімен бірге) • Айлық контент-жоспарды әзірлеуге қатысу • Айдарлар, посттар, ақпараттық себептер бойынша идеялар ұсыну. 6. Микроаналитика және жетілдіру (SMM менеджермен бірге) • Жарияланымдарға реакцияны қадағалау, клиенттердің үнін, қалауын зерттеп отыру • Мәтіндердің әсерлілігін, сапасын үнемі жақсарту. Білімі: жоғары – журналистика, PR, филология Тәжірибесі: 2 жылдан кем емес, оның ішінде мамандығы бойынша – 1 жылдан кем емес. Оқуды жаңа бітірдім, тәжірибем жоқ, бірақ жазуды қатырамын, пысықпын деген үміткерді қарастыруға ашықпын. Кәсіби талаптар: • Қазақ тіліне жетік, сауаты аса жоғары, өзіндік стилі бар, әдеби және заманауи сөз қолданысын ұтымды меңгерген болуы шарт • Қиын тақырыптарды қарапайым тілде жеткізе білу, әсіресе құрылыс, тұрғын үй кешендері, әлеуметтік жобалар тақырыптарында жаза алуы маңызды • SMM, PR, кәсіби инструменттерді меңгергені құпталады • PR және корпорациялық коммуникация негіздерін, принциптерін, ереже-талаптарын білу маңызды, медиа саласындағы тәжірибесі құпталады • Кәсіби ортада байланыстары бар, түрлі мақсатта қажетті инфлюенсер, блогерді ұсына алуы Жеке қасиеттері: • Жауапты, креатив идеяларға толы болуы • Тілдесу қабілеті жоғары, токсик мінезден ада, кез келген жағдайда әбігерлікке, конфликтіге салынбай, мәселені аяғына жеткізіп, шешуге мүдделі, проактив • Кәсіби шыңдалуды көздейтін, корпоратив ортадағы ереже-талаптарды орындауға қабілетті • Орыс тілін де жетік білуіңіз, қандай да бір шет тілін меңгергеніңіз аса құпталады Компания тарапынан: • Жұмысқа ресми ресімдеу • Қаланың әдемі орталығындағы жайлы офис • Ретті жұмыс – 5/2, work/life balance • Тату, идеяға толы креатив жастар командасы • Компания есебінен – корпоратив іс-шаралар • Жан-жақты қолдауға ие боласыз, жұмыс уақыты біткен соң офисте қалып, артық жұмыс істеу міндеттелмейді, шұғыл негізсіз демалыс күндері мазалау болмайды • Күнделікті таңертең лично өзімнен – қайнатылған свежий кофе. Вакансия қызық, істейтіндей талабым мен тәжірибем бар деген үміткерлерді жекемде күтемін. * резюмеңізді жібергенде ілеспе хабарламада – материалдарыңызға немесе әлеуметтік желілердегі жазбаларыңызға сілтеме жіберуіңіз қажет – алдын-ала потенциалыңызды қарап шығамын. ** жекеге жазғанда сәмәцз ба деп қарап отырмай, әр сөзді жекелеп жазбай, ойыңызды жинақтап, резюмеңізді тіркеп, сұралған ақпаратты бірден жазуыңызды өтінем *** жұмысқа кешігу жоғынан, эйчарымыз қатал, faceID бар
Госорганның прессегі қалай жыл пиярщігі болад? Алматылықтар қайда? Іріктеу критерилері қандай болып еді? Чисто подписотасы көп біреуі жеңе ма сонда? Как минимум по упоминаемости в медиа осы аталған бесеу ең болмаса отыздыққа кірмейді точно. #ненау https://t.me/mediadam/1568
⚡️ Вниманию стартапов! Прямой эфир: PR для стартапа с топовыми трекерами🔥 Хотите понять, как продвигать свой проект, сделать его заметным и выстроить сильный личный бренд? На эфире PR-эксперты разберут 2 интересных кейса, дадут фидбек и ответят на вопросы от стартапов. 🚀 Мы отберем 2 стартапа, которые получат персональный разбор своей маркетинговой стратегии! Регистрируйтесь по ссылке 👉 https://forms.gle/Ey66TghakFWu2iq67 Спикеры: 1. Дамир Исмаилов, трекер для IT и бизнесов 2. Аяжан Курманова, трекер по маркетингу для IT-стартапов Когда: 11 июня в 18:00 Где: Telegram-канал The Tech Больше на @thetechkz
Мына кісіні танымайды екем. Қазақ креативщик жоқ дейді. Қазақша оригиналынан жазатын копирайтер (инстапостқа текст жазатын жазғышбек емес, кәдімгі слоганды оригиналынан ойлап табатын, ұлттық контексті түсінетін, оны нарыққа бейімдей алатын кәдімгі классик копирайтер) іздеген, жарнама кампаниясын қазақ аудиториясына арнап жасайтын креатив команда іздеген бір компанияны көрдіңдер ме өмірлеріңде? Мен өмірімде көрген емеспін ондайды. Аудармашы бар ма деп іздегендерді көрдім. Оның өзінде арзандауын іздеп, қымбатын тапса, жұмысын істетіп, ақшасын төлемей қойғандарды көрдім. Сосын тренинг/мастер класс оқып тұрып, қазақ аудиториясы ақшасыз топ деп сандырақтағандарды көрдім. Құдайдың құтты күні калька-калька релиз тастайтын сауатсыз компаниялар бар тағы. Онда не айтып отыр бұл кісі? #креатив https://t.me/bessimptomno/25954
Қайырлы күн! Баспасөз қызметіне қазақ тілді спичрайтер керек. Орысшадан аудара алатын, елгезек адам болса тіпті жақсы. Жалақысы орташа. Жұмыс орны Астана.
Дипломатия турасында Мединский (ресеяның "жаңа" тарихын жазған саясаткер) туралы ел ішінде оң пікір жоқ, мен де ол туралы жаман ойлаймын. Бірақ ол 2022 жылғы Түркиедегі келіссөздер кезінде өзін нағыз дипломат екенін көрсетті. Жиыннан кейін журналистер алдына шығып, "келіссөз тамаша өтті" деп сөз сөйлеген. Анығында тамаша өткен дымы да жоқ – шартты түрде алғанда, қарсылас тараптар күн тәртібіне шыққан 10 баптың біреуіне ғана келіседі, айталық тұтқынға түскендерді айырбастау мәселесі бойынша. Журналистерге шығып, "міне, осылай келістік" деп мәз боп мәлімдеме жасайды. "Қалған сұрақтар ше?", десе: "ой, келесі отырыстарда әлі талқылаймыз ғой, келісімге жетеміз" деп, позитив моментке баса мән береді. Ал СІМ басшысы лавров ондай емес. Ол 10 сұрақтың 9-ы бойынша келісімге келіп, бір ғана мәселе шешілмесе: "міне, оңбағандар, білдік осылай ететінін, текке жиналдық" деп, сұрақтардың басым бөлігі шешіліп тұрса да, жан-жағын сықпыртып шыға келер еді. Аббас Галлямов, ресейлік саясаттанушы, путеннің экс спичрайтері - Плющев каналына берген сұхбатынан. Өте қызық ой. #коммуникация
Теоретически.... Осында отырғандар түгел менен келсе 3 ай ипатекам жабылайын деп тұр 🤣 #кешкісандырақ
Freedom Bank картысын ашам дегендер жай аша бермей, менің промокодыммен ашсын: БАЙ БОЛ! Аппқа тіркелген сендер де, аппқа тіркеткен мен де 1000 теңгеге (әрғайсымыз!☝️) қарқ боламыз 🤗 Зы: ема, темекі тағы қымбаттапты, жаңа дүкенге кірсем. Қу имплясия..
Қазақша контентке шорқақ әріптестеріңе таратың
Жалпы, осы каналда жазылып жүрген нәрсенің бәрі - контент жасаушылардың аудиторияға деген қатынасының көрсеткіші болса керек. Қазақша мәтінді қате жасайсың ба? Аудиторияға "пипл схавает" деп қарағаның. "Қазақша болса болды емес пе?" дегенің. "Орысшасы түсінікті болса жетпей ме, қазақшасын жасағанымыз - амалсыздан, заң талабы солай болған соң" дегенің. Бұл - қазақ аудиториясына қатысты мифтердің біреуі ғана. Тағы басқа қандай мифтер бар? Ертең достарым Роза Әшірбаева мен Дастан Аққожа паблик-ток өткізіп, қазақ аудиториясына деген қатынасқа анализ жасамақ. Кім қатысқаны дұрыс болады? Пиарщик, маркетолог, текстовик-контентчик деген позицияларда жұмыс істеп жүрген адамдарға пайдалы болмақ. Қатысам десеңіз, мына суреттегі нөмірге хабарласып, мына гугл-форманы толтырыңыз. Мен де барам!
Да будет битва веков! 🍷 #соңғыжаңалық
#вакансия #алматы #prdrive Бірыңғай QR төлемді енгізу кампаниясына қатысам десең, резюме тастаң Менеджер по внешним коммуникациям в Национальную платежную корпорацию Навыки и опыт кандидата должны включать: - Разработку и реализацию PR- стратегии. - Разработку и реализация медиаплана, контент-плана - Навыки управления репутацией. - Понимание как работает fintech. - Создавать различные форматы контента (пресс-релизы, статьи, посты). Личные качества: - Ответственность и исполнительность. - Умение работать в условиях многозадачности. - Отличные навыки общения и ведения переговоров. Опыт: - От 3 лет опыта в PR или маркетинговых коммуникациях. - Работа с digital-каналами и социальными сетями. - Организация мероприятий и взаимодействие с медиа. - Опыт работы в корпоративной среде, знание процессов и бюрократии крупных организаций. - Уметь адаптировать сложные идеи и термины в понятные и доступные формулировки. Большим плюсом будет знание регуляторной среды и ключевых трендов fintech. Английский язык на уровне не ниже Intermediate. 💳 Зарплата- нетто 650 000-700 000 тенге. 📲 Контакты +77773139190 ✉️ albinatuss@gmail.com
бұл арна медиадағы мәтіндер жайында жазғанымен, одан да маңызды нәрсе бар екенін біледі, ештеңе көрмегендей болып отырмайды! qaznews24-тегі әріптестерімді, Әсем Жәпішеваны, тәуелсіз медиа атаулының бәрін қолдаймын. сөз еркіндігі шектелмесін!
Тәуелсіз журналистердің басына осындай күн туып отырғанына аса қапалымын. Сау қоғам мен сау мемлекеттің бірден бір нышаны - сөз еркіндігі. Еркін сөйлегені үшін ешкімді қамауға болмайды! Журналистердің қызметі шектелмесін! Біз кімге еліктеп барамыз өзі? Ендігі мақсат ұнамағандардың маңдайына "бөтен" деген таңба соғып, елден қашыру ма? Темірлан Еңсебек, Руслан Бикетов пен Әсем Жапишева босатылсын!
Каспи қуад - ҮШ апта өткесін Ломтадзе сенімен сөйлеспейд, сен сияқтылармен тек Ербол Азанбек команда сөйлесед дейді ғой. Мен бір Ломтадземен тілдесуге ынтығып отырғандай 💅 #паблисити #каспи
Айбар елдің бәрі тупой, эксперттердің материалдарын ағылшынша, русша оқи алмайды, бәрі көзін жұмып, қан тапсыруға жүгіріп барады деп ойлап қалып, байқамай ақша алып қойған сияқты мүдделі бір тараптан 🙂 Жоқ, Айбар, Қазақстанда ешкім ешқандай алгоритмді білмейді, дайын емес, соқпа өтірікті. Боқтамайын десең, осы - лә, нансыз отырған жоқсың ғой, бауырым!? Не мынау? #ұяттақтасы