ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
СтатистикаҚазақстандағы және әлемдегі ғылым жаңалықтары. Ғылыми-танымдық ақпарат. Арна авторы: Дина Имамбай, журналист, ғылымды насихаттаушы.
- Последний пост
- 9 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 207
- 1/48двое суток
- 237
- 1/72трое суток
- 255
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Бүгін Түркияда Студенттерге рақымшылық жасау туралы ережені қамтитын заң Ресми газетте жарияланды және күшіне енді. Жаңа ережелерге сәйкес, басқа адам жазған диссертация, мақала, кітаптар немесе жобалар негізінде академиялық дәреже немесе атақ алғандардың дәрежелері мен атақтары қайтарып алынады, онымен қоса университеттегі оқытушылықтан кетіріледі. Біреуге ғылыми жұмыс жазғандар мен жазғызғандар сот арқылы жазаланады.
ЖИ-ді пайдаланудың да жөні бар ғой «Қазақстан Республикасының көмірхимия кластерін дамыту стратегиясы» мәтінінің 80 пайызының авторы ChatGPT екен. Шенеуніктер өз интеллектін де іске қосуды ұмытып кеткен бе... 2026-2031 жылдарға арналған ҚР көмірхимия өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы биыл 30 сәуірде Үкіметте қаралған болатын.
75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантын иеленді. Төрт жыл бұрын да 70 мыңдай грант бөлінген болатын, ол жастар биыл дипломдарын қолына алды. Бірақ жұмыс табу жағынан көпшілігінің маңдайы тасқа тиіп жатыр. Мамандық бойынша жұмыс табу оңай емес. Мамандықтар мен нақты жұмыс орындары арасында сәйкессіздік бар. Тағы бір себебі – оқу барысында берілетін тәжірибе жеткіліксіз, ал жұмыс берушілер бірнеше жылдық еңбек өтілін талап етеді. Ұсынылатын жалақы да жастардың көңілінен шыға бермейді. Осындай неше түрлі себептерге байланысты жастардың басым көпшілігі дипломдарын сандықтың түбіне салып, сауда кешендері мен мейрамханаларда жұмыс істеуге мәжбүр.
💥 Falcon 9 зымыраны Айға соғылды Кеше оның екінші сатысы Ай бетіндегі Эйнштейн кратерінің маңына құлады. SpaceX зымыраны ғарышқа Blue Ghost және Resilience аппараттарын шығарғаннан кейін бір жарым жыл бойы аспанда мәңгіріп бостан-босқа сандалып жүрді. Отын жетіспеушілігінен ол не Жерге қайтып орала алмады, не атмосферада жанып кете алмады. Бұл соқтығыс ғарыш қоқысы мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарып отыр.
🌱Ғарыштағы астық науқаны Тайконавтар мамыр айында «Тяньгун» қытай станциясына жеткізілген тұқымнан өсірілген күрішті жинап алды. Бұл туралы ҚХР Орталық телевизиясына сілтеме жасаған Global Times хабарлады. 🌾 Мақсат — екі түрлі әдіспен күріш өсіру және ұзақ уақытқа созылған салмақсыздық өсімдіктер генетикасына қалай әсер ететінін түсіну. Эксперимент екі бағытта жүріп жатыр: бір топ әдеттегідей тұқым арқылы көбейсе, екіншісі — вегетативті түрде, яғни тамырынан көбейеді. Ғалымдар қай әдістің ғарышқа жақсырақ бейімделетінін салыстырады. 2022 жылы да «Тяньгунда» күріш өсірілген болатын: ол кезде 6 тұқымнан 59 тұқым алынған еді. Енді солар тағы да пайдаланылуда. Қарашада тайконавтар Жерге тұқымды, сабақтарды және мұздатылған үлгілерді алып келеді. Бұл ғарыштық ауыл шаруашылығының ең үздік моделін таңдауға көмектеседі.
✍️ Бұл жаттығулар мидың қартаюын баяулатады Дауыстап оқу, жазу және математика егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілеті мен зейінін сақтауға көмектеседі. Джордж Мейсон университетінің Эмили С. Ихара бастаған зерттеушілер тобы осындай тұжырымға келді. Ғалымдар StrongerMemory бағдарламасын қолданды: қатысушылар күн сайын 10 минуттан дауыстап оқып, қолмен жазды және қарапайым арифметикалық есептерді шығарды. Олар кітаптар мен жазуға арналған тақырыптарды өздері таңдады. Мұндай жаттығулар жиынтығы мәтінді қабылдау, есту, ұсақ моторика мен логиканы қамтиды. Тәжірибеге есте сақтау қабілетіне шағымданған, бірақ деменциясы жоқ, 59 жастан асқан 102 адам қатысты. Нәтижесінде олардың когнитивті тест бойынша көрсеткіштері өсті. Қатысушылардың өздері де жады жақсарғанын айтты. Ең жақсы нәтиже — жеке өзі тұратын қарияларда байқалды. Ғалымдардың пікірінше, күнделікті тіршілікті жоспарлау миды қосымша жаттықтырады.
👨👩👦 Адам өмірінің биологиялық шегі бар ма? Генетиктер адам өмірінің теориялық шегін есептеп шығарды. npj Aging журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар оны шамамен 146 жас деп бағалады. Жекелеген есептеулерде болжам 194 жасқа дейін жетті. ✅ Әзірге ұзақ өмір сүру рекорды француз әйел Жанна Кальманға тиесілі — 122 жас. Зерттеудің негізінде соматика мутацияларын талдау жатыр. Бұл — жасушалардың бөлінуі кезінде және қоршаған ортаның әсерінен біртіндеп пайда болатын ДНҚ өзгерістері. Авторлардың пікірінше, мұндай өзгерістердің жиналу жылдамдығы ерекше маңызды. Гипотеза әлі де тексеруді талап етеді. ✅ Ал әзірге сау-саламатты өмір сүрудің негізі мыналар: сапалы ұйқы, қозғалыс, теңгерімді тамақтану, шылымнан бас тарту және аурулардың алдын алу.
📣 Жасанды интеллект жаңалықтары Еуроодақта ЖИ-контентті анық белгілеу талабы күшіне енді ЖИ көмегімен жасалған немесе өзгертілген, шынайы адамдарды, объектілерді, орындарды немесе оқиғаларды бейнелейтін суреттер, аудио және бейнематериалдар, сондай-ақ, ЖИ арқылы генерацияланған мәтіндер арнайы белгіленуі міндетті. Кімдер міндетті: ▪️ЖИ компаниялары, ▪️БАҚ редакциялары, ▪️кәсіби инфлюенсерлер, ▪️мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер. Талаптарды бұзғаны үшін айыппұл: ▪️компаниялар үшін 15 млн еуроға дейін немесе жылдық әлемдік айналымның 3%-ы; ▪️ЕО мекемелері, органдар мен агенттіктер үшін 750 мың еуроға дейін; ▪️Шағын және орта кәсіпорындар үшін айыппұл көлемі бөлек белгіленеді. 📣 ЖИ-дан қауіптенген Пентагон сайттағы қару-жарақ сынақтары туралы баяндамаларды өшірді АҚШ Қорғаныс министрлігі соңғы 25 жыл ішіндегі қару-жарақ сынақтары туралы бейқұпия есептерді ашық ресурстан алып тастады, деп хабарлайды Bloomberg. Өйткені, шетелдік қарсыластар осы деректер негізінде АШҚ қорғаныс жүйесіндегі әлсіз тұстарды табу үшін ЖИ-ді пайдалануы мүмкін деген қауіп бар. Енді оларды тек арнайы қызмет тексеруінен өткен адамдар ғана қарай алады.
📣📣📣📣📣📣📣📣 Жексен, Тоқтарбай, химик, PHD: Құрметті әріптестер, ғалымдар және ғылымға жанашыр қауым! Қазақстан ғылымы үшін маңызды жаңалықты бөліскім келеді. Біз елімізде Jusan Science атты отандық ғылыми баспа платформасын іске қостық. Бүгінде қазақстандық көптеген ғылыми журналдар негізінен OJS сияқты ашық платформаларды пайдаланады. Әрине, OJS белгілі бір деңгейде пайдалы құрал болғанымен, оның техникалық мүмкіндіктері, дизайны, қолдану ыңғайлылығы және заманауи ғылыми баспа талаптарына бейімделуі көп жағдайда шектеулі. Әсіресе халықаралық деңгейдегі кәсіби редакциялық басқару, рецензиялау процесін бақылау, авторлармен жұмыс, метадеректерді реттеу және журнал имиджін қалыптастыру жағынан әлсіз тұстары бар. Сондай ақ OJS порталының қорғаныс жүйесі өте нашар, оңай хакерлік шабуылға ұшырайды, және телефон бетінде жұмыс істемейді. Ал әлемдік ғылыми баспа саласында қолданылатын Editorial Manager, ScholarOne сияқты кәсіби платформалар өте сапалы болғанымен, олардың құны көптеген қазақстандық журналдар үшін тым қымбат. Бұл платформаларды қолдану құны әр журналға жылына 25,000 – 30,000 доллар (АҚШ) шамасында ақша қажет етеді. Сондықтан отандық журналдардың барлығы бірдей оған қол жеткізе алмайды. Осы мәселені ескере отырып, біз Jusan Science платформасын жасап шығардық. Бұл платформа қазақстандық IT мамандардың күшімен әзірленді және халықаралық ғылыми баспа жүйелерінің озық үлгілерін негізге ала отырып жасалды. Jusan Science — тек сайт немесе журнал беті емес. Бұл — автор, редактор, рецензент және оқырман арасындағы ғылыми коммуникацияны жеңілдетуге арналған толыққанды отандық платформа. Оның мақсаты — Қазақстандағы ғылыми журналдардың сапасын көтеру, редакциялық процестерді жүйелеу, рецензиялау барысын халықаралық деңгейде қалыптастыру және отандық ғылымды халықаралық деңгейге көрсете білу. Қазіргі таңда осы платформа аясында Journal of Engineering and Environmental Systems (JEES) журналы жарық көріп жатыр. Журналдың бірінші санын сәтті жарияладық. Енді Jusan Science платформасында тағы екі журнал: бірі География бағытында, тағы бірі Биология бағытында іске қосылу алдында тұр. Біздің басты мақсатымыз — Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай, сапалы, ашық және кәсіби ғылыми баспа экожүйесін қалыптастыру. Бұл — отандық ғылымның беделін арттыруға, жас ғалымдарға қолдау көрсетуге және қазақстандық зерттеулердің әлемдік ғылыми кеңістікте көрінуіне жасалған нақты қадам. Jusan Science — Қазақстанда жасалған, отандық ғылымға қызмет ететін жаңа ғылыми платформа. Jusan Science платформасындағы журналдардың барлығы Scopus және Web of Science сияқты ірі халықаралық деректер қорына енгізу мақсатында, халықаралық ең озық ғылыми талаптарды негізге ала отырып жасалған. Jusan Science платформасындағы жаңа журнал ашамын деген мақсаты бар жандар болса қолдауға дайынбыз. Jusan Science платформасымен танысамын десеңіз осыны басыңыз: https://jusanscience.com/ Ал Jusan Science платформасыдағы “Journal of Engineering and Environmental Systems (JEES)” журналымен танысам десеңіз осыны басыңыз. https://jusanscience.com/journals/jees Ескерте кететін бір іс. Журналдың да, платформаның да бұл соңғы нұсқасы емес. Біз үздіксіз даму үстіндеміз….
АҚШ шетелден гуманоидтар мен робот-иттер кіргізуге тыйым салды, өйткені олар тыңшылықпен айналысуы ықтимал. АҚШ-тың Байланыс жөніндегі федералды комиссиясы дербес мобильді роботтар, адамға ұқсас роботтар мен төрт аяқты робот-иттерді импорттауға болмайды деп есептейді. Аталған сала Пентагон бақылауында болады. Бұл бір жағынан, қауіпсіздік мәселесі, екіншіден, өз елінің мамандарын бәсекелестіктен қорғау. Қазіргі заманда техникалық құрылғыларды қашықтан басқаруға болатынын әркім біледі. Бұл тыйымның аясына өнеркәсіптік роботтар кірмейді деп жазады Der Spiegel. Ал тұрмыста қолданылып жүрген шаңсорғыш-роботтар туралы әзірге айтылмаған.
📚 100 жыл бұрын және қазір Баспа жұмысының міндеттері Қазақ ішіндегі зор жұмыстың негізгісі – оқу-ағарту жұмысы. Ағарту ісінің бір құралы – баспа жұмысы. 🖍️Сауаты күшті болмаған елдің арасына білім шырағын тарату оңай емес. 🖍️Жаңа дәуірдің жаңалықтарын білім арқасында ғана көптің миына қондыра аламыз. 🖍️Кейін қалған жұртты мәдени шаралар арқасында ғана жетілдіре аламыз. 🖍️Елдің шаруасы өркендеп, санасы өсіп, мәдениеті ілгерілемесе – мезгілмен де, заманмен де қатарласа алмайды. 🖍️Саяси толықтық, адамшылық мәдениет – қазіргі дәуірдің негізгі жолы. 🖍️Көкірегі ашық, көзі ашық, білімі бар саналы елде ғана қоғам дамиды. Мұны іске асыруға мектеп керек, оқытушы керек, аспап керек. Оқу аспабы – кітап, кітап шығаратын – баспа. 🖌️Халыққа керекті кітаптардың саны аз. Елдің мұқтажына дәл келетін кітаптар жоқтың қасы. 🖌️Қара бұқара жұрт саясаттан тез жалығады, оған әңгімешілдік, тұрмыс ырғағына лайықты көркем кітаптар керек. 🖌️Саяси сабақ беретін кітаптарымыз әлі де болса шөлге сусындай бола алмай отыр. Бардың көбі аударма, тұрмысқа жанаспайды. Тіл жағынан да кемшілік жоқ емес. 🖌️Көрінгеннің басына не түссе соны жаза салатыны әдетке айналып барады. 🖌️Қазақтың ауыз әдебиеті күшті болса да, солардың өзі басылмай жатыр. Тақпақ, мақал, жұмбақ, ескі өлеңдер, тарихи оқиғалар, ақындардың жырлары жөндеп жиналып, баспа бетіне түсе алмай келеді. Ел мұны сүйіп оқиды. Көзі барлардың өзінен естіген сөзді жинап, жыр, өлеңдерді бастыра беру – міндет. Ескертетін жұмыстың бірі – осыларды жазғанда да, бастағанда да белгілі жоба болуы керек. Қазақстанда кітап тарату жағы да нашар. Біріншіден, мәселенің саяси маңызын түсінбесе, екіншіден, сауда-саттық әдісін дұрыс пайдалана алмайды. Осымен қабат кітап қағазының, басылуының нашарлығы, ішкі мазмұнының қызықсыздығы, сырт көрінісінің кемшілігі кездеседі. 🖍️Қазақ тіліндегі кітаптар аз. Бұған шара қолдану қажет. 🖍️Мекемелерді қазаққа қарай бет бұрғызу керек. 🖍️Кітаптың түрін, іші-сыртын көрнекті етіп, бағасын арзан қылуға ұмтылу қажет. 🖍️Қазақстандағы баспа үйлері нашар күйде, қаріптері жетіспейді, керекті саймандары толық емес. Баспаханаларды түзетіп, күшейту үшін көп қаражат керек. 🖍️Біздің кейбір мекемелеріміз басқа жердің баспасына сүйенетін ауруы бар. Мәселен, Қызылордадан асып, Ташкент, Мәскеу, Ленинград жібереді. Мүмкін, Қызылордадағы Мемлекет баспасының жұмысы нашар, бағасы қымбат шығар, ондай болса оны түзету керек емес пе? 🖊️Қазақтың өз жұмысына атсалысудан артық не бар? Ш. Тоқжігітұлы 1926 жыл. «Қызыл Қазақстан» журналы.
👥 Өмірі өзіңізден ұзақ болатын көшірмеңізді жасатқыңыз келе ме? Мархабат! Америкалық бір стартап цифрлы мәңгілік өмір жасап береді. Ғылыми фантастика осылайша көз алдымызда шынайы өмірге айналып жатыр. Veterans Recovery Network Inc. атты бейресми ұйым төңкеріске тең технология деп атаған жаңалығына патент алмақ. Мәнісі былай: 40 тетігі бар костюмді киесіз, ол жүйе сіздің қимыл-қозғалысыңызды, рефлекстеріңізді, бүкіл денсаулық көрсеткіштерін – бәрін түсіріп алады да цифрлы көшірме жасайды. Сосын ол робот түрінде немесе голограмма болып өмір сүреді. ✅ Бұл жаңалық қазіргі технологияның қарымын көрсетеді. Әлгі ұйым цифрлы егіздің құнын да атады: 100 жылдық көшірме үшін – $300 000; ал 500 жыл өмір сүргіңіз келсе 1 миллион доллар төлейсіз. Бейне: Veterans First for America
Ғылыми-зерттеу институттарында толық түгендеу жұмысы жүргізіледі. Олардың кадрлық және ғылыми әлеуеті бағаланып, мүмкіндік болса ғылыми инфрақұрылым қалпына келтіріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында Ғылымды стратегиялық дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралды.
👨👩👦 Бақытты қоғамның сыры 66 елді зерттеу нәтижесі ұлттың бақыты қоғам мүшелерінің бірін-бірі қолдауына байланысты екенін көрсетті. Зерттеу Journal of Positive Psychology басылымына шықты. Польша ғылым академиясының зерттеушілері 66 елден 100 мыңға жуық адамның мәліметтерін талдады. Сонымен, ұлт бақытының 5 негізгі факторы: 🔹Мемлекеттік институттарға сенім; 🔹Қоғам ішіндегі берік қатынастар; 🔹Баршаның тең құқығы мен еркіндігі, демократия; 🔹Ғылымның дамуы; 🔹Тамақ, баспана, денсаулық. Жік-жікке бөлінсе – ұлт та, мемлекет те бақытсыз. 💪Бастық болам десеңіз Ұлыбританияда жоғары лауазымдарды иеленгендердің арасында Оксфорд және Кембридж университеттерінің түлектері көп. Оған дәлел жаңа премьер-министр Энди Бернемнің командасы: министрлер кабинеті мүшелерінің 54%-ы Оксбриджде оқыған. Лауазымдылардың 75%-ы мемлекеттік мектепте, 21 пайызы жекеменшік мектепте білім алыпты. Бұл The Sutton Trust зерттеуі. 🫧Май жаман деп кім айтты Жасушалардағы май тамшылары бізді вирустан қорғайды. Ла Троба университеті ғалымдары май иммунды қорғанысқа белсенді қатысатынын анықтады. Вирустар шабуыл жасаған кезде ерекше май қышқылы іске қосылып, иммун жүйесіне дабыл қағады. Сосын липидтер мен ақуыздар инфекциямен бірігіп күреседі. Бұл жаңалық келесі пандемияларға дайындыққа, жаңа препараттар жасауға көмектеседі. Зерттеу Nature Communications-ке жарияланды.
💥 Математиктердің беделді Филдс сыйлығын биыл кім алды? Филадельфияда Математиктердің халықаралық конгресі өтті. Математиктердің «Нобелі» 40 жасқа дейінгі ғалымдарға беріледі. Жеңімпаздар 15 мың доллар мен алтын медаль иеленеді. Биылғы лауреаттар: 🌟Хун Ван, Нью-Йорк университеті. Гармониялық анализ және геометриялық теория саласындағы зерттеуі үшін. 🌟Юй Дэн, Чикаго университеті. Теңдеулер теориясы саласы. 🌟Джон Пардон, Стоуни-Брук университеті. Симплексті геометриядағы жетістігі үшін. 🌟Джейкоб Цимерман, Торонто университеті. Алгебралық геометриядағы зерттеуі үшін. Мыңжылдық есебі – Ходж гипотезасын дәлелдеуге үлес қосты, бұл есепті толық шешкен адамға $1 млн беріледі. Фото: Simons Foundation. Конгреске академик Дөрбітхан Сұраған және басқа математиктеріміз де қатысты.
Алматының проблемалары Орыстілділер мен қазақтілділер көрсеткен ең маңызды мәселелерде айырмашылық бар. Қазақтілділердің ең үлкен мәселесінің бірі – жұмыс табу. Сауалнамаға 15 мың адам қатысқан.
Он жылдан кейін Алматы ауасы тазарады дейді Жұлдыз Сәулебекова. Азаматтық бастамалардың қызығын сол кезде көруіміз мүмкін ) Экологиялық іс-шараларды ер адамдарға қарағанда әйелдер көбірек қолдайды екен. Неліктен деп ойлайсыз?
Алматы ауасын көліктер ластайды, сосын жер үйлердің де үлесі бар. Ресми мәлімет бойынша Алматыда 1000 үй көмір жағады екен. Шын мәнінде одан да көп, өйткені мыңдаған үйдің техникалық құжаты жоқ, құжатсыз үйге газ жүргізілмейді дейді сарапшылар.
без подписи
Ауаның ластануын немен өлшейді? Paperlab Research Café × Urban Forum ұйымдастыруымен Алматы экологиясына және урбанизация мәселелеріне арналған презентация өтуде.