tgindex
#abdipiwet
@abdipiwetказахский

Abdi Murat, 25 y.o. 📍 Atyrau, SilkWay school-lyceum 🧑🏻‍🏫 Educational psychologist 🫶🏼 11A classroom teacher 🌏 College counselor ♾️ Family man Welcome to my channel!

Последний пост
2 июн.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
169
+4 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
248
20 постов
Вовлечённость
146,7%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • видео или голосовое, без подписи

  • Ата-ананың басты ережелерінің бірі: Баламен құшақтасқанда ешқашан бірінші жіберме!🫂

  • Исатайымыз 6 айға толды👼🏻 Ажар екеуі кішкене ауырып қалған соң, қайта қаралуға емханаға келдік. «Исатай 6 айға толыпты ғой», — деп медбике бізді бойы мен салмағын өлшетуге жіберді Уақытты босқа кетірмейік деп, әйелім екеуіміз бөліндік. Ол Ажармен құлағын қаратуға, мен Исатаймен өлшенуге кеттік Әлдилерге арналған электронды таразының үстіне бөпемді жатқыздым. Сандар айналып тұрып қалды да, бір кезде 7 кг дегенге тоқтады. Сосын бойын өлшетуге жатқыздық. Апай өзі тексеріп алып, қағазға жазып берді. Мен қағазды медбикемізге қайта апардым да, Ажарларға ЛОР кабинетіне бардым. Сөйтіп, ханымым: — Қалай екен? Салмағы, бойы? — Салмағы 7 кг дейді. — Қалай 7 кг?! Өткенде 10 кг еді ғой! — Білмеймін, солай таразы көрсетті — Сен оның 10 кг екенін білмедің бе? Неге апайға айтпадың? — Өй, мен оның 10 кг екенін қайдан білейін?! Таразыға дұрыс жатпаған шығар — Бойы ше? — Білмеймін. Қағазға жазып берді, қарамадым — Тәуба! Не деген адамсың өзі?! Өзіңнің ұлыңды емес, басқа біреудің баласын өлшеп келгендейсің — Ой, мен оның салмағын, бойын не қыламын? Күндеп өсіп жатыр ғой. Ертең бұл сандар бәрібір өзгереді емес пе? — Қазір ЛОР-дан кейін қайта тексеруіміз керек… Мен ғана осындаймын ба? Әлде жалпы әкелер ханымдар сияқты детальдарға мән бермейді ме? :)

  • Өмірімде болған кішігірім конфликттер мен реніштер мені өз-өзіме күмәндануға алып келді. Іштегі отым сөніп, өзімді шайқалып қалғандай сезіндім Бір түні төсекте жатып, The Gentlemen фильміндегі басты кейіпкердің сөзі есіме түсті: Күмәндануға болмайды. Күмән хаос тудырып, сені құрдымға апарады Осы сөз ойымда қайта-қайта айнала берді. Кейін күмән көбіне әзәзілден келетінін есіме алдым. Екі адаммен көңіл күйім туралы сөйлесіп, ішімдегіні тарқаттым. Сөйтіп, қайта тәубеме келгендеймін. Қазір бәрі жақсы

  • 13 мая491101

    Қайырлы кеш, достар!🌹 Менің анамның, Ая Нұрдәулетқызының, инстаграм парақшасы белгісіз себеппен жойылып кетті Өкінішке орай 6 жыл жүргізген, 2000 посты, 100.000 оқырманы бар аккаунт өшіп қалды. Қайта қалпына келтірілуі белгісіз Сол үшін Ая ханымды жоғалтып алған оқырмандары, сіздерді, анамның жаңа парақшасына қайта тіркелулеріңізді сұраймын. Қолдауларыңызға рақмет! https://www.instagram.com/aya.nurdauletkyzy?igsh=MXAxN3d5dzY0eTZ3eQ==

  • Фрагмент из разговора с учениками о машинах [1] — Как тебе Hyundai Mufasa? [2] — Фигня по идее… [Я] — Смотря кому и для каких целей. Для дрифтов — не резвая, для семьи — самое то. Для человека на зарплате как я — достижимый стимул, а для крупного предпринимателя может не соответствовать статусу (хотя не факт) Слышал реальный пример: один ақтауский бизнесмен с доходом в сотни миллионов большую часть отдаёт на благотворительность, а сам ездит на Hyundai Accent На эту «фигню» кто-то копит всю жизнь. Не осуждаю это мнение — восьмой год работаю в частных школах, норм. Просто мы часто оцениваем вещи не по функции, а по тому, что они «говорят» о человеке И вот здесь интересно Одним важно, чтобы вещь доказывала их уровень. Другим — уже ничего доказывать не нужно Например, у британской аристократии есть особенность: носить вещи десятилетиями, ездить на старых машинах и не обновляться «ради статуса» Потому что их статус не во внешнем Он внутри: воспитание, образование, уверенность Если человек перебарщивает с брендами — чаще всего он хочет внимания и одобрения. А тем, у кого есть внутренняя опора, это не нужно В конце концов, дело не в том, какая машина «норм» или «фигня» А в другом: эта машина для тебя или для впечатления, которое ты хочешь произвести?

  • Кейде өзімді осы суреттегі адамдар сияқты сезінемін. Өзіңді басқалармен (өзіңнен күштілермен) салыстырып бастасаң қанағатсыз болып кетеді екенсің Осы барлығы сенен озып бара жатқан секілді. Үй алып, дұрыс көлік алып, жақсы ақша таппай жүрген тек сен. Қалғаны күніге таңғы асын шетелде, кафеде ішіп жүрген миллионер, бірақ тек сен емес Астағфируллаһ! Мың рет астағфируллаһ! Неменеге жетістің Көргенсіз нәпсім Саған жаңа айфон қажет емес, сенікі онсыз да жақсы түсіреді — Сен жәй ғана телефонда көп отырасың Сенің көлігіңмен барлығы дұрыс, сені қалаған жеріңе апарып жүр — Сен жәй ғана телефонда көп отырасың Көлігің болмаса да, Құдай берген екі аяғың бар — Сен жәй ғана телефонда көп отырасың СЕНІМЕН барлығы дұрыс, сен ешнәрседен қалып бара жатқан жоқсың — Сен жәй ғана телефонда көп отырасың

  • Today was a good day! Love my homies! Today they were 11Altruistic👦🏿 https://www.instagram.com/reel/DXPVDtKDNQm/?igsh=MXJ6anljNTZ6bXd5bg==

  • Педагог жұмысымда маған үлкен стресс алып келетін жағдайлардың бірі — оқушымның ренжігені🕯️ Осы жақында бір түсініксіз оқиғаны бастан кештік. Не сәлемі жоқ, не себебі жоқ, бала ренжіп, үлкен мәтін жазып жіберді. Бұндай мәселелер онлайн шешілмейді. Ертең бетпе-бет сөйлесейік деп қойдым Сол күнімнің бүкіл берекесі кетті де қалды. Әріқарай не жұмысқа, не шәйға тәбетім қалмады. Келесі күнді күткенше жерді әрі-бері аунағандай қиналдым Шәкіртімнен ауыр сөздер есту жүрегіме қатты батады. Оқушы ренжігені немесе мен ренжіткен бірінші рет емес. Әр жағдай сайын өз-өзімді жеп тауысамын. Басымда өткенді кері аударып анализ жасаймын, дұға етемін Бұйырса шешілетін мәселе екенін білесің ғой. Бірақ сол кезде үлкен бір күнә жасағандай өкініш сезімі қысып тастайды. Жүректі емдейтін тек уақыт пен баланың ақымды халал еткені Ал сосын мәселе шешілгенде баланың “Болды ағай, ренжімеймін. Сіз де мені кешіріңізші” дегені ше… Бұдан артық шипа, бұдан артық жұбаныш бар ма екен… Жүрегім орнында. Енді тыныш ұйықтай берсем болады Қайырлы түн!🌚

  • 9 апр.244243

    Жыл басталғанына төртінші ай болды. Әзірше алға қойған қысқа мерзімді мақсаттарыма қол жеткізе алмадым: 1. IELTS 6.0❌ (5.5 алдым) 2. NU Master’s❌ (reject) 3. Singapore CWMUN❌ (reject) 4. Жұмыс орнын ауыстыру❌ 5. Сыныппен Грузия гези✅ (updated) Бірақ еңсемді түсірмеймін. Жасым ТЕК 25-те! Бұйырса чалышамын, тағы тырысамын, жасап көремін! «Өткен өтті, болашақ белгісіз, ал бүгін — бізге берілген сый» Мастер Угвэй

  • Не үшін сұрағанымды ұмытып қалдым

  • видео или голосовое, без подписи

  • 🕯️Өзімше Notion-ға оқыған кітаптарымның тізімін жинап қойған түрім ғой. Енді бұларға әдемі бір экслибрис бұйырса екен

  • видео или голосовое, без подписи

  • видео или голосовое, без подписи

  • Қысқа ғана ересек өмірімде мен әзірше 70-ақ кітап оқып үлгеріппін Жалпы кітап оқуды кеш бастағаным бар. Бірінші кітабымды 10 сынып соңында ғана оқып бітірдім. Халед Хоссейнидің “Жарқыраған мың күн” туындысы еді. Жиырмасыншы бетте кітап оқудан алғаш рет жылағаным есімде Сыныбымызда кітап оқу трендтін тәрбиешім Жігер ағай насихаттаған болатын. Бара-бара жігіттермен үзілісте ойындар мен сериалдарды емес, кітаптарды талқылап отырғанымызды байқадым. Сол кездегі біздің бестселлерлер осы Хоссейнидің, Дэн Браунның кітаптары мен Шантарам еді Кітап оқитын ортада дамыған соң “оқу керек” деп кітаптар сатып алып жатамыз. Кітапхананың толықтыруы мен оқу жылдамдығы бір-біріне сәйкес келмей, сол “оқу керек еді” деген категориядағы кітаптар көбейеді. Сөреде тұрған оларды шаң басып, маған “алуын алып, неге бізді оқымайсың ал?!” деп ренжіп тұрған сияқты көрініп, мені күйзеліске түсіреді Бақытжан Бұқарбай “Күміс кітабында” осыған қатысты Нассим Талебтің сөзін келтіреді…

  • Сіздердің лүпілдеп басып жатқан (орысша айтқанда) реакция-ларыңызға қарап, тағы жазуға қолым қышып, шабытым ашылып жүр Осындай көп контент ағымының ішінде менің құттай каналымды керек еткен жазушыларыма рахмет айтамын!

  • Мектеп бітіріп, өскеннен кейін ұстаздарым айтатын еді: — Мә Абди, сен кезінде қырсық едің. Бұзық тентек едің. Есіңде ма? Мен болсам аспаннан түскендей бұл оқиғаларды ұмыттым. Жоқ, тәуір ақ шәкірт болған сияқты едім ғой деп қоямын. Өзіммен өзім адам болдым деп. Бірақ мен де біреуге сынақ болған екемін Сол кезде маған қол сілтеп, өзіміз айтатынымыздай “бұл бала адам болмайды” десе, адам болмас па едім. Болмас едім, сенімдімін Жай мұғалім хабарлайды Жақсы мұғалім түсіндіреді Керемет мұғалім көрсетеді Ұлы мұғалім шабыттандырады деген Уильям Уордтың сөзі бар еді Мен болсам әлі дұрыс “түсіндіріп, көрсетіп” те алмай жүрмін. Ұстаздарым әлі қол жетпес биікте Бүгін ағаммен хабарласып, жарты сағаттай сөйлестік. Мың шақырым қашықтағы адамның дауысын естіп, езуім құлағыма жетіп, көзіме жас келе жаздады. Сіздердің бар болғандарыңыз қандай керемет, ақылшыларым

  • 15 мар.219201из yolcununoilary

    ОҚУШЫ РЕТІНДЕГІ 4 ЖЫЛДЫҚ ГЕШТАЛЬТЫМ ЖАБЫЛДЫ 🥳🥳🥳🥳 сынып жетекшімнің үйінде ауызашар 😎 теперь спокойно можно выпускаться 😎 Рақмет Абди ағай & Айғаным апай 🫶🏼

  • Осындай туындыларға лайкты аямай басамын🇰🇿 https://youtu.be/-GX59brkY0A?si=TXwjLEph_gBcQDuM https://t.me/kalkastop