tgindex
TULEBAYEV NT🇰🇿

TULEBAYEV NT🇰🇿

Статистика
@Tulebayev_NTказахский
Последний пост
28 мая 2025 г.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
591
0 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
1 104
20 постов
Вовлечённость
186,8%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Жапырақтары сыбырлаған қайың ормандары мен сұп-сұр аспан астындағы байсалды Минск — дәл қазір Белорусь жерінен жалынды сәлем. Шығыс Еуропада орналасқан бұл ел табиғатының көркемдігімен, көшелеріндегі тәртіп пен тазалығымен ерекшеленеді. Бірақ бұл жолы мен елдің сұлулығын сипаттауға емес, Бахтияр Омаровтың жанында болып, хал-ахуалын білу үшін келіп отырмын. Әуежайдан түсе сала бірден ауруханаға бет алдық. Айта кетерлігі, мұнда бір Беларусь рублі біздің 155 теңгеге тең. Әуежай қаладан шамамен 35 шақырым қашықта орналасқан екен. Яндекс арқылы сағат жарымға жетпей жетіп бардық. Екі күн бұрын Бәкеміздің реанимациядан палатаға ауыстырылғанын естіп, көңіліміз бір серпіліп еді. Сөйтіп палатасына кіріп барсақ, жаңа бауырдан анализ алу үшін ота бөлмесіне әкеткен екен. Арада 15-20 минут өткенде қайта әкелді. Көре сала: — Бәке, қалайсыз? Елден кеткелі азып қалыпсыз ғой… не мынау хал? Ет бермей жатыр ма не Сізге? — деп әзілдей бастадым. — Енді… — деді ол сыбырлап. Көзінен моншақтай мөлдір жас үзіліп, сағынышын білдірді. — Еее, Бәке, еркелеуге жол жоқ, тездетіп жазылу керек. Сізді әлі талай шаруа күтіп тұр. Ал Сіз болсаңыз, жаңа бауырды қабылдатпай жатыр екенсіз ғой, — деп тағы бір рет әзілге сүйеніп көңілін көтеруге тырыстым. — Мен бе екен қабылдатпай жатқан?.. — Әрине, Сіз! Сіздің денеңізге көп көмек қажет. Жаңа бауырды тезірек қабылдау үшін жан-тәніңізбен қолдау көрсетуіңіз керек, — деп біраз әңгімелестік. Осы кезде консилиум өткізіп жүрген дәрігерлер палатаға кіріп келді. Анализ нәтижелерін айтып өтті. Плазмаферез жасалған, бірақ ол денені әлсіретіп жатқандықтан, әзірге тоқтатуға шешім қабылдапты. Диализ кеше төрт сағат бойы жасалған екен. Билирубин, АЛТ, АСТ көрсеткіштері, гемоглобин деңгейі туралы айтты. Барлығын есте сақтай алмадым. Бірақ түсінгенім — жаңа бауыр біраз функцияларды орындай бастағанымен, толық іске қосыла алмай тұр. Өйткені дене жаңа мүшеге қарсы әрекет көрсетіп, толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіріп жатыр. Дәрігерлер кеткесін Бәкемнің миын сәл де болса сергіту үшін әртүрлі тақырыпта әңгіме айтып, ойын басқаға бұруға тырыстым. Арасында: — Бәке, ұнамаса айтыңыз, көп сөйлеп басыңызды ауыртсам, — десем: — Жоқ, айта бер, — дейді жылы жымиып. Көбірек мен сөйлеп, монологқа ұқсап кетті, бірақ бастысы — көңілін аулау. Бір кезде Бәке: — Кәсетші, коляскамен, — деді. — Кеттік, 1+1 кинодағыдай боламыз, — деп қалжыңдап, бірге дәлізді біраз араладық. Кешкісін жататын қонақ үйге қайттым. Таңертең қайта келдім. Түнде ұйықтай алмай шыққан екен. Грижасы да бар көрінеді, соның әсерінен мазасыз түн болған. Барсам, жаңа ғана көзі ілінген екен. Жанында отырған жұбайы Гүлмира жеңгемізге: — Сіз барып сәл тынығып алыңыз. Түнімен ұйықтамадыңыз, мен жанында бола тұрамын, — дедім. Біраздан соң Бәке көзін ашып, қолын созып амандасты. — Түнімен көз ілмедім, — деді әлсіз дауыспен. — Естідім, жеңгеміз айтты. Сәл тынығып алғаныңыз дұрыс болды, — дедім. — Анар берші, — деді. Анарды кесіп, дәндерін шығарып берейін деп едім: — Өзім дәндерін теріп жегім кеп тұр, — деді. Жарты анарды Бәке, жартысын мен ұрып алдық. Сосын дәлізге шығып, біраз серуендедік. Бұл жақта яғни аурухана қабырғасында өмір расымен де баяу, бірақ әр сәті мәнге толы. Бүгін Бәкем жарады. Біраз жүріп жаттығу да жасады. Қолында қысатын резеңкемен он рет оң қолға, он рет сол қолға деп отырып жаттығу жасадық. Тамақты өзі отырып ішеді. Тәбеті шүкір, түзеліп келеді. Қазақстандағы Халил есімді досы арқылы Минскідегі таныстарына айтып ет қайнатып беріп жіберіпті. Сол еттен әр тамақ сайын екі-үш түйір жейді. Дәрігерлер: бұлшық ет пен салмақ қосу — жаңа бауырдың дұрыс жұмыс істеуіне сеп, — деді. Серуендеп жүріп дәлізінде тұрған таразыға көзім түсіп: — Бәке, тартылып көріңізші, қанша келі болыпсыз, — дедім. Таразы 60,4 кг көрсетті. Өзі сенбей, қайта түсіп, қайта шықты. Бірақ нәтиже өзгермеді. Жеңгемізге айтып едік, ол кісі де: — Реанимациядан шыққанда 55 келі еді, қалайша бес күнде бес келі қосады? — деп сенбей қойды. Әрине, денеде сұйықтық көп болуы мүмкін. Дегенмен, аз да болса салмақ қосқанын жақсылыққа жорып отырмыз Дұға тілекті тоқтатпайық 🤲🏼🙏🏼

  • без подписи

  • Минскіден жалынды сәлем!

  • 30 жыл бұрынғы естеліктен бүгінгі қуанышқа дейін… Бұдан тура отыз жыл бұрын мектепте сынып жетекшіміз бізді — үш ұл мен үш қызды — шақырып алып: — Балалар, ертең аудан орталығында жарыс болады. Біздің мектептің атынан сендер барасыңдар. Ол жақта сұрақтар “тес” болады, — деді. — Апай, “тес” деген не? — деп сұрадық аң-таң болып. — Ол деген бір сұрақ болады, астында бірнеше жауап тұрады. Соның біреуі немесе бірнешеуі дұрыс болады, — деді апайымыз. — Қалай сонда? Бір сұрақтың нақты бір-ақ дұрыс жауабы болмай ма? — Енді, барғанда көресіңдер. Таңертең кешікпей келіңдер. Ерте таксимен шығамыз, — деп апайымыз әңгімені доғарды. Келесі күні аудан орталығы Темірланға бардық. Күтіп отырғанымызда, бойы ұзын, денелі түрік ағай жанында бір қазақ баламен бірге кіріп келді. Қолымызға бір парақ ұстатты, түсіндіріп берді. Жауап белгілеп шықтық. Сөйтсек, бұл жарыс емес, ҚТЛ-ға (қазақ-түрік лицейіне) қабылдау емтиханы екен. Арада бір ай өткенде үйге пошта келді. Ашып қарасақ: «Балаңыз оқуға қабылданды. Бескүндік басталады. Күтеміз.» — деп жазылыпты. Басталатын күнге қарасақ, дәл сол күн екен. Анамызбен шұғыл жиналып, әкеміз қалаға алып келді. Бескүндік басталды. Математика, логика, ағылшын, түрік тілі… Сабақтан соң түрлі қызықты шаралар өткізілді. Соңында қайта емтихан. Көп ұзамай, «өттіңдер» деген хабар келді. Қуанышымызда шек болмады. Ордабасы ауданы бойынша небәрі үш ұл ғана өтті. Соның бірі болдық. Сол сәттен бері 30 жыл өтті. Бүгін — лицейге тұңғыш қызымыз Кәусардың түскен күні. Толқып отырмыз. Қуаныш пен сағыныш, мақтаныш пен уайым араласқан ерекше күй… Алайда кейбір таныстарымыздың балалары өте алмай қалып, өз қуанышымызды да ішімізден ғана бөлісіп отырмыз. Қызымыз түссе де, біреудің баласы түсе алмай жатса, шын қуану да оңай емес екен… Кәусардың лицейге түсу жолы оңай болған жоқ. Ол — гуманитарлық бағытта өте қабілетті. Бірақ лицей емтиханына дайындалу үшін екі жыл бойы математика мен логикаға жүйелі түрде ден қойды. Сабақтан соң «Достық» білім беру орталығына барып, кешке үйге келген соң Елнұр ағайымен жеке дайындалды. Аптасына алты күн. Кейде мейрамда да тоқтамай, тынымсыз дайындалды. Бірақ жексенбі — демалыс күні. Сол қағиданы ұстандық. Емтиханнан кейін нәтиже шыққанша уайым көп болды. Бұрын біз ондай күй кешіп көрмегенмін. Ал қазір… бәсекелестік тым жоғары. Бұл тек балалар үшін емес, ата-аналар үшін де оңай сынақ емес. Тек моральдық емес, материалдық тұрғыда да айтарлықтай салмақ түседі екен. Бүгін — үлкен белестің бастамасы. Қызымыздың алда алар асуы, бағындырар биігі көп болсын деп тілейміз. Арманы асқақ, бағы ашық болғай!

  • Елден жырақта жүргеніме бес күннен асты. Кеше кешкі ас уақытына қарай, күнұзаққа жалғасқан семинар-конференциядан шаршау бой көрсете бастағанда, бір кісі: – Сіз қазақсыз ба? – деп сұрады. Қарасам, қарсы алдымда жымиып қана тұрған, жасы елуді еңсеріп, алпыстың белесіне жақындаған бір аға. Содан әңгіме өздігінен өрби жөнелді: – Иә, аға, қазақпын. – Мен Қазақстанда жұмыс істегенмін. – Ооо, қай жылдары? – 1993 мен 1996 аралығында. – Қай қалада? – Кентауда. – Қандай пәннен сабақ бердіңіз? – Математикадан. – Қазір қайдасыз ? – Осы халықаралық мектепте мұғалім болып істеп жүрмін. – Қазақстанда небәрі үш жыл ғана тұрдыңыз ба? – Иә, кейін бірнеше елде жұмыс істедім. – Аға, қазақшаңызды тыңдап, риза болып тұрмын. Қалайша осылай таза сөйлейсіз? – Кентауда үйрендім ғой. – әлде жолдасыңыз қазақ па сонда? – Жоқ, жолдасым – түріктің қара домалақ қызы. – 96 жылдан бері практика болмаса да қазақшаны қалай ұмытпадыңыз? – “Практика” емес, тәжірибеде. - Сорри, аға. – Сорри емес, “кешіріңіз” де. – Ұялтпаңыз енді… – Қалжың ғой. – Шынымен, қазақ тілін ұмытпауға не түрткі болды аға? – Адам жақсы көрген елінің, ұлтының тілін қалай ұмытады? Әлі күнге дейін Кентауды қатты сағынамын. – Кентаудың қай жерін сағынасыз аға? – Олай деме, жаңа ғана таныссақ та, ренжісіп қалмайық. – Қалжың ғой, 😊 – Былтыр Кентау КТЛ-ге Түркістаннан үлкен ғимарат беріпті деп естідім. 30 жыл бойы кішкентай ғана балабақша ғимаратында отырып білім алғандарға бұл – Құдайдың үлкен сыйы болыпты. Біз сол шағын ғимаратта сабақ бердік, бірақ бізге ол жер зәулім сарайдай көрінетін. Біз ғимаратқа емес, балалардың көңіліне қарадық. Ата-аналардың ықыласына қарадық. Балалардың білімі мен тәрбиесі артып, жемісін берген сайын – біздің де көңіліміз тоқ болатын. Алғашқы халықаралық медальді менің оқушыларым – Шерханов Сәкен мен Нұрбол деген жігіттер әкелген еді. Білімге құштар сол балаларды көргенде, басқа ештеңе маңызды болмай қалады екен. Жә, басыңды ауыртпай-ақ қояйын. Кешкі асыңды іш. – Уақытыңыз болса, бірге тамақтанайық. – жақсы, Мен де как раз бір қазақты көрсем деп сағынып жүрген едім. – “Как раз” деп, сіз де орысша қосып жібердіңіз ғой. – Ондай-ондай ханның қызында да болады! – Кентаулықтар жақсы үйретіпті сізге тілді. – Кел, осы үстелге жайғасайық… Сөйтіп, ағамызбен біраз сұқбаттастық. Бірталай қызықты естеліктерімен бөлісті.

  • без подписи

  • Бәкеңнің саулығына алаңдаған ағайынға арналады… Негізі, бірнеше күннен бері көңіліміз алаң, уайым сейіле қойған жоқ. Дей тұрғанмен, қуантатын жаңалықтар да жоқ емес! Адам ағзасы техника емес қой. Машинаның бір бөлшегін ауыстыра салсаң, ол тық-тық етіп жұмысын жалғастыра береді. Ал адам ағзасының бір мүшесін ауыстыру — өте күрделі дүние. Бәкеңнің отасы жеңіл ота болған жоқ. Таңертең ерте басталып, кешкісін бір-ақ аяқталды. Бәріміз бір деміміз ішімізде, нәтижесін күтіп отырдық. Түнде қайта ота жасалуы мүмкін деген хабар жетті. Таң атқанша тыныштала алмадық. Абырой болғанда, түнде екінші ота жасалмады. Шүкір дедік. Ертеңіне тағы күдік пен үміт аралас күн туды. Дәрігерлер: “Іште жиналған қанды алып тастауымыз керек”, — деп, екінші рет ота жасайтынын айтты. Екінші ота үш сағатқа созылды. Сәтті өтті дегенді естіп, бір жасап қалдық. Интубациядан (ИВЛ-ден) шығарып, өзі демалып жатыр деген хабар келді. Оған екі қуандық. Гемодиализ тоқтатылды — бүйрегі өздігінен жұмыс істей бастады деді. Бұл — үшінші қуаныш. Көзін ашты дегенде тағы қуаныш! Кеше алғаш рет бір кесе шай ішіпті дегенде де қуанып қалдық. Өткен сенбіден бері судан басқа ештеңе ішпеген еді. “Шай соншалықты тәтті екен”, — депті Бәкең. Қуанышымыз ұзағынан болғай! Әзірге жаңалық осындай. Реабилитация кезеңі ұзақ әрі маңызды. Енді денесі жаңа ағзаны толық қабылдап кетсін деп тілейміз. Жаратқан жар болсын! Жаны аман қалсын, бала-шағасына қорған болсын, ер азамат!

  • Құрметті жақсылар мен жайсаңдар, пейілі кең жомарт жандар! Бірнеше күннен бері ғазиз ғұмырын ұлтқа ұстаздық пен ұрпақ тәрбиесіне арнаған, Білім-инновация лицейлері жүйесінде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан Бақтияр Омаров ағамыздың жағдайына алаңдап, хал сұрап хабарласып жатқан жанашыр жанның қарасы қалың. Алғысымыз шексіз. Енді қысқаша: Бақтияр ағаның өмірін сақтап қалу үшін бауыр трансплантациясы жасалуы керек еді. Сол жолда баласы Али нағыз батырлық танытып, өз бауырының бір бөлігін әкесіне сыйға тартпақ болған. Алайда ота үстінде күтпеген жағдай орын алды. Операцияға кіріп, наркоз беріп, бауырын алғалы жатқанда Алидің жомарт жүрегі тым қатты соғып, аритмия болған. Дәрігерлер бір жарым сағатқа жуық Алидің жүрек соғысын реттеуге тырысқан. Өкінішке орай нәтиже болмады. Яғни Алидің донорлығы және жоспарлы ота сәтсіз аяқталды. Сағаттар сырғуда, секундтар зымырауда. Уақыт Бәкеңнің жүрегімен жарысуда. Бауыр сәтті және шұғыл ауысса жаратқан ғазиз жүрегін ұзақ соқтырады деп сенеміз. Іздестіре келе күні кеше Минск қаласынан қуанышты хабар жетті — шетелдік мамандар донор табылғанын, әрі бауыр ауыстыру отасын жасауға дайын екендерін айтты. Жағымды жаңалық үмітімізді ұштай түсті. Алайда бұл мүмкіндіктің де өз құны бар. Суретте есеп толық көрсетілген. Бақтияр ағамыз — бір емес, бірнеше буынға ұстаз болған, Білім-инновация лицейлері желісінде талмай еңбек етіп келе жатқан қадірлі азамат: - Шымкент БИЛ – 1998 жылғы түлегі - Шымкент БИЛ – тәрбиеші - Алматы Ақсай БИЛ – мұғалім - Шымкент БИЛ – мұғалім - Қызылорда БИЛ – мұғалім - Семей БИЛ – оқу ісінің меңгерушісі - Тараз БИЛ – директордың орынбасары - Талдықорған БИЛ – мектеп директоры - Қостанай БИЛ – мектеп директоры - Ақтөбе БИЛ – мектеп директоры Жомарттар кіретін жұмақ есігін айқара ашып, АСАРЛАТЫП, бірге қол ұшын созайық! Кез келген көмек — үлкен үміт, әрбір тиын — үлкен аманат! Аударым жасау үшін жұбайы Гүлмира ханымның реквизиттері: Kaspi Gold (Гүлмира К.): • Телефон нөмірі: +7 (707) 784-81-91 • Картаның нөмірі: 4400 4302 1584 7655 Halyk Bank (ГҮЛМИРА К.): • Телефон нөмірі: +7 (707) 784-81-91 Visa карта (ГҮЛМИРА К.): • Картаның нөмірі: 4003 0351 6412 6612

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Мәскеудің үлкен сауда-саттық орталықтарының бірін аралап жүрміз. Түрлі дүңгіршектер, жарқ-жұрқ еткен шамдар, иін тірескен халық. Бір бұрышта, көрме үстелінің арғы жағында қызылды-жасылды киінген орыстың дәу денелі келіншегі тұр. Алдында колбаса өнімдері жайылған. Көзінің оты жанып, жанынан өткен әр адамға өнімін ұсынып, дегустация жасап жатыр. Жай ғана қарап өтіп бара жатқан едім: — Молодой человек, попробуйте! — деді әлгі әйел. — Спасибо, но я не буду, — дедім сыпайы ғана. — Пробуйте, пробуйте! — деп қоймайды. Оның табандылығы еріксіз тоқтатып, жай сөйлесе салайын дедім де: — А это из какого животного мясо сделано? — Свинина, — деді бетіме тура қарап, сенімді дауыспен. — А я свинину не кушаю, — дедім жаймен ғана. — А кто запрещает? — деп таңданысын жасыра алмады. Сұқ саусағымды жоғары көтеріп: — Жаратқан рұқсат етпейді, — дедім. Ол әйел бір сәтке аспанға қарап, сосын жымия күлді де: — Ааа, сегодня день пасмурный, он не видит. Ешьте, — деді көзін қысып. Ішімнен: “Мына әйелге дауа жоқ екен” дедім де, сыпайы ғана: — Всё равно спасибо, — деп жүре бердім. Кетіп бара жатып: «Неге аспанды меңзедім? Жаратқан аспанда ғана ма еді?..» деп өзімнен іштей сұрап, үнсіз қалдым. Шындығында, Ол — әрбір жүректің төрінде емес пе? Сол сәттегі үнсіздік мені көп ойға жетеледі. Кінәні өзімнен тауып үнсіз ғана алға беттеп кеттім.

  • Мәскеуде орын алған оқиға …

  • Оразаның соңғы күні… Екі жыл бұрын, қасиетті Рамазан айының соңғы күні, Инстаграмнан бір қарындас хат жазды. Бейтаныс. Парақшасына кіріп қарасам, аккаунтты жаңа ашқан секілді — әдейі маған жазу үшін ғана тіркелгендей көрінді. Жазған сөздері ауыр тиді. Жүрекке қадалды. Әбден ойландым. Не істеп қойдым екен, кімді ренжіттім екен деп күні бойы өзімді шолып, өткенге үңілдім. Біреуді ренжітетіндей әрекет жасамаған сияқты едім. Сонда да тынышымды бұзғаны рас. Сыпайы түрде жауап жаздым: — Қарындас, мен сізді қалай ренжітіп қойдым? Ол: — Сен екіжүзді … . Ораза айында тығылып тамақ іштің, — деп жауап берді. Тынысым тарылып, жауабын қайта оқыдым. Таң қалдым. Қай күні, қай жерде? 28 күннің әр сәтін ой елегінен өткізіп, жүрегімді сүзгіден өткіздім. Ожданым таза еді. Содан: — Ааа, қарындас, сіз мені үш күн бұрын “Paradise” дәмханасында көрген боларсыз? Сол күні Бақытжанмен кешкі ауызашарға тапсырыс беру үшін ғана түсте кіргенбіз. Тамақтанған жоқпыз, жай ғана мәзірді қарап, ақысын төлеп шыққан едік. Мүмкін сол сәтте байқап, қате түсініп қалған боларсыз? — деп жаза қойдым. Бірақ ол өз пікірінен қайтпады: — Жоқ. Мен сенің тамақ ішіп отырғаныңды анық көрдім, — деді. Тағы ойланып, алдыңғы апта түсте басқа дәмхана — “Aura” мейрамханасына да барғанымыз есіме түсті. Ол жерде администратор апаймен мәзір жайлы сөйлесіп отырғанбыз. Ол кісі шай ішіп отырған еді. Әлде соны көріп мен деп ойлап қалды ма екен? Тағы сұрадым: — Мүмкін сіз сол сәтті айтып отырған боларсыз? Шатастырып алған жоқсыз ба? — Жоқ! Мен сені анық көрдім. Ораза айында тамақ ішіп отырғаныңды өз көзіммен көрдім! — деп үзілді-кесілді жауап қатты. Бейбіт, ашусыз сөйлесуге тырыстым. Дәлдігін анықтағым келді: — Онда, қарындас, нақты қашан және қай жерде көрдіңіз? Жауап қысқа болды: — Үш жыл бұрын. Оразаның соңғы күні. Тараз қаласында. Сол сәтте есіме дәл сол күн түсті. Жүрек шым ете қалды. — Иә, иә, қарындас, сіз дұрыс айтасыз. Енді, рұқсат болса, сол күннің мән-жайын толық айтып берейін, — дедім. Ол жылдары Рамазан жаздың аптап ыстығына тап келетін. Біз сол күні Астанадан Шымкентке жолға шыққан едік. Алғашқыда ауызымыз берік болды. Балқаш қаласына дейін барып, ауызашар жасап, сәресі ішіп әрі қарай жол жүрмек болдық. Бірақ күтпеген жағдаймен сол жердегі келіскен кісімен кездесе алмадық. Балқашта АЗС-тен печенье мен су алып, сонымен ғана ауыз аштық. Сәресі іше алмадық. Соған қарамастан, ертеңгісін оразамызды жалғастырдық. Күн күйіп тұрды. Жол — ұзақ, ауыр. Таңнан бастап жолдамыз. Көлік бұзылып, аптап ыстық астында біраз уақыт тұрып қалдық. Жанымда інім болатын. Ыстықтан басы айналып, әлсіреп кетті. Мен де әлім құрып бара жатқанымды сездім. Сол сәтте “Егер сапарда болсаң, қиналып жатсаң, кейін өтеп ұстауға рұқсат бар” деген Жаратқанның берген жеңілдігін қолдануды ұйғардық. Үштер шамасында Таразға жетіп, бір шашлык пісіретін дәмханаға кіріп, тамақтанғанбыз рас. Бәрі осы. Соны баяндап жазып бердім. Бір-екі минуттан соң қарындасымыз жауап берді: — Аға, кешіріңізші. Расында, сұрағаным дұрыс болды. Үш жыл бойы сол көрініс көз алдымнан кетпей, ішімнен ренжіп, өз-өзімді іштей жеп жүріппін. Енді бәрін түсіндім. Қате ойлаппын. Аллам кешірсін, сіз де кешіріңізші. Сол сәтте менің жүрегімнен де бір кірпіш түскендей сезіндім де: — Қарындасым, сізге де рахмет. Көп адам күмәнмен қарап, жамандап, ғайбаттап кетер еді. Ал сіз сұрап, түсінуге тырыстыңыз. Бұл — ерлің. Бірақ, бір нәрсені айтайын, әр көргенімізден, әр естігенімізден жамандық іздемейік. Мүмкін әлгі адам ауырып тұрған шығар, мүмкін сапарда, мүмкін басқа жағдай. Әрқашан жақсы ойлауға тырысайық, — деп ағалық ақылымды айттым. Осы оқиғадан кейін бір ой санада қалып қойды: Адамның пенде алдындағы есебі осылай қиын болса, Жаратқанның алдында қалай болар екен?.. Ойланбай қалмайсың…

  • Оразаның соңғы күні …

  • “Жақсы шайтан” Қазақ елі тәуелсіздігін алған соң алғаш келген түрік ұстаздардың басынан өткен қызықтар көп қой. Солардан тағы біреуі: Қазақстанға алғаш келген кезімізде бұл елге үйренісіп кету бізге аса қиын болған жоқ деп бастады әңгімесін. - Өйткені қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілдігі ерекше әсер етті. Ата-аналарымыз алыста болса да, қазақ ағайындар бізді жетімсіретпеді. Бауырларына басып, барын бөлісіп, ақ көңілмен кең дастархан жайып, жиі қонаққа шақырып жататын. Ал біз де өз тарапымыздан аянып қалған емеспіз. Қазақ жастарына бар білгенімізді үйретуге тырыстық. Уақытымыздың көбі лицейде өтетін. Күн демей, түн демей балалармен бірге болуға құштар едік. Бір күні, күздің жайма-шуақ кешінде, тағы бір шәкіртіміздің үйіне қонаққа бардық. Үй ішіндегі көңіл-күй керемет – бәріміз мәз-мейрам боп отырмыз. Мен де көсіліп әңгіме айтып отырған едім. Бір сәт түрік тіліндегі “МЕЛЕК” деген сөздің қазақшасын таба алмай, сәл кідіріп қалдым. Содан не істерімді білмей, абдырап тұрып: — Ағай, анау шайтанның жақсысы қалай еді? – деп сұрап жібердім. Қасымда отырған оқушым таңғалып: — Шайтанның жақсысы да бола ма екен? – деді. Мән-жайды бірден түсінген үй иесі апайымыз әңгіменің арасына араласып: — А-а, ағай, сіз “періштені” айтып тұрсыз ба? – деді күле қарап. Мен де күліп жіберіп: — Иә, иә, сол ғой, — деп сөзімді жалғай бердім. Осылайша тіл үйрену жолында болған мұндай қызықты сәттер бізге де, шәкірттерімізге де ұмытылмас естелік болып қалды деп бітірді әңгімесін.

  • ЖАҚСЫ ШАЙТАН …

  • Қабылдау емтиханы қарсаңында… 2000-жылдардың басы. Ол кезде лицейге қабылдау емтиханына дайындық пен жарнама жұмыстары өз алдына бір қызық, ерекше кезең болатын. Лицейдің бүкіл мұғалімдері көктем шыға сала, ауыл-ауылды, аудан-ауданды бөлісіп алып, болашақ оқушыларды іздеп, түсіндіру жұмыстарымен ел аралайтын. Әркім өзіне тиесілі мектептерді белгілеп, сол жаққа жолға шығатын. Мұғалімдер көбіне өздерімен бірге сол мектептерден түскен оқушыларды да ертіп алатын. Әсіресе, барған жерлерінде түрік ағайлар мен апайлар сөйлегенде, аударып беретін оқушы өзін нағыз лицей өкілі ретінде сезініп, мақтаныш сезімімен аударып отыратын. Бұл – оқушы үшін де, мұғалім үшін де, бір жағынан тәжірибе, екінші жағынан үлкен мотивация еді. Сол жылы да кезекті қабылдау емтиханына дайындық жүріп жатқан. Мұғалімдер бөлмесінде әр ұстаз қай мектепке баратынын ақылдасып, бөлісіп жатқан кез. Бір апайымыз бір себептерін айтып: — Биыл мен бармай-ақ қояйыншы, — деп ұсыныс білдіреді. Сол сәтте жиналысқа қатысып отырған түрік ұстаз: — Апай, Сіз неге бармайсыз? Бұл қабылдау емтиханы туралы естімеген қазақ баласы қалмауы керек қой. Мен осы уақытқа дейін “почти” бүкіл ауылдарға бардым. Бұл істе ат сияқты шабуымыз керек қой! Сондай ниетпен МЕНІҢ ШАПТЫРМАҒАН ЖЕРІМ ЖОҚ! — деп аса бір сеніммен айтып салады. Бұл сөзді естісімен, бөлме іші күлкіге толып, мұғалімдер ду етіп қарқылдап күліп жібереді. Жаңа ғана “бармай-ақ қояйын” деген апайымыз өзі де күліп: — Жарайды, ағай. Түсіндім. Мен де барамын, — деп келісімін береді. Не айтқанын өзі байқамай қалған түрік ағай аң-таң қалып: — Неге бәріңіз күлесіздер? — дейді аң-таң болып. Сонда жанында отырған қазақ тілі пәнінің мұғалімі жымиып: — Ағай, сіз “атпен шаппаған жерім қалмады” дегіңіз келді ғой деймін, — дейді күліп.