Жорналшы күнделігі
СтатистикаЖурналистика, редактордың өмірі мен жұмысы туралы жазбалар
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 22
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 29
- 1/48двое суток
- 33
- 1/72трое суток
- 35
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Блэкаут?
https://mediametrics.kz/ - істемей қалды ма бәріңізде, әріптестер? 3 күн болды, кіре алмай жүрмін 😒
⚡️В новой части фильма «День сурка» главный герой будет просыпаться каждое утро и читать новости про сгоревший склад
Біздің жорналшылар Қаринге "уағыз айтқызып қояды" 😂
видео или голосовое, без подписи
Министр КАМАЗ-ға жасырынған ба?
"Ара медиа" арнасына шабуыл басталды... дейді редакция өкілдері. Не болып жатқанын осы видеодан қарай жүріңіздер.
Oyla Podcast-қа барып, фактчекиң, ұлттық идеология, дін, қоғам, тарих туралы әңгіме айтып-айтып тастадым. Дым ренжімеңдер 😐 🔗 https://youtu.be/wThActTfEn0
🤣 Нұр-Мүбәрак қоры да, ЗТБ Спорт та осы жаңалықты беріп отыр. Бұл анық манипуляция. Неге? 1. Норвегия ӘЧ сыйақысын аударған жоқ. Іріктеу кезеңіндегі Израильге қарсы 1 матчтың сыйақысын аударды. 2. Аударым қазір болғандай жариялап отыр. 15 қыркүйек 2025 – Норвегия Израильге қарсы ӘЧ-2026 іріктеу матчының билеттен түсетін таза табысын Газадағы гуманитарлық көмекке беретінін жариялады. 11 қазан 2025 – Норвегия – Израиль іріктеу матчы өтті. 8 желтоқсан 2025 – матчтың қаржылық қорытындысы шығарылғаннан кейін NFF 1,5 млн норвег кронын «Шекарасыз дәрігерлерге» аударғанын жариялады. Оны дәл қазір аударғандай манипуляция жасаудың қажеті не? 3. Көмек жалғыз командадан аударылған жоқ: матчтың таза табысы – 522 мың крон; NFF өз қорынан қосымша 1 млн крон қосты; кейін бұл бастамаға жеке компания тағы 3 млн крон қосып, жалпы көмек көлемі 4,5 млн кронға жетті. 4. Мәтіндегі "газалық мұсылмандарға көмек" деуі де бұра тарту. Ақша «Шекарасыз дәрігерлерге» аударылған. 5. Бұл ақша Әлем чемпионатына жолдама алғаны үшін ФИФА берген қаражат емес, 2025 жылдың қазанындағы іріктеу матчынан кейін, желтоқсанда аударылған қайырымдылық болды.
"Қатар", "Тең" дегендерді талқылап жүрсек, нөлденіп алыпты ғой жұрттар 🙈
😍 "Обожаю" арнасының авторы Асхат Ниязов жарнама берушісіз қалғанын айтып, донат сұраған екен. Қолдаймыз деген жандар болса, сілтемесі мына ютубтағы видеоның сипаттамасында: https://youtu.be/bjzvaHFMtYI
Ағайын, көмек керек 🆘 Бір басылымның басшысы ақпаннан бері жалақыны әне берем-міне берем деп созып жүр. Қаңтардың жалақысын мамырда берген. Ақпанды ала алмай жүрмін. Мен бұл медиакомпаниямен азаматтық-құқықтық шартпен (ГПХ) келіскенмін. Ол бермей кеткендіктен, басқа жұмысқа ауысып, қарызданып қалғаным бар. Барлық құжат тұр, берем деген хат алмасулары да тұр. Білетін азаматтар болса, жекеге шықсаңыздар. Маңдай термен тапқан ақша болса да, құрысыншы дегім келіп отырған жоқ. Ерекше бала тәрбиелеп отырған адамды бұлай алдап кетуге болмайды. Ең цинизм болғаны – "Самалға кел, берем" деп, барғанымда "біреулермен жүрмін" деп келмей қалғаны 🤦🏻♂️ P.S. Арызды суретке түсіріп, бастыққа жіберіп едім, "сенің балаңның проблемасы - ол сенің проблемаң, маған неге оны айтасың" деді. Ұятсыз адамдар көп. P.S. Ұятсыздардан ақшамды ақыры алдым, 4 ай өткенде.
☹️ Кеше nur.kz инстаграмында "Путин прокомментировал атаки на инфраструктуру России" деп видео шығарған. Жұрт бірден Украинаның кешегі, 19 маусымдағы шабуылы туралы пікір білдірді деп ойлап қалды. Сөйтсек, бұл видеосы 3-6 маусым аралығында өткен ПМЭФ отырысында түсірілген екен. Путин бұл шабуылды айтпаған, жалпы айтқан. Дәл солай айтқанын 5 маусымда ТАСС, КР.RU басылымдары жазған. Бірақ оны инстаграмға кеше салуы - сәл қиғаш-ау.
❗️ Поддержите наш канал бустами Именно благодаря вашей поддержке о важных новостях узнает большее количество людей. Отдать свой голос в поддержку нашего Telegram-канала можно здесь (если у вас есть Telegram Premium): https://t.me/boost/bbcrussian 🔗 Telegram | YouTube | Рассылка
Қайыршылар)
Адвокаттары қылмысын мойындады деп ақпарат таратады да, өзі бір аптадан кейін "шындық айтқанымды мойындаймын" дейді 😒
Болжам жасау қиын іс. Қателескенімді ұғып отырмын. 3-4 жыл бұрын-ау, салалық басылымдар жақсы дамиды, жарнама берушілер де соларға жүгінетін уақыт келеді деген едім. Жоқ, мысалы кино саласындағы арналар өз алдына дамып кетті деу қиын.
Қызылорда облысында 6 жасар қыз жоғалып кетіп, өлі табылған. Алайда бұл хабарды жеткізген бір ресурстағы әріптесіміз "Ата-анасына жазбаңыздар дейді, өзіміз естіртеміз дейді" деген чаттағы жазбаның скриншотын сайтына салып қойған. Бұл журналистік этикаға қайшы. Журналистің міндеті тек ақпарат тарату емес, материалдың кімге қандай психологиялық зиян келтіруі мүмкін екенін де ескеру. Жеке коммуникацияны жарияламау керек, сенсацияға ұмтылмау керек.
"Хабар" арнасында әншінің сөйлемейтін баласын ЖИ арқылы тақылдатып сөйлетіп қойған видео көрсетіліп, оған әншінің өзі көз жасына ерік беріпті. Артынша жұрт журналистерді этикаға жат деп сынап жатыр. Кейінірек комментте журналистер Жасұланның өзі "ЖИ арқылы сөйлетіп беріңдерші, көргім келеді" деген постын көрсетіпті. Аутизмі бар баланың әкесі ретінде айтайын, бізді мүсәпір деп көрмеңіздер. Аяймын деп, теріс әсер етесіздер. Адам өзі сұраса, журналистер оның қалауын орындады. Болды.
☹️ Спортс.кз, сіздерге не болған? Шайдоровтың 5 ай бойы төлем алмағанына министрлік жауап берді деп шығарған ақпаратына спортшының құлап қалған суретін қоса беруі қалай?