Qaz365.kz
СтатистикаҚазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Qaz365.kz - Қазақстан және әлем жаңалықтары. Ресми ақпарат агенттігінің Telegram арнасы. Сайт: qaz365.kz Жарнама бойынша: @bs2906
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 33
- Всего постов
- 40
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 2 623
- 1/48двое суток
- 2 982
- 1/72трое суток
- 3 216
Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.
Посты
без подписи
Канье Уэсттің концерті ертеңге ауыстырылды.
без подписи
без подписи
⚡️️ Алматы мен бірнеше өңірде жарық өшті: KEGOC мәлімдеме жасады 14 тамызда сағат 14:37-де Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылу орын алып, елдің оңтүстік өңірлері мен көршілес мемлекеттерде жаппай электр энергиясы өшіп қалды. Бұл жөнінде KEGOC электр желілерін басқарушы компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Апат салдарынан Ағадыр – Үлкен және Ақтоғай – Талдықорған жоғары вольтты электр беру желілері ажыратылып, Қазақстанның Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның Біріккен энергожүйесі оқшауланған жұмыс режиміне өтті.
💡 Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды 14 тамызда сағат 14:38-де Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясы жаппай өшіп қалды. Оқиғаға әуе электр беру желілерінің апаттық түрде ажыратылуы және апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуы себеп болған. Бұл жөнінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. Электр энергиясынан ажырату Алматы қаласының Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарын қамтыды. Ал Алматы облысында жарық Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарының тұрғындарында өшіп қалды. Қазіргі уақытта «АЖК» мамандары апатты жою және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
⚡️️ Қазақстанда алдағы жылдары тұрғын үйге сұраныс арта түседі Қазақстанда алдағы жылдары тұрғын үйге деген сұраныс одан әрі өсе береді. Бұған елдегі демографиялық ахуал, халықтың жас мөлшері және 2000 жылдары дүниеге келген буынның біртіндеп тұрғын үй нарығына шығуы негізгі факторлардың бірі болмақ. Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Taldau Talks подкастында айтты. Оның сөзінше, Қазақстан халқының орташа жасы шамамен 29 жасты құрайды. Яғни ел халқының едәуір бөлігі – жастар. Мұндай демографиялық құрылым тұрғын үй нарығына тікелей әсер етіп, алдағы жылдары баспанаға деген сұраныстың жоғары деңгейде сақталуына ықпал етеді.
без подписи
⚡️️ Пәтер қымбаттап жатыр: Қазақстанның тұрғын үй нарығында не болып жатыр Қазақстанда тұрғын үй бағасы мен оның халық үшін қолжетімділігі өңірге қарай айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, Астана мен Оралдағы шаршы метрдің орташа құны екі есеге жуық айырмашылық көрсетеді. Бұл туралы Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимова Taldau Talks подкастында айтты. Оның сөзінше, тұрғын үйдің қолжетімділігін бағалағанда өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажет. Өйткені ел бойынша алынған ортақ көрсеткіш жекелеген қалалардағы нақты жағдайды көрсете алмайды. «Өңірлер арасындағы айырмашылық өте үлкен. Астанада тұрғын үй нарығы ауқымды әрі соңғы екі жылда таңғаларлықтай өсті. Меніңше, Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, қазір шаршы метрдің орташа бағасы 700 мың теңге шамасында. Ал Оралда әлі де 360 мың теңге», – деді Ибрагимова.
❗️ Wildberries маркетплейсі мен сатушыларының шығыны 600–800 миллиард рубльге жетуі мүмкін Ресейлік Wildberries маркетплейсі мен онда тауар сататын кәсіпкерлердің ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққыларынан шеккен жалпы шығыны 600–800 миллиард рубльді (шамамен 7,5–9,5 миллион доллар) құрауы мүмкін. Бұл туралы Forbes басылымы Data Insight зерттеу агенттігінің жетекші сарапшысы Сергей Семконың есебіне сілтеме жасап жазды. Сарапшының есептеуінше, қираған қоймалар мен инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру RWB компаниясына 147-ден 223 миллиард рубльге дейін шығын әкелуі ықтимал. Ал нысандарды толық бұзып, рекультивация жүргізу қажет болған жағдайда бұл бұла шығын 278,9 миллиард рубльге дейін өседі. Сонымен қатар, Ресейдің электронды сауда алаңдарында тауар жеткізушілер қауымдастығының басшысы Маргарита Евстигнееваның айтуынша, қоймаларға жасалған шабуылдар салдарынан 400 мыңнан астам сатушы зардап шегіп, олардың жіберіп алған пайдасымен қосқандағы шығыны 600–700 миллиард рубльге жеткен.
🇰🇬 Қырғызстан президенті тағын Ташиевке бермек болған: Садыр Жапаров неге бұл ойынан айныды? Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бастапқыда 2027 жылы өтетін президенттік сайлауға түспей, орнын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке бермек болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ел мемлекет басшысы журналист Али Токтакуновқа берген сұхбатында айтты. Садыр Жапаровтың сөзінше, ол билікте алты жыл ғана отырып, 2027 жылы демалысқа кетуді көздеген. 👉👉👉👉 https://qaz365.kz/politics/19497-kyrgyzstan-prezidenti-tagyn-tashievke-bermek-bolgan-sadyr-zhaparov-nege-bul-oiynan-ainydy/
⚡️️ Қазақстан мен Еуропа Одағы КҚК арқылы мұнай тасымалын дамыту мәселесін талқылады Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Калласпен мұнай жеткізу мәселелерін талқылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті. Екі тарап телефон арқылы сөйлесу кезінде энергия ресурстарын жеткізудің халықаралық инфрақұрылымын, соның ішінде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) шеңберіндегі мүмкіндіктерді одан әрі дамыту жолдарын сөз етті.
без подписи
⚡️ Нұрай Серікбайды өлтiрген Шерхан Аймаханға сот үкімі шықты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Сот шешімімен айыпталушы Шерхан Аймахан: https://qaz365.kz/zan-zhane-tartip/19491-nurai-serikbaidy-oltirgen-sherkhan-aimakhanga-sot-ukimi-shykty/ Сот 28 жастағы Шерхан Аймаханды некеге тұруға мәжбүрлеу, сталкинг (артынан түсу) және аса қатігездікпен адам өлтiру баптары бойынша кінәлі деп таныды.
❗️ Нұрайдың қазасына қатысты сот үкімі шығады: Айыпталушы Шерхан Аймахан сот залына жеткізілді Аз уақыттан кейін судья үкімді оқиды.
⚡️ Заңгер Мейірман Шекеевке қатысты қылмыстық іс қозғалды Бұл жөнінде заңгер өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, процестік шешім сараптама қорытындысынан кейін қабылданған. «Алматы қаласының прокуратурасы сараптама жүргізіп, қылмыстық іс қозғалғаны анықталды», – деді Мейірман Шекеев. Ол сонымен қатар бұл жағдайға қатысты: «Қазақ тіліне жанашырлығым өзіме таяқ боп тиіп отыр», – деп қоса кетті.
без подписи
Телеграм жұмыс істеп тұр ма?
без подписи
без подписи