tgindex
Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
15
Всего постов
29
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ (по похожим)
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
13 127
+69 за 5 дн.
Сутки
+119
+0,91%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
815
29 постов
Вовлечённость
6,2%
к подписчикам
Постов в день
2,1
всего 29
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
по 4 постам
1/24сутки в ленте
707
1/48двое суток
837
1/72трое суток
902

Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.

Посты

  • 😢Қазақтың айтыс өнеріне, журналистикасы мен әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын, сазгер, журналист-жазушы Бекжан Төребекұлы Әшірбаев өмірден өтті https://adyrna.kz/kk/post/1246105?show_without_publish=true

  • Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 14 тамызда болған электр қуатының жаппай үзілуіне Қырғызстандағы Тоқтоғұл ГЭС-інде екі гидрогенератордың істен шығуы себеп болған. Компанияның хабарлауынша, ақау сағат 14:37-де тіркелген. Соның салдарынан Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитіне шамадан тыс жүктеме түсіп, Оңтүстік аймақ елдің энергожүйесінен, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанды біріктіретін Орталық Азияның ортақ энергожүйесінен ажыраған. https://adyrna.kz/kk/post/1246102?show_without_publish=true

  • Алматыдағы Орталық стадионда өтуі тиіс болған Канье Уэстің концерті қауіпсіздік шараларына байланысты 15 тамызға ауыстырылды Көрермендер концерттің басталуын біраз уақыт күткенімен, америкалық рэпер сахнаға шықпады. Ұйымдастырушылар көпшілікке концерттің ертең дәл сол уақытта өтетінін хабарлады. Бұған дейін сатылған билеттердің ертеңгі концертке жарамды болатыны айтылды. Концерттің кейінге шегерілуіне Алматыда болған ауқымды электр қуатының өшуі де әсер етті. Бүгін Алматы, Алматы облысы және Қазақстанның бірқатар өңірінде электр жарығы өшіп, қалада көлік қозғалысы мен түрлі нысандардың жұмысына қиындықтар туындаған. Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр қуатының үзілуіне Орталық Азияның энергожүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруі салдарынан энергожүйеде қуат тапшылығының пайда болуы себеп болған. Электр жарығындағы ақауларға қарамастан, ұйымдастырушылар концертке келген көрермендерді стадионға кіргізуді жалғастырған. Алайда концерт басталардан шамамен бір сағат бұрын Алматыда ауа райы күрт өзгерді. https://adyrna.kz/kk/post/1246103?show_without_publish=true

  • Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан беделді Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, көшбасшылар қатарына қосылды. Төртінші турда ақ фигуралармен ойнаған Асаубаева Швейцарияның бұрынғы әлем чемпионы, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Кездесу 23-ші жүрісте Костенюктің берілуімен аяқталды. https://adyrna.kz/kk/post/1246087?show_without_publish=true

  • Новоресей портындағы Ресейдің ірі астық терминалдары қауіпсіздік шараларына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы 13 тамызда терминалға иелік ететін «Дело» тобы өзінің сайтында және Telegram-арнасында хабарлады. Новоресей портында орналасқан КСК терминалының жұмысы 13 тамыздан бастап уақытша тоқтатылды. Терминалды басқаратын «Дело» тобы шешімнің қызметкерлер мен инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын хабарлады. https://adyrna.kz/kk/post/1246076?show_without_publish=true

  • Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға өзі қатыспай, Қамшыбек Тәшиевтің кандидатурасын қолдауды жоспарлағанын айтты. Оның сөзінше, егер Тәшиев президент болуға дайын болса, өзі қызметтен кетіп, демалысқа шығуды ойлаған. Алайда кейін Тәшиевтің президенттікке дайын емес деген қорытындыға келгенін мәлімдеді. 🎥 YouTube/ Али Токтакунов

  • Шымкенттегі мамандандырылған аудандық сотта Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты сот үкімі шықты. Судья Темірәлиев сотталушы Шерхан Аймаханды кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.  Сот Аймаханды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»), 125-бабының 1-бөлігі ( «некеге тұруға мәжбүрлеу») және 115-бабының 2-бөлігі («сталкинг») бойынша толық кінәлі деп тапты. 🎥 otyrarkz

  • без подписи

  • «Павлодар біздікі» деген ресейлік стример Қазақстаннан шығарылды Қазақстанды кемсіткен пікірлерімен желіде қызу талқыға түскен ресейлік стример Ксения Гузаеваға әкімшілік айыппұл салынды. Ол тікелей эфир кезінде Қазақстан туралы арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлер айтып, Павлодарға қатысты «біздікі» деген мәлімдеме жасаған. Астана полициясының мәліметінше, шетел азаматшасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылды. Сонымен қатар оған Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салынды.

  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы бүгін, 12 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетті. https://adyrna.kz/kk/post/1246041

  • Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі, миллиардер Билл Гейтс өткен аптада Моңғолияға барып, Баян-Өлгий, Дундговь және Дорнод аймақтарына сапар шекті. Бұл туралы MongolianNews жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ресми дереккөздердің мәліметінше, кәсіпкердің жеке ұшағы 9 тамызда ел астанасындағы Буянт-Ухаа әуежайына қонған. https://adyrna.kz/kk/post/1246038?show_without_publish=true

  • Даркнетте 15 миллион қазақстандықтың жеке мәліметтері қамтылған деректер базасы сатылымға қойылды. Бұл ел халқының шамамен төрттен үшін құрайды. Сатушы аталған ақпаратты eGov мемлекеттік сервисін бұзу арқылы алғанын мәлімдеген. https://adyrna.kz/kk/post/1246029

  • Орбанмен текетірескен бұрынғы судья Мажарстан президенті атанды 11 тамызда Мажарстан депутаттары  бұрынғы премьер-министр Виктор Орбанның тұсында қызметінен босатылған Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Андраш Баканы елдің жаңа президенті етіп сайлады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. https://adyrna.kz/kk/post/1246026

  • Моңғолияда президент Ухнаагийн Хурэлсухтің қамқорлығымен «Моңғолтану: дәстүр және қазіргі заман» тақырыбындағы XIII Халықаралық моңғолтанушылар конгресі басталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Конгреске әлемнің 30-дан астам елінен 600-ге жуық ғалым қатысып жатыр. Ғылыми жиын барысында 530-дан астам баяндама ұсынылып, моңғол тілі, археология, мәдениет, өнер, әдебиет, этнография, дәстүрлі білім, қазіргі моңғол қоғамы және халықаралық қатынастар мәселелері талқыланады. 10 тамыз күні ашылу рәсімінде Моңғолия президенті моңғол халқының тарихы, тілі, мәдениеті мен тұрмысын зерттеп жүрген ғалымдарға алғыс білдірді. Ол моңғолтанушылар саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты күшейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және жас ғалымдарды қолдау қажеттігін атап өтті. Моңғолия Ғылым академиясының президенті С.Дэмбэрэл моңғолтанудың болашағы халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа, жас зерттеушілерді даярлауға және жасанды интеллект, үлкен деректер мен жаңа зерттеу әдістерін қолдануға байланысты екенін айтты. Конгресс 13 тамызға дейін жалғасады. https://adyrna.kz/kk/post/1246006

  • Қазақстан Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай тасымалдауға енгізілген уақытша шектеулерге байланысты экспорттың балама бағыттарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева мәлімдеді. Министрлік мәліметінше, шілде айында КҚК мұнай қабылдау көлемін уақытша шектегеннен кейін Қазақстан шикізаттың бір бөлігін басқа экспорттық бағыттарға қайта бөлуге мәжбүр болған. Атап айтқанда, мұнай Ақтау порты арқылы, Атасу – Алашанькоу және Атырау – Самара бағыттарымен тасымалданған. Қазір ведомство қазақстандық мұнайды экспорттаудың қосымша мүмкіндіктерін де зерделеп жатыр. Олардың қатарында Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры, Каспий теңізі арқылы Әзербайжан аумағына жеткізу және Баку – Супса бағыты бар. Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты бойынша Қазақстан мұнайы қазірдің өзінде тасымалданып келеді. Қолданыстағы келісімдер аясында бұл бағытпен жылына шамамен 1,2 миллион тонна мұнай жеткізіледі. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Әзербайжан қазақстандық мұнайды осы бағыт бойынша қабылдау көлемін жылына 2,2 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға дайын. Бұл жағдайда аталған бағыт арқылы Қазақстан мұнайының экспорты шамамен 1 миллион тоннаға артуы мүмкін. Оқи отырыңыз👇 https://adyrna.kz/kk/post/1246009

  • 10 авг.1 050212

    Бүгін, 10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні. Оның мұрасы ғасырдан астам уақыт бойы зерттеліп, түрлі тарихи кезеңдерде әрқалай бағаланып келеді. Ал бүгінде хәкім мұрасын қаншалықты дұрыс түсініп жүрміз, оның шынайы бағасын бердік пе және Абайды әлемдік ой кеңістігіне қалай шығара аламыз? Осы мәселелер туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор, шоқайтанушы ғалым Әбдіуақап Қара “Адырна” ұлттық порталына айтып берді. https://adyrna.kz/kk/post/1245995?show_without_publish=true

  • 10 авг.1 0283

    Алматы сарапшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды Алматы қаласында Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында «Құрылтай сайлауы - Әділетті Қазақстанды жүзеге асырудың жаңа кезеңі» тақырыбында сарапшылық отырыс өтті. Іс-шара барысында мегаполистің сарапшылары қала тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. Іс-шара алдағы Құрылтай сайлауының қоғамдық-саяси маңызын, оның елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдірудегі, қоғамдық диалогты нығайтудағы және Әділетті Қазақстанды құру бағытын іске асырудағы рөлін талқылауға арналған пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шараға қатысушыларға Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова құттықтау сөз сөйледі. Сарапшылық отырысты Институттың Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әмірбаев жүргізді. Толығырақ: https://adyrna.kz/kk/post/1245972?show_without_publish=true

  • 10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Осы датаға орай Ұлттық статистика бюросы ұлы ақынның есімімен аталған қазақстандықтардың саны мен Абай есіміне қатысты қызықты статистиканы жариялады. Бюро мәліметінше, бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады. Абай есімі ең көп таралған өңірлердің көшін Астана бастап тұр. Елордада осындай есімді 2 186 адам тіркелген. Екінші орында – Түркістан облысы, мұнда 2 008 Абай бар. Ал Алматы қаласында ұлы ақынның есімін иеленген 1 740 адам тұрады. https://adyrna.kz/kk/post/1245974?show_without_publish=true

  • Алматы сарапшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды Алматы қаласында Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында «Құрылтай сайлауы - Әділетті Қазақстанды жүзеге асырудың жаңа кезеңі» тақырыбында сарапшылық отырыс өтті. Іс-шара барысында мегаполистің сарапшылары қала тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. Іс-шара алдағы Құрылтай сайлауының қоғамдық-саяси маңызын, оның елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдірудегі, қоғамдық диалогты нығайтудағы және Әділетті Қазақстанды құру бағытын іске асырудағы рөлін талқылауға арналған пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шараға қатысушыларға Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова құттықтау сөз сөйледі. Сарапшылық отырысты Институттың Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әмірбаев жүргізді. Толығырақ: https://adyrna.kz/kk/post/1245972?show_without_publish=true

  • Краснодар өлкесінің 50 жастағы тұрғыны Қазақстаннан заңсыз шығуға әрекет жасағаны үшін сотталды. Ол шекара бекетінде өзіне тиесілі емес, әпкесінің құжатын көрсеткен. Ресей азаматы Қазақстанға ата-бабаларының қабірін зиярат ету үшін келген. Алайда көші-қон талаптарын бұзғандықтан, елден заңды түрде шыға алмаған. https://adyrna.kz/kk/post/1245951