tgindex
Ongar_online
@ongar_onlineСпортказахский

Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы! Мұнда: 🤡 Саясат 😪 Дау-дамай 😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады. Жарнама бойынша: +7 701 203 9786

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
10
Всего постов
23
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Спорт
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
5 219
−22 за 4 дн.
Сутки
−7
−0,13%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
1 272
22 постов
Вовлечённость
24,4%
к подписчикам
Постов в день
1,4
всего 23
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1 055
1/48двое суток
1 209
1/72трое суток
1 303

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Суырып салма айтыскер әрі жазба ақындығымен жыр сүйер қауымның көңілін жаулаған, талант иесі Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында мезгілсіз қайтыс болды. — Жүрегі Қазақ деп соққан, ірі азамат еді. Елуден енді ғана асқанда… Бекжан Әшірбаев ағамыз ұлттық руһаният алыбының бірі болатын. Арманы көп еді, ғылыми диссертациясын да бүгін-ертең қорғағалы жүрген болатын. Жеткізбеді ғой… Қош, аға!, — деп жазды белгілі журналист Ержан Төлек.  Бекжан Әшірбаев ақын ғана емес, көптеген танымал әндердің авторы, композитор. Бекжан Әшiрбаев 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында қызмет атқарып келді. Журналистика саласында елеулі еңбек етті.

  • «Челси» Дастан Сәтпаевты «Бернлиге» жалға берді Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев 12 тамызда 18 жасқа толды. Осыған байланысты лондондық «Челси» оның алматылық «Қайраттан» ауысқанын ресми түрде жариялады. Алайда ағылшындық клуб Сәтпаевтың жаңа маусымды «Бернли» сапында жалға алынған ойыншы ретінде өткізетінін де бірден хабарлады. Өткен маусымда «Бернли» АПЛ-дан төмендеп, Чемпионшипке кеткен болатын. Чемпионшип — Англия футболындағы деңгейі бойынша Премьер-лигадан кейінгі екінші дивизион. «Бернли» жаңа маусымдағы алғашқы матчын 16 тамызда өткізеді. Сәтпаевтың жаңа командасы өз алаңында лондондық «Вест Хэмді» қабылдайды. Фото: «Бернли» ФК

  • 12 авг.1 153372

    «Әділет» партиясының дебаттағы жаңа форматы партия командасының кәсіби әлеуетін айқын көрсетуге мүмкіндік берді. Айжан Аймағанованың дебаттағы серіктесі Мади Мырзағараев — азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуді дәйекті түрде қолдап келе жатқан кәсіби адвокат. Бүгінде ол Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы ретінде еліміздегі ірі адвокаттар қауымдастығын басқарып отыр. Мади Мырзағараев заңның қыр-сырын ғана емес, оны іс жүзінде қалай қорғау керектігін де жақсы біледі. Өйткені ол сот жүйесін қорғаушы тараптың көзімен көріп, азаматтардың құқықтары мен заң үстемдігі мәселелерімен тікелей айналысып келеді. Ал Айжан Аймағанова құқық қорғау жүйесін мемлекеттік айыптау тарапының өкілі ретінде жақсы меңгерген. Яғни, бұл жерде құқықтың екі қыры тоғысып тұр: мемлекеттік айыптау мен адвокаттық қорғау. Меніңше, дәл осы ерекшелік «Әділет» партиясының дебаттағы басты артықшылықтарының бірі болды. Партия құқықтық блокты теориямен ғана емес, сот жүйесін ішінен білетін, нақты тәжірибесі бар кәсіби мамандармен қалыптастырғанын көрсетті. Екеуінің дебаттағы тандемі «Әділеттің» сот-құқықтық реформалар туралы сөзді жай ұран деңгейінде қалдырмай, мәселені кәсіби әрі нақты талқылай алатынын аңғартты. Заңды білетін, жүйені ішінен көрген және оны өзгертуге нақты ұсынысы бар мамандардың сөзі әрдайым салмақты. Олар осылайша Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанатынын тағы бір мәрте көрсетті

  • без подписи

  • без подписи

  • 12 авг.1 19947

    Алматының көшесіндегі мына видеодағы “батыр” ұсталып, қамалыпты. Өзі жол ережесін бұзғанымен қоймай жүргізушіні ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен еді.

  • 12 авг.1 192432

    Алматының көшесіндегі мына видеодағы “батыр” ұсталып, қамалыпты. Өзі жол ережесін бұзғанымен қоймай жүргізушіні ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен еді.

  • 12 авг.1 23227

    Украина АҚШ-тың өтініші бойынша ресейлік Новороссийск қара теңіз портын пайдаланатын қазақстандық мұнай тасымалдайтын танкерлерге соққы беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Reuters. «Украина АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстың тиісті өтінішінен кейін Ресейдің Қара теңіздегі Новороссийск портын пайдаланатын пайдаланатын мұнай танкерлеріне ұшқышсыз аппараттармен соққы беруді уақытша тоқтатты», - делінген хабарламада. АҚШ-тың бұл алаңдаушылығы шілде айында түскен өтінішке негіз болғаны атап өтіледі. Украина мұнайды тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасау арқылы мұнай нарықтарын тұрақсыздандырып, америкалық компанияларға зиян келтіруі мүмкін деген алаңдаушылық білдірген. Бұл мұнай Қазақстаннан құбыр арқылы осы порттағы Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) терминалына жеткізіледі. «Украина КҚК инфрақұрылымына және Ресейге тиесілі емес кемелерге соққы бермеуге келісті. Алайда бұл соңғы аталған кемелердің украиндық санкцияларға ұшырамауы және ресейлік мұнайды немесе ресейлік жүктерді тасымалдамауы шартымен жүзеге асады», - деп айтылған хабарламада. Ақпаратта соңғы уақытта Украина күштері Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымы мен басқа да нысандарына соққыларды күшейткеніне назар аударылады. Киевтің мәлімдеуінше, бұл науқан Ресейді әскери әрекеттерін қаржыландыру ресурстарынан айыруға бағытталған.

  • 12 авг.1 19918

    Павлодар. 12 тамыз. ҚазТАГ – Түркістан тұрғыны Павлодарда жаңа туған қызын заңсыз сатқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі. «Павлодар қаласының прокуратурасы жаңа туған нәрестені заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. (…) Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен («Кәмелетке толмағандар саудасы») кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы негізінде тағайындалған жазаны өтеу бес жыл мерзімге кейінге қалдырылды», - делінген хабарламада. Іс материалдарына сәйкес, 2002 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны материалдық қиындықтарға байланысты жүкті кезінде дүниеге келмеген баласын ақшаға сатуды жоспарлаған. Осы мақсатта ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «бала асырап алғым келеді» атты қауымдастықта хабарландыру жариялап, сатып алушы тауып, жаңа туған қыз баланы Т800 мыңға сатуға келіскен. 2026 жылғы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген. «Қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында қылмыстық әрекет әшкереленді. Жедел іс-шара шеңберінде сатып алушы рөлін атқарған тұлғаға сериялық нөмірлері алдын ала тіркелген ақша қаражаты берілді. 2026 жылғы 31 наурызда Павлодар қаласындағы пәтерлердің бірінде сотталған әйел жаңа туған нәрестені оған қатысты медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға тапсырып, Т100 мың көлемінде сыйақы алды», - деп атап өтті бас прокуратура.

  • 11 авг.1 322401

    Павлодарда облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Александр Терентьев қамалды Оған тиесілі Aqtogai Milk сүт фермасында шілде айында болған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Оқиға кезінде алты жұмысшы, оның ішінде 17 жастағы мектеп оқушысы қаза тапқан. Тағы бір 38 жастағы жұмысшы ауруханаға жатқызылған. Алдын ала болжам бойынша, адамдар кәріз құдығында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде улы газдан уланып қаза болуы мүмкін. Қайғылы оқиға 20 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында болған. Қаза болған 17 жастағы жасөспірім компанияда ресми түрде бағбан болып жұмыс істеген және көгалдандырумен айналысқан. Тергеу дерегіне сәйкес, оның оқиға болған жерде болмауы тиіс болғаны да анықталуда. Александр Терентьев Павлодар облыстық мәслихатында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны басқарады. Тергеу жалғасып жатыр. Терентьевтің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталуы мүмкін.

  • 10 авг.1 44531

    без подписи

  • 10 авг.1 43138

    Бүгін Елімізде Абай күні! Ұлы ойшыл, хәкімнің туған күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы ақынның туған жеріне келді. Алаштың рухани астанасындағы алғашқы қадамын партия көшбасшысы Айбек Дәдебай бастаған “әділеттіктер” Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюдан бастады. Дәл Абайдың туған күні “Әділеттің” Семейге баруы идеологиялық тұрғыдан шахматтық жүріс болды. Яғни, ұлттық тақырыптар науқанның басты өзегі дегенді партия осы арқылы анық білдірді. Мемлекет басшысының «Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеяларды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз», - деген сөзін сөзбен емес іспен дәлелдеп жүрген партия Президенттің басты бағыттарын қолдау үшін арнайы құрылған еді. Тұрғындармен кездесу барысында Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесінен басталып, жылу және электр желілерін жаңғырту, Алакөл жағалауын дамыту секілді өзекті мәселелер көтерілді. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды дамыту, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдау жүйесін нығайту, сапалы жұмыс орындарын құру сынды партияның ұсынысы да қызу талқыланды. Кездесу соңында тұрғындар Абайдың музыкалық мұрасының символына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін бірге орындады. Бұдан кейін партияның жаңа мүшелеріне партия билеттері табысталды.

  • 10 авг.1 378302

    «Отбасы банкіде» сыбайлас жемқорлық деректері анықталды Астана. 10 тамыз. ҚазТАГ – «Отбасы банкіде» сыбайлас жемқорлық деректері анықталды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. «2025 жылы банк қызметкерлері тарапынан клиенттердің, риелторлардың, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың мүдделерін ілгерілету, тұрғын үй кезегін жылжыту үшін заңсыз сыйақы алу деректеріне қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық көріністері анықталды. Сондай-ақ филиалдардың бірінің қызметкері клиенттердің төлем қабілеттілігін растайтын жалған табыс құжаттарын жасап, оларды несие өтінімдеріне тіркеу деректері анықталды», - делінген Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған «Отбасы банкінің» жылдық есебінде. «Аталған қызметкерлермен еңбек шарттары сенімді жоғалтуға байланысты жұмыс берушінің бастамасымен тоқтатылды» деп атап өтіледі. «Анықталған деректер бойынша бұл банк қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініштер жіберілді, олар бойынша құқық қорғау органдары бірқатар қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген құжатта.

  • 10 авг.1 418335

    Бес нәрседен қашық бол! Бүгін Абай күні! Ұлы ойшыл хәкім Абайдың туған күні. Осы Абай күніне орай Әлихан Бөкейхан Университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов Абай Құнанбайұлының «Бес нәрседен қашық бол» қағидаларының мән-маңызын талдап берді.

  • 9 авг.1 678371

    🇰🇿 Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов рингке қайта оралып, бірден чемпиондық титул үшін жұдырықтасады! 19 қыркүйекте АҚШ-та Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион атанып отырған Хесус Рамос кішімен кездеседі. Мейірім көптен бері орта салмақтағы WBC титулының бірінші нөмірлі үміткері болып келеді. Алайда толыққанды чемпион Карлос Адамес қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуден түрлі себеппен жалтарып келген. Енді Адамес бұл жекпе-жектің жеңімпазымен міндетті түрде кездесуі тиіс. Егер чемпион бұл айқастан бас тартса, WBC титулы автоматты түрде Мейірім мен Рамос жекпе-жегінің жеңімпазына беріледі.

  • 8 авг.1 665431

    Бүкіл өмірін баласының жолына құрбан қылған Леоның әкесі Хорхе Месси бақилық болыпты.

  • 8 авг.1 727621

    СБС дрондары «МоЛоЧКа» операциясы аясында Ресейдің «көлеңкелі флотының» тағы 12 кемесін нысанаға алды. Осылайша, 6 шілдеден бері соққыға ұшыраған кемелер мен өзге де жүзу құралдарының саны 218-ге жетті.

  • 8 авг.1 49668из usbanov

    🔥АҚШ Сенаты Ресей мен Иранға қарсы марқұм Линдси Гремнің “тозақи санкциялар” дейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл заң қабылдануы үшін 60 дауыс керек-ті. Сенаттың 86 депутаты қолдап дауыс берді. Болғаны 11-і қарсы сөйлеген. Зеленский АҚШ Сенатына алғыс айтты. Енді бұл заңды Өкілдер палатасы қарауы керек. Егер ол жақтан да өтсе, Трамп қол қояды! Ал бұл заң жобасы шос палатаның қолдауынан шықса Ресейге әжептәуір тықыр таяйды. Өйткені Ресейдің көлегейлі флотынан бастап, қаржы-экономика салалары, тіпті шенді-шекпенділері санкцияға ілінеді. Ең бастысы Трамп Ресейден мұнай мен газ сатып алатын елдерге өкіртіп тұрып тарифтер енгіще алатын болады.

  • 8 авг.1 612401

    Қазақстанда мектептерде хиджаб киюге қатысты тыйым түсіндірілді Астана. 7 тамыз. KazTAG – Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндірді. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген талаптарға сәйкес, оқушылардың мектеп ғимаратында бас киіммен жүруіне жол берілмейді. «Білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген ережелерге сәйкес, білім алушылардың мектеп ғимаратында бас киіммен жүруіне жол берілмейді», – делінген министрлік хабарламасында. Ведомствоның түсіндіруінше, мектеп формасына қойылатын талаптар оны киюде бірыңғай тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Оны таңдау кезінде оқушылардың жасы, климаттық жағдай, сабақ өтетін орын, мектеп ғимаратындағы температуралық режим және қауіпсіздік талаптары ескеріледі. Мектеп формасының үлгісін білім беру ұйымы қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептің өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен айқындайды. Ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып алып, өндірушіні өздері таңдай алады. Бұл ретте мектептерге белгілі бір жеткізушілерге басымдық беруге тыйым салынған. Министрліктің мәліметінше, 2026–2027 оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы шамамен 450 мың балаға мектеп формасын, аяқ киімін және оқу құралдарын сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге қарастырылған. Министрлік ата-аналар заңнамада және білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін де еске салды. Осылайша, министрліктің түсіндірмесінде мектеп ғимаратында бас киім киюге қатысты жалпы талап айтылған. Бұл талап мектеп формасына қатысты қолданыстағы ережелер аясында түсіндіріліп отыр.

  • 7 авг.1 5113

    без подписи