Qazaqstan.tv
Статистика⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
- Последний пост
- 15 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 65
- Всего постов
- 88
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Видео
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 1 142
- 1/48двое суток
- 1 308
- 1/72трое суток
- 1 410
Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.
Посты
⛈Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы «Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында және Қызылорда облысында күн ашық болады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі. 🌧15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18-26°-тан 25-33°-қа дейін жылы болады. Ақтөбе облысында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: негізгі температуралық фон 20-30° жылы болады. 🔹Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде 15-20°-тан 7-12°-қа дейін, күндіз 20-30°-тан 15-20°-қа дейін; 🔹Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы 15-20°-тан 10-15°-қа, күндіз 30-35°-тан 17-25°-қа дейін; 🔹Орталық және шығыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы 34-39°-тан, 40-41°-тан 23-33°-қа дейін; 🔹Қазақстанның оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 38-44° қатты ыстықтан 30-37°-қа дейін; 🔹Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы 34-39°, өңірдің солтүстігінде 40-43° өте қатты ыстықтан 30-36°-қа дейін төмендейді.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік арзандады 2026 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 🥔 Картоп – 4,2%, қырыққабат – 1,2%, алма – 1,1%, пияз бен сәбіз – 1%-ға төмендеді. Сондай-ақ ірімшік, сүзбе, тұз, ұн және қаймақ бағасы аздап арзандаған. 📍 Баға Астанада 0,2%-ға, Талдықорғанда 0,7%-ға, Ақтау мен Жезқазғанда 0,4%-ға төмендеді. 💰 Республика бойынша картоптың орташа бағасы 259 теңге/кг, қырыққабат – 189 теңге, алма – 797 теңге болды. 🥩 Ал сүйекті сиыр етінің орташа бағасы – 3 779 теңге/кг, тауық еті – 1 736 теңге/кг. Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеленін атап өтті. Сондай-ақ бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада жүргізіледі.
Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні 🎼 Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді. 📺 Бүгін «Qаzaqstan» телеарнасы 07:15-те сазгердің өмір жолына арналған «Бірегей» бағдарламасын, 21:25-те Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концертті ұсынады.
Ақын Бекжан Әшірбаев дүниеден өтті Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Әшiрбаев Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында қызмет атқарып келді. Журналистика саласында елеулі еңбек етті. Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметінің мәліметінше, ақын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын «Қазақ университетi» газетiнiң бас редакторы (2002-2006), республикалық «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары (2005-2006), республикалық «Ел мен Жер» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы (2006), республикалық «Жас қазақ үнi» газетi бас редакторының орынбасары (2007), Қазақстан Жазушылар Одағына қарасты республикалық «Қазақ әдебиетi» газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары т.б. қызметтерді атқарған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Республикалық «Қазақ әдебиетi», «Жұлдыз», Жас қазақ үнi», «Azamat.kz», «Парасат» басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланды. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген «Қоңыр әуен» өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.
🌉Астанада Қ. Қайсенов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 2026 жылғы 14 тамыз күні сағат 21:00-ден 17 тамыз күні сағат 05:00-ге дейін Астанадағы Қ. Қайсенов көшесінің Т. Рысқұлов көшесімен қиылысатын тұсында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Аталған учаскеде SABIS халықаралық мектебіне жылу желілерін тарту жобасы аясында жылу трассасын монтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр.
🚨 Канье Уэстің Алматыдағы концерті кейінге шегерілді Алматыдағы Орталық стадионда өтуі тиіс болған Канье Уэстің концерті қауіпсіздік шараларына байланысты 15 тамызға ауыстырылды. Бұл туралы Канье Уэст X.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұған Алматыдағы электр қуатының өшуі, сондай-ақ концерт алдында ауа райының күрт бұзылуы себеп болған. 🎫 Бұған дейін сатып алынған билеттер 15 тамыздағы концертке жарамды болады.
Бір баланы мектепке дайындау қанша тұрады? Жаңа оқу жылы жақындады. Ата-аналар жәрмеңке жағалауды әзірден бастап кеткен. Тілшіміз де елордадағы базарларды аралап, бір баланы мектепке дайындауға қанша қаражат кететінін есептеп көрді. Толығырақ тілші материалында.
Бейәдеп сөзге жол жоқ: Подкаст пен әндерге мониторинг жүргізіледі Подкаст пен әндерге мониторинг жүргізіледі. Егер бейәдеп сөз айтылса, заңға сәйкес жауапқа тартылады. Мәдениет және ақпарат министрлігі музыкалық шығарма және өзге де ойын-сауық контентінде бейәдеп лексиканы қолдануға қатысты талаптарды түсіндірді. Балағат сөз үшін қандай жағдайда жауапкершілік қарастырылған? Контент қашан өшіріледі және заң бұзылса кімге хабарласу керек? Толығырақ тілші Самал Қабышеваның материалында.
без подписи
⭕️Алматыда барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр 2026 жылы 14 тамызда энергетикалық жүйедегі қуат балансының апаттық бұзылуына байланысты қалада сыртқы электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта барлық қала қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, шаһардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатырү Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қала әкімдігінің мәліметінше, стационарлар мен медициналық ұйымдар үздіксіз қызмет ету жоспарына сәйкес жұмысын жалғастырып жатыр. Бірінші кезекте резервтік қуат көзі реанимацияларға, операциялық бөлмелерге, қабылдау бөлімшелеріне, өмірді қамтамасыз ету жүйелеріне және басқа да аса маңызды жабдықтарға берілген. 🔸Электр энергиясының өшуіне байланысты метрополитен жұмысы уақытша тоқтаған. Метро бекеттерінде электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп, рельстерге кернеу берілгенге дейін кіріп-шығу уақытша жабылған. Метрополитен жұмысының қайта жандануы туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ «Шымбұлақ» пен «Көктөбедегі» аспалы арқан жолдардың жұмысы тоқтаған. ✅Алматы халықаралық әуежайы резервтік генераторлардың арқасында штаттық режимде жұмыс істеген. Әуежайдың үздіксіз операциялық қызметі қамтамасыз етілген. 📌Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 14:38 шамасында Алматы мен Алматы облысының басым бөлігінде жарық өшті.
✅Энергетика министрлігі: Электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат таралуда. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында», - делінген министрлік мәліметінде.
2028 жылдан бастап қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда ресми жұмыс істей алады 🇰🇷 Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) жүйесіне ресми түрде қосылды. Бұл қазақстандықтарға Кореяда ресми әрі заңды жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. 👷 Қазақстан азаматтарын жұмысқа тарту 2028 жылдан басталады деп жоспарланған. Оған дейін үкіметаралық меморандумға қол қойылып, Қазақстанда корей тілінен тест өткізетін EPS-TOPIK орталығы ашылады. 📋 Үміткерлер корей тілінен тест тапсырып, кәсіби дағдыларын бағалаудан және медициналық тексеруден өтеді. Жұмысшылар делдалдар арқылы емес, тек ресми жүйе арқылы іріктеледі. ⚠️ Еңбек министрлігі азаматтарды Кореяға жұмысқа орналастыруды уәде ететін делдалдарға ақша бермеуге шақырды. Ресми ақпарат министрліктің ақпараттық ресурстарында жарияланады.
💡Алматы қаласы мен облысында электр жарығы өшіп қалды 14 тамызда түстен кейін Алматы қаласының бірнеше ауданында электр қуаты өшіп, бірқатар тұтынушы жарықсыз қалды. Әкімдіктің мәліметінше, сағат 14:38-де KEGOC-тың үш желісі апатты жағдайда ажыратылған. Соның салдарынан Алматы қаласы мен облысындағы тұтынушылардың бір бөлігі электр желісінен ажыратылды. Қазіргі уақытта «Алатау жарық компаниясының» мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп жатыр.
Шымкентте полицейлер өзенге ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды 🚔 Шымкентте полиция қызметкерлері өзен ағысына түсіп, жағадан алыстап кеткен екі қызды құтқарды. Оқиға Қарабастау аумағында болған. Қыздардың өзен ағысы алып бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер қыздарды судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға алғашқы көмек көрсетілді.
14 тамызда Алматыда 32 қоғамдық көлік бағытының қозғалысы өзгереді 🎤 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы қаланың Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты. 🚧 Сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін стадион маңындағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Атап айтсақ, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде — Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта, сондай-ақ Байтұрсынов көшесінде — Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі. 🚌 Өзгеріс 26 автобус және 6 троллейбус бағытына қатысты. №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211, 224 автобустары мен №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19, ТП25 троллейбустары уақытша өзгертілген сызба бойынша жүреді.
Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаменті марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан топтың әрекетін тоқтатты. ⛏️ Күдіктілер карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытып, ауыр техника мен тау-кен байыту кешенін пайдаланған. Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шетелге жөнелтілген. 📦 Тергеу дерегінше, 23 мың тоннадан астам өнім өткізілген. Оның құны 1 млрд теңгеден асады. 🌱 Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға да залал келтірілген. Жерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр.
Шымкенттегі саябақта аттракцион тросы үзіліп, қыз бала жарақат алды 📍 Оқиға 8 тамыз күні кешке Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында болған. Зардап шеккен қыздың анасының сөзінше, отбасы балаларымен бірге саябаққа демалуға барған. Жасөспірім қыз «Джампинг» аттракционына мінген. Секіру кезінде, трос үзіліп кетіп, қыз құлап қалған. ⚖️ Әкімдік аттракционның саябаққа тиесілі емес екенін, оның аумақта қызмет көрсететін жалға алушыға тиесілі екенін атап өтті. Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. ❗ Айта кетейік, бұл «Жайлаукөл» саябағындағы алғашқы оқиға емес. 2022 жылы мұндағы «Скалодром» аттракционында бір жас жігіт ауыр жарақат алған.
🏛️ Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі 📑 Арнайы комисия бұл мекемелердің Президент Жарлығында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалады. Яғни архив ісін дамытуға қосқан үлесі, тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар құжаттардың сақталуын әрі қолжетімділігін қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ материалдық-техникалық және цифрлық инфрақұрылымының жай-күйі ескерілді. 📌 Айта кетейік, «Ұлттық» мәртебе қызметі мемлекет пен қоғам үшін айрықша маңызға ие ұйымдарға беріледі.
Президент Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады 🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы жеделхатында орнықты даму жолында Пәкістанның айтарлықтай табысқа жеткеніне тоқталып, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұдайы бейіл екенін білдірді. Қазақстан Президенті Премьер-министр Шахбаз Шарифтің елдеріміздің өзара ықпалдастығына тың серпін беретін Астанаға мемлекеттік сапарына ерекше ден қойып отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардари мен Шахбаз Шарифтің жауапты қызметтеріне табыс, ал достас Пәкістан халқына құт-береке тіледі.
🎾Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында Ига Швентекке есе жіберді Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонто WTA 1000 турнирінің финалында Польша өкілі Ига Швентекке 2:6, 3:6 есебімен жеңілді. Ойын 1 сағат 16 минутқа созылды. Финалдан кейін Рыбакина әлемдік рейтингте 8316 ұпаймен 2-орында тұр. Айта кетейік, Елена Рыбакина келесі кезекте АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирде бақ сынайды.