- Последний пост
- 15 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 62
- Всего постов
- 64
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 2 970
- 1/48двое суток
- 3 403
- 1/72трое суток
- 3 670
Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.
Посты
🔆Қайырлы таң, құрметті көрермен! Күн сәтті өтсін! 📺Бүгінгі эфир кестесі 07:00 – Әнұран 07:05 – Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы голдары. 2-бөлім 07:20 – УЕФА Чемпиондар Лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Омония (Кипр) – Қайрат (Қазақстан) 09:15 – Доп дода бағдарламасы 09:55 – QJ LEAGUE. Жас Қыран 2012 – Ертіс 2012. LIVE 🔴 11:55 – Sport Review. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы 12:25 – Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы голдары. 3-бөлім 12:40 – Сұхбат. Алибек Хасенов 13:00 – Қазақ күресі. Қазақстан Барысы – 2026. LIVE 🔴 17:55 – Қазақстан Премьер-лигасы. Жеңіс – Жетісу. LIVE 🔴 19:55 – Қазақстан Премьер-лигасы. Ордабасы – Алтай. LIVE 🔴 22:00 – Sport Review. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы 22:30 – Дзюдо. Grand Prix 01:00 – Әнұран
🇰🇿⚽️Ресми: Дастан Сәтпаев мансабын «Бернлиде» жалғастырады 🔹Сәтпаев «Бернлиге» маусым соңына дейін жалға беріледі. Келісімшартта футболшыны сатып алу құқығы қарастырылмаған. 📌 18 жастағы қазақстандық футболшы Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» клубының ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды.
🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады 🇰🇿 Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер атанды. WBO арнайы комитеті оның шеттетілу мерзімін қысқарту туралы өтінішін мақұлдады. 🤝 WBO арнайы комитеті қазақстандық боксшыны осы мәртебеге үміткер Якоб Банктен жоғары қойды. Ұйым бұл шешімді Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы чемпиондық тәжірибесі мен WBO титулын бірнеше рет қорғағанын ескере отырып қабылдаған. Жәнібек Әлімханұлы — 17-0 (12 КО) 🆚 Хамза Шираз — 24-0-1 (19 КО) 📌 WBO тараптарға жекпе-жек шарттарын келісу үшін 20 күн уақыт берді. Егер осы мерзім ішінде ортақ мәмілеге қол жеткізілмесе, жекпе-жекті өткізу құқығы промоутерлік сауда арқылы анықталады.
🥋 Дзюдо: Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталды 🇯🇵 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти–Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары өтеді. Дзюдодан жарыстар 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады. 🇰🇿 Ұлттық құрама тізімі: 🔹Ерлер: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Алмат Әділет (81 кг), Айдар Арапов (90 кг), Марат Байкамуров (100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг). 🔸 Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 кг), Меруерт Сәрсенова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Эсмигүл Куюлова (63 кг), Ажар Асхат (70 кг), Екатерина Токарева (78 кг), Аида Тойшыбекова (+78 кг).
🇵🇹 Роналдудың жаңа шаш үлгісіне қандай баға бересіз?
📺 «Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді 🏟 15 тамыз күні Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2026» республикалық турнирі өтеді. 🔹Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынайды. 🔥 Жарысқа «Қазақстан Барысы» атанған Еламан Ерғалиев, Дәурен Нұралинов, Ғалымжан Қырықбай, Азия чемпионы Қайсар Шәмшидинов және «Qazaqstan Barysy» жүлдегері Нұрдәулет Жарылғапов қатысады. 📌 Турнирді 15 тамыз күні 13:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
🇪🇺 «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Андерлехтпен» кездеседі 🇰🇿 Алматылық команда УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» клубына жол бергеннен кейін, еурокубоктағы жолын Еуропа лигасында жалғастырады. 🗓 Бірінші матч 20 тамызда Қазақстанда өтсе, қарымта кездесу 27 тамызда Бельгияда өтеді. 🤔 «Қайрат» Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шыға ала ма?
🎾 Елена Рыбакина финалда есе жіберді 🇰🇿 Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 турнирінің финалында польшалық Ига Швёнтекке есе жіберді. 🔹 Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина жетінші ракетка Швёнтекке 2:6, 3:6 есебімен жеңілді. 📌 Рыбакина мансабында алғаш рет Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Бұған дейін оның жарыстағы ең үздік нәтижесі ширек финал еді.
🤸Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында іріктеу кезеңі аяқталды. 🇰🇿 Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева көпсайыста 84,200 ұпай жинап, 8-орынмен финалға өтті. Ұршықтармен жаттығуда 29,000, ал таспамен орындалатын бағдарламада 28,350 ұпай алып, екі сында да іріктеуді 4-орынмен аяқтады. 🔸 Ал Айбота Ертайқызы көпсайыста 24-орынға тұрақтады. Жекелей жаттығу түрлерінде Айбота шығыршықпен орындалатын жаттығуда 10-орын, доппен 33-орын, ұршықтармен 15-орын және таспамен 32-орын алды. 📌 Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық жарыстары 14 тамызда басталады.
🇫🇷 Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады 🇮🇹 «ПСЖ» Ферран Торрестің трансфері бойынша «Барселонамен» келісімге келді. Бұл туралы Фабрицио Романо мәлімдеді. 💵 Париждік клуб 26 жастағы шабуылшы үшін 50 млн еуро төлейді. Торрес трансфер алдында жарақат алып қалмау үшін «Барселонаның» жаттығуына қатыспады. ⚽️ Испаниялық футболшы каталониялық клуб сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп, 207 матчта 65 гол және 23 нәтижелі пас авторы атанды. Осы уақыт аралығында командасымен 7 трофей жеңіп алды. 🏆 Сонымен қатар Торрес 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалында Аргентинаға қарсы матчта 106-минутта жеңіс голын соғып, Испания Әлем чемпионы атанған еді.
🔆Қайырлы таң, құрметті көрермен! Күн сәтті өтсін! 📺Бүгінгі эфир кестесі 07:00 – Әнұран 07:05 – УЕФА Чемпиондар Лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі. Сутьеска (Черногория) – Қайрат (Қазақстан) 08:50 – Қазақстан Премьер-Лигасы. 21 тур ойындарына шолу 09:10 – УЕФА Конференция Лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі. Тобыл (Қазақстан) – Партизан (Сербия) 11:00 – Tennis. President's Cup Challenger 50. Іріктеу. LIVE 🔴 13:00 – Tennis. President's Cup Challenger 50. Іріктеу. LIVE 🔴 15:00 – Tennis. President's Cup Challenger 50. Іріктеу. LIVE 🔴 17:00 – Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы голдары. 3-бөлім 17:20 – Sport Review. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы 17:50 – УЕФА Конференция Лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі. Елімай (Қазақстан) – Алашкерт (Армения) 20:30 – Специальный репортаж. Пульс будущего 20:50 – Кәсіпқой бокс. AKHMEDOV PROMOTION 00:35 – Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы голдары. 1-бөлім 01:00 – Әнұран
❌ «Тобыл» Конференция лигасындағы жолын аяқтады 🇰🇿 Қостанайлық команда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Партизанмен» кездесті. 🔹Алғашқы ойында «Тобыл» сырт алаңда 0:3 есебімен жеңілсе, қарымта кездесуде де 1:2 есебімен жеңіліс тапты. 📌 Нәтижесінде қостанайлық клуб келесі кезеңге өте алмады.
🇰🇿 «Тобыл» 1:2 «Партизан» 🇷🇸
«Партизан» гол соқты! 🇰🇿 «Тобыл» 1:1 «Партизан» 🇷🇸
Екінші тайм басталды 🇰🇿 «Тобыл» 1:0 «Партизан» 🇷🇸 🖥 Тікелей эфир: «Qazsport»
Үзіліс 🇰🇿 «Тобыл» 1:0 «Партизан» 🇷🇸
ГООООООООООЛ! Чесноков 6' 🇰🇿 «Тобыл» 1:0 «Партизан» 🇷🇸
ГООООООООООЛ! Чесноков 6' 🇰🇿 «Тобыл» 1:0 «Партизан» 🇷🇸
🇰🇿 «Тобыл» – «Партизан» 🇷🇸 Тікелей эфир: «Qazsport»
🇰🇿 «Тобыл» – «Партизан» 🇷🇸 Тікелей эфир: «Qazsport»