- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 39
- Всего постов
- 40
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 802
- 1/48двое суток
- 919
- 1/72трое суток
- 991
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🗣️ Дастан Сәтпаев «Бернлиге» ауысуы жайлы пікір білдірді: «Осы клубқа ауысқаныма өте қуаныштымын. Бұл — мен үшін де, мансабым үшін де тамаша мүмкіндік. Өз мүмкіндіктерімді барынша көрсетуге болатын керемет клубқа келдім. Команданың өзіне лайықты деңгейіне қайта оралуына көмектескім келеді! Бұл — менің ағылшын футболындағы алғашқы тәжірибем. Жаңа кезеңді бастауға және «Бернлимен» жетістікке жетуге дайынмын!» — деді Дастан. ⚫️ 18 жастағы футболшы «Бернли» сапында 12-ші нөмірмен өнер көрсететін болады. @kairov_candidate
🏴 Ресми: Дастан Сәтпаев «Бёрнли» ойыншысы атанды 🏴 «Челси» 18 жастағы футболшыны осы маусымның соңына дейін жалға берді. ✍️ Қазақстан құрамасының ойыншысы сәрсенбі күні 18 жасқа толған соң «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімшартта оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. 🏴 «Бернли» биыл Чемпионшипте өнер көрсетеді. @kairov_candidate
🏴 Дастан Сәтпаев «Бернлиге» ауысады 🏴 BBC порталының хабарлауынша, «Челси» ойыншысы Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» клубына жалға беріледі. 🇰🇿 Қазақстан құрамасының ойыншысы сәрсенбі күні 18 жасқа толған соң «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімшартта оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. 🏟 Сәтпаев «Бернлидің» стадионы «Терф Мурға» барып үлгерді. Енді ол жексенбі күні «Вест Хэммен» болатын матчқа дейін медициналық тексерістен өтуі тиіс. @kairov_candidate
видео или голосовое, без подписи
😭 «Қайрат» жанкүйерлерінің көз жасы 🎤 Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда Канье Уэсттің концерті өтуі тиіс еді. ⛈ Бірақ толассыз жауған жаңбырдың салдарынан концерт ертеңге өтетін болды. 🇰🇿 «Қайрат» клубы осы сәтті пайдаланып, әлеуметтік желіге «Бұл – біздің ауа-райы» деген пост жариялады. 🏟 Осы концерттің салдарынан алматылық клуб «Левскимен» Түркістанда ойнауға мәжбүр болды. Және ҚПЛ-дағы ойындарын да басқа стадиондарда өткізбекші. @kairov_candidate
🇪🇸 «Вильярреалдағы» қазақ халықаралық жарыстың жүлдегері атанды: видео 📊 Жарыс кезінде футболшы еншісіне жеті гол мен төрт нәтижелі пас жазды. https://asnews.kz/world-football/4988-vilyarrealdagy-qazaq-halyqaralyq-zharystyn-zhuldegeri-atandy-video/
🏴 «Челси» шабуылшысы ат басын Италияға бұруы мүмкін: ол Сәтпаевтың позициясында ойнайды ❌ Хаби Алонсо артық ойыншылардан құтылуда. https://asnews.kz/world-football/4985-chelsi-shabuylshysy-at-basyn-italiyaga-buruy-mumkin-ol-satpaevtyn-pozitsiyasynda-oinaidy/
🇰🇿 «Қызылжарға» техникалық жеңіліс беріледі Қатаң ережені бұзыпты 👇 https://asnews.kz/kpl/4854-qyzylzharga-altaimen-otken-match-ushin-tehnikalyq-zhenilis-qaupi-tonip-tur-komanda-qpl-reglamentin-buzdy/
🇰🇿«Қайраттың» қарсыласы анықталды 🇧🇪 «Андерлехт» — УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ПАОК-ты 4:2 есебімен жеңді. 📆 Бельгиялық клубқа қарсы бірінші матч 20 тамызда Алматыда, қарымта ойын 27 тамызда Брюссельде өтеді. 🏆 «Андерлехт» — Бельгияның…
✅ Бұл жолы 1,5 ұпай қосылды 🇰🇿🇰🇿 «Қайраттың» қарымта матчта «Омонияны» жеңгені үшін УЕФА коэффициенттер кестесінде Қазақстан қоржынына 1 ұпай, ал «Тобыл» тең ойнағаны үшін 0,5 ұпай қосылды (төрт клубқа шашқанда 0,375). 🇰🇿 Әзірге Қазақстанның осы маусымда…
🇰🇿 Килама «Ордабасыда» қалады 🤝 Шымкенттік клуб камерундық қорғаушы Ги-Марселин Киламамен келісімшарт мерзімін 2028 жылдың соңына дейін ұзартты. ✅ Килама биыл ақпан айының соңында «Ордабасы» сапына қосылып, содан бері 24 матчта үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді. 🇷🇴 Кеше 27 жастағы футболшыға румыниялық «Университатя Крайованың» қызығушылық танытқаны хабарланған еді. @kairov_candidate
🇰🇿«Қайраттың» қарсыласы анықталды 🇧🇪 «Андерлехт» — УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ПАОК-ты 4:2 есебімен жеңді. 📆 Бельгиялық клубқа қарсы бірінші матч 20 тамызда Алматыда, қарымта ойын 27 тамызда Брюссельде өтеді. 🏆 «Андерлехт» — Бельгияның 34 дүркін чемпионы, ел Кубогын 9 рет жеңіп алған. Өткен маусымда Про-лигада төртінші орын иеленді. @kairov_candidate
🇰🇿 «Қайрат» «Ақтөбенің» экс-шабуылшысын алуы мүмкін Толығырақ 👇 https://asnews.kz/kpl/4976-aqtobenin-eks-shabuylshysy-qairatqa-auysuy-mumkin-tolygyraq/
🇰🇿 «Тобыл» еурокубоктегі жорығын аяқтады 🐦 КЛ, үшінші іріктеу кезеңі, қарымта матч 🇰🇿 Тобыл – Партизан 🇷🇸 – 1:2 ⚽️ Голдар: 7’ Чесноков – 47’ Митрович, 90+2’ Траоре 🆚 Сербиялық клуб плей-офф кезеңінде «Хетафемен» күш сынасады. @kairov_candidate
🇰🇿 «Шахтер» қатарынан он бірінші матчта жеңіске жетті 🏆 Қарағандылық «Шахтер» бірінші лиганың 18-турында «Ақтөбе Жастарды» 6:1 есебімен ұтты. ⚽️ «Кеншілер» сапында Артем Литош хет-трик, Диас Қалыбаев дубль жасады, ал бір голды Қасымжан Таипов соқты. 📈 Осы жеңістің арқасында Андрей Финонченко шәкірттері 49 ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды. «Қайрат Жастар» бұл турда да тең ойнап, қарағандылықтардан алты ұпайға артта қалып қойды. @kairov_candidate
🏥 Жоржиньо тізесіне ота жасатты 🇰🇿«Қайрат» шабуылшысы Португалиядағы «Ошпитал Партикуляр де Барселуш» клиникасында оң тізесіне жасалған отадан сәтті өтті. ⏳ Жақын арада Жоржиньо клубтың медициналық штабының бақылауымен жоспарлы оңалту кезеңін бастайды. 🤕 Шабуылшы Премьер-лиганың 19-турында «Ордабасыға» қарсы өткен матчта жарақат алған болатын. @kairov_candidate
🏴 «Челси» Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты түпкілікті шешім қабылдады: толығырақ ✅ Әзірге оған үш клуб қызығушылық танытып отыр. https://asnews.kz/world-football/4964-chelsi-dastan-satpaevtyn-bolashagyna-qatysty-tupkilikti-sheshim-qabyldady-tolygyraq/
🏴 БАҚ: Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі командасының жаттығуында көрінбеді ❌ Кешегі жаттығуға қатыспаған ойыншылардың қарасы көп екен. https://asnews.kz/world-football/4960-baq-dastan-satpaev-chelsidin-negizgi-komandasynyn-zhattyguynda-korinbedi/
⚔️ ОЙЫН КҮНІ 🇰🇿 Тобыл – Партизан 🇷🇸 🐦 УЕФА Конференция Лигасы, III кезең, жауапты матч ⏰ 20:00 🏟 «Орталық» стадион 😗 Даниэль Киффи (Италия) @kairov_candidate
🤝 Жанкүйерлерімен ақылдаспақшы 💙 Бүгін сағат 22:00-де «Ордабасы» клубының Instagram және TikTok парақшаларында клубтың жаңа логотипіне арналған тікелей эфир өтеді. ✅ Эфир барысында жаңа логотиптің нұсқалары таныстырылып, олардың идеясы мен ерекшеліктері талқыланады. Сондай-ақ жанкүйерлер арасында дауыс беру өтіп, әркім өз таңдауын жасай алады. @kairov_candidate