Qaz365.media🇰🇿
Статистика- Последний пост
- 7 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт (по похожим)
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 749
- 1/48двое суток
- 858
- 1/72трое суток
- 925
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
❓Өз сайлау учаскеңізді қалай табуға болады?
Бөліп төлеудің жаңа тәсілі: One картасының қандай артықшылығы бар? Қазақстандықтар үшін бөліп төлеу – күнделікті сатып алудың қалыпты тәсіліне айналды. Бірақ көп жағдайда оны рәсімдеу үшін серіктес дүкен іздеп немесе қосымшада бірнеше әрекет жасау қажет. One картасының ерекшелігі – сатып алған тауарыңыз автоматты түрде бөліп төлеуге ауысады. Яғни, қосымшаға қайта кіріп, бөліп төлеуді қосудың қажеті жоқ. Негізгі артықшылықтары: ✅ Кез келген дүкенде және интернетте төлем жасауға болады; ✅ Сатып алулар автоматты түрде 6 айға пайызсыз бөліп төлеуге рәсімделеді; ✅ ForteMarket платформасында техника мен тұрмыстық тауарларды 12 айға дейін пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігі бар; ✅ Жылдық қызмет көрсету ақысы жоқ; ✅ Барлық төлем мен қарызды Forte мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Бұл – күнделікті шығындарды ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік беретін заманауи қаржы құралы. Дегенмен кез келген қаржы өнімін пайдалану алдында оның талаптарымен танысып, өз төлем қабілетіңізді бағалаған дұрыс.
без подписи
📢 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 17%-дан 16,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Межелі дәліз +/- 1 пайыздық тармақ деңгейінде белгіленді. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, бұл шешім жылдық инфляцияның баяулауын ескере отырып қабылданған. ⚡️️ Толығырақ оқыңыз
⚠️ 14 жастағы балалар да есірткіге тәуелді бола бастады – нарколог Елімізде есірткіге қарсы күрес жыл сайын күшейе түссе де, оны тасымалдаушылар мен қолданушылар саны азаяр емес. Ресми дерек бойынша, 18 мыңнан астам нашақор тіркелсе, бейресми мәліметте 200 мыңнан асып жығылатыны айтылады. Тіпті, 2026-2028 жылдарға арналған «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» жөніндегі кешенді жоспар қабылданса да, оған тәуелділер неге көбейіп отыр? Qaz365.kz тілшісі қоғамның басты дертіне айналған есірткіге тәуелділік жөнінде психотерапевт, психиатр-нарколог Ләззат Бақытбаеваны әңгімеге тартты. ❓Бүгінде есірткіге тәуелділік қоғам үшін ең өзекті әлеуметтік мәселенің біріне айналды. Дәл қазір елімізде нақты көрініс қандай? 💭 Өкінішке қарай, бүгінгі таңда есірткіге тәуелділік еліміздің барлық өңірін алаңдатып отырған күрделі әлеуметтік мәселе. Оның үстіне бұл қауіп тек географиялық тұрғыдан ғана емес, жас ерекшелігі жағынан да кеңейіп келеді. Бұрын мұндай тәуелділік көбіне ересектер арасында кездессе, қазір есірткіні жасөспірімдердің, тіпті балалардың қолдануы бізді бейжай қалдырмауы керек. Әсіресе, соңғы жылдары синтетикалық психостимуляторлар үлкен қауіп-қатер туғызуда. Бұл есірткінің ерекшелігі – алғашқы қолданғаннан-ақ адам ағзасында тәуелділік қалыптастырады. Сондықтан бұлар аса қауіпті психоактивті заттардың қатарына жатады. 👉👉👉👉 https://qaz365.kz/society/19020-14-zhastagy-balalar-da-esirtkige-t-ueldi-bola-bastady-narkolog/
Channel photo updated
📲 Мобильді аударымдарға байланысты кімдер салық органдарының тізіміне енді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) мобильді аударымдарға байланысты жаппай тексеру жүргізбейтінін және жеке шотқа ақша түскені үшін азаматтарға автоматты түрде айыппұл салынбайтынын мәлімдеді. МКК мәліметінше, қазіргі уақытта салық органдары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әңгіме мобильді аударымдары белгіленген талдау критерийлеріне сәйкес келетін азаматтар туралы болып отыр. 👉👉👉👉 https://qaz365.kz/ekonomika/19014-mobildi-audarymdarga-bailanysty-kimder-salyk-organdarynyn-tizimine-endi/
без подписи
без подписи
💻 «Қазақтелеком» Көкшетаудағы турнирде бес елдің 765 киберспортшысына қолдау көрсетті Көкшетауда Орталық Азияның бес елінен 765 киберспортшының басын қосқан Akmola InternationalEsports Cup 2026 халықаралық турнирінің LAN-финалы мәресіне жетті. Бұл ауқымды IT-шараның бас серіктесі — республиканың ең ірі телеком-операторы «Қазақтелеком» АҚ. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері қатысты. 🏆 Чемпиондық атақүшін тартыс төрт негізгі бағыт бойынша өрбіді. Турнир жеңімпаздары: • Counter-Strike 2: OMEGA командасы; • Mobile Legends: Bang Bang: HOG RIDER командасы; • PUBG Mobile: FREE MIGRANTS командасы; • Clash Royale: Мирас Құсайынов (MIKO). Турнир барысында «Қазақтелеком» желі тартумен қатар, бизнеске арналған өзінің ЖИ-шешімдерін (жасанды интеллект), оның ішінде бейнемониторингтің зияткерлік жүйелерін де таныстырды. 💭 «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес дивизионының бас директоры Асқар Қайыров атап өткендей, оператор жоспарлы түрде цифрлық өнімдер провайдеріне айналып келеді: «Киберспорт — цифрлық технологиялар мен жастар аудиториясы табиғи түрде тоғысатын орта. Турнир бойы деректердің үздіксіз тасымалдануы мен желілік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз еткен инженерлеріміздің еңбегін ерекше атап өткім келеді». Турнирдің финалдық кезеңіне ресми тұлғалар, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев пен Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қатысты. Кубокты өңірлік әкімдіктің ресми қолдауымен Qazaq Cybersport Federation ұйымы мен Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Channel name was changed to «Qaz365.media🇰🇿»
Channel name was changed to «Qaz365.medal🇰🇿»
📱WhatsApp-та жаңа функция пайда болады Енді WhatsApp-та жаңа адамдармен хат алмасқанда телефон нөміріңізді жасырып қоюға болады. Мессенджерде никнейм жүйесі іске қосылып жатыр — жаңа контактыларға нөміріңіздің орнына тек өзіңіз таңдаған никнейм көрінеді. Тіпті кей қолданушылар никнеймін алдын ала брондап та үлгерген. Функция биыл толық қолжетімді болады. Телеграмға еліктеп жатыр екен ғой бұлар да…😁
🥂Қазақстан алкоголь тұтыну бойынша Орталық Азияда көш бастады🙃 📊ДДҰ мен World Population Review деректеріне сүйенсек, елімізде 15 жастан асқан бір адам жылына орта есеппен 5,4 литр таза спирт тұтынады. 📌Салыстыру үшін: 🔹Қырғызстан – 3,9 литр; 🔹Өзбекстан – 2,1 литр; 🔹Тәжікстан – 0,7 литр. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан өңірде бірінші орында тұр. Ал ең төмен нәтиже Тәжікстанға тиесілі. Азайтайық ағайын, азайтайық…🫣
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
Астаналықтар, ЛРТ құтты болсын👏 🚆 Президен Astana LRT жұмысын іске қосты. Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде “Әуежай” станциясынан “Ұлттық музей” станциясына дейін жүрді.
📝Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды: шекті баллдар мен жаңа ережелер 10 мамырда Қазақстанда негізгі ҰБТ басталып, тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады. Биыл тест тапсыруға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. 📌Талапкерлердің 74%-ы тестті қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, ал 851 адам ағылшын тілінде тапсырады. Ең танымал бейіндік пәндер: 🔹 Математика-Физика — 17,9% 🔹 Биология-Химия — 14,5% 📚ҰБТ форматы өзгермейді: — 3 міндетті және 2 бейіндік пән — Барлығы 120 сұрақ — Ең жоғары нәтиже — 140 балл. ⏳Тестілеу уақыты — 4 сағат. Ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге қосымша 40 минут беріледі. 📌Шекті баллдар: — Ұлттық ЖОО — 65 балл — Басқа ЖОО — 50 балл — Педагогика және Құқық — 75 балл — Денсаулық сақтау — 70 балл. ❗️Тестке телефон, шпаргалка секілді тыйым салынған заттарды алып кіруге болмайды. Ереже бұзғандардың нәтижесі жойылады.