tgindex
Әсем ән - нота

Әсем ән - нота

Статистика
@asem_notaрусский

Әсем ән тәтті күй ютуб каналы

Последний пост
20 июн.
Последнее чтение
02:59
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
русский
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
818
−2 за 3 дн.
Сутки
−1
−0,12%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
734
20 постов
Вовлечённость
89,7%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Бұзып тартар (Ә. Әбдіхалықовтың айтуы бойынша) Әлшекейдің әкесі Бектібай Бердібаймен екеуі ағайынды жігіттер болған. Аралбай – Бердібайдың баласы, яғни Әлшекейдің немере ағасы болып келеді. Жастықтың қызыуы мол кезде екеуі қыз іздеп жолға шығады. Аралбай Әлшекейге бауыр ғана емес, бірге ойнап-күлген үзеңгілес жолдас та болған. Әлшекей болса, ол кезде салт басты, жүйрік көңіл елден асқан аруды аңсап жүрсе керек. Түркістанда Қотырбұлақ деген жерде Қозыбай деген бай болады. Байдың сол уақытта дейін тұрмыс құрмаған Айша есімді жалғыз қызы бар екен. Қыздың “Тек мені домбырамен жеңген жігітке ғана тұрмысқа шығамын” деген шарты болса керек. Бірақ шартты орындап, Айшаны жеңер жар қылар жігіт әзірге табылмапты. Шарттан құлақтанған Әлшекей мен Аралбай қызды сынап көрмекке жолға шығыпты. Бір ауылға кіріп, жөн сұрамаққа шеткі үйге бұрылады. Үйдің сырты көзге нашар көрінгенмен, іші көз тұнарлық екен. Қонақтар төрде ілулі тұрған домбыраға көз тоқтатады. Айша өрмек тоқып, шешесі жүн түтіп отырған үстіне: “Ассалаумағалейкум!” – деп екеуі кіріп келеді. Сөйтсе қыз да, шешесі де сәлемдерін алмай, теріс бұрылған күйі орындарынан тұрмай отыра береді. Қонақтар әрі отырады, бері отырады, үй иелері жолдан шаршап, кеберсіп келген оларға не айран, не сусын бермей, сараңдық көрсетіп отыра беріпті. Сонда Аралбай: “Қой, мынаны ойнап, ермек қылып отыршы, ең болмаса күн аусын”, – дейді. Бірақ Әлшекей деп атын атамайды. Әлшекейге керегі де сол болатын. Домбыраны қолына алып, “Бұзыптартар” деген күй тартады. Күйді тартып болған кезде қыз орнынан атып тұрып: – Ақмешітте Әлшекей деген бір жағымсыз күйші бар еді, сол сіз емес пе? – деп сұрайды. Сонда Әлшекей: – Жоқ, қарағым, біз мал қарап жүрген жылқышылармыз. Әлшекей дегенді танымаймыз. Ол кім өзі? – деп, өтірік айтады. Кемпір аузы ашылып, аң-таң болыпты. Артынша-ақ: – Әй, қарақтарым, біздің қызымызға наздарың бар екен, пиқылдақ-шиқылдақтарың бар екен, жоғары шығыңдар, – деп, әп-сәтте көрпеше төсеп, қымыз дейсіз бе, айран дейсіз бе, небір сусындарды алдарына қойған екен. Әлшекейдің “Бұзыптартар” күйінің шығу тарихы осындай. Әлшекей осы күйімен қызға өзін таныстырған екен. Кейбір деректерде бұл күйді “Егес” деп атайды. Яғни күй қызбен егескен күйшінің табандылығын паш етеді Дерек: Сыр сүлейі - Әлшекей : / Е. Ш. Нұрымбетов. – Алматы : Исламнұр, 2005 https://t.me/history_of_kui Каналға қолдау көрсету - 👉 Kaspi "Бұзып тартар" (Әлшекей Бектібайұлы) күйін тартушы Айдын Жүнісов

  • https://aikyn.kz/303797/anatolydan-altayg-a-deyin--turki-muzykalyk--aspaptary-turaly-siz-bilmeytin-derekter

  • Бүгінде біз кеңес дәуірінде өмір сүрген күйшілер жайлы азды-көпті білеміз. Олардың есімдері аталып, оқу орындарында арнайы пәндер аясында оқытылып жүр. Тарихи өлшеммен қарағанда, күні кеше өмір сүрген күйшілер туралы дерек аз болмауы тиіс. Дегенмен назардан тыс қалып жүрген өнерпаздар да бар. Бүгінгі әңгіме сондай күйшілердің бірі - Амантай Бозмағанбетов туралы болмақ.  Aikyn.kz авторының "Есімі елеусіз қалған Амантай күйші" атты мақаласын оқи отырыңыз. @aikyngazeti

  • Шәміл Әбілтай https://youtu.be/V-aXMnH1Pcg

  • ....Сәбең екеуі де суықтан қатты тоңды. Тіпті Затаевичтің саусақтары көгеріп кетіп, олар жылынып алу үшін орнынан тұрып, бөлме ішінде жүріп келеді де, қайтадан жұмысқа кірісе екен. Сол бөлмеде жасы егде адам да төсекте ары қарап жатса керек. Есімі Шөлбай. Бір кезде ашуланып: «Бос әурешілік! Әуенді қағазға қалай жазуға болады? Оның жазғаны не керек? Оны күтіп не керек? Жат та ұйықтағаның дұрыс»,— деді. Бірақ мен оның сөзіне келіспедім. «Өзіңе тағы бір әурені тауыпсың!»— деп ашуланды да, өзі жатып алып, басын бүркеп ұйықтап қалды. Затаевич келіп, «Мақпал» әуенін ұзақ уақыт жазып, қайта-қайта түзеп отырған кезде, Шөлбай шыдамай, көрпенің астынан басын шығарып: «Айттым ғой саған, бұл істен түк шықпайды деп! Тоқтатыңдаршы, өтінемін! Адамдарға ұйықтауға мүмкіндік бермей отырсыңдар»,— деп ренжіді. Ал Затаевич ақыры «Мақпал» әуенін сәтті жазып алып, өзі жай ғана ыңылдап, менікінен де жақсырақ айтып бастағанда, Шөлбай орнынан атып тұрып... Сәбит Мұқановтың естелігінен Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • без подписи

  • Көпшілік қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары туралы белгілі бір деңгейде біледі. Ал әлемдік музыкада қолданылатын аспаптардың түрі өте көп, олардың әрқайсысының өз тарихы мен қызметі бар. Солардың ішінде ұрмалы аспаптар ерекше орын алады. Бұл аспаптар көбіне музыкаға ырғақ беретін құрал ретінде қабылданғанымен, олардың мүмкіндігі бұдан әлдеқайда кең. Әлемнің әр түрлі мәдениетінде ұрмалы аспаптар ежелден қолданылып, уақыт өте келе оркестр мен сахналық музыканың маңызды бөлігіне айналды. Ұрмалы аспаптар әлемдік музыкалық аспаптар жүйесінде ырғақ мен қозғалыстың негізгі тірегін қалыптастырады. Оркестрде олар музыкаға екпін, күш және динамика береді, кейде белгілі бір сәттің әсерін күшейтеді. Кейбір ұрмалы аспаптар тек ырғақ үшін қолданылса, енді біреулері нақты әуен орындауға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл аспаптар жеке орындауда да кең тараған: олардың дыбысы қарапайым болғанымен, орындау техникасы мен дыбыстық мүмкіндігі өте бай. Енді әлемдік музыкада кең қолданылатын ұрмалы аспаптардың бірнеше түріне жеке-жеке тоқталып көрейік. https://aikyn.kz/300277/bu-l-aspaptarsyz--lemdik-muzyka--ldek-ayda-ozgeshe-bolar-edi--u-rmaly-aspaptarg-a-sholu

  • https://youtu.be/9Sv8T4wjFHY?si=ztr05f9ZrZyTU8zf

  • https://aikyn.kz/299345/k-uishi-tattimbet-qazanaqpulyna-u-bergen-kim

  • Күйші Тәттімбет Қазанғапұлына у берген кім? Толығырақ мына сілтемеде .....

  • «Жасай берсің, Жұмағұл» деген реплика есіңізде шығар. Оны Сұлтан айтады. Сол сөз кішкентай Дәулетке қарата айтылған. Бүгінгі әңгіме осы Дәулет жайлы. Фильмде ол – шопанның баласы. Таза, аңғал, ойынға беріліп кететін бала. Экранда аз көрінсе де, есте қалатын бейне. Оның табиғилығы қолдан жасалған актерлік тәсілден емес, шынайы балалық мінезден туғандай әсер береді. Дәулетті ойнаған – Юсуп Шамузов Aikyn.kz авторы «Дәулетті» іздеп көрді. Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • https://youtu.be/rzZgs-mX_W8?si=IBaIHWrlTNZiGpJo

  • Шалқыма (Сүгір Әлиұлы) «Шалқыма» күйі – шалқып тасыған салтанат емес, керісінше қамыққан көңілді білдіретін әуен. Таласбек Әсемқұловтың талдауында: «Шалқыма» сөзі – «шалықтау» дегеннен шыққан, бақсылықтың нышанынан қалған кеп, ұстазы – Ықылас қобызбен толғанса, Сүгір де бар шабытын домбыраға төккен. Жалпы «Шалқыма» тәңірмен тілдесуге деген тілекпен туындаған көне сарын» – деп жазады. Дерек "Қазақтың шертпе күйлері" (Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2006) жинағынан алынды. Каналға Kaspi арқылы қолдау көрсете аласыз https://t.me/history_of_kui

  • Музыка әр дәуірде әртүрлі естіледі. Бір кезде ол залды толтырып, тыңдаушыны өзіне қаратып айтылатын. Кейін экранға түсіп, сөзсіз, бірақ терең әсер ететін тілге айналды. Осы тұрғыдан қарағанда, Людвиг ван Бетховен мен Ханс Циммер екі түрлі дәуір болғанымен, бір қажеттіліктің екі кезеңдегі көрінісі сияқты. Екеуінің де музыкасы жеке адамның ішкі күйінен шығып, көпшілікке ортақ сезімге айналды. Айырмашылығы -- жеткізу тәсілінде. Aikyn.kz авторының "Симфония мен саундтрек: Бетховен мен Ханс Циммердің музыкасы неге ұмытылмайды?" атты мақаласын оқи отырыңыз. @aikyngazeti

  • Халық әртісі Секен Тұрысбеков филармония директоры болып тағайындалды Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • Көпшілікке қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары белгілі, олардың дыбысы, тарихы жөнінде азды-көпті түсінік бар. Ал әлемдік музыкалық аспаптар жүйесі, әсіресе үрлемелі аспаптар тобы туралы білім кең тарала бермейді. Үрлемелі аспаптар көбіне симфониялық оркестрмен, әскери немесе академиялық музыкамен байланысты қабылданады да, олардың шығу тегі, даму жолы мен дыбыстық мүмкіндіктері назардан тыс қалып жатады. Үрлемелі аспаптар әлемдік музыкалық мәдениетте маңызды орын алады. Олар оркестрде әуендік, гармониялық және ритмдік қызмет атқарып, музыкалық кеңістіктің бояуын байытады. Әр аспаптың тембрі мен дыбыс күші әртүрлі болғандықтан, оркестрлік ортада олардың рөлі нақты айқындалады. Сонымен қатар үрлемелі аспаптар жеке орындауда да кең қолданылады. Мысалға кейбірі лирикалық әуенге бейім болса, енді бірі техникалық шапшаңдық пен дыбыс қуатымен ерекшеленеді. Aikyn.kz авторының әлемдік үрлемелі музыкалық аспаптарға шолуын оқып көріңіз @aikyngazeti

  • Қазақстанда «Халық әртісі» атағы айтылса, көбіне құрмет пен беделді білдіретін белгі ретінде қабылданады. Бірақ осы атақты алған жүздеген адамның тізіміне қарасаң, бір қызық нәрсе көрінеді: олардың бәрі бірдей емес, әрқайсысы өз дәуірінің өнерге қойған талабын көрсетеді. Бірі жаңа театрды тұрғызған, бірі ұлттық музыканы сахнаға шығарған, бірі теледидар мен үлкен сахна арқылы халыққа жеткен. Әдетте бұл есімдер анықтамалықтарда жылдар мен мамандықтар бойынша тізіледі де, солардың артында тұрған мәдени логика көрінбей қалады. Ал шын мәнінде «Халық әртісі» атағы кімге, қандай өнерге және не үшін жол ашылғанын көрсететін өте дәл көрсеткіш. Ол арқылы мемлекет пен қоғам белгілі бір кезеңде қандай өнерді маңызды деп санағанын байқауға болады. Aikyn.kz авторының "308 марапат алған өнерпаз: “Халық әртісі” атағының бір ғасырлық тарихы" мақаласын оқи отырыңыз @aikyngazeti

  • Туған күн мен өткен күн: әлемге ортақ екі ән қалай пайда болды? Happy Birthday to You мен Yesterday – бір қарағанда бір-біріне мүлде ұқсамайтын, бірақ уақыт өте келе бүкіл әлемге ортақ күйге айналған екі ән. Бірі әр адамның жеке өмірімен байланысты, екіншісі жеке адамның ішкі даусындай естіледі. Бірақ екеуін біріктіретін нәрсе бар: олар нақты авторлық туынды болудан шығып, адамзаттың ортақ музыкалық тәжірибесіне айналды. Толығырақ Aikyn.kz-тен оқи аласыз @aikyngazeti

  • Биыл қазақ театр және кино өнерінің тарихында ерекше орны бар актер, Мәкіл Құланбаевтың туғанына 100 жыл толды. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының іргетасын қалаушылардың бірі, сахна мен экранда сомдаған бейнелері арқылы бірнеше буын көрерменнің жадында қалған өнер иесі болатын. Мәкіл Құланбаевтың шығармашылық жолы – қазақ актерлік мектебінің қалыптасу кезеңімен тұтасып жатқан тағдырлы тарих. Оның әр рөлі, әр образды тереңнан тартып сомдаған ішкі иірімі ұлттық сахна өнерінің дамуына қосылған қомақты үлес ретінде бағаланады... «Актер болу үшін ұшқан шыбынды ұстадым»: Қожаның «әкесі» болмақ ниеттенген «Қаратайдың» шын өмірі жайлы не білесіз? Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • Жаңа жыл - күнтізбедегі дата ғана емес, ортақ көңіл күй. Әлемнің әр түкпірінде бұл сәт бірдей әуендермен қарсы алынады. Тілі, тарихы, мәдениеті бөлек халықтарды біріктіретін әндер бар. Солардың ішінде ең танымал екеуі - Jingle Bells пен Happy New Year. Бұл екі ән жаңа жылды әртүрлі сезіммен көрсетеді. Бірі мерекелік шаттықты, екіншісі үмітке жетелейді. Бірақ екеуін біріктіретін нәрсе бар. Ол уақыт өте келе олар жеке ән емес, жаһандық жаңажылдық белгіге айналды. Aikyn.kz авторының "Жаңа жыл үшін жазылмаған әндер қалайша мерекенің символына айналды?" атты мақаласын оқи отырыңыз @aikyngazeti