tgindex
AUEZOV UNIVERSITY

AUEZOV UNIVERSITY

Статистика
Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
20
Всего постов
38
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Образование
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
658
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
76
37 постов
Вовлечённость
11,6%
к подписчикам
Постов в день
2,9
всего 38
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
49
1/48двое суток
56
1/72трое суток
60

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Әуезов университетінің өкілі IFLA WLIC-90 Дүниежүзілік кітапхана конгресіне қатысты 2026 жылдың тамыз айында Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Оңтүстік Кореяда Пусан қаласында өтті. Шараны IFLA және Корей кітапханалары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды . Пусанның BEXCO көрме орталығында өткен конгреске 100-ге жуық елден 3000-нан астам кітапханашылар, зерттеушілер, саясаткерлер және тиісті кәсіпқойлар қатысты. Конгрестің негізгі тақырыбы «Кітапханалар трансформацияның қозғаушы күші» кітапханалардың жасанды интеллектке көзқарасы және оны жұмыс процестерінде пайдалану мәселелеріне арналады. Әлем бойынша кітапхана басшылары мен мамандарының 86-дан астам секциялық отырыстарында кітапхана ісінің қазіргі даму бағытын айқындайтын маңызды мәселелер қаралды. Конгрестің ғылыми бағдарламасы қазіргі уақытта заманауи кітапханалар цифрлық хабтарға, қоғамдық орталықтарға және білім беру кеңістіктеріне ауысуын көрсетеді. Әлемдік ынтымақтастықты нығайту үшін бірыңғай цифрлық экожүйелер мен цифрлық кітапханаларды дамыту басты назарда. IFLA WLIC – әлемнің түрлі елдерінен кітапхана және ақпарат саласының мамандарын, ұлттық және ірі ғылыми ЖОО кітапханалардың өкілдерін, кәсіби қауымдастықтарды, зерттеушілер мен сарапшыларды біріктіретін әлемдік кәсіби алаңдардың бірі. Конгресс кітапхана ісінің қазіргі жағдайын саралап, саланың болашақ даму бағыттарын талқылауға, жаңа тәжірибелер мен кәсіби бастамаларды таныстыруға мүмкіндік берді. IFLA WLIC әлемдік кітапхана қауымдастығының кәсіби саласындағы осындай айтулы шараның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының өкілдерінен құралған қазақстандық делегациялар да қатысты. М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің Ақпараттық білім беру орталығының директоры Саурбаева Индира Қабланқызы қатысып, әлемдік кітапханалармен ынтымақтастық пен серіктестікті орнату мәселелерін талқылады.

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің кітап қоры Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітабымен толықты.

  • ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ) ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 12- тамыздағы № 586 бұйрығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Саясаттану» кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) Турекулова Жулдыз Елтаевнаға 60100 - «Тарих және археология» ғылыми бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы берілді. Ғылыми атағыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! ___ Согласно приказу № 586 от 12 августа 2026 года председателя Комитета по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования Министерства науки и высшего образования РК доценту кафедры «Политология» Южно-Казахстанского университета им. М.Ауэзова, доктору философии (PhD) Турекуловой Жулдыз Елтаевне присвоено ученое звание «ассоциированного профессора (доцента)» по научному направлению 60100 – «История и археология». Искренне поздравляем с присвоением ученого звания!

  • без подписи

  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ УНИВЕРСИТЕТКЕ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН БӨЛДІ Шымкент қаласының әкімдігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне 2026-2027 оқу жылына талапкерлерге 56 білім беру грантын бөлді. Тізімде көрсетілген бакалавриат бағыттары бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және әкімдік грантын иелену үшін Шымкент қаласының тұрғындары болып табылатын талапкерлер 2026 жылғы 12–14 тамыз аралығында төменде көрсетілген құжаттарды тапсырады. ____ Акимат города Шымкента выделил Южно-Казахстанскому исследовательскому университету имени М. Ауэзова 56 образовательных грантов для абитуриентов на 2026-2027 учебный год. Жители города Шымкента могут подавать документы для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов по направлениям бакалавриата, указанным в списке, и получения грантов акимата города Шымкента в период с 12 по 14 августа 2026 года (перечень документов указан ниже).

  • ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ТҮЗІЛДІ 11.08.2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласындағы филиалы және Ресей Федерациясының Ташкент қаласында орналасқан Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісім түзілді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының университеттің Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласындағы филиалын дамытудағы алға қойған басым бағыттарының бірі – әлемдегі алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты күшейту және олармен тәжірибе алмасу барысында жоғары білікті мамандарды дайындау. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шетелдік ғалымдары берген сұхбатында Қазақстандық жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігінде жүйелі түрде ілгерілету және елімізді шетелдік жастар үшін тартымды академиялық бағыт ретінде қалыптастыру маңыздылығын атап өткен еді. Осыған орай, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласындағы филиалы және Ресей Федерациясының Ташкент қаласында орналасқан Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісім түзілді. Келісімге Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Ташкент қаласындағы филиалының атқарушы директоры Батыр Еркінұлы Нұрматов және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Шыршық қаласындағы филиалының директоры Мұрат Жарылқасынұлы Айтуреев қол қойды. Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттің бірі болып табылады және Ташкент қаласындағы орналасқан университет филиалының материалды-техникалық базасы өте жоғары деңгейде қалыптасқан. Осы Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі екі университеттің филиалдары арасында тәжірибе алмасу және студенттердің ұтқырлығы саласында өзара тиімді академиялық ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады. Келісім екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, білім беру сапасы мен ғылыми әлеуетті арттыруға, сондай-ақ халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосады деп күтілуде.

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи