𝒂𝒎𝒂𝒍 𝒅𝒂𝒑𝒕𝒆𝒓𝒅𝒆𝒏 𝒖𝒛𝒊𝒏𝒅𝒊📖
Статистика- Последний пост
- 13 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Чеховтың "Студент" шығармасын қазақша аудармалап шықтым. Оқи жатсаңыздар пікірге ашықпын!
видео или голосовое, без подписи
айтқым келгені әркімнің өз шындығы бар өз өміріміздегі тыныштық үшін, біреудің көзінде залым болып есте қалуымыз қалыпты.
өз-өзіңді тану жолында екі тәсіл бар. бірі - сенің өз-өзіңе ғана тән шешімдерің. екіншісі - сен жайлы өзгелердің айтқан пікірлері. алайда, Ләйлі тек Мәжнүн үшін ғана теңдессіз сұлу. Біз үшін қарапайым қыз ғана. шындық неде?
аяқтай алмаған кітаптарымды сөремнің ең түбіне жасырып қойғанмын. мен де аяқтауға тырыспаймын, оларда ешқайда кетпейді. бірақ, көзіме түскен сайын ішімде оқып бітірмегенім үшін кінәлі сезімдер туады. тура сол секілді кейбір жағдайларда ұмытылмай бір бұрышта жасырылған секілді. жадыма оралған сайын жанарыма жас үйіріледі. ұмыттым дегенім де бекер.
жақсы менен жаманды ажыратпай, білімдінің жанында ақымақтай, сұлулықтың кемеліне жетпек түгіл мақтау сөздер естіледі маған жаттай. қиялымда мінсіз ұлы тұлға едім, бірақ оны тек қана мен білемін, тәкаппарлық бойыңа бітпес үшін, керегі де осы болар деп күлемін.
видео или голосовое, без подписи
әділетсіздікті көрсем барымды беріп арашалағым келеді. алайда биліктің Иесі пенде емес. бейшара хәлде қол созғаннан артық амалың болмайды.
бірақ, таудың шыңынан етегі хаирлы демей ме?! құздан құлағанның да көмегі тиер ме деймін.
болашақ тура қараңғы бөлме секілді. алдыңда не күтерін білмегеннен аяқ басуға қорқынышты.
акваруимнен мұхитқа ауысуды армандау қалыпты. түптің түбінде тығырықтан тынысың да тарылады. бастысы мұхит та жай ғана тамшылардың жиынтығы екенін ұмытпау.
экстраверттен интровертке өзгеру кезеңін бастаған сияқтымын. апта бойы ойлайтыным жексенбіге аман жетіп, кеш қарайғанша ұйықтау. уақытымды ақшаға айырбастап үйренгелі, бос әңгіме айтқым келсе де, кестемде оған бос кеңістік қалмады. қолын созса қажетіне қол жеткізер бейқам жан, көз ашқаннан қас қарайғанша қызмет етер жанды ұқпаса керек.
Барлық адам сыртқы бейнеге қарайды ғой, жан дүнием сыртыма шығып тұрған несі бар?,-деп көп айтатынмын. Бірақ кей адамдардың жан-дүниесі шынымен сыртқа шығып тұрады. Күннің адам қалпындағы бейнесі секілді. Тартады да тұрады. Қайғырған сәтін көру мүмкін емес. Ылғи жымияды да тұрады. Көрмесең сағынасың тура. Мұндай жандардың мені жолдас тұтқанына қуанамын.
оқушы күнімде ең үздіктердің тізімінде болмағаныма іштей өкініш болады. кезінде өзімнің қолымнан келмеген дүниені басқаларға үйрететініме күлемін. тура бала күнімде өзім ысқыра алмасамда, көрші балаға ысқыруды үйреткенім секілді. сәтті процесс болды😂
ең қарапайым түрде, қолданыстағы мысалдармен сабақ түсіндіргенді жақсы көремін. ең "каеф" сәт оқушың шынымен түсініп, нәтиже шығарған кезі ғой.
"threads"-ке кірмегелі бірнеше жұма болды. әртүрлі жазбаларды "оқыған" себепті кітапқа қызығушылығыңды әлсіретеді екен. оның үстіне пайдалы ақпараттар емес. кітап оқу режимім қайта орнына келген сияқты, екі кітап аяқтадым. 😮💨
жазудың пайда болу себебі, ауызшаның кейбір кемшіліктерін толтырудағы мұқтаждықтан туған деседі. расымен де, көпшіліктің сыртқа білдірмес сыры таңба болып жазылғанда, судай аға жөнеледі. бәлкім жақыныңа деген хатыңда, жастық астындағы дәптерде немесе телефондағы жазбада.
Құдайдың өзі кеудесіне қабілет нұрын құйған қыз баланың арманы төрт қабырғада қамалып өмірін өткізу болуы мүмкін емес қой, қарағым!
тура бір танымал продюссердің түсірген фильмі секілді, сол күнгі әрбір сәт есімде. қолтықтап ұстаған екі адамның кім екенін білместен, мәйітті шығарып салған сәт. үйге келген соң, 5 бірдей ағасы бар апама қарап, " ағамды алып кетті!",- деп өкпемді білдірген сәтке дейін. жыл өтсе де. әрбір бос секунд сайын.
тарауихтың түсініксіз телефон қоңырауларға жалғасқан сәті. ешкім ештеңе түсіндірместен түнгі 12-де ауылға бара жатырмыз. нақты не болғанын білмесем де, жақсылық емесін түсініп келемін. көзі жасқа толған бауырларым күтіп алды. таныстық. бұл менің өліммен алғаш рет бетпе-бет келуім еді. есеңгіретіп кеткені сонша, әлі де ес жимаған секілдімін. әлі қанша кездесуіміз бар екен?