- Последний пост
- 27 мая
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Құрбан айт құтты болсын! Бүгінгі ұлық мереке әр үйге жылулық, тыныштық және береке алып келсін. Жүректеріміз иманға, көңіліміз нұрға толсын. Шалынған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!
Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алла тағала ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін, жасаған дұға-тілектеріңізді қабыл қылсын. Әр күніңіз мейірім мен шаттыққа толы болсын! Айт мерекесі құтты болсын!
Қадір түнінде бар ынта-жігерімізбен Раббымызға жалбарынып, жағдайымызды жөндеп алу мүмкіндігі туып тұр. Келесі жылыңыз қандай болуы мүмкін? Келесі жылы сізге қандай өзгерістер керек? Рухани тұрғыдан, дүниелік іс тұрғысынан, бәрін сұраңыз. Алла өзі сұрыптап сізге қайырлы болғанын береді. Сіз тек сұрай беріңіз және үміт үзбеңіз. Дұғадан кейін сіз көңіл қалауыңызға ұнаған нәрсені емес, Алланың дұрыс көрген жауабын күте біліңіз...
Алланың махаббатына жеткізетін дұға💚 Аллаhым мен сенен сені жақсы көруді сұраймын және сенің мені жақсы көруіңді сұраймын. Сондай-ақ, мен сенен сенің махаббатыңа жақындататын амалды жақсы көруімді сұраймын. Мен кез-келген әрбір нәрсені жақсы көре бермейін иә Раббым! Сен қай амалды жақсы көрсең, мен соны жақсы көрейінші. Сенің махаббатыңа қай амал алып барады, мен соны жақсы көрейінші.Сондай-ақ, менің саған деген махаббатымды, саған деген жақсы көруімді салқын судан да артық қылшы, шөлдеген кезде. Шөлдеп тұрған кезде, су мен үшін қандай маңызды болса, сол су сенен артық маңызды болмасыншы маған.
Алла Тағаланың разылығына жеткізетін амалдарды іздеуші досым! Осы күнге дейін істеп келген салиқалы амалдарыңмен шектелмей, Берекелі Рамазан айының күндіздерін оразамен, түндерін дұға мен намазбен өткізуге, ізгі-салиқалы амалдарға берілуге қадам бас. Екі жеңіңді сыбанып тұрып кіріс, ашық тұрған жәннәт есіктерін қалайтындығыңды амалыңмен көрсет...
Сүйген іспен айналысу - Алла мен адамдарға сүйікті болудың жолы. Сүйікті болу идеясымен жұмыс істеу - табыс жолы. Сен қашан бақыттысың? Егер, бақыт сезінетін ісің - айналаға бақыт әкелсе. 📓 Табыс
Дұғамызда сұрағанымыз біздің назарымызда кешігуі мүмкін. Бірақ, ол Алланың назарында уақытында. Яғни, Алла сол сұрағанымызды сәті келгенде береді. Алла ештеңені ұмытпайды. Көп жағдайда уайымдап, үміт үзуіміз - бекер...! 📓 Табыс
Егер жан-жүрегімен саған сенетін, армандарыңа сеніп, өзіңнен де көп үміт артатын жар тапсаң - және ол сені бұрынғыдан да жақсырақ адам болуға шабыттандырса, сенің жолыңда бірге жүріп, бастамаларыңа сүйеу болуға әзір болса — онда, бауырым, сен ең үлкен байлықты таптың. Мухаммад Набhан #galymdar.kz
Өзімізді тыңдаудан алыстасақ, жүрегімізді тыңдауды ұмытамыз. Жүректі тыңдауды ұмыту - кісінің өзін тыңдауды ұмытуы деп білу дұрыс. Қашан кісі жеке қалып, өзінің ары мен жүрегін тыңдаудан алыстап бара жатқанда, оларды тыңдау керектігіне ишарат, белгі беретін кейбір ұнатпайтын жағдайлар пайда болады. Мейлі ол отбасында, мал-мүлкінде, саулығында, кәсібінде болсын. Кейде кейбір проблемалардың шешуін, сұрақтарының жауабын жеке қалудан іздеуге тырысу абзал, әрі дұрыс. “TABYS” кітабынан 📚
Кейде, әдеттегідей көңіл-күймен жүрмесек, біз үшін үзір іздеңіздер. Мүмкін ойымыз сіздердің әлемдеріңізден өзге әлемде болып, ішімізде сыртқа шығара алмайтын мұң бар шығар…
Бәлкім сендер бірнарсені ұнатпайсыңдар, Алайда ол сендер үшін хайырлы... Ал енді сендер, бірнарсені ұнатасыңдар, сүйесіңдер... Алайда, ол сендер үшін хайырсыз дейді. Өйткені Алла Тағала біледі, Ал сендер білмейсіңдер...
Ораза Айт қабыл болсын! Баршаңызға амандық пен береке тілеймін!
Құран Кәрімнің ерекшеліктерінің бірі… Жәбірейіл періште Құранды алып түскен кезде, періштелердің төресіне айналды. Ал, Пайғамбарымызға Құран түсірілген кезде, адамдардың ең қайырлысына айналды. Құран Рамазан айы мен Қадір түнінде түскенде, Рамазан айы — айлардың ең абзалы болса, Қадір түні — мың айдан да қайырлысына айналды. Құран Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне түсірілген кезде, ең қайырлы үмметке айналды. Ал, енді қалай ойлайсың?! Құран оқысаң, жүрегіңе құран түссе? Құранды оқы да, жоғарыла 📖
Дұғамен басталған махаббат ешқашан аяқталмайды... Өйткені, ол сезім жүректен емес, Алланың қалауымен келеді. Ол - уақытша құмарлық емес, мәңгілік сүйіспеншілікке айналады. Дұғада тілеген жан - ең адал, ең шынайы, ең жақын болады. Алла атымен басталған махаббат - нәпсіге емес, жүрекке тұрақтайды. Ол қиындыққа сынбайды, арада қашықтық болса да суымайды. Себебі, оны сақтаушы - екі жүректі қосқан Раббыңның өзі. Егер шынайы сүйген болсаң, оны Алладан сұра. Егер шынымен бағалағың келсе, оған дұға ет. Өйткені, дұғамен бекіген махаббат - бұл дүниеде де, ақыретте де бірге болудың кепілі... Түртіп алынған ойлар 📒
«Дұға - кісіден сұрай алмағаныңды, еш қысылмастан Раббыңнан сұрауға берілген мүмкіндік».📓
Жүректі таза ұстау керек. Себебі әрбір жанның өмірі жүрегінің тазалығына сай болады. 📚 Ойлаймын да
🖇️Егер ниетің түзу болмаса, онда шаршамай-ақ қой.. 📒 Қойын дәптерден
Адамдарға мейірімді бол, Алла да саған мейірімді болады📖
Жаратқанды сипаттаған сөзіміз - өзіміз жайлы ой-айнамыз. Хақ Тағала дегенде әуелі қорқынышты, ұятты нәрсе ойыңа оралса, демек, сен де қорқыныш пен ұяттан өлейін деп жүргенің. Ал, Алланың аты аталғанда махаббатын, рақымы мен шапағатын есіңе алсаң, демек, тұла бойың соған тұнып тұрғаны. Махаббаттың қырық қағидасы📚
Махаббатсыз өмір - зая кеткен ғұмыр. Иләhи махаббат па, рухани ма, дүнияуи махаббат па әлде көктегі ме деп сұрама! Алуандықтан алуандық қана туады. Ал, махаббатқа анықтаманың, артық сөздің керегі жоқ. Махаббат - өз алдына бөлек бір әлем. Не ішінде - қақ ортасындасың. Не сыртында - қасірет құшағындасың. Махаббаттың қырық қағидасы📓