YAYDI
Статистика- Последний пост
- 22 мая 2025 г.
- Последнее чтение
- 14 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
Біз, бар болғаны, бұл дүниеде қонақпыз. Ендеше бір-біріміздің жолдарымызды жеңілдетейік!
Бәлкім, саған ұнамайтын сынақ сен ойламаған әдемі тағдырыңа жол ашар. @Аслан Орақбай
без подписи
Пайғамбарымыздың (с.а.с) былай деп айтқаны риуаят етілген: « Кім бір түн бойы ауырып, оған сабыр қылса және Алла Тағаладан разы болса, күнәларынан анасы туған күндегідей тап-таза болып арылады. Демек, ауырғандарыңда денсаулықты аңсай бермеңдер».
Жас кезіңде тәубе ет, бәлкім қартық саған келмейтін шығар…
без подписи
сабыр – бұл басыңды салбыратып, үнсіз бәріне төзе беру емес. сабыр – басыңа түскен сынақтың хикметі мен хайыры барын жүрекпен түсіну. адам науқастанып, ауруханаға барады. ақшасын төлейді, кезегін күтеді. медбикелер ине салып, қан алады. дәрігерлер ота жасап, тәнін тіліп, жарасын ашады. ауыртады. жанына батады. бірақ ол: «тоқта, неге ауырттың, жасама!» деп жанжал шығармайды. өйткені, бұл ауырсынудың артында сауығу бар екенін біледі. сол үшін шыдайды. өмірдің сынақтары да дәл солай. олар жаныңды сыздатады, жүрегіңді тіліп өтеді. бірақ адам оның хайырына сенбесе, оның артында бір жақсылық жасырынғанын білмесе, ондай сабыр сабыр бола ма? шынайы сабыр – үнсіз жылау емес. шынайы сабыр – өзегіңді өртеген қиындықтың да бір хикметі барын түсіну, оның саған үйретерін үйрену, жүрекпен қабылдау. хайырына сенбеген сабыр – сабыр емес. хайырлысы деген осы, достар.
Ешкім ертең не істейтінін білмейді. Болашақты уайымдап өмір сүрме. Алланың разылығына ұмтылған күйде өмір кеш. Еш қобалжыма! Болашақ Алланың бір өзінің қолында. Саған бұйырған ризығыңды сенен басқа ешкім алмайды. Алайда, сенің құлшылығыңды сенен басқа ешкім жасамайды. Алла Тағала сенің ризығыңа деген жауапкершілікті өз мойнына алып, сенен тек амал етуіңді сұрады. Олай болса, Алланың саған кепіл қылған нәрсесімен шұғылданып, сенен талап еткен нәрсесін ұмытып қойма. 📘“114” кітабынан
Егер сенің жүрегіңде бірінші орында Алла емес, адам тұрса, жалғыздықтың азабын сонда көресің. Алла Тағала ғана бірінші орында тұруы керек!
Дымсыз қалсаң да, Дінсіз қалма!
без подписи
Әр нәрсеге өзіңді жоғалта берме… сен-Раббыңның тәрбиесіндегі адамсың ғой.
“Дұғамның қабыл болмай қалуынан емес, жүрегімнің дұғаға мұқтаж болмай қалуынан қорқамын». (Омар р.а).
Сіздің өміріңізде болып жатқан жақсылықтың барлығы тек Алладан екенін ұмытпаңыз!
без подписи
без подписи
Исламдағы жақсы амал «Өзіне қатысы жоқ іске араласпауы».
" Алла білсе болды. Басқасы білмесе де болады! "
Біреуге пайдаң тимеседе, зияныңды тигізбей жүрудің өзі сауапты амал.