tgindex
𝘧𝘢𝘸𝘢𝘪𝘥.𝘬𝘻𝟣

𝘧𝘢𝘸𝘢𝘪𝘥.𝘬𝘻𝟣

Статистика
@fawaidkz1казахский

اعلم رحمك الله..

Последний пост
23 апр. 2025 г.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
2 054
−6 за 4 дн.
Сутки
−3
−0,15%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
4 230
20 постов
Вовлечённость
205,9%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • Амр ибн ‘Ауф әл-Музаниден (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісіﷺ былай деген: مَنْ أَحْيَا سُنَّةً مِنْ سُنَّتِي فَعَمِلَ بِهَا النَّاسُ كَانَ لَهُ مِثْلُ أَجْرِ مَنْ عَمِلَ بِهَا لَا يَنْقُصُ مِنْ أُجُورِهِمْ شَيْئًا، وَمَنِ ابْتَدَعَ بِدْعَةً فَعُمِلَ بِهَا كَانَ عَلَيْهِ أَوْزَارُ مَنْ عَمِلَ بِهَا لَا يَنْقُصُ مِنْ أَوْزَارِ مَنْ عَمِلَ بِهَا شَيْئًا. «Кімде-кім менің ұмытылып кеткен сүннетімді қайта тірілтсе (жандандырса), сөйтіп адамдар сол сүннетке амал ететін болса, оған сол сүннетке сай амал еткендердің сауабындай сауап жазылады, әрі олардың сауаптары өздерінен еш кемімейді. Ал, енді кім дінде қандай да бір жаңалық (бидғат) ойлап тапса, сөйтіп адамдар сол бидғатқа амал ететін болса, оған сол бидғатқа сай амал еткендердің күнәларында күнә жазылады, әрі олардың күнәлары өздерінен еш кемімейді». 📚(Ибн Мәжәһ (209), Тирмизи (2677). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.)

  • без подписи

  • Аллаһ сүйген пендені адамдар да сүйеді “Ақиқатында, иман келтіріп, ізгі амалдар жасағандарды Рахман (Аллаһ) сүйікті қылады.” (Мәриям, 96) Кейбір адамдарды көрсең, жаның жай тауып, қасынан кеткің келмейді. Саған тікелей пайдасы да, зияны да болмағанымен, бірақ жүрегің оларға жақын тартады. Бұл – Аллаһтың берген ерекше сыйы. Жүрегі иманға толған жанды, Аллаһқа шын берілген пендені адамдар да жақсы көреді. Біз де сондай болуға ұмтылайық!

  • без подписи

  • без подписи

  • Суһейб әр-Руми жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ былай деген: عَجَبًا لأَمْرِ الْمُؤْمِنِ إِنَّ أَمْرَهُ كُلَّهُ خَيْرٌ وَلَيْسَ ذَاكَ لأَحَدٍ إِلاَّ لِلْمُؤْمِنِ إِنْ أَصَابَتْهُ سَرَّاءُ شَكَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ وَإِنْ أَصَابَتْهُ ضَرَّاءُ صَبَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ «Мүміннің жағдайы неткен ғажап (керемет, жақсы). Расында, оның ісінің барлығы ол үшін қайырлы. Әрі ол жағдай мүміннен басқа ешкімге берілмейді. Мүмін адам егер оған бір жақсылық жетсе, соған шүкір етеді де, сол нәрсе оған қайырлы болады. Ал егер оған бір жамандық жетсе, соған сабыр етеді де, сол нәрсе оған қайырлы болады». 📚Муслим (2999).

  • без подписи

  • ҚҰРАНДА КЕЛГЕН, ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ ТІЛЕУ ДҰҒАЛАРЫ. رَبِّ ٱجْعَلْنِى مُقِيمَ ٱلصَّلَوٰةِ وَمِن ذُرِّيَّتِى ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَآءِ Робби ижъәлни муқиимәс-соләәти уә мин зуррияти, роббәнә уә тәқоббәл дуъа. «Раббымыз! Мені және ұрпақтарымды намазды толық орындаушылардан қыл! Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» (ИбраҺим сүресі, 40-аят). رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَٰجِنَا وَذُرِّيَّٰتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍۢ وَٱجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا Роббәнә һәб ләнә мин әзуажинә уә зурриятинә қурротә аъ’уйн, уәж-ъалнә лилмуттақиинә имамә. «Раббымыз! Бізге жұбайларымыз бен ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ, бізді тақуалардың алды қыл!». (Фұрқан сүресі, 74-аят). رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِن ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُّسْلِمَةً لَّكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبْ عَلَيْنَآ إِنَّكَ أَنتَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ Роббәнә уәж-ъәлнә муслимәйни ләкә уә мин зурриятинә умматән муслимәтән ләк, уә әринә мәнәсикәнә уә туб ’аләйнә иннәкә әнтә әт-Тәууәб, әр-Рахим. «Раббымыз! Екеумізді де Өзіңе толық бағынушы үмбет ет және ұрпағымыздан да бағынушы үмбет ете гөр. Бізге құлшылықтарымызды көрсетіп, тәубемізді қабыл ет. Күмәнсіз, Сен – тәубені қабыл етуші, ерекеше мейірімдісің». (Бақара сүресі, 128-аят) ربِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً ۖ إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاءِ Робби һәб ли мин-ләдункә зурриятан тойибатан, иннәкә сәми’уд-ду’а. «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ тарту ет. Күдіксіз Сен – дұға-тілектерді естушісің». (Әли Имран сүрес, 38-аят). رَبِّ لَا تَذَرْنِى فَرْدًا وَأَنتَ خَيْرُ ٱلْوَٰرِثِينَ Робби лә тәзәрни фәрдән уә әнтә хойруль-уәәрисиин. «Раббым! Мені жалғыз (ұрпақсыз) қалдырма. Ақиқатында, Сен – ие болып қалушылардың ең қайырлысысың». (Әнбия сүресі, 89- аят). رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَىٰ وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِي ۖ إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ الْمُسْلِمِينَ Робби әузиъни ән әшкуро ниъмәтәкәл-ләти әнъәмта ъаләйиә уә ъалә уәәлидәйиә уә ән аъмалә солихән тәрдоһу уә аслих ли фи зуррияти, инни тубту иләйкә уә инни минәл-муслимин. «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді және Өзің разы болатын ізгі амал істеуімді жүрегіме кіргізіп, нәсіп ет. Мен үшін ұрпағымдым ізгілерден ет. Мен Саған (күнәлардан) тәубе еттім әрі мен – мұсылмандарданмын». (Ахқаф сүресі, 15-аят).

  • без подписи

  • Имам ән-Науауи (рахимаһуЛлаһ) айтқан: اعلم أن قرأة القرآن آكد الأذكار ،فينبغي المداومة عليها،فلا يخلي عنها يوما و لا ليلة. "Біл! Расында, Құран оқу - зікірлердің ең абзалы. Сондықтан,оны әрдайым оқып жүру қажет. Сондай-ақ, Құран оқуды бір күнге де, бір түнге де тастап қоюға болмайды." 📚(Әл-Әзкар 162). Ибн аль-Қойим (Аллаһ оны рахымына бөлесін): «Егер адамдар Құран оқу мен оған ой жүгіртудің пайдаларын білер болса, (онда) олар бұл іске барлық уақыттарын арнаушы еді. Және сонда, жүректеріне (тыныштық сыйлап) шипа болатын бір аятты тапқанда, оны жүз рет немесе тіпті бүкіл түн бойы қайталаушы еді. Ақиқатында, бір аятты оқып, оған ойлану Құранды толық оқып, бірақ оған еш ой жүгіртпеуден жақсырақ! Расында, Құранды көп оқып, оған ой жүгірту (адамның) рухына  көп пайда беріп,  иманының күшеюіне және Құранның тәттілігін қаттырақ сезінуге себеп болады..» 📚«Мифтах дарис-Саьада» Әл-Хасан әл-Басри рахимахуллаһ былай деген: «Құран - оған сәйкес амал жасаулары үшін түсірілді, бірақ адамдар оны [тек] оқуды – оған амал ету деп ойлады!». 📚 «Мифтах дар әс-са’ада» (537)

  • без подписи

  • Пайғамбарымыз ﷺ айтады: “Өсімқорлық күнәсінің жетпіс дәрежесі бар, оның ең кішісі - ер адамның анасымен некелесуіндей. 📚 (имам Әл-Хаким, имам аз-Захаби және имам әл-Альбани хадисті сахих (сенімді) деген Пайғамбарымыз ﷺ: Жеті опат етуші күнәнің бірі - өсімқорлық,-деген. 📚(«Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 145.) Пайғамбар ﷺ былай деген: «Адамның рибамен тауып жеген бір дирхамы – ол оның риба екенін біліп істеген болса - отыз алты рет зина жасағаннан да жаман» 📚(«әс-Сахиха», 1033). «Риба алушы да, беруші де, оны жазушы да және оған куә болғандар да лағынеттелген.» 📚(Сахих Муслим, 1598)

  • без подписи

  • без подписи

  • Имам Суфян әс-Саури (Аллаһ ол кісіні рахымына бөлесін) айтты: - Жүрегіңнің жұмсақ болуын қаласаң, аз сөйле. - Үндемеуді дос тұтсаң, тақуалыққа қол жеткізесің. - Ешқашан бұл дүниенің уақытша рахаты мен қызығына алданба. - Қызғаншақтық пен көреалмаушылықтан сақтан, сонда өмірің жеңілдейді. - Ешкімге өтірік жала жаппа, сонда өзің де біреудің қиянатынан аман боласың. - Айналаңа мейірімді бол, сонда барлығына сүйікті боласың. - Қолыңда бардың қадірін біл, қанағат тұт, сонда ең бай адамға айналасың. - Ісіңді Аллаһқа тапсырып, Аллаһқа ғана тәуекел ет, сонда сен алмайтын қамал болмайды. - Өзіңе пайдасы жоқ істерге араласып, өзгелермен айтысып, тартысып уақытыңды кетірме. Сонда Аллаһ сені жақсы көреді. - Қай жерде болсаң да, қарапайым, кішіпейіл бол. Сонда барлық істерің ретін тауып, бүтінделеді, берекең артады. - Бар кезіңде аянбай көмектес, сонда ырысың одан сайын тасып, ризығың көбейе түседі. - Кешірімді бол, сол кезде өзің қалағанды Аллаһ алдыңа әкеледі. - Айналаңа мейірімді бол, сонда саған да барлығы жақсылықпен жауап қатады. - Әй, бауырым, күніңнің, түніңнің, сағатыңның, тіпті, минутыңның өзіңе зиян әкелетіндей пайдасыз болып өтіп кетуінен қорық. Уақытты қадірле. Ең соңғы тұраққа жеткенше амал жасап, Аллаһтың алдында тұратын күнге дайындал. Себебі, Аллаһтың мейірімі болмаса, ешкім өз амалымен Жәннатқа жете алмайды. Ал Аллаһтың мейірімін тек Оған бойұсынып, бұйрығын орындау арқылы ғана ала аласың. - Ендеше, Аллаһтың мейіріміне қарай асық. Аллаһтың рахымына қарай жүгір! 📚(Хилиәту әл-әулия, 8/82)

  • без подписи

  • без подписи

  • Аллаһ елшісі ﷺ Муазға (Аллаһ одан разы болсын): Мен саған бір дұғаны үйретейін, егер сен сол арқылы Аллаһтан сұрасаң, Аллаһ сенің Ухуд тауындай қарызың болса да, қайтарып қояды. Ей, Муаз! Былай де: اللَّهمَّ مالِكَ الملْكِ تُؤتي الملكَ من تشاءُ وتنزِعُ الملكَ ممَّن تشاءُ وتُعِزُّ من تشاءُ وتُذِلُّ من تشاءُ بيدِك الخيرُ إنَّك على كلِّ شيءٍ قديرٌ رحمنَ الدُّنيا والآخرةِ ورحيمَهما تعطيهما من تشاءُ وتمنعُ منهما من تشاءُ ارحَمْني رحمةً تُغنيني بها عن رحمةِ من سواك «Аллаһуммә Мәликәл-мульк ту’тил-мулькә мән тәшә’ уә тәнзиъуль-мулькә мән тәшә’, уә туъиззу мән тәшә’ уә тузиллу мән тәшә’, биядикәл-хойру иннәкә ‘алә кулли шәй-ин Қодир, Рахманәд-дунья уәл-ахироти уә Рахимаһумә, туътиһимә мән тәшә’ уә тәмнәъу минһумә мән тәшә’, ирхамни рохматән туғнини биһә ‘ан рохмати мән сиуәк». Аллаһым, барша мүліктің Иесі, қалағаныңа мүлікті беріп, қалағаныңнан оны суырып аласың, қалағаныңды құрметті қылып, қалағаныңды қорлап қоясың. Жақсылықтың барлығы – сенің қолыңда, ақиқатында Сен – барлық нәрсеге Құдіреттісің. Дүние мен ақыреттің Рақымдысы әрі Мейірімдісі де Өзіңсің. Рақымдылығың мен мейірімділігіңді қалаған құлыңа жіберіп, қалаған құлыңнан тосасың. Ендеше мені өзгелердің мейірімділігіне мұқтаж етпейтіндей Өзіңнің кең мейіріміңе алғайсың. 📚 Әт-Тарғиб уәт-Тарһиб (3/55).

  • Пайғамбар ﷺ былай деген: Расында, бір адам Аллаһтың ашуын келтіретін бір сөз сөйлеуі, әрі өзінің [осы сөзі] қаншалықты Аллаһтың ашуын қоздыратындығы туралы ойламауы да мүмкін. Ал Аллаһ оған осы сөзінің себебімен, онымен кездесетін күнге дейін, Өзінің ашуын танытады. 📚(Тирмизи)