tgindex
Мұсылман естеліктері

Мұсылман естеліктері

Статистика
@muslimsnotesРелигияказахский

Ислам дінін сенімді дереккөздерден баяндауға бағытталған арна Біздің YouTube: https://youtube.com/channel/UCwXN_-5d1FGFLNGGCHTi3lg Арнаның бас редакторы: @altayberish

Последний пост
27 мая
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
3 481
0 за 4 дн.
Сутки
−2
−0,06%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
2 765
20 постов
Вовлечённость
79,4%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 27 мая1 8121012из muslimsnotes

    Құрметті арнамыздың оқырмандары! Назарларыңызға жаңа pdf нұсқадағы кітапшаны ұсынамыз. Құрбандық шалу: үкімдері мен шарттары

  • 27 мая1 805142

    Қадірменді мұсылман ағайын! «Мұсылман естеліктері» арнасы атынан баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Аллаһ Тағала баршамыздың жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етіп, еліміз бен жерімізге тыныштық, ынтымақ пен береке нәсіп етсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен амандық сыйлап, келесі айттарға аман-есен жеткізе берсін!

  • 26 мая1 804106из muslimsnotes

    Арафа күні ораза ұстаудың артықшылығы Әбу Қатәдә (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Арафа күні ораза ұстау – өткен жылғы және келесі жылдың күнәлары үшін өтеуі болады деп Аллаһтан үміт етемін» [1]. Басқа риуаятында: «Аллаһ Елшісінен ﷺ Арафа күнінің оразасы жайында сұралғанда: «Бұл күннің оразасы өткен бір жылғы және келер бір жылғы күнәларға кәффарат (кешірім) болады», - деп жауап берген [2]. Хафиз Нәуәуи (Аллаһ оны рақымына бөлесін) осы хадисті былай түсіндірген: «Ғалымдар айтады: Бұл жерде кіші күнәлар меңзелген [үлкен күнәлардың кешірілуі үшін бұл жеткіліксіз, міндетті түрде бөлек тәубе ету керек]. Алайда, егер оның кіші күнәлары болмаса, үлкен күнәлары жеңілдетуі үміт етіледі. Ал егер үлкен де, кіші де күнәлары болмаса, оған сауаптар жазылып, дәрежелері көтеріледі» [3]. Дегенмен, Арафа күні оразасының артықшылығы тек осы бір хадиспен шектелмейді. Бұл күннің оразасы — Құран аяттары мен басқа хадистерде келтірілген жалпы ораза ұстаудың ұлы артықшылықтарына да кіретіні есте болғаны жөн. [1] Муслим 1162 [2] Муслим 1162 [3] Қараңыз: Нәуәуидің "المنهاج" кітабы (8-том, 51-бет) @muslimsnotes

  • 26 мая1 39175из muslimsnotes

    Имам Ибн Ражәб (795 һ.ж.; Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады: "Арафа күні – тозақтан азат етілу күні. Осы күні Аллаһ Тағала Арафат алқабында тұрғандарды да, Арафатта бола алмаған өз еліндегі мұсылмандарды да тозақтан босатады. Сондықтан да Арафадан кейінгі күн (Құрбан айт күні) – қажылыққа барғандар мен бара алмаған барлық мұсылмандар үшін ортақ мейрамға алналды. Өйткені Арафа күні – олардың барлығы үшін тозақтан азат етілу мен Аллаһтың кешіріміне бөлену мүмкіндігі берілген ортақ күн болды". Қайнаркөз: Ибн Ражәбтың "لطائف المعارف" кітабы (482-бет) @muslimsnotes

  • 26 мая1 51596из muslimsnotes

    Құлдар тозақтан ең көп босатылатын күн – Арафа күні Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елішісі ﷺ айтады: «Аллаһ Тағала пенделерін тозақтан ең көп құтқаратын күн – Арафа күні. Сол күні Аллаһ Тағала пенделеріне жақындап, періштелерінің алдында оларды мақтаныш етіп: "Мына құлдарым не қалайды?" – дейді» [1]. Абдулла ибн Амрдің (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) риуаятында бұл мағына былайша толықтырылған: «Аллаһ Тағала Арафа алқабындағы құлдарымен періштелердің алдында мақтанып: "Қараңдаршы! Олар шаштары ұйпаланған, үсті-басы шаң болып, арнайы Маған келді. Олар Мені көрмесе де, мейірімімді үміт етіп, азабымнан қорқады", – дейді» [2]. Хадистен алынатын пайдалар: Бірінші пайда: Бұл хадис – Арафа күнінің ерекше артықшылығына дәлел. Осы күні Аллаһ Тағала құлдарына ерекше мейірім мен кеңшілік танытады. Арафа күні Аллаһ құлдарын тозақтан ең көп құтқарады, оларға жақындайды, періштелерге олардың кешірілгенін жария етеді әрі олармен мақтанады. Бізді де Аллаһ Тағала осы құлдарының қатарына қоссын! Екінші пайда: Бұл хадис Аллаһтың «жақындау» (الدُّنُوُّ) деген сипатына дәлел. Бұл – Аллаһ Тағаланың Өз еркімен жүзеге асыратын іс-әрекет сипаттарының бірі. Әһлу-Суннә уәл-Жамаға бұл сипатқа былай иман келтіреді: - ешбір жаратылысқа ұқсатпайды; - қалай екеніне кіріспейді; - мағынасын жоққа шығармайды; - мағынасын өзгертіп, бұрмаламайды. Сондықтан Аллаһтың көркем есімдерінің бірі — «әл-Қариб» (Жақын). [1] Муслим 1348 [2] Ахмад 7089 @muslimsnotes

  • 23 мая1 577513из altayberish

    без подписи

  • 23 мая1 516418из muslimsnotes

    @muslimsnotes редакциясы pdf нұсқада жаңа кітапшаны ұсынады 📖 Қажылық жолбасшысы

  • 15 мая2 398117

    Зекет Зекет — бұл пайдасы тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға тиетін ұлы парыз. Ол мүмін адамға Исламның биік мақсаттарын сездіреді: мейірім, жанашырлық, сүйіспеншілік және мұсылмандардың өзара жәрдемдесуі. Мұсылман адам берген малына «мен жақсылық жасап жатырмын» деп міндетсіне қарамауы керек. Өйткені зекет беру — Аллаһтың оның мойнына жүктеген міндеті. Екіншіден, оның барлық мал-мүлкі — шын мәнінде, Аллаһтың иелігіндегі нәрсе, ал адам сол дүниеге уақытша ие етілген. Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһтың сендерге берген байлығынан оларға [жәрдем ретінде зекет, садақа] беріңдер» [Нұр сүресі, 33]. Тағы бір аятта: «Аллаһқа және Оның елшісіне иман келтіріңдер әрі сендерді иелік етуші етіп қойған мал-дүниелеріңнен [ізгі амалдарға] жұмсаңдар. Расында, араларыңдағы иман келтіріп, садақа берген жандарға үлкен сауап дайындалған» [Хадид сүресі, 7]. https://t.me/mulimsnotes

  • 23 мар.3 5642314из muslimsnotes

    Имам Хасан әл-Басри (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады: «Расында, Аллаһқа күнә жасамай өткізген әр күнің — сен үшін айт (мейрам)». Дереккөз: Ибн Ражәбтың “لطائف المعارف” кітабы (512-бет) @muslimsnotes

  • 20 мар.3 954229из muslimsnotes

    Айт — шариғат бекіткен ұлы мейрам Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Әрбір қауымның өз мейрамы бар, ал (Ораза айт пен Құрбан айт) бұл — біздің мейрам» [1]. Хафиз Ибн Хажар (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады: «Айт күндері қуаныш пен шаттық білдіру — бұл діннің ұлы нышандарының бірі» [2]. [1] Бухари 952, Муслим 895 [2] Ибн Хажәрдің “فتح الباري” кітабы (2-том, 443-бет) @muslimsnotes

  • 19 мар.3 319484

    Құрметті «Мұсылман естеліктері» оқырмандары. Сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз. Алла Тағала баршамыздың Рамазан айында жасаған ғибадаттарымызды қабыл етіп, елімізге тыныштық пен береке нәсіп етсін!

  • 11 мар.4 4153235

    Назарларыңызға «Қадір түні» атты қысқа мақаламызды ұсынамыз. Бұл мақалада осы ұлы түннің қадірі, мүмкіндікті жіберіп алмаудың маңызы және мұсылман жүрегіне арналған естеліктер баяндалады. «Мұсылман естеліктері» арнасы оқырмандарына пайдалы болады деп үміттенеміз.

  • 10 мар.3 9481913

    Рамазан айының соңғы он түні Рамазан айының соңғы он түні — мұсылмандар үшін ең қадірлі әрі ең берекелі уақыттардың бірі. Бұл түндердің ерекше маңызға ие болуының бір себебі — олардың қасиетті Рамазан айының соңына сәйкес келуі. Себебі амалдың шынайы қадірі оның қалай аяқталғанымен бағаланады. Бұл жайында Аллаһ Елшісі ﷺ: «Шын мәнінде, амалдар соңымен бағаланады» [1], – деген. Сондықтан Рамазан айының алғашқы күндерін Аллаһ талап еткендей лайықты түрде өткізе алмаған пенде үшін жіберген кемшіліктерін өтеуге үлкен мүмкіндік бар. Ол — соңғы он түнді бар ықыласымен құлшылыққа арнау. Пайғамбарымыз ﷺ бұл түндердің қадірін ерекше бағалап, оларды өзгеше құлшылықпен өткізетін болған. Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді: «Аллаһ Елшісі ﷺ Рамазанның соңғы он түнінде басқа кездерге қарағанда, құлшылыққа әлдеқайда ерекше күш салатын» [2]. Cөзсіз, бұл — мүміндерге үлкен өнеге. Өйткені Аллаһтың ең соңғы елшісі әрі ең сүйікті құлы, тақуалар мен мүміндердің ең алдыңғысы болған және өткен-келер күнәларының барлығы кешірілген Пайғамбарымыздың өзі Рамазан айының соңғы он түнін осындай дәрежеде өткізген болса, біз секілді күнәға батқан құлдар үшін бұл уақытты қалай бағалау керектігі айтпаса да түсінікті. Бұған қоса, Пайғамбарымыз ﷺ бұл түндерде құлшылықты тек өзі орындаумен шектелмей, отбасын да соған ынталандырып, оларды ұйқыларынан оятып, ғибадатқа шақыратын еді. Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді: «Рамазанның соңғы он түні кіргенде Пайғамбарымыз белін байлап, түнін [құлшылықпен] тірілтіп, отбасын оятатын» [2]. “Белін байлайтын” — яғни, әйелдерінен оқшауланып, ғибадатқа ерекше көңіл бөлетін. Мейірімді АллаһТағала баршамызды бұл қасиетті түндерді бос жіберуден сақтап, оларды ықыласпен құлшылық жасап өткізуге жәрдем еткей. [1] Бухари 6607 — Сәһл ибн Сағттан [2] Муслим 1175 [3] Бухари 2024, Муслим 1124 https://t.me/mulimsnotes

  • 28 февр.3 4143712из muslimsnotes

    Ел амандығы — баға жетпес ұлы нығмет Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен сәлеметі болсын) Аллаһ Тағалаға былай деп дұға еткен: ﴿رَبِّ ٱجۡعَلۡ هَٰذَا ٱلۡبَلَدَ ءَامِنٗا وَٱجۡنُبۡنِي وَبَنِيَّ أَن نَّعۡبُدَ ٱلۡأَصۡنَامَ...﴾ «Уа, Раббым! Бұл елді-мекенді бейбіт әрі аман қыла көр! Сондай-ақ мені де, ұрпағымды да пұттарға табынудан аулақ ет…» [1] Содан кейін ол басқа да түрлі тілектерін сұрады. Имам Шәукәни (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін) осы аяттардың тәпсірінде былай дейді: «Ибраһим пайғамбар көптеген тілектерінің алдына ең әуелі елінің амандығын бірінші қойып сұрады. Себебі елден тыныштық пен бейбітшілік кетсе, адам баласы діні мен дүниесінің ешбір ісіне көңіл бөле алмайды» [2]. Уа, Раббымыз! Қазақ елімізге және басқа да мұсылман елдеріне мәңгі бейбітшілік пен аманшылық нығметін нәсіп ет! [1]Ибраһим сүресі, 35-аят [2] Шәукәнидің “فتح القدير” кітабы 3-т., 134-бет @muslimsnotes

  • 27 февр.3 3022114

    Мұқтаж адамның садақасы Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Бір дирһам (сауабы жағынан) жүз мың дирһамнан асып түсті». Сонда сахабалар: — Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл қалай? — деп сұрағанда, Ол ﷺ: «Бір адамның екі-ақ дирһамы бар еді, ол соның біреуін [қиып] садақаға берді. Ал екінші бір адамның мол дүниесі бар еді, сол байлығының бір шетінен [қиналмастан] жүз мың дирһам садақа етті», — деп жауап берді [1]. Тағы бір хадисте: — Уа, Аллаһтың Елшісі, садақаның ең абзалы қайсысы? — деп сұралғанда, Ол ﷺ: «Дүниесі аз бола тұра, шамасы келгенше, нәпсісімен күресіп шығарған садақа», — деген [2]. Имам Ибн Қайим (Аллаһ оны рақымына бөлесін) осы хадистерді түсіндіре келе былай дейді: «Бұл хадистердің барлығы кедей адамның барын салып берген садақасы — дәулетті адамның мал-мүлкінің аз ғана бөлігінен берген көп садақасынан артық болатынын көрсетеді. Өйткені Аллаһтың алдында амалдар олардың санына не сыртқы көрінісіне қарай емес, оған түрткі болған ықыластың күшіне, орындаушының адалдығы мен шынайылығына, әрі Аллаһты өз нәпсісінен жоғары қоюына қарай таразыланып, бағаланады. [Ойлап қараңызшы:] Өзіне азық болып тұрған жалғыз нанын Аллаһ разылығы үшін берген адамның садақасы мен байлығының бір шетінен ғана жүз мың дирһамды еш қиналмай шығарған адамның садақасы тең бола ма?! Әлбетте, әлгі адамның бір тілім наны мен бір дирһамы таразыда екінші адамның жүз мыңынан ауыр түседі. Аллаһтан ғана жәрдем тілейміз» [3]. [1] Нәсәи 2527 — Әбу Һурайрадан [2] Әбу Дәуд 1677, Ахмад 8702 — Әбу Һурайрадан [3] Ибн Қайим عدة الصابرين кітабы, 235-бет https://t.me/mulimsnotes

  • 26 февр.3 0022810

    Кез келген құлшылықтың өзегі әрі ең маңызды бөлігі — Аллаһты еске алу. Ол қаншалықты көбейсе, амалдың салмағы да соншалықты ауырлап, сауабы артып, құлдың дәрежесі биіктей түседі. Сондықтан ораза ұстаушылар ішіндегі ең абзал адам — оразасы кезінде Аллаһты ең көп еске алып, тілі мен жүрегін көркейткен жан. Қараңыз: Ибн Қайим الوابل الصيب кітабы 181-бет

  • 22 февр.3 6962131из muslimsnotes

    Түңгі намаздарда ата-ана үшін дұға жасаудың маңыздылығы Аса көрнекті ғалым шейх Ибн Усәймин (Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады: «Тарауих немесе түңгі намазда әкең үшін [Аллаһқа] дұға жасағаның — оның атынан он түйе сойғаныңа қарағанда әлдеқайда абзал» [1]. ﴿رَبَّنَا ٱغۡفِرۡ لِی وَلِوَ ٰ⁠لِدَیَّ وَلِلۡمُؤۡمِنِینَ یَوۡمَ یَقُومُ ٱلۡحِسَابُ﴾ «Уа, Раббымыз! [Алдыңа тұрып] есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре көр» [2]. ﴿رَّبِّ ٱرۡحَمۡهُمَا كَمَا رَبَّیَانِی صَغِیرࣰا﴾ «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр» [3]. [1] Шейхтің الباب المفتوح атты жүздесуі (115) [2] Ибраһим сүресі, 41-аят [3] Исра сүресі, 24-аят @muslimsnotes

  • 21 февр.3 1441514

    Ораза ұстаушының ауыз иісі жайында Аллаһ Елшісі ﷺ айтады: «Расында, ораза ұстаушының ауыз иісі Қиямет күні Аллаһтың алдында мисктен (жұпар иісінен) де жағымды» [1]. Имам Ибн Ражәб (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады: «Бұл жерде екі маңызды мағына бар: Біріншісі, ораза — бұл дүниедегі құл мен Аллаһтың арасындағы құпия құлшылық. Аллаһ Тағала оны Ақырет күнінде адамдардың алдында айқын етеді. Осылайша, дүниеде ораза ұстағандар ел арасында оразаларымен [және ерекше жұпар иістерімен] танылады. Бұл - олардың дүниеде оразаларын жасырғандарының сыйы. Екіншісі, кім бұл дүниеде Аллаһқа құлшылық етіп, әміріне құлақ асып, Оның разылығын ізгі амал арқылы іздесе, сол амалының нәтижесінде адамдарға ұнамсыз көрінетін кейбір нәрселер байқалуы мүмкін. Алайда оның барлығы Аллаһтың алдында сүйікті де жағымды болады. Себебі бұл көріністер Аллаһқа деген мойынсұну мен Оның разылығын іздеудің нәтижесінде пайда болды. Ақиқатында, Пайғамбарымыздың ﷺ бұл хадисі — Аллаһ үшін жасалған амалдарының нәтежесінде пайда болған кейбір ұнамсыз көріністерді жек көрмеу үшін, амал етушілердің жүректеріне жұбату болып есептеледі» [2]. [1] Муслим, 1151 - Әбу Һурайрадан [2] Қараңыз: Ибн Ражәб لطائف المعارف кітабы (286-288-беттер) @muslimsnotes

  • 20 февр.2 9121820

    Ораза ұстаушының қуанышы Аллаһ Елшісі ﷺ айтады: «Ораза ұстаған адамға екі қуаныш бар: бірі ауызын ашқанда, екіншісі Раббысымен қауышқанда» [1]. • Ауыз ашқан кездегі қуанышы — Аллаһтың нәсіп еткен нығметіне, құлшылықты толық орындағанына деген қуаныш. Аллаһ Тағала былай дейді: قُلۡ بِفَضۡلِ ٱللَّهِ وَبِرَحۡمَتِهِۦ فَبِذَ ٰ⁠لِكَ فَلۡیَفۡرَحُوا۟ هُوَ خَیۡرࣱ مِّمَّا یَجۡمَعُونَ «[Уа, Мухаммад,] оларға айт: Бұл — тек Аллаһтың шексіз кеңшілігі мен мейірімінің арқасы. Ендеше олар осыған ғана қуансын. Өйткені бұл олардың барлық жинаған дүниелерінен әлдеқайда артық» [2]. • Раббысымен қауышқандағы қуанышы — Қиямет күні ұстаған оразасының мол сауабын тапқандағы қуанышы. Бұл - мәңгілік және ең үлкен қуаныш. Аллаһ Тағала айтады: یَوۡمَ تَجِدُ كُلُّ نَفۡسࣲ مَّا عَمِلَتۡ مِنۡ خَیۡرࣲ مُّحۡضَرࣰا «Сол күні (Қияметте) барлық жан дүниеде жасаған әрбір игі амалын алдынан табады» [3]. [1] Бухари, 1904, Муслим 1151 — Әбу Һурайрадан [2] Иунус сүресі, 58-аят [3] Әлу Имран сүресі, 30-аят @muslimsnotes

  • 19 февр.2 8212016из muslimsnotes

    Ораза – Аллаһ үшін және оның сыйын Аллаһ Өзі береді Аллаһ елшісі ﷺ айтады: «Адам баласының әрбір амалы өзі үшін, ал жақсылық он есе сауаптан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі. Алла Тағала айтады: «Тек ораза – ол Мен үшін және оның сауабын Мен Өзім беремін. Өйткені пендем құмарлығы мен ас-суын тек Мен үшін тастады»» [1]. Имам Ибн Ражаб (Аллаһ оны рақымына алсын) осы хадиске былай түсініктеме берген: «Барлық амалдар он есе сауаптан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі, алайда оразаның сауабы белгілі бір санмен шектелмейді. Аллаһ Тағала оның сауабын шексіз түрде еселеп арттырады, себебі ораза – сабырдың бір түрі. Ал Аллаһ Тағала: ﴿إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّٰبِرُونَ أَجۡرَهُم بِغَيۡرِ حِسَابٍ﴾ «Шын мәнінде, сабыр етушілердің сауаптары есепсіз беріледі» [2], - деген» [3]. [1] Бухари (1894), Муслим (1151) – Әбу Һурайрадан [2] Зумәр сүресі 10-аят [3] Ибн Ражәб "لطائف المعارف" кітабы 268-бет @mulimsnotes