tgindex
А

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

Статистика
@abuxanifaрусский

📖 Жоба ислам ғылымдарының дамуына өте зор үлес қосқан имам Абу Ханифаның мирасын, яғни сахабалар түсінуіндегі Құран мен Сүннетті насихаттауға арналған

Последний пост
15 авг.
Последнее чтение
ещё не заходили
Постов за неделю
2
Всего постов
37
Тип
открытый
Язык
русский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
1 341
−1 за 4 дн.
Сутки
+1
+0,07%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
332
37 постов
Вовлечённость
24,8%
к подписчикам
Постов в день
0,3
всего 37
Упоминаний
5
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
105
1/48двое суток
120
1/72трое суток
129

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 🎙🔈 Мәуліт және Пайғамбарымызға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шынайы махаббат Видео: https://youtu.be/x3qBHhxqkoE?feature=shared Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайтының редакциясы Қосымша материалдар: 📌 Шейх Ибн әл-Усайминнің мәуліт туралы сөздері https://t.me/abuxanifa/2164 📌 Мәуліт туралы викторина https://t.me/abuxanifa/889 📌 Ханафи мазхабының үлкен имамдары мәулітке тыйым салғандығы туралы https://t.me/abuxanifa/2163 📌 Біз Құран мен Сүннетті сахабалар түсініп ұстанғандай етіп түсініп ұстанумыз керек https://t.me/abuxanifa/724 📌 Шейх М. әл-Әлбанидің мәулітті жақтайтын адаммен ғылыми пікірталасы https://t.me/bilim_baqshasy/556 📌 📖🎙Мәулітті тойлайтындардың 13 күмәнді дәйектері және оларға ханафи мазһабы ғалымдарының жауаптары https://t.me/baqyt_kilti/488?single https://t.me/baqyt_kilti/307

  • Жиырма бесінші хадис عَنْ أَبِي ذَرٍّ-رضي الله عنه- أَيْضًا: أَنَّ نَاسًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللهِ - ﷺ - قَالُوا: يَا رَسُولَ اللهِ ذَهَبَ أَهْلُ الدُّثُورِ بِالأُجُورِ يُصَلُّونَ كَمَا نُصَلِّي وَ يَصُومُونَ كَمَا نَصُومُ وَ يَتَصَدَّقُونَ بِفُضُولِ أَمْوَالِهِمْ. قَالَ: " أَوَلَيْسَ قَدْ جَعَلَ اللهُ لَكُمْ مَا تَصَدَّقُونَ: إِنَّ بِكُلِّ تَسْبِيحَةٍ صَدَقَةً وَ كُلِّ تَكْبِيرَةٍ صَدَقَةً وَ كُلِّ تَحْمِيدَةٍ صَدَقَةً وَ كُلِّ تَهْلِيلَةٍ صَدَقَةً وَ أَمْرٌ بِمَعْرُوفٍ صَدَقَةٌ وَ نَهْيٌ عَنْ مُنْكَرٍ صَدَقَةٌ وَ فٍي بُضْعِ أَحَدِكُمْ صَدَقَةٌ، فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللهِ أَيَأْتِي أَحَدُنَا شَهْوَتَهُ وَ يَكُونُ لَهُ فِيهَا أَجْرٌ؟ قَالَ: أَرَأَيْتُمْ لَوْ وَضَعَهَا فِي حَرَامٍ أَكَانَ عَلَيْهِ وِزْرٌ؟ كَذَلِكَ لَوْ وَضَعَهَا فِي الْحَلاَلِ كَانَ لَهُ أَجْرٌ " ( حديث صحيح رَوَاهُ مُسْلِمٌ ) ✍🏼 Абу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізіледі: «Бірде Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) кейбір сахабалары оған келіп: «Уа Аллаһтың елшісі! Бай адамдар барлық сауапты алып қойды. Олар да біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза ұстайды, бірақ олар өздерінің артық байлығынан садақа береді», – деді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаһ сендерге де садақа беретін нәрсе жасап қойды емес пе? Әрбір тасбих (Субхан-Аллаһ) – садақа, әрбір тәкбир (Аллаһу Әкбар) – садақа, әрбір тахмид (Әлхамду ли-Лләһ) – садақа, әрбір тахлил (лә иләһа иллә-Ллаһ) – садақа. Жақсылыққа шақыру – садақа, жамандықтан қайтару – садақа. Тіпті сендердің біріңнің жұбайымен қосылуы да – садақа», - деді. Сахабалар: «Уа Аллаһтың Елшісі! Біздің әлдебіреуіміз өз шахуатын қандыратыны үшін де оған сауап жазылады ма?» – деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер ол мұны харам жолмен істесе, оған күнә жазылар еді ғой, солай ма? Сол сияқты, егер ол мұны халал жолмен істесе, оған сауап жазылады», - деп жауап берді. 📚Хадисті Муслим риуаят еткен.

  • 📍ЕЛУ ҮШІНШІ ТАРАУ: 🌘 «Уа Аллаһ, егер қаласаң, мені кешір!» – деп айту таралы ✍ Әл-Бухаридің «Сахихында» Абу Хурайраның, оған Аллаһ разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені туралы хадисі жеткізіледі: “Сендердің ешқайсыларың: «Уа, Аллаһ, егер қаласаң, мені кешір», - немесе: «Уа Аллаһ, егер қаласаң, мені рахым ет», - деп айтпасын. Қалаған нәрсесін табанды түрде сұрасын, өйткені ешнәрсе Аллаһты әлдебір нәрсеге мәжбүрлей алмайды” 📚 әл-Бухари, 6339; Муслим, 2679

  • 🔉 من سلسلة المواعظ والخطب "مفتاح الجنة" فضل العلم القسم الثاني اللغة القازاقية المترجم طلعت أبو علي "Бақыт кілті" уағыздар мен құтпалар топтамасынан 📖🎙🔉 "Білімнің артықшылығы" Екінші бөлім 🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

  • 📖🎙🔈 Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ықшамдалған сипаттамасы және өмірбаяны кітабын оқу - Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әскери жорықтарына қысқаша шолу - Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеден өтуі. - Қорытынды дұға

  • 📖🎙🔈 Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ықшамдалған сипаттамасы және өмірбаяны кітабын оқу 📌 10. Хижраның 4-10-шы жылдарында орын алған оқиғалар. - Бир Мағунадағы қайғылы оқиға - Бану надир тайпасына қарсы жорық - әл-Мурайсиғ жорығы - әл-Хандак шайқасы - әл-Худайбия келісімі - Хайбар жорығы - Мута шайқасы - Меккенің ұлы ашылуы - Путтарды қирату - Хунайн шайқасы - Табук жорығы - Делегациялар жылы - Абу Бакрдың басшылығындағы қажылық - Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығы

  • Жиырма төртінші хадис عَنْ أَبِي ذَرٍّ الْغِفَّارِيِّ -رضي الله عنه- قَالَ عَنْ رَسُولِ اللهِ - ﷺ- فِيمَا يَرْوِيهِ عَنْ رَبِّهِ -عز وجل-: "يَا عِبَادِي إِنِّي حَرَّمْتُ الظُّلْمَ عَلَى نَفْسِي وَجَعَلْتُهُ بَيْنَكُمْ مُحَرَّمًا فَلاَ تَظَالَمُوا، Абу Зарр әл-Ғифариден (Аллаһ оған разы болсын) оның былай дегені жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің Аса Ұлы Раббысының мына сөздерін жеткізді: «Әй құлдарым! Шындығында, Мен Өзіме зұлымдық-әділетсіздікті харам еттім әрі оны сендердің араларыңда да харам еттім. Ендеше бір-бірлеріңе зұлымдық-әділетсіздік жасамаңдар! يَا عِبَادِي كُلُّكُمْ ضَالٌّ إِلاَّ مَنْ هَدَيْتُهُ فَاسْتَهْدُونِي أَهْدِكُمْ، Әй құлдарым! Шындығында, сендердің бәрің адасқансыңдар, тек Мен тура жол көрсеткендерден басқаларың. Ендеше, Менен тура жол сұраңдар, сонда Мен сендерді тура жолға саламын! يَا عِبَادِي كُلُّكُمْ جَائِعٌ إِلاَّ مَنْ أَطْعَمْتُهُ فَاسْتَطْعِمُونِي أُطْعِمْكُمْ، Әй құлдарым! Сендердің бәрің ашсыңдар, тек Мен тамақтандырғандардан басқаларың. Ендеше, Менен ризық сұраңдар, сонда Мен сендерді ризықтандырамын! يَا عِبَادِي كُلُّكُمْ عَارٍ إِلاَّ مَنْ كَسَوْتُهُ فَاسْتَكْسُونِي أَكْسُكُمْ، Әй құлдарым! Бәрің жалаңашсыңдар, тек Мен киіндіргендерден басқаларың. Ендеше, Менен киім сұраңдар, сонда Мен сендерді киіндіремін! يَا عِبَادِي إِنَّكُمْ تُخْطِئُونَ بِاللَّيْلِ وَ النَّهَارِ وَ أَنَا أَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا فَاسْتَغْفِرُونِي أَغْفِرْ لَكُمْ، Әй құлдарым! Шындығында, сендер күндіз-түні күнә жасайсыңдар, ал Мен барлық күнәларды кешіремін. Ендеше, Менен кешірім сұраңдар, сонда Мен сендерді кешіремін! يَا عِبَادِي، إِنَّكُمْ لَنْ تَبْلُغُوا ضَرِّي فَتَضُرُّونِي، وَ لَنْ تَبْلُغُوا نَفْعِي فَتَنْفَعُونِي. Әй құлдарым! Шындығында, сендер Маған еш зиян тигізе алмайсыңдар әрі Маған еш пайда да келтіре алмайсыңдар! يَا عِبَادِي لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَ آخِرَكُمْ وَ إِنْسَكُمْ وَ جِنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أَتْقَى قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ مَا زَادَ ذَلِكَ فِي مُلْكِي شَيْئًا، Әй құлдарым! Егер сендердің алғашқыларың және соңғыларың, адамдар мен жындарың, араларыңдағы ең тақуа біреуіңнің жүрегі секілді тақуа болсаңдар да, бұл Менің иелігіме ештеңе қоспас еді! يَا عِبَادِي لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَ آخِرَكُمْ وَ إِنْسَكُمْ وَ جِنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أَفْجَرِ قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ مَا نَقَصَ ذَلِكَ فِي مُلْكِي شَيْئًا، Әй құлдарым! Егер сендердің алғашқыларың және соңғыларың, адамдар мен жындарың, араларыңдағы ең бұзақының жүрегі секілді бұзақы болсаңдар да, бұл Менің иелігімнен еш нәрсе кемітпес еді! يَا عِبَادِي لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَ آخِرَكُمْ وَ إِنْسَكُمْ وَ جِنَّكُمْ قَامُوا فِي صَعِيدٍ وَاحِدٍ فَسَأَلُونِي فَأَعْطَيْتُ كُلَّ وَاحِدٍ مَسْأَلَتَهُ مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِمَّا عِنْدِي شَيْئًا إِلاَّ كَمَا يَنْقُصُ الْمِخْيَطُ إِذَا أُدْخِلَ الْبَحْرَ، Әй құлдарым! Егер сендердің алдыңғыларың да, соңғыларың да, адамдар мен жындарың да бір жерге жиналып, бәрі Менен сұраса, және Мен әрқайсысына сұрағанын берсем, бұл Менің иелігімнен, теңізге батырып алынған ине теңізден ешнәрсені кемітпейтіндей, ешнәрсе кемітпес еді. يَا عِبَادِي إِنَّمَا هِيَ أَعْمَالُكُمْ أُحْصِيهَا لَكُمْ ثُمَّ أُوَفِّيكُمْ إِيَّاهَا، فَمَنْ وَجَدَ خَيْرًا فَلْيَحْمَدِ اللهَ، وَ مَنْ وَجَدَ غَيْرَ ذَلِكَ فَلاَ يَلُومَنَّ إِلاَّ نَفْسَهُ " Әй құлдарым! Шындығында, бұл – сендердің амалдарың, Мен оларды сендер үшін есептеп жазып, кейін олар үшін не сый, не жазаларыңды беремін. Ендеше, кім жақсылық (жасағанын) тапса, Аллаһқа мақтау айтсын! Ал кім бұдан басқасын тапса, онда өзінен басқа ешкімді кінәламасын!». 📚( حديث صحيح رَوَاهُ مُسْلِمٌ ) (Хадисті Муслим жеткізген).

  • 📖🎙Жалғыз Аллаһқа құлшылық ету кітабы 📍 ЕЛУ ЕКІНШІ ТАРАУ: 🌘 «Аллаһқа әс-сәләм (есендік-бейбітшілік) болсын» («әс-сәләму ғалә Аллаһ») деп айтуға болмайтындығы туралы ✍ Әл-Бухаридің «әс-Сахихында» Ибн Масғудтың, оған Аллаһ разы болсын, мына хадисі келтіріледі: «Біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге намазда тұратын кезімізде: «Ассәләму ғалә-Ллаһ» (Аллаһқа есендік-бейбітшілік болсын), пәленге және пәленге әс-сәләм...», - деп айтатынбыз. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны естіп, бізге: «"Әс-сәләму ғалә Аллаһ" (Аллаһқа әс-сәләм), - деп айтпаңдар, өйткені Аллаһ – Ол Өзі әс-Сәләм», - деп айтты» 📚 әл-Бухари, 835; Муслим, 402

  • 📖🎙🔈 Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ықшамдалған сипаттамасы және өмірбаяны кітабын оқу 📌9. Хижра және пайғамбарлықтың мединалық кезеңі. - Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) хижра жасауы - Құба мешітінің салынуы - Пайғамбар мешітінің салынуы - Яһудилерді өзара бітімгершілікке келтіру - Жиһадтың рұқсат етілуі - Ұлы Бадр шайқасы - Бану қайнуқағ жорығы - Ухуд шайқасы

  • 📌 Толық жұма күні және оның әдептері туралы білгіңіз келсе... https://t.me/menin_namazum/312

  • Жиырма үшінші хадис عَنْ أَبِي مَالِكٍ الْحَارِثِ بْنِ عَاصِمٍ الأَشْعَرِيِّ - رضي الله عنه - أَنَّ رَسُولَ اللهِ -ﷺ- قَالَ: " الطُّهُورُ شَطْرُ الْإِيـمَانِ وَ الْحَمْدُ لِلَّهِ تَمْلأُ الْمِيزَانَ وَ سُبْحَانَ اللهِ وَ الْحَمْدُ لِلَّهِ تَمْلآنِ أَوْ تَمْلأُ مَا بَيْنَ السَّمَاوَاتِ وَ الْأَرْضِ وَ الصَّلاَةُ نُورٌ وَ الصَّدَقَةُ بُرْهَانٌ وَ الصَّبْرُ ضِيَاءٌ وَ الْقُرْآنَ حُجَّةٌ لَكَ أَوْ عَلَيْكَ كُلُّ النَّاسِ يَغْدُو فَبَائِعٌ نَفْسَهُ فَمُعْتِقُهَا أَوْ مُوبِقُهَا ". ✍🏼 Абу Мәлик әл-Харис ибн Ғасым әл-Әшғариден (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: «Тазалық – иманның жартысы. "Әлхамду ли-Лләһ" – Мизан Таразыны толтырады. "Субханаллаһ" және "Әлхамдулилләһ" – көктер мен жер арасын толтырады. Намаз – нұр. Садақа – бұлтарпас дәлел. Сабыр – жарық. Құран – сен үшін дәлел немесе саған қарсы дәлел. Барлық адамдар таңертең шығады да, жанын саудаға салады, сөйтіп не оны құтқарады, не опат етеді». 📚Хадисті Муслим риуаят еткен.

  • 🔉 من سلسلة المواعظ والخطب "مفتاح الجنة" فضل العلم القسم الأول اللغة القازاقية المترجم طلعت أبو علي "Бақыт кілті" уағыздар мен құтпалар топтамасынан 📖🎙🔉 "Білімнің артықшылығы" Бірінші бөлім 🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

  • 📍 ЕЛУ БІРІНШІ ТАРАУ: 📜 Аллаһ Тағаланың: وَلِلَّهِ الأسْمَاءُ الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا وَذَرُوا الَّذِينَ يُلْحِدُونَ فِي أَسْمَائِهِ سَيُجْزَوْنَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ «Тек Аллаһқа ғана Ең Көркем (Құдайлық) Есімдер тән. Ендеше, Оған солар арқылы дұға етіңдер! Әрі Оның Есімдеріне қатысты ақиқаттан ауытқитындарды қоя салыңдар! Олар істегендері үшін жазаланады» 📖 («әл-Әғраф» сүресі, 180-аят), - деген сөздері туралы. ✍ Ибн Аби Хатим Ибн Аббастың (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың: «Оның Есімдеріне қатысты ақиқаттан ауытқитындарды», - деген сөздеріне қатысты: «Аллаһқа ерік қосатындар», - деді. ✍ Ибн Аббастан сондай-ақ: «Олар (мүшриктер өз пұттарын) әл-Ләт деген есімді әл-Иләһ (Құдай) деген есімнен, ал әл-Ғузза деген есімді әл-Ғазиз (Құдіретті) деген есімнен шығарып атады» 📚 Ибн Жәрир «Тафсирде», 9/133; Ибн Аби Хатим «Тафсирде», 5/1623 ✍ Әл-Әғмаш былай деді: «Олар (ақиқаттан ауытқитындар) Аллаһтың есімдеріне олардан болмаған нәрселерді енгізеді».

  • 📖🎙🔈 Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ықшамдалған сипаттамасы және өмірбаяны кітабын оқу 📌9. Пайғамбарлықтың меккелік кезеңі. - Мүшриктердің алғашқы мұсылмандарды қуғын-сүргінге ұшыратуы - Мүшриктердің ардақты Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрсеткен зәбірлері мен оны өлтіруге шешім қабылдауы. - Мұсылмандардың Эфиопияға көшуі - Хамза мен Умардың Исламды қабылдауы - Абу Толибтың шатқалындағы экономикалық блокада - Абу Толибтың және Хадижа анамыздың (Аллаһ оған разы болсын) қайтыс болуы - Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Тоифқа шақырумен баруы - Медина тұрғындарының алғашқы ансарларының исламды қабылдауы және Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ғақобада екі серт беруі. - Мединада Исламның кең таралуы және сахабалардың сол жерге хижра жасауының басталуы.

  • без подписи

  • Жиырма екінші хадис عَنْ أَبِي عَبْدِ اللهِ جَابِرٍ بْنِ عَبْدِ اللهِ -رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا: " أَنَّ رَجُلاً سَأَلَ رَسُولَ اللهِ -ﷺ- فَقَالَ: أَرَأَيْتَ إِذَا صَلَّيْتُ الْمَكْتُوبَاتِ وَ صُمْتُ رَمَضَانَ وَ أَحْلَلْتُ الْحَلاَلَ وَ حَرَّمْتُ الْحَرَامَ وَ لَمْ أَزِدْ عَلَى ذَلِكَ شَيْئًا أًأَدْخُلُ الْجَنَّةَ؟ قَالَ: نَعَمْ " ( حديث صحيح رَوَاهُ مُسْلِمٌ ) ✍🏼 Абу Абдуллаһ Жәбир ибн Абдилләһ әл-Ансори (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) былай баяндаған: «Бір адам Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер мен парыз намаздарды орындап, Рамазан оразасын ұстап, халалды халал, харамды харам деп, осыған басқа еш нәрсе қоспасам, Жәннатқа кіремін бе?», - деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Иә», - деп жауап берді». Хадисті Муслим риуаят еткен.

  • 📍 ЕЛУІНШІ ТАРАУ: 📜 Аллаһ Тағаланың: فَلَمَّا آتَاهُمَا صَالِحًا جَعَلا لَهُ شُرَكَاءَ فِيمَا آتَاهُمَا فَتَعَالَى اللَّهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ (١٩٠) «Ал Аллаһ ол екеуіне салиқалы бала берген кезде, олар өздеріне берілген балаға қатысты Аллаһқа серік қоса бастады. Аллаһ олардың қосқан серіктерінен жоғары (Пәк)», - деген сөздері туралы 📖 «әл-Әғраф» сүресі, 190-аят ✍ Ибн Хазм, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деді: «Олар мағынасы Аллаһтан басқа кімге болсын құлшылық етуді қамтыған, мысалы, Абду Амр («Амрдың құлы»), Абдул-Қағба ("Қағбаның құлы") сияқты аттардың тыйым салынғанына келіскен» 📚 «Маратиб әл-Ижмағ», 154-бет ✍ Ибн Аббас, оған Аллаһ разы болсын, жоғарыда келтірілген аятқа түсіндірме жасап, былай деді: “Адам онымен (Хауамен) қосылды да, ол одан бала көтерді. Сонда оларға Ібіліс келді де: «Мен сендерді Жәннаттан шығартқан жекжаттарыңмың. Ендеше, маған бағыныңдар, әйтпесе мен балаларыңды тау ешкісінің мүйізіндей мүйізді етемін де, ол сенің қарныңды жыртып жібереді», - деді. Ол оларды қорқытуын тоқтатпастан, олар оны Абд әл-Харис деп атауын талап ете берді (әл-Харис - сөзбе-сөз «жер жыртушы дихан» — Ібілістің аты). Сөйтіп, Абд әл-Харис «Ібілістің құлы» дегенді білдіреді. Алайда олар оған бойсұнудан бас тартты, әрі бала өлі болып туылды. Кейін ол екінші рет бала көтерді, әрі Ібіліс тағы да оларға келіп, тура осыны қайталап айтты. Бұл жолы да олар оған бойсұнудан бас тартты, және бала тағы да өлі болып туылды. Ол үшінші рет бала көтерді. Ібіліс тағы да келіп, екі рет орын алған жағдайды естеріне салды. Бұл жолы балаға деген махаббат (яғни баланың есен-сау туылуын қалаулары әрі бұл олар үшін сынақ болды) оларды билеп алды да, олар оны Абд әл-Харис деп атады. Сондықтан да: «Олар өздеріне берілген бала жайында Аллаһқа серік қоса бастады», - деп айтылды” 📚 Сағид ибн Мансур «әс-Сунанда», 973; Ибн Аби Хатим «Тафсирде», 8654 ✍ Қатада, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деді: «Серік қосу Оған (Аллаһқа) ғибадатта емес, бағынушылықта орын алды» 📚 Ибн Жәрир «Тафсирде», 9/149. Ибн Аби Хатим «Тафсирде», 8659 📜 Ал Аллаһ Тағаланың: فَلَمَّا أَثْقَلَتْ دَعَوَا اللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنْ آتَيْتَنَا صَالِحًا لَنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ (١٨٩) «Егер Сен бізге сау-есен перзент берсең, біз міндетті түрде шүкір етушілерден боламыз» 📖 «әл-Әғраф» сүресі, 189-аят - деген сөздері туралы Мужәһид, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Олар ол адам болмайды ма деп қорықты», - деді 📚 Ибн Аби Хатим «Тафсирде», 8648. Бұл туралы сондай-ақ әл-Хасан әл-Басри, Саид ибн Жубейр және басқалар айтқан

  • https://m.youtube.com/watch?v=fHYawlhkMz4&pp=0gcJCUACo7VqN5tD

  • https://youtu.be/GFcYJX9dhco

  • 📖🎙🔈 Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ықшамдалған сипаттамасы және өмірбаяны кітабын оқу 📌8.Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) алғашқы уахилардың түсуі және пайғамбарлықтың басталуы.