ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ
СтатистикаБала туылуымен және ұрпақ тәрбиесімен байланысты шариғи үкімдер мен ережелер әрі осыған байланысты пайдалы кеңестер.
- Последний пост
- 29 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 137
- 1/48двое суток
- 157
- 1/72трое суток
- 169
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
📖 Балаларды сыр сақтауға тәрбиелеу керек екенін үйрететін керемет хадис және шейх Усайминнің одан шығарған пайдалары
سورة الفاتحة بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (1) الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ (2) الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (3) مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ (4) إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ (5) اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (6) صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ (7) «әл-Фатиха» сүресі Бұл сүренің «әл-Фатиха» («Ашушы») деп аталуының себебі, өйткені онымен Ұлы Құран ашылады. Оның сондай-ақ «әл-Мәсәни» («Қайталанушы») деген атауы да бар, өйткені ол намаздың әр ракағатында қайталанып оқылады. Оның сондай-ақ басқа да атаулары бар. 1) (Мен Құранды оқуымды бүкіл жаратылыстарға) Аса Мейірімді, (әрі мүминдерге) ерекше Рахымды (Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ Аса Ұлы әрі Жоғары) Аллаһтың (Ол ғана бұл есіммен ерекше аталатын әрі Одан басқа ешкім аталмайтын) атымен (яғни Одан көмек сұрап) бастаймын. («әр-Рахман» (Аса Мейірімді) және «әр-Рахим» (ерекше Рахымды) – бұл Аллаһ Тағалың Ұлылығына сай «әр-Рахма» (Мейірім) деген сипатының бар екеніне нұсқайды.) 2) (Барлық сипаттары кемелдік сипаттары болып табылатын, жаратылыстарды (жоқтан) бар етуші, олардың тіршілік етулерін қамтамасыз етіп, бүкіл істерін басқаратын әрі бүкіл жаратылыстарын нығметтерімен асырап, раббылық ететін) әлемдердің Раббысы Аллаһқа (Оның құдайлық ең кемел сипаттары және бүкіл ашық және жасырын, діни және дүниелік нығметтері үшін, көп-көп әрі қайта-қайта айтылатын) бүкіл мақтаулар (болсын). 3) (Мейірімі бұл дүниеде бүкіл жаратылыстарды қамтитын) Аса Мейірімді, (ал Ақыретте тек мүминдерге ғана) ерекше Рахымдыға; 4) (Пенделердің іс-амалдары үшін сый-жаза берілетін) Қиямет Күнінің (бүкіл кемшілік, серігі болудан және әлдебір ұқсастықтан Пәк) Патшасына. 5) (Біз бүкіл ғибадаттарымызды Жалғыз Өзіңе ғана арнап,) Саған ғана құлшылық етеміз және (бүкіл істерімізде) Сенен ғана жәрдем тілейміз (өйткені бүкіл әмір Сенің ғана қолыңда әрі Сенен басқа ешкім тозаңның салмағындай нәрсеге де ие емес). 6) Бізді (Пайғамбарлар мен елшілердің мөрі болған Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқаған әрі пенде үшін одан өзге бақытқа жеткізетін жол жоқ болған, Өзіңнің разылығың мен Жәннатыңа жеткізетін айқын) тура жолға (яғни Исламға нұсқап,) сала гөр (әрі онда бекем ете гөр). 7) Сен нығметке бөлегендердің (яғни тура жолды мығым ұстанған пайғамбарлардың, шыншылдардың, шәһидтердің және салиқалы құлдарыңның) жолына. Бірақ (хақты біліп, оған амал етпеген) ашуға ұшырағандардың (яһудилердің әрі соларға ұқсайтындардың) және (өздерінің тура жолды білмегендігі себебінен одан ауытқып адасқан христиандар мен соларға ұқсайтындардың) жолына емес.
✨ "ҚҰРБАНДЫҚ" "Бақыт кілті" топтамасынан 🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі
без подписи
📣 Барша мұсылмандар үшін жағымды жаңалық Бүгін [17.05.2026 жыл] «Сауд Арабия Корольдігінің Жоғарғы соты» Зуль-Хиджаның жаңа айы көрінгендігін ресми түрде мәлімдеді. Осыдан келе, Арафа күні – 26.05.2026 жылға сай келсе, Құрбан айт күні – 27.05.2026 жылға сай келмек. ——————— Сондықтан кімде-кім осы жылы құрбандық шалуды ниет етсе, онда қазірден бастап шашын қиюдан, тырнағын қысқартудан, мұртын алудан тыйылсын. Өйткені хадистердің бірінде пайғамбарымыз ﷺ былай деп айтқан: مَنْ كَانَ لَهُ ذِبْحٌ يَذْبَحُهُ، فَإِذَا أُهِلَّ هِلَالُ ذِي الْحِجَّةِ فَلَا يَأْخُذَنَّ مِنْ شَعَرِهِ، وَلَا مِنْ أَظْفَارِهِ شَيْئًا، حَتَّى يُضَحِّيَ. «Егер Зуль-Хиджаның жаңа айы кіргендігі көрінсе, әрі сендердің біреулерің құрбандық шалғысы келсе, онда құрбандығын шалып біткенге дейін шашы мен тырнағына (және денесіндегі басқа да түктерге) тиісуші болмасын». 📚 Муслим; (1977). #zul_hidja 🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
без подписи
🔶🔴 Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): "Әрбір бала өз табиғи ислами болмысында (фитрасында) туылады, содан кейін ата-анасы оны яһуди, христиан не отқа табынушы етіп өзгертеді", - деген. 🔶🔴 #كل_مولود_يولد_على_الفطرة Александр Фретц атты америкалық бала 1990 жылы христиан отбасында дүниеге келген. Анасы ең басынан-ақ оған дінін өзі таңдауына құқық беруді шешті. Ол баласына әртүрлі діндер туралы кітаптар әкеліп берді, ал Александр оларды мұқият зерттеуден кейін 8 жасында ислам дінін қабылдады. Сонымен қатар, ол ислам туралы көптеген нәрселерді: намазды, Құран жаттауды, азанды және көптеген шариғат үкімдерін бірде-бір мұсылманды жолықтырмай-ақ үйренді. Ол өзін Пайғамбарымызға ﷺ деген терең сүйіспеншілігінен «Мухаммад АбдуЛлаһ» деп атады. 📺 Ол анасымен бірге исламдық телеарналардың біріне шақырылған еді. Жүргізуші балаға сұрақтар қоюға дайындалды, бірақ ол баланың өзі сұрақ қоя бастағанына таңғалды. Бала: «Мен қажылық пен умраны қалай жасасам болады?»; «Бұл сапар қымбат болады ма?»; «Ихрам киімін қайдан сатып алуға болады?», – деген сұрақтар қойды. Бала өз мектебінде танымал болды. 🕌Намаз уақыты кіргенде, ол жалғыз тұрып, азан айтады, кейін қамат айтып, жалғыз өзі намаз оқиды. Жүргізуші одан: «Сенде осыған байланысты қиындықтар немесе қысым көру жағдайлары туындайды ма?», – деп сұрады. Ол мұңайып: «Кейде намаз уақытының кіргенін білмей қалғандықтан, кейбір намаздарды өткізіп аламын», – деп жауап берді. Жүргізуші одан: «Сені ислам дінінде не қызықтырды?», – деп сұрады. Ол: «Ислам туралы көбірек оқыған сайын, оны соғұрлым көп жақсы көремін», – деп жауап берді. ❤️ Жүргізуші: «Сенің қандай армандарың бар?», – деп сұрады. Бала ерекше жігермен: «Менің екі тілегім бар. 📸 Біріншісі: мұсылмандардың дұрыс бейнесін көрсету үшін фотограф болу. Сүйікті Пайғамбарымыздың ﷺ бейнесін бұрмалайтын батыстың лас фильмдері жаныма қатты батады. 🕋 Екіншісі: Меккеге барып, Қара тасты сүюді армандаймын», – деп жауап берді. Бұл кезде оның христиан анасы: «Біздің үйіміздегі оның бөлмесі мұсылмандардың Қағбасы бейнеленген суреттерге толы. Ол Меккеге бару үшін апта сайынғы қалта ақшасынан 300 доллар жинап қойды», – деген еді. Адамдар оның істеп жүргендерін жәй ғана қызықты оқиға деп ойлайды, бірақ Мухаммадтың жүрегінде басқалар сезе бермейтін нағыз иман бар. 🌙 Ол: «Рамазан айында ораза ұстадың ба?», – деп сұралды. Ол: «Иә, өткен жылы ораза ұстадым. Әкем маған: «Қолыңнан келмейді», – деп, мені сынаған еді, бірақ кейін менің шынымен ораза ұстағаныма таңғалды», – деп жауап берді. Жүргізуші одан: «Тағы қандай армандарың бар?», – деп сұрады. Ол: «Палестинаның мұсылмандарға қайтарылуын армандаймын, өйткені бұл – олардың жері, оны отарлаушылар басып алды», – деп жауап берді. Жүргізуші: «Сен ата-анаңмен бірге шошқа етін жейсің бе?», – деп сұрады. Ол: «Шошқа – лас жануар. Мен оны жемеймін және адамдардың оны қалай жейтінін түсінбеймін», – деп жауап берді. 🏫 Жүргізуші: «Мектепте намаз оқисың ба?», – деп сұрады. Ол: «Иә, мен кітапханадан күн сайын намаз оқитын құпия жер таптым», – деп жауап берді. Ақшам намазының уақыты кіргенде, ол жүргізушіге қарап: «Азан айтуға рұқсат па?», – деді. Кейін ол орнынан тұрып, намаз уақыты кіргенде азан айтты, ал жүргізушінің көзі жасқа толды. 📖 Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда былай деген: ﴿وَإِن تَتَوَلَّوۡاْ يَسۡتَبۡدِلۡ قَوۡمًا غَيۡرَكُمۡ ثُمَّ لَا يَكُونُوٓاْ أَمۡثَٰلَكُم٣٨﴾ «Егер Аллаһтан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды» («Мухаммад» сүресі, 38-аят). 🌐 sarhaan.com
Шейх Хайсам Сархан: 📌 Балаларыңыздың болашағын қалай қамтамасыз ете аласыз? 📜 Бірде Муқотиль ибн Сулейман (деген ғұлама кісі) Аббаси халифасы Абу Жәғфар әл-Мансурдың алдына кірді. Сонда Мансур оған: «Уа Муқотиль! Маған насихат айт», – деді. Муқотиль: «Естігенімнен бе, әлде көргенімнен бе?», – деп сұрайды. Мансур: «Көргеніңнен», – деп жауап береді. 📍Муқотиль былай деді: «Уа мүминдердің әмірі! Умайя халифасы Умар ибн Абдул-Азиздің он бір баласы болды. Ол өзінен кейін он сегіз–ақ динар қалдырды. Оның бес динары кебініне жұмсалды, төрт динарға қабір сатып алынды, ал қалғаны балаларының арасында бөлінді. 📍Умайя халифасы Хишам ибн Абдул-Мәликтің де он бір баласы болды. Оның қалдырған мұрасынан әр баласына бір миллион динардан қалды. 📖 Әрі, уа мүминдердің әмірі! Аллаһпен ант етемін! Мен бір күннің ішінде Умар ибн Абдул-Азиздің ұлдарының бірі Аллаһтың жолындағы жиһадқа жүз жылқыны садақа ретінде беріп жатқанын, ал Хишамның ұлдарының бірі базарда қайыр тілеп жүргенін көрдім». ❓Адамдар өлім төсегінде жатқан Умар ибн Абдул-Азизден: «Уа Умар! Балаларыңа не қалдырдың?», – деп сұраған еді. Ол: «Мен оларға Аллаһтан қорқуды (тақуалықты) қалдырдым. Егер олар ізгі болса, Аллаһ Тағала ізгілерді Өз қамқорлығына алады. Ал егер олар ізгі болмаса, онда мен оларға Аллаһқа қарсы келуіне көмектесетін ешбір дүние қалдырмаймын», – деп жауап берді. ❗️Көптеген адамдар балаларының болашағын қамтамасыз ету үшін тырысып, еңбек етеді. Олар өздері өлгеннен кейін балаларының қолында ақша болуы – олар үшін қорғаныш пен амандық болады деп ойлайды. Бірақ олар Аллаһ Тағаланың Өз Кітабында айтқан ұлы қорғаны (амандығы) туралы ұмытады. Аллаһ Тағала былай деген: وَلْيَخْشَ الَّذِينَ لَوْ تَرَكُوا مِنْ خَلْفِهِمْ ذُرِّيَّةً ضِعَافًا خَافُوا عَلَيْهِمْ فَلْيَتَّقُوا اللَّهَ وَلْيَقُولُوا قَوْلا سَدِيدًا (٩) «Әрі олар арттарында әлсіз (жас) балалар қалдырса, оларға не болар екен деп уайым жесін. Аллаһтан қорықсын да, дұрыс сөз айтсын» («ән-Ниса» сүресі, 9-аят).
Шәууәл айы - شوال اللغة قازاقية https://youtu.be/9yDBJMJJq5E
✅ Мединаға келіп жатсаңыз, мына пайдалы сыйлықтан құр қалмаңыз!
без подписи
عيد سعيد Happy Eid Joyeux Aïd Feliz Eid Eid Mubarak Selamat Idul Fitri İyi Bayramlar Айт құтты болсын Hayit muborak Sretan Bajram Gëzuar Bajramin 开斋节快乐 ईद मुबारक ঈদ মোবারক Eid njema https://sarhaan.com/
без подписи
📖🎙🔈 "Асыл білім қазынасы" Ислам туралы 1000 сұраққа жауап және дәлел 649.Қадір түні Аллаһқа қалай дұға ету керек? 📌 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі
🎙 🔈 Құрметті бауырлар! Қасиетті әрі жылдың ең жақсы түндері бүгіннен басталмақ. Осы түндерде Аллаһтан игілік пен жарылқау тілеу үшін ынта ыждағат танытып, жан тәнімізбен Раббымызға құлшылыққа бағыштайық. Осы он түннің ішінде мың айдан, яғни сексен үш жыл төрт айдан жақсырақ мубәрак түн бар. Ендеше, осы түндердің қадір қасиетін және ондағы жасалатын сүннетттерді білейік. 1. Ең жақсы он түн. ("Сунна" колледжі) https://t.me/baqyt_kilti/401 2. Рамазанның соңғы он түнінің қадір-қасиеті (Ержан Абзалбек) https://t.me/oraza/534 3. Рамазанды аяқтаудағы бес маңызды амал https://t.me/oraza/449 4. Рамазан кетуге бет алды ("Абу Ханифа мирасы") https://t.me/oraza/437 5. Қадір түні https://youtu.be/eQiSFiV_cIM 6. Осы түн қадір түні болуға ең жақын https://t.me/oraza/441 7. "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан: Қадір түні туралы бап https://t.me/oraza/477 8. Рамазаншыл ғана болмайық https://t.me/oraza/453 9. Қадір түнін намазбен өткізудің ұлы сыйы https://t.me/baqyt_kilti/405
https://youtu.be/FFOOWw8tonU?si=UXKqMSMtCMAi6mAl
Араб тілін білмейтін адам Құранды қалай оқиды? كيف يقرأ القرآن من لا يعرف اللغة العربية؟ #Құран #Тәжуид #Оқу #ИсламБілімі #Үйрену #ХайсамСархан #АсСуннаИнституты
Рамазан оразасына ниет қашан жасалады? متى تكون نية رمضان؟ #Рамазан #Ниет #Ораза #Құлшылық #Фиқһ #ХайсамСархан #АсСуннаИнституты
Рамазан санаулы күндер رمضان أيام معدودات #Рамазан #СанаулыКүндер #Ораза #Ғибадат #Тақуалық #ХайсамСархан #АсСуннаИнституты
Ораза тек ішіп жеуден ғана тыйылу ма? هل الصيام الامتناع عن الطعام والشراب فقط؟ #Ораза #Рамазан #Құлшылық #Ниет #Тақуалық #ХайсамСархан #АсСуннаИнституты