КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...
СтатистикаАрна балалар мен үлкендерді Ислам діні және Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен таныстыруға арналады
- Последний пост
- 10 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 181
- 1/48двое суток
- 207
- 1/72трое суток
- 223
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
❓79-сұрақ: Құрандағы ең ұзын сүре қандай? ✅ Жауап: Ол "әл-Бақара" сүресі - Бақара сүресінің қадір-қасиеттері - Оның тақырыптық мазмұны
❓78-сұрақ: Құрандағы ең ұлы сүре қандай? Оны жатқа оқы. ✅ Жауап: Ол "әл-Фатиха" сүресі. Соңы: اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (6) صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ (7) 6) "Бізді (Пайғамбарлар мен елшілердің мөрі болған Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқаған әрі пенде үшін одан өзге бақытқа жеткізетін жол жоқ болған, Өзіңнің разылығың мен Жәннатыңа жеткізетін айқын) тура жолға (яғни Исламға нұсқап,) сала гөр (әрі онда бекем ете гөр). 7) Сен нығметке бөлегендердің (яғни тура жолды мығым ұстанған пайғамбарлардың, шыншылдардың, шәһидтердің және салиқалы құлдарыңның) жолына. Бірақ (хақты біліп, оған амал етпеген) ашуға ұшырағандардың (яһудилердің әрі соларға ұқсайтындардың) және (өздерінің тура жолды білмегендігі себебінен одан ауытқып адасқан христиандар мен соларға ұқсайтындардың) жолына емес" деген аяттардың тәпсірі
❓78-сұрақ: Құрандағы ең ұлы сүре қандай? Оны жатқа оқы. ✅ Жауап: Ол "әл-Фатиха" сүресі. Жалғасы: إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ "Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана көмек сұраймыз" сөздерінің тәпсірі әрі қадір-қасиеті. - бұл аят Аллаһ пен пенденің арасында әрі пендеге сұрағаны болады; - ғибадаттың үш тірегі: махаббат, қорқу, үміт; - не себепті көмек сұрау ғибадаттың бір көрінісі болса да, Аллаһ Тағала оны ғибадаттан кейін тағы атап өтті? - Не себепті бұл аят ең пайдалы дұға болып табылалы? - Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Муғазға үйреткен ұлы дұғасы.
❓78-сұрақ: Құрандағы ең ұлы сүре қандай? Оны жатқа оқы. ✅ Жауап: Ол "әл-Фатиха" сүресі. Жалғасы: "Әл-Фатиха" сүресінің Аллаһқа қатысты болған алғашқы үш аятының тәпсірі. - "Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен" "әл-Фатиха" сүресінің алғашқы аяты емес екеніне дәлелдер және оның мағынасы. - "Бүкіл мақтау" деген не? - "Аллаһ" есімінің мағынасы - "Әлемдер" деген не? - "Раббы" деген не? - "әр-Рахман" мен әр-Рахим есімдерінің мағынасы әрі айырмашылығы. - "әл-Мәлик" деген есімнің мағынасы - "Яуму-д-дин" неген не? - "Қиямет күннің Патшасы" дегеннің мағынасы не?
❓78-сұрақ: Құрандағы ең ұлы сүре қандай? Оны жатқа оқы. ✅ Жауап: Ол "әл-Фатиха" сүресі. Жалғасы: "Әл-Фатиха" сүресінің атаулары
❓78-сұрақ: Құрандағы ең ұлы сүре қандай? Оны жатқа оқы. ✅ Жауап: Ол "әл-Фатиха" сүресі. سورة الفاتحة بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (1) الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ (2) الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (3) مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ (4) إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ (5) اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (6) صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ (7) «әл-Фатиха» сүресі Бұл сүренің «әл-Фатиха» («Ашушы») деп аталуының себебі, өйткені онымен Ұлы Құран ашылады. Оның сондай-ақ «әл-Мәсәни» («Қайталанушы») деген атауы да бар, өйткені ол намаздың әр ракағатында қайталанып оқылады. Оның сондай-ақ басқа да атаулары бар. 1) (Мен Құранды оқуымды бүкіл жаратылыстарға) Аса Мейірімді, (әрі мүминдерге) ерекше Рахымды (Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ Аса Ұлы әрі Жоғары) Аллаһтың (Ол ғана бұл есіммен ерекше аталатын әрі Одан басқа ешкім аталмайтын) атымен (яғни Одан көмек сұрап) бастаймын. («әр-Рахман» (Аса Мейірімді) және «әр-Рахим» (ерекше Рахымды) – бұл Аллаһ Тағалың Ұлылығына сай «әр-Рахма» (Мейірім) деген сипатының бар екеніне нұсқайды.) 2) (Барлық сипаттары кемелдік сипаттары болып табылатын, жаратылыстарды (жоқтан) бар етуші, олардың тіршілік етулерін қамтамасыз етіп, бүкіл істерін басқаратын әрі бүкіл жаратылыстарын нығметтерімен асырап, раббылық ететін) әлемдердің Раббысы Аллаһқа (Оның құдайлық ең кемел сипаттары және бүкіл ашық және жасырын, діни және дүниелік нығметтері үшін, көп-көп әрі қайта-қайта айтылатын) бүкіл мақтаулар (болсын). 3) (Мейірімі бұл дүниеде бүкіл жаратылыстарды қамтитын) Аса Мейірімді, (ал Ақыретте тек мүминдерге ғана) ерекше Рахымдыға; 4) (Пенделердің іс-амалдары үшін сый-жаза берілетін) Қиямет Күнінің (бүкіл кемшілік, серігі болудан және әлдебір ұқсастықтан Пәк) Патшасына. 5) (Біз бүкіл ғибадаттарымызды Жалғыз Өзіңе ғана арнап,) Саған ғана құлшылық етеміз және (бүкіл істерімізде) Сенен ғана жәрдем тілейміз (өйткені бүкіл әмір Сенің ғана қолыңда әрі Сенен басқа ешкім тозаңның салмағындай нәрсеге де ие емес). 6) Бізді (Пайғамбарлар мен елшілердің мөрі болған Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқаған әрі пенде үшін одан өзге бақытқа жеткізетін жол жоқ болған, Өзіңнің разылығың мен Жәннатыңа жеткізетін айқын) тура жолға (яғни Исламға нұсқап,) сала гөр (әрі онда бекем ете гөр). 7) Сен нығметке бөлегендердің (яғни тура жолды мығым ұстанған пайғамбарлардың, шыншылдардың, шәһидтердің және салиқалы құлдарыңның) жолына. Бірақ (хақты біліп, оған амал етпеген) ашуға ұшырағандардың (яһудилердің әрі соларға ұқсайтындардың) және (өздерінің тура жолды білмегендігі себебінен одан ауытқып адасқан христиандар мен соларға ұқсайтындардың) жолына емес. ✍ Аударма авторлығы: "Абу Ханифа мирасы" сайты
❓77-сұрақ: Мына хадисті аяқта: Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Кімде кім әр парыз намазының соңында Аятул-Курсиді оқыса...." ✅ Жауап: "...соның Жәннатқа кіруіне тек өлімі ғана бөгет болып тұрады".
❓76-сұрақ: Құрандағы ең ұлы аят қандай? Оны жатқа оқы. ✅Жауап: Ол «Аяту-л-Курси»: اللَّهُ لا إِلَهَ إِلا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لا تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلا نَوْمٌ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأرْضِ مَنْ ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلا بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلا يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِنْ عِلْمِهِ إِلا بِمَا شَاءَ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ وَلا يَئُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ (٢٥٥) «Аллаһ, Одан басқа құлшылыққа лайықты шынайы құдай жоқ. Ол Тірі, Толық Меңгеріп Тұрушы, Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсісі көктер мен жерді қамтиды. Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол Өте Жоғары, Аса Ұлы» («әл-Бақара» сүресі, 255-аят). ✍ Аударма авторлығы: "Абу Ханифа мирасы" сайты
سورة الناس بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ (1) مَلِكِ النَّاسِ (2) إِلَهِ النَّاسِ (3) مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ (4) الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ (5) مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ (6) «Ән-Нәс» сүресі Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен 1. Айт (әй Елші): «(Жалғыз Өзі ғана уәс-уәстардың жамандығын қайтаруға құдіретті болған) адамдардың Раббысына, 2. (Олардың бүкіл істерін басқаратын әрі Өзі оларға мұқтаж болудан бай-мұңсыз болған) адамдардың Иесіне (Патшасына), 3. (Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ болған) адамдамдардың Құдайына, 4. (Пенде ғапылдыққа салынған кезде сыбырлап азғыратын әрі Аллаһты зікір еткен кезде жоқ болып) жасырынатын (Шайтанның) уәс-уәстарының кесір-зиянынан, 5. Сондай адамдардың көкейлеріне (жамандық пен күмәндар) салатын, 6. Жындар мен адамдардан болған (бүкіл азғырушы шайтандардың жамандығынан) пана (мен қорғау) тілеп сиынамын». ✍ Аударма авторлығы: "Абу Ханифа мирасы" сайты
❓75-сұрақ: Аллаһқа пана тілеп жалбарыну үшін оқылатын екі сүре қандай, оларды жатқа оқып бер. Жалғасы ✅ "Ән-Нәс" сүресінің тәпсірі
سورة الفلق بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ (1) مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ (2) وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ (3) وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ (4) وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ (5) «әл-Фәләқ» сүресі Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен 1. Айт (әй Елші): «Таңның Раббысына, 2. Ол жаратқан (бүкіл жаратылыстардың) жамандығынан (және зиянынан), 3. Түнегі қаптайтын кездегі қараңғылықтың (яғни түннің және ондағы таралатын жамандықтар мен зиянның) кесірінен, 4. (Сиқыр жасау мақсатымен бауларға байлайтын) түйіндерге түкіріп-үрлейтін (үшкіретін) сиқыршы әйелдердің (және кез-келген сиқыршының) кесірінен, 5. Күншілдің (көре алмайтын адамдарын, Аллаһ оларға сыйлаған нығметтері үшін жек көріп, сол нығметтердің жойылуын әрі оларға зиян тигізуді қалап) күндеген сәттегі кесірінен пана (мен қорғау) тілеп сиынамын.
❓75-сұрақ: Аллаһқа пана тілеп жалбарыну үшін оқылатын екі сүре қандай, оларды жатқа оқып бер. Жалғасы ✅ "Әл-Фәләқ" сүресінің тәпсірі
❓75-сұрақ: Аллаһқа пана тілеп жалбарыну үшін оқылатын екі сүре қандай, оларды жатқа оқып бер. ✅Жауап: Ол «әл-Фәлақ» сүресі: قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ (١)مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ (٢)وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ (٣)وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ (٤)وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ (٥) 1. «(Мухаммад:) «Таңның Раббысына, 2. Ол жаратқан нәрселерінің кесірінен, 3. Қараңғылық басқан сәттегі түннің кесірінен, 4. Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен, 5. Күншілдің күндеген сәттегі кесірінен, сиынамын», - де». Және «ән-Нәс» сүресі: قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ (١)مَلِكِ النَّاسِ (٢)إِلَهِ النَّاسِ (٣)مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ (٤)الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ (٥) من الجنة و الناس 1. (Мухаммад:) «Адамдардың Раббысына, 2. Адамдардың Иесіне, 3. Адамдардың Құдайына, 4. Сыбырлап азғырушының кесірінен, 5. Сондай адамдардың көкейлеріне салатын, 6. Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаһқа) сиынамын», - де.
📖🎙🔈 Әрбір мұсылман білуге тиісті сұрақтар мен жауаптар ❓74-сұрақ: Құранды мусхафтан оқудан бұрын не істеу керек? ✅ Жауап: Дәрет алу, ал содан соң Аллаһқа шайтаннан пана тілеп сиыну сөздерін айту (әл-истиғаза): أعوذ بالله من الشيطان الرجيم /Әғузу биЛләһи мин-әш-шайтони-р-рожийм/
без подписи
без подписи
Әлемдердің Раббысы, Аса Жоғары Аллаһ Тағалаға бүкіл мақтау әрі сүйікті Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың салауаттары мен сәлемі болсын! Аллаһ Аса Ұлы! Күндердің ең ұлысы Ұлы Құрбандық күніне жеткізген Раббымызға сансыз шүкіршіліктер айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Аллаһ бізден де, сізден де игі амалдарымызды қабыл етсін! Аллаһ Ислам мен мұсылмандарды ұлықтасын әрі халқымызға иман мен тура жол нәсіп етсін. Еліміздің берекесі артсын.
📖🎙🔈 Әрбір мұсылман білуге тиісті сұрақтар мен жауаптар ❓73-сұрақ: Сенің ұлы Кітабың не? ✅ Жауап: Менің Кітабым Ұлы Құран.
📖🎙🔈 Әрбір мұсылман білуге тиісті сұрақтар мен жауаптар ❓72-сұрақ: Аллаһтың алдындағы ең құрметті адамдар кімдер? ✅ Жауап: Тақуалар. Ал адамдардың ең тақуасы пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын).
без подписи