ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ
Статистика- Последний пост
- 9 авг.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 66
- 1/48двое суток
- 75
- 1/72трое суток
- 81
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
📌 Бақыт пен бақытсыздың белгілері Хадистердің бірінде Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі болсын) былай деген: أربع من السعادة؛ المرأة الصالحة، والمسكن الواسع، والجار الصالح، والمركب الهنيء. وأربع من الشقاوة؛ الجار السوء، والمرأة السوء، والمسكن الضيق، والمركب السوء. «Төрт нəрсе бақыттылықтан: 1. Ізгі əйел; 2. Кең баспана; 3. Салихалы көрші; 4. Жайлы көлік. Төрт нəрсе бақытсыздықтан: 1. Жаман көрші; 2. Сорақы əйел; 3. Тар баспана; 4. Жайсыз көлік». 📚 Ибн Хиббан; (4032), Абу Нуғейм; (8/388). #manyzdy_maqala 🔗https://t.me/bilim_baqshasy
⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу. 📌 Әдеп кітабы 📖 85. Сыр сақтау туралы тарау Аллаһ Тағала былай деді: وَأَوْفُوا بِالْعَهْدِ إِنَّ الْعَهْدَ كَانَ مَسْؤُولًا [الإسراء:34]. «Сертке берік болыңдар. Өйткені серт (уәде) сұралады» ("әл-Исра" сүресі, 34-аят). ✍ 685. Абу Сағид әл-Худриден Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Қиямет күні Аллаһтың алдында ең жаман орындағы адам — бұл әйеліне жақындасып, әйелі де оған жақындасқан соң, оның сырын жария етіп жаятын еркек» (Муслим, 1437).
1920 - Ибн Умар Пайғамбардың ﷺ былай дегенін баяндаған: «Аллаһ Тағаланың алдындағы ең ауыр күнәні әлдебір әйелге үйлененіп, сосын онымен қажетін қанағаттырып болған соң, оған талақ беріп, «махр» (неке сыйлығын) алып кететін адам, және әлдебір жұмысшыны жалдап, оған еңбек ақысын төлемейтін адам, сондай-ақ әлдебір жануарды себепсіз (ермек үшін) өлтіретін адам жасайды» («әс-Сахиха», 999).
✨ Сүт арқылы жақындығы бойынша үйленуге тыйым салынатын адамдар
✍🏼 Ибн әл-Қаййим былай деген: «"Мен", "менікі", "менің арқамда" деген сөздерден өте сақ болу керек. Бұл – олармен Ібіліс, Перғауын және Қарун сыналған сөздер. • “Мен одан артықпын” – бұл Ібілістің сөзі. • “Маған Мысырдың патшалығы тиесілі” – бұл Перғауынның сөзі. • “Бұл маған менің білімімнің арқасында берілді” – бұл Қарунның сөзі. "Мен" деген сөздің ең жақсы қолданылуы: «Мен – күнәһар пендемін, қателесушімін», «Мен кешірім сұраймын», «Мен күнәларымды мойындаймын» және осыған ұқсас басқа да сөздер. "Менің" деген сөздің ең жақсы қолданылуы: «Менің күнәларым», «Менің қателігім», «Менің мұқтаждығым», «Менің кедейлігім мен дәрменсіздігім». "Менен болған" деген сөздің ең жақсы қолданылуы: «Мен байқаусызда немесе әдейі істеген нәрселерімді, шындап немесе әзілдеп жасаған қателіктерімді кешір, бұның бәрі менен»». Шейх Хайсам Сарханның ""Пайдалы сөз" кітабынаналынған маңызды ескертпелер" кітабынан алынған, 283-бет.
📌 Ризықты шақыратын және оны қашыратын істер Имам Ибн Қойим (рахимаһуллаһ) айтқан: ﺃﺭﺑﻌﺔ ﺗﺠﻠﺐ اﻟﺮﺯﻕ: ﻗﻴﺎﻡ اﻟﻠﻴﻞ، ﻭﻛﺜﺮﺓ اﻻﺳﺘﻐﻔﺎﺭ ﺑﺎﻷﺳﺤﺎﺭ، ﻭﺗﻌﺎﻫﺪ اﻟﺼﺪﻗﺔ، ﻭاﻟﺬﻛﺮ ﺃﻭﻝ اﻟﻨﻬﺎﺭ ﻭﺁﺧﺮﻩ. ﻭﺃﺭﺑﻌﺔ ﺗﻤﻨﻊ اﻟﺮﺯﻕ: ﻧﻮﻡ اﻟﺼﺒﺤﺔ، ﻭﻗﻠﺔ اﻟﺼﻼﺓ، ﻭاﻟﻜﺴﻞ، ﻭاﻟﺨﻴﺎﻧﺔ. Төрт нәрсе ризықты шақырады: 1) Түнгі намаз (тәһәжуд); 2) Түннің соңғы бөлігінде көп кешірім тілеу; 3) Жиі-жиі садақа беру; 4) Таңғы және кешкі зікірлерді айтып жүру. Сондай-ақ ризықты тосатын нәрселер де төртеу: 1) Таңнан (намаздан) кейін ұйықтау; 2) Өте аз мөлшерде намаз оқу (мүлде намаз оқымау немесе парыз намаздармен ғана шектелу); 3) Жалқаулыққа бой алдыру; 4) Қиянат қылу. 📚Зәд әл-Мәғад; (4/378). #paidaly_maqala 🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару ✅ 85-тарау: Сырларды сақтау туралы Осы тараудағы Умар ибн Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) өз қызын Усманға содан соң Абу Бакрға (Аллаһ оларға разы болсын) некеге ұсынғаны туралы хадис әрі Айша анамыздың (Аллаһ оған разы болсын) бірде олар Аллаһ Елшісінің алдында отырған кезінде Фатыма (Аллаһ оған разы болсын) келіп, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сыбырлап сырын айтқан хадисі және Әнас ибн Мәликтің (Аллаһ оған разы болсын) бірде оны бала кезінде Пайғамбарымыз бір қажетпен жұмсағаны туралы хадис және одан алынатын пайдалар.
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару ✅ 85-тарау: Сырларды сақтау туралы Аллаһ Тағала былай деді: { وَأَوۡفُوا۟ بِٱلۡعَهۡدِۖ إِنَّ ٱلۡعَهۡدَ كَانَ مَسۡـُٔولࣰا } "Әрі келісімді орындаңдар, расында, келісімдер сұралады" ("әл-Исра" сүресі, 32-аят). Абу Сағид әл-Худриден (Аллаһ разы болсын) Аллаһ Елшісінің былай дегені жеткізіледі: "Расында, Қиямет күні Аллаһтың алдындағы ең жаман адамдар – бұл әйелімен жақындасып, сосын соны адамдарға ашатын еркек және ерімен жақындасып, кейін соны басқаларға ашатын әйел".
✨ Ұйқыдан ояну әдептері - آداب الإستيقاظ اللغة قازاقية https://youtu.be/FFOOWw8tonU
Хафиз ас-Суюты, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген екен: "Балаларға тән бес сипат бар; егер олар ересектерде болғанда, олар әулиелер болар еді: 1. Ризық жайында қам жемейді; 2. Ауырып қалса, Жаратушысының үстінен шағымданбайды; 3. Бірге отырып тамақтанады; 4. Әлдебір нәрседен қорықса, жанарларынан жас ағады; 5. Егер ренжісіп қалса, тез жарасады". ("Хусн әл-мухадара", 1/521)
📖Жаңа кітап: Шейх Бадр әл-Утайби: "Мұсылман әйелдерге тұрмыс құруға дейінгі жиырма кеңес"
📖Жаңа кітап: Шейх Бадр әл-Утайби: "Мұсылман әйелдерге тұрмыс құруға дейінгі жиырма кеңес" "...Ажырасқан отбасыларға мұқият қарасақ, ондағы басты мәселе – отбасылық өмірдің негіздері мен отбасы құқықтары туралы білімнің жоқтығы екенін түсінеміз. Бұл әсіресе біздің заманымызға қатысты, себебі қазіргі қоғамда исламдық мінез-құлық принциптеріне қатысты білімсіздік басым болып тұр. Демек, мұсылман әйел кейбір мәнерлер, өнегелер мен өсиеттер туралы білуі тиіс, өйткені олар оны көріктендіреді және оған көркем әдеп сақтауға мүмкіндік береді. Маған тұрмыс құрғысы келетін мұсылман әйелдер көп келді. Олар отбасылық өмірге қадам басуға шешім қабылдаудың алдында өздеріне өсиет беруді сұрайтын. Мен оларға уақытым жеткенше жауап жаздым. Осылайша, мен отбасылық өмірдегі қанағаттанарлық өнегелі мінез-құлықтың бірқатар негізгі қағидаларын жинақтадым, олар әйелге күйеуінің жүрегін жаулап алуға және оның махаббатына қол жеткізуге мүмкіндік береді, және отбасылық қарым-қатынастың баянды болуына себеп болады. Мен бұл өсиеттерді тұрмысқа шыққалы жатқан өзімнің туған әпке-қарындастарыма және басқа да мұсылман әйелдерге арнап жаздым әрі материалды оқуға оңай болатындай етіп барынша қысқаша баяндауға тырыстым. Бадр әл Утайби
💥 Пайғамбарлық ескерту: "Бұл үмметтің соңын сараңдық пен бос қиял-үміттер опат етеді". Абай бол бауырым! Қосымша мынаны тыңдашы: https://t.me/sunnetpen_tanysu/602
✍🏼 Ибн Абдураббих өзінің «әл-Ғақд әл-Фарид» кітабында Шурайх деген қазының бір әйелге үйленгені туралы оқиғаны келтіреді. Ол некеден кейін әйелдің бөлмесіне кіріп, оған қолын созғанда, әйелі: «Тұра тұр, Абу Умайя, асықпа», – деді. Сосын сөзін жалғап: «Барлық мақтау-мадақтар Аллаһқа болсын, Оған мақтау айтып, Одан жәрдем сұраймын. Мухаммад пайғамбар мен оның отбасына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Мен сен үшін (бұрын) бөтен (болған) әйелмін, сенің мінезіңді білмеймін, маған не нәрсені ұнататыныңды айтшы, соны орындаймын және не нәрсені ұнатпасаң, содан аулақ боламын. Сенің өз әулетіңде де сен үйленуге лайық әйелдер болды, менің әулетімде де мен тұрмыс құруға жарайтын ер адамдар бар еді. Бірақ Аллаһтың шешімі орындалады, енді сен маған иелік етесің. Сондықтан Аллаһтың әміріне сай әрекет ет: «...не жақсылықпен ұстап қалу, не жақсылықпен жіберу». Мен осыны айта отырып өзіме де, саған да Аллаһтан кешірім тілеймін», – деді. Шурайх былай дейді: «Осылайша ол мені де сөз айтуға мәжбүр етті, сонда мен былай дедім:“Барлық мақтау-мадақтар Аллаһқа болсын, Оған мақтау айтып, Одан жәрдем сұраймын. Мухаммад пайғамбар мен оның отбасына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Содан кейін: Егер сен жаңа айтқан сөздеріңді ұстансаң, бұл сенің несібең болмақ, ал егер оны ұстанбасаң, сол айтқан сөздерің өзіңе қарсы дәлел болады. Маған мына-мына нәрселер ұнайды, ал мына-мына нәрселер ұнамайды. Біз енді біртұтаспыз, сондықтан бізді бөлуші болма , егер жақсы бір нәрсе көрсең, оны жарияла, ал жаман нәрсе көрсең, оны жасыр”. Ол: «Туыстарымның үйге келуіне қалай қарайсың?» - деп сұрады. Мен: «Мен сенің бауырларың мен жезделеріңнің жиі келіп, мазамды алғанын қаламаймын», - деп жауап бердім.Сосын ол: «Үйге қай көршілеріңді кіргізгің келеді, ал қайсысын ұнатпайсың?» - деп сұрады.Мен: «Пәленшенің отбасы – жақсы адамдар, ал түгеншенің әулеті – нашар адамдар», - дедім». Шурайх былай деп сөзін жалғады: «Мен онымен ең тәтті түнді басымнан кешірдім, және одан өзіме тек ұнайтын нәрселерді ғана көріп онымен бір жыл бақытты өмір сүрдім. Бір жыл өткенде, сот ісінен қайтып келген бір күні үйде шаруашылықпен айналысып жүрген бір қарт әйелді көрдім. Мен: «Бұл кім?» – деп сұрадым. Маған: «Бұл сенің енең», – деп айтты. Сонда жүрегім орнына түсті, сосын мен отырған кезде ол маған жақындап: «Әс-сәләму ғаләйка, Абу Умайя», – деді. Мен: «Уа ғаләйки-с-сәләм! Сіз кімсің?» – деп сұрадым. Ол: «Мен сенің енеңмін», – деді. Мен: «Аллаһ сізге береке берсін! – дедім. Ол: «Әйелің қалай екен?» – деп сұрады. Мен: «Ол – ең жақсы әйел!» – дедім. Ол: «Абу Умайя, әйел адам екі жағдайда бұзылады: ұл бала туса немесе күйеуінің разылығына ие болса. Егер сенде күмән пайда болса, онда қолыңа қамшыны ал. Аллаһпен ант етемін! Ер адамның үйінде ерке әйелден жаман ештеңе жоқ», – деді. Мен оған: «Аллаһпен ант етемін! Сіз оған жақсы тәрбие бердіңіз», – дедім. Ол «Әйеліңнің ата-анасы сені зиярат еткенін қалайсың ба?», - деп сұрады. Мен: «Қалаған кезде келсін», – дедім. Ол маған әр жылдың басында келіп жүретін болды және жақсы кеңестер беретін. Мен әйеліммен оны ешқашан ұрсып-сөкпей жиырма жыл өмір сүрдім...» Көптеген ерлі-зайыптылар алғашқы неке түнінде осындай келісім жасаса жақсы болар еді. Әйел күйеуінен не қалайтынын, не қаламайтынын айтсын, күйеуі де не қалайтын-қаламайтынын айтсын. Мен мұны өз басымнан өткіздім және көп пайдасын көрдім. Ал барлық мақтау-мадақ Аллаһқа тиесілі. 📚Бұл үзінді шейх Бадр әл-Утайбидің "Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" кітабынан алынды. Аллаһ Тағаладан кітаптың толық нұсқасын жақын арада "Абу Ханифа мирасы" кітап сөресінен көруімізді нәсіп етуін сұраймыз.
Әйелдер төрт санаттың біріне жатады Әйелдердің кейбір санаттары туралы айтудың уақыты келді. Сен де өзіңнің қай санатқа жататыныңды қара. ✍🏼 Ибн Хиббан «Нузхату әл-фудолә» кітабында әл-Хаттаб ибн әл-Муаллә әл-Махзумидің ұлына айтқан өсиетін келтірген. Ол сөзін аяқтай келе былай дейді: «Біл, әйелдер бір-бірінен қолдың саусақтарынан да қатты ерекшеленеді. Олардың ішіндегі азап келтіру үшін жаралған әрбір жаман мінезді әйелден сақ бол. Ондай әйелдерге мыналар жатады: 👉🏼1) Өзін жоғары ұстайтын, күйеуін менсінбейтін әйел. Егер күйеуі оған құрмет көрсетсе, ол оны солай болуы тиіс деп қабылдайды. Ол жасалған жақсылыққа ризашылық білдірмейді және азға қанағат етпейді. Оның тілі күйеуі үшін ұшқындаған қылыштай болады, ұятсыздық оның бетінен ұятшылдық пердесін жұлып тастайды, ол тіпті көршісінен де ұялмайды. Мұндай әйел үргіш, ашулы, қабаған ит секілді. Бұл әйелдің күйеуінің жүзі мұңды, ал ар-намысы қорланған болады. Ол дін үшін де, дүние тіршілігі үшін де, махаббат үшін де, көп бала үшін де күйеуіне қамқорлық жасамайды. Оның күйеуінің сырлары әшкере, ал жасаған жақсылығы жерленген болады. Куйеуі таңды күйінген күйде, ал кешті ашумен қарсы алады. Күйеуінің сусыны – күйініш, тағамы – ашу, баласы жоғалған, үйі қараусыз қалған болады. Күйеуінің киімі лас, басы сабалақ болады. Ол күлсе – аз күледі, сөйлесе – солғын сөйлейді. Оның күні – түн, түні – қайғы. Мұндай әйел күйеуін жылан немесе шаян сияқты шағады. 👉🏼2) Мiнезi нашар, зәрлі бажылдақ, өсек тарататын, әр желмен желпiп, әр қанат иесiмен ұшатын әйел. Егер күйеуі «Жоқ» десе, ол «Иә»,- дейдi; егер күйеуі «Иә» десе, ол «Жоқ», - дейді. Күйеуін ұятқа қалдырады және оның иелігіндегіні менсінбейді. Күйеуімен салғыласады, оны басқа еркектерден өзін төмен сезінуге мәжбүрлейді, оның көңіл-күйін өзгертуге ықпал еткені сонша, күйеуі өз үйін жек көріп, өз баласынан жалыға (немесе безе) бастайды. Оның өмірі нашарлап, титықтағаны сонша, бауырлары оны танымайтындай, ал көршілері оны аяйтындай болады. 👉🏼3) Ақымақ, жетесіз әйел. Орынсыз қылымситын, тілін шайнап, орынсыз сөйлейтін әйел. Ол күйеуінің махаббатына және оның тапқанына масайраған. Ол еркін жайылып жүрген есектер сияқты ішіп-жейді. Күн шықса да, оның даусы естілмейді, үйі жиналмайды. Оның тамағы тұрып қалған, ыдыстары кір, қамыры қышқыл, суы болар-болмас жылы. Үй ыдыстары көгеріп өсіп кеткен. Оның майда ыдыстарын ешкімге алуға болмайды. Оның үй қызметшісі ұрып-соғылған, ал көршісі оның қаһарына ұшыраған болады. 👉🏼 4) Нәзік, сүйетін, берекелі, бала туатын әйел. Ол (күйеуі) жоқта сенімді, көршілерге ұнамды, жасырын және ашық мақтауға лайық, жарының құқығын құрметтейді. Мұндай әйел көп қасиетке ие, дауысын бәсеңдетіп сөйлейді. Оның үйі таза, қызметшісі тоқ. Баласының өңі жақсы. Оның жақсылығы тұрақты, күйеуі бақытты. Ол – нәзік, сүйікті, адамгершілік пен жақсы мінез-құлыққа ие. Аллаһ сені тура жолмен жүретіндердің, тақуалардың, Аллаһтың ашуына ұшырататын нәрселерден аулақ жүретіндердің және Оның разылығына бөлейтін нәрселерді жақсы көретіндердің қатарынан етсін». 📚«Раудату әл-ғуқәлә уә нузхату әл-фудолә» (202 бет). Бұл үзінді шейх Бадр әл-Утайбидің "Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" кітабынан алынды. Аллаһ Тағаладан кітаптың толық нұсқасын жақын арада "Абу Ханифа мирасы" кітап сөресінен көруімізді нәсіп етуін сұраймыз.
✨ Еркектердің әйелдерге әрі әйелдердің еркектерге ұқсап еліктеуіне тыйым салынғандығы туралы
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару ✍️ 87- бап: Көркем мінез туралы Осы баптағы Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Сендердің араларыңдағы мен үшін ең сүйіктілерің әрі Қиямет күні маған ең жақын болатындарың - мінездері ең көркем болғандарың. Ал мен үшін ең жек көрініштілерің әрі Қиямет күні менен ең алыс болатындар - өзгелерге сөз бермей, ауыздарын толтырып, шіреніп сөйлетіндер әрі тәкапарлар", - деген хадисінің түсіндірмесі.
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару ✍️ 87- бап: Көркем мінез туралы Осы баптағы Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Адамдарды Жәннатқа ең жиі кіргізетін не?" - деп сұрағанда, ол: "Тақуалық және көркеммінез", - деп жауап бергені және оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Мүминдердің ішінде иманы ең кемелі - ең көркеммінездісі, ал сендердің ең жақсыларың өз әйелдеріне ең жақсыларың", - деген хадистерінің түсіндірмесі.
✍ Даналық маржандарынан: Сен қаншалықты бұл дүние туралы қам жейтін болсаң, соншалықты жүрегіңнен Мәңгі, Ақырет өмірі туралы қам жеу кететін болады, әрі сен қаншалықты Ақырет өмірі туралы қам жейтін болсаң, соншалықты жүрегіңнен бұл дүние туралы қам жеу кетеді. ✍ (с) Мәлик ибн Динар (Аллаһ оны рахым етсін)
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару ✍ 87- бап: Көркем мінез туралы Осы баптағы Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Ізгілік - бұл көркеммінезділік, ал күнә - көкірегіңде ыңғайсыздық туғызатын әрі сен адамдардың оны білуін қаламайтын нәрсе", және: "Расында, сендердің ең жақсыларың ең көркемінезділерің", - деп айтқан хадистерінің түсіндірмесі.