ФИҚҺ ДӘРІСТЕРІ
Статистика- Последний пост
- 11 авг.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 361
- 1/48двое суток
- 413
- 1/72трое суток
- 446
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
♦️1️⃣4️⃣-ХАДИС: Әл-Асуад: «Омармен (Алла оған разы болсын) бірге намаз оқығанымда, ол намазды бастағанда ғана қолын көтерді», - деп айтқан. 'Абд әл-Мәлік: «аш-Шағби, Ибраһим және Әбу Исхақтың намаздың басында ғана қол көтергенін көрдім», - дейді. (Хадисті ибн Әбу Шайба, ат-Тахауи жеткізіп: «Бұл сахих хадис», - деген.) Ибн Хажар бұл хадис жайында: «Жеткізу тізбегі сенімді», - деп айтқан¹. 📍¹ Мусаннаф Әбу Шайба 417/2, Шарх ма'ани әл-әсәр 227/1. https://t.me/fikh_daristeri
Орамалдың хикметі – әуретті жабу, бөгде көздерден қорғау. Егер ол бұл мақсатқа қызмет етпесе – яғни, бас, мойын, иық секілді әуретті тұстарды жаппай, керісінше солардың пішінін айқындап тұрса – ондай киім шариғи хиджаб бола алмайды. Ащы болса да ақиқат, бүгінде көпшілігіміздің орамалымыз сән үшін ғана тағылған бір матаға айналып барады. Мойынға жабысып, пішінді ашып тұратын орамал – «жабын» емес. Бұл – шариғаттың талабына сай келмейтін, сырттай ғана ұқсауы мүмкін киім. Хижабты жүрекпен ұғыну – оны дұрыс тағудан басталады. 📍Дереккөз: https://t.me/mauaranahr https://t.me/oramal_bak
♦️1️⃣3️⃣-ХАДИС: 'Асым ибн Куләйб әкесінен жеткен мына хадисті риуаят еткен: «Расында Әли (Алла оған разы болсын) қолын намаздың алғашқы такбирінде көтеріп, кейін қайта көтермейтін». (Хадисті ибн Әбу Шәйба, ат-Тахауи жеткізген.) Ибн Хажар бұл хадис жайында: «Жеткізу тізбегі сенімді», - деген¹. 📍¹ Мусаннаф Әбу Шәйба 416/2, Шарх ма'ани әл-әсәр 225/1, Дирая фи тахриж ахадисил һидая 152/1. https://t.me/fikh_daristeri
♦️1️⃣2️⃣-ХАДИС: 📌НАМАЗДЫ БАСТАҒАНДА ҒАНА ҚОЛДЫ КӨТЕРУ Әлқамадан жеткен деректе Абдулла ибн Мас'уд (Алла оған разы болсын): «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оқығандай намаз оқиын ба?» – деп, намаз оқып, екі қолын намаздың басында ғана көтерген. (Хадисті Әбу Дәуіт, Тирмизи жеткізген.) «Ибн Мас'удтың хадисі – хасан (жақсы) хадис, онымен көптеген ілім иесі келіскен, оның ішінде ардақты сахабалар мен табиғиндер де бар. Суфян ас-Саури мен Куфа ғалымдары да осы көзқарасты ұстанған», – деген¹. 📍¹ Сунан Әбу Дәуіт 293/1, Жәми'у ат-Тирмизи 347/1. https://t.me/fikh_daristeri
♦️1️⃣1️⃣-ХАДИС: 📌 БІСМІЛЛӘ МЕН ӘМИНДІ ІШТЕЙ АЙТУ Самура ибн Жундуб (Алла оған разы болсын): «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаздың екі жерінде: яғни намазды бастағанда және қырағатты бітіргенде үндемейтін болған», деген. Самураның бұл сөзіне Имран ибн Хусайн қарсы шығып, Убай ибн Ка'бқа хат жазған. Убай ибн Ка'б Самураның сөзі дұрыс екенін айтқан. (Хадисті имам Ахмад пен Әбу Дәуіт риуаят еткен.) Хафиз ибн Хажар хадиске «хасан (жақсы)» деп баға берген¹. 📍¹Муснад Ахмад 20243, Сунан Әбу Дәуіт 505/1, Натаижул афкәр фи тахрижил ахадисил әзкар 24/2. https://t.me/fikh_daristeri
♦️1️⃣0⃣-ХАДИС: Убайдулла ибн Миқсам (имамның артында тұрып қырағат ету туралы) Абдулла ибн Омардан, Зәйд ибн Сәбиттен, Жәбир ибн Абдулладан сұраған кезде, олар: «Намазда имамның артынан тұрып қырағат оқыма!» - деп жауап берген. (Хадисті ат-Тахауи жеткізген.) Хафиз әл-'Айни: «Тізбегі сахих, имам Муслимнің шарттарына сай», деген¹. 📍¹Шарх ма'ани әл-әсәр 219/1, Нухабул афкар 123/4 https://t.me/fikh_daristeri
♦️9️⃣-ХАДИС: Ата ибн Ясар имаммен бірге қырағат ету туралы Зәйд ибн Сәбиттен сұрағанда, ол былай деп жауап берген: «Имаммен бірге қырағаттың еш бөлігі оқылмайды». (Хадисті имам Муслим мен ән-Насаи жеткізген¹.) 📍¹ Сахих Муслим 75/5, Сунан ән-Насаи 951. https://t.me/fikh_daristeri
♦️8️⃣-ХАДИС: Нафи'тен жеткен хадисте былай делінген: «Егер Абдулла ибн Омардан имамның артында тұрып (қырағат) оқу туралы сұрағанда, ол: «Имамның қырағат етуі артынан ұйып намаз оқыған адамға жеткілікті, жалғыз намаз оқыса ғана қырағат етеді», - деп жауап беретін. Сондай-ақ Нафи': «Абдулла ибн Омар имамның артында тұрып (қырағат) оқымайтын», - деген. (Хадисті имам Мәлік жеткізген¹.) 📍¹ Муатта Мәлік 93/1. https://t.me/fikh_daristeri
♦️7️⃣-ХАДИС: 📌ИМАМНЫҢ АРТЫНДА ТҰРҒАНДА ҚЫРАҒАТ ОҚЫЛМАЙДЫ Жәбир ибн Абдулладан (Алла оған разы болсын) жеткен хадиске сүйенсек, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім имамға ұйыса, имамның қырағаты оның қырағаты болып саналады», деген. (Хадисті имам Ахмад риуаят еткен.) Шамсуддин ибн Әбу Омар әл-Мақдиси әл-Ханбали бұл хадис жайында: «Хадисті жеткізушілер тізбегі үзілмеген, сахих хадис, жеткізушілері сенімді», - деген¹. Сондай-ақ оны 'Абд ибн Хумайд та жеткізген. Мухаддис әл-Бусайри: «Ол Муслимнің шартына сәйкес», - деген². 📍¹ Муснад Ахмад 14643, Шархул Кабир ибн Қудама 305/4. 📍² Мунтахаб 'Абд Хумайд 1052, Шихабуддин әл-Бусайри. Иттихаф әл-хиаратул маһара би зауаид әл-масанид әл-ашара 343/2. https://t.me/fikh_daristeri
♦️6️⃣-ХАДИС: Абдулла ибн Муғаффалдың ұлы былай дейді: «Абдулла ибн Муғаффал біреудің бісмілләні (дауыстап) оқығанын естіп, «Мен Алланың елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) артында тұрып намаз оқыдым, Әбу Бәкір, Омардың (Алла оларға разы болсын) артында тұрып намаз оқыдым. Ешқайсысының «Бисмилләһир раһманир раһим»-ді (дауыстап) айтқанын естімедім», - деген. (Хадисті ән-Насаи, ат-Тирмизи жеткізген.). Ат-Тирмизи: «Абдулла ибн Муғаффалдың хадисі хасан (жақсы). Бұл хадиспен көптеген ілім иелері, оның ішінде саңлақ сахабалар: Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (Алла оларға разы болсын) және өзге де олардың соңынан ерушілер амал еткен», - дейді ¹. 📍¹ Сунан ән-Насаи 898, Жәми'у ат-Тирмизи 327/1. https://t.me/fikh_daristeri
♦️5️⃣-ХАДИС: 📌БІСМІЛЛӘНІ ІШТЕЙ АЙТУ Әнас ибн Мәлік (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Расында, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкір және Омар (Алла оларға разы болсын) намазды «Әлхамдулилләһи раббил-'аламин» деп бастайтын». (Яғни оған дейінгіні іштей айтатын.) (Хадисті имам Бұхари және имам Муслим жеткізген.) Имам Муслим өз риуаятында Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Бисмилләһир раһманир раһим»-ді қырағаттың басында да, соңында да айтпайтынын қосқан ¹. 📍¹ Сахих Бұхари 149/1, Сахих Муслим 111/4. https://t.me/fikh_daristeri
♦️4️⃣-ХАДИС: 📌БАСТАПҚЫ ДҰҒА Мүміндердің анасы Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаздың бастапқы дұғасын былай айтқан «Субһанака Аллаһумма уә биһамдика уә тәбәрәкә смукә уа Тағала жәддукә уә лә иләһә ғайрук», - делінген. Мағынасы: Я, Аллам, сені (барша кемшіліктен) пәктеймін, саған мадақ айтамын. Сенің қасиетті есімдерің аса мүбәрак және ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа Құдай жоқ. (Хадисті Әбу Дәуіт жеткізген.) Әл-Ирақи хадис жайлы: «Тізбектегілері сенімді», деп айтқан. Оның шәкірті ибн Хажар: «Кемінде хасан (жақсы) дәрежесіндегі хадис», деп сипаттаған ¹. Осыған ұқсас хадисті ат-Табарани «Му'жамул әл-Аусат» кітабында келтірген. Хафиз әл-Хайсами: «Тізбектегілері сенімді», - деген ². Тирмизи осы хадисті келтіріп, былай деп түсіндірген: Омар ибн әл-Хаттаб пен ибн Мас'удтан да (Алла оларға разы болсын) осындай дерек жеткізіледі. Көп ғұлама-ғалым оған амал етеді. 📍¹ Сунан Әбу Дәуіт 504/1. 📍² Му'жәм ат-Табарани әл-Аусат 3039, Мәжма'у зауаид 107/2. https://t.me/fikh_daristeri
♦️3️⃣-ХАДИС: 📌ЕКІ ҚОЛДЫ КІНДІКТІҢ АСТЫНА ҚОЮ Уәйл ибн Хажар (Алла оған разы болсын) былай деген: «Мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазда оң қолын сол қолының үстіне қойып, кіндіктің астында ұстағанын көрдім». (Хадисті ибн Әбу Шәйба жеткізген.) Хафиз ибн Құтлубуға хадис туралы: «Бұл жақсы тізбек», деген ¹. Имам Тирмизи ²: «Ілім иелері және Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалары, табиғиндер және олардың соңынан ергендер бұл хадиске амал еткен. Олар оң қолын сол қолының үстіне қойып, кейбірі кіндіктің үстіне, кейбірі кіндіктің астына қойған», дейді. 📍¹ Мусаннаф ибн Әбу Шәйба 320/3, Та'риф әл-ихбар би тахриж ахадис әл-ихтияр, бә, 26 қаф. 📍² Жәми'у ат-Тирмизи 338/1. https://t.me/fikh_daristeri
♦️2️⃣-ХАДИС: 📌ҚИЯМДАҒЫ ҚОЛ БАЙЛАУ Уәйл ибн Хужр (Алла оған разы болсын) былай деп айтқан: «Мен: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалай намаз оқитынын бақылайық», дедім. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тұрды да, құбылаға қарап такбир айтты. Екі қолын құлақ тұсына дейін көтеріп, оң қолын сол қолының алақанымен білегінің үстіне қойды». (Бұл хадисті имам Ахмад, Әбу Дәуіт және ән-Насаи жеткізген. ¹. 📍¹ Муснад Ахмад 18876, Сунан Әбу Дәуіт 483/1, Фатһул бари 290/2, Сахих ибн Хузайма 243/1. https://t.me/fikh_daristeri
♦️1️⃣-ХАДИС: 📌 ТАКБИР СИПАТЫ Мәлік ибн әл-Хуайрис (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазға кіру такбирін айтқанда екі қолын құлақ тұсына дейін көтеретінін жеткізген. (Хадисті имам Муслим, ән-Насаи риуаят еткен.) ¹. 📍¹ Сахих Муслим 94/4, Сунан ән-Насаи 1085. https://t.me/fikh_daristeri
📌ТҮПНҰСҚА КІРІСПЕСІ Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Әлемдердің Раббысы болған Аллаға сансыз шүкірлер, пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оның отбасына, сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында жәннаттың иісі қырық жыл қашықтықтан сезіледі», - деді ¹. Осындағы әр хадис Алла Тағаланың мейірімімен жәннатқа жақындауыма себепші болсын деген ниетпен 40 хадисті жинақтадым. Сондай-ақ еңбектегі аталған ұлы имамдардың саны да осыған тең. Бұл еңбек ханафи мәзһабы бойынша намаздың кейбір әрекеттерін сипаттайтын хадистерден тұрады. Жинақта әйгілі хадис кітаптарына немесе хадисті жеткізген имамдарға сілтеме берілді. Өзге әйгілі хадис кітаптарында ханафи мәзһабына дәлел болатын деректер жоқ деген қате пікір қалыптаспау үшін ханафилық Мұхаммед ибн әл-Хасан аш-Шәйбанидің «әл-Муатта», «әл-Асар», «Худжа 'ала аһлил Мадина» және өзге де айқын дәлелдерге толы еңбектерін пайдаланбадым. Алланың ғана разылығынан үміт етіп, барша мұсылманға пайдалы болса деп тілеймін. ✍️ Мұхаммед Уәйл әл-Ханбали, Димашқи, 1432 һижри жылы, Раби'ул ахир айының алтыншы күні, таң намазынан алдын. 📍¹ Сахих әл-Бұхари 94/4. 📌Кітапты арабшадан аударған: Ұстаз Мухаммадзахир Мирзаев https://t.me/fikh_daristeri
Әссәләму 'әләйкум бауырлар! Аллаһ қаласа бүгіннен бастап Пайғамбар намазы (Намаздағы кейбір әрекеттерді сипаттайтын 40 хадис) атты кітаптан хадистер салатын боламыз.
без подписи
📕Нурул-Идох 🔶44-Дәріс 🎙️Ұстаз Ерғали Алпысбай https://t.me/fikh_daristeri