tgindex
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Статистика
Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
9
Всего постов
29
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
4 732
−14 за 4 дн.
Сутки
−2
−0,04%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
1 220
29 постов
Вовлечённость
25,8%
к подписчикам
Постов в день
1,3
всего 29
Упоминаний
4
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
188
1/48двое суток
215
1/72трое суток
232

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • 14 авг.21431из oramal_bak

    без подписи

  • ♦️9️⃣0️⃣-ХАДИС: Әбу һурайра (р.а.): Бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Қандай садақаның сауабы зор?» – деп сұрағанда, оған: «Денсаулығың мықты болғанда, кедей боп қалудан қорқып, бойыңды сараңдық билегенде және байыған үстіне байи түсуден үміттенгеніңде берген садақаның сауабы мол болады. Ал зекет пен садақаны жан алқымға келіп, «мынаншасы пәленшенікі, мынаншасы да түгеншенікі» дейтін өлім аузындағы сәтке дейін кешіктіруші болма, өйткені өлген соң жиған-терген дүниең онсыз да пәленше мен түгеншенікі болады», – деп жауап берді», – деген. (Бұхари: 1419; Муслим: 2382; Ахмад: 7159). 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 10 авг.602142из oramal_bak

    без подписи

  • 4 авг.874132

    ♦️8️⃣9️⃣-ХАДИС: Жәбир (р.а.): «Ұһұд шайқасы болған күні бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Егер (осы шайқаста) жау қолынан қаза тапсам, (о дүниеде) қайда боламын?» – дегенде, оған: «Жәннатта боласың», – деді. Сонда ол бірден қолындағы әлі жеп тауыспаған құрмаларын тастай салды, содан кейін (қиян-кескі ұрысқа кірді де), жау қолынан қаза тапқанша аянбай шайқасты», – деп айтты. (Бұхари: 4046; Муслим: 4913; Ахмад: 14314). 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 1 авг.1 016251

    ♦️8️⃣8️⃣-ХАДИС: Әбу Сируаға Уқба ибн әл-Харис (р.а.): «Бірде екінті намазын Мәдинада Пайғамбарымыздың ﷺ артында тұрып оқыдым. Сонда Алла Елшісі сәлем берді де, орнынан тұрып, отырған адамдардың арасымен тез жүріп отырып, жұбайларының бірінің бөлмесіне кіріп кетті. Ел-жұрт оның мұншалықты асығыс ісінен үрейленіп қалды. Содан көп ұзамай қайта шықты да, мұншалықты асығыс қимылдағанына сахабаларының таңғалып отырғанын көрді де: «Бізде тұрған бір кішкене алтын есіме түсіп кетті. Соның ойымды бөліп, Аллаға бет бұруыма кедергі келтіргенін қаламадым, сөйтіп, оны (мұқтаждарға) үлестіріп беруді бұйырдым», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 851; Ахмад: 16151). Басқа бір риуаятта: «Бір кішкене алтынды садақаға берем деп үйге қойып қойған едім, соның түні бойы үйімізде тұрғанын қаламадым», – деп келген. (Бұхари: 1430). 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 13 июл.2 372233

    🔷1️⃣0️⃣-БАП. ИГІ ІСТЕРДЕ ЖАРЫСУ 📌«Көп жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят). 📌«Раббыларыңның кеңдігі мен кешіріміне және шынайы тақуалар үшін әзірленген ені жеті қат көк пен жердей болған жұмаққа асығыңдар» («Әли Имран» сүресі, 133-аят). 🔷🔷🔷 ♦️8️⃣7️⃣-ХАДИС: Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар, өйткені жақын келешекте жер бетінде тас қараңғы түннің түнектеріндей көптеген бүліктер белең алады. Сол кезде кісі таңертең мүмін болса, кешке қарай кәпір¹³, кешке кәпір болса, таңертең мүмін болып, тұрақсыз күй кешеді. Еш ойланбастан болмашы дүниеге бола дінін сатады», - деп айтты» - деген. (Муслим: 313; Ахмад: 8030). 📍¹³ Бұл хадистегі «кәпір» сөзі – діннен безген шынайы кәпір немесе Алланың берген нығметтеріне шүкірлік білдірмейтін, рақыметі жоқ адам мағынасында. 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 2 июл.1 889122

    🔷9️⃣-БАП. ТӘФӘККУР (ЖАРАТЫЛЫСҚА ҚАРАП, ОЙ ЖҮГІРТІП, ЖАРАТУШЫНЫҢ ШЕКСІЗ ШЕБЕРЛІГІ МЕН ҚҰДІРЕТІН ОЙЛАП, ТЕРЕҢ ПАЙЫМДАУ) ЖАЙЫНДА. Алланың ғажайып жаратылыстары, дүниенің жалғандығы, ақыреттің қорқынышты жайттары және дүние мен ақыреттегі барлық істер мен нәпсінің кемшіліктері мен тәрбиесіне ой жүгірту әрі оны туралыққа баулу жайлы тарау. 📌«Сендерге бар-жоғы бір ғана қасиетті насихаттаймын: Алла үшін мейлі жұптасып, мейлі оңаша қалып ақиқатты іздеңдер, содан кейін ақылға салып ойланыңдар...» («Сәбә» сүресі, 46-аят). 📌«Шүбәсіз, жеті қат көк пен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін ғибратқа толы талай айқын белгілер бар. Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та, үнемі Алланы еске алады, һәм жеті қат көк пен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мінсізсің, мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден адасың!» ... деп жалбарынады. («Әли Имран» сүресі, 190,191-аят). 📌«Олар түйенің қалай жаралғанына қарамай ма?! Аспанның қалай тіреусіз тұрғызылғанына қарамай ма?! Таулардың қалай қазықтай қағылғанына қарамай ма?! һәм жер жүзінің қалай төселіп, тіршілік етуге қолайлы етілгеніне қарамай ма?! Сен оларды ескерт! Өйткені сен тек қана ақиқатты насихаттаушы һәм ескертушісің!» («Ғашия» сүресі, 17,18,19,20,21-аят). 📌«Олар жер жаһанды кезіп, ғибрат алмай ма?!» («Мұхаммед» сүресі, 10-аят). 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 24 июн.1 375306

    ♦️8️⃣6️⃣-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.): Алла Елшісі ﷺ: «Әрбір істе орта жол мен туралықты ұстаныңдар. Біліп қойыңдар! Ешбірің (игі) істеріңмен ғана құтыла алмайсыңдар», – дегенде, сахабалары: «Уа, Расулалла! Сіз де құтыла алмайсыз ба?» – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі ﷺ оларға: «Егер Алла мені Өзінің шексіз рақымы мен шарапатына бөлемесе, мен де құтыла алмаймын», – деп жауап берді», – деген. (Муслим: 7116; Ахмад: 10465). 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 17 июн.1 884265

    🔷8️⃣-БАП. ТУРА ЖОЛДА БОЛУ. 📌«(Уа, Мұхаммед!) Алланың өзіңе бұйырғанындай әрдайым тура жолда бол!» («Һуд» сүресі, 112-аят). 📌«Ал «Раббымыз Алла» деп иман айтқаннан кейін тұп-тура жолмен жүргендерге оқтын-оқтын періштелер түсіп: «Қорықпаңдар әрі мұңаймаңдар. Өздеріңе уәде етілген жәннатқа қуаныңдар!». «Біз дүние тіршілігінде де, ақыретте де сендердің жанашыр достарың боламыз. Жұмақта жан-тәндерің не қалап, көңілдерің неге соқса, соның бәрі алдарыңа тартылады. Онда сендерге қалағандарыңның бәрі беріледі». «Міне, бұл – өте кешірімді, мүмін құлдарына ерекше мейірімді Алладан сендерге деген ерекше сый-құрмет!» («Фуссилат» сүресі, 30,31,32-аят). 📌«Алланы Раббымыз деп біліп, содан кейін тура жолға түскендер үшін (қиямет күні) ешқандай қорқыныш жоқ, әрі олар зәредей де қайғы-қасірет шекпейді. Олар жасаған игі істерінің қарымы ретінде жұмақта мәңгі-бақи қалады» («Ахқаф» сүресі, 13-14-аяттар). 🔷🔷🔷 ♦️8️⃣5️⃣-ХАДИС: Әбу Амр Суфиян ибн Абдуллаһ (р.а.): «Алла Елшісіне ﷺ: «Уа, Расулаллаһ! Маған ислам бойынша сізден кейін ешкімнен сұрамайтындай бір ауыз өсиет айтыңызшы», – дегенімде, маған: «Бір Аллаға иман келтірдім», – деп айт, содан соң тура жолда бекем бол!» – деді», – деген. (Муслим: 159; Ахмад: 15416). 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 22 мая3 3515114

    ♦️8️⃣4️⃣-ХАДИС: Әнәс (р.ә.): «Пайғамбарымыздың ﷺ дәуірінде ағалы-інілі екі бауыр болған еді. Біреуі Алла Елшісінің ﷺ мәжілісіне келіп тұратын. Ал екіншісі кәсіп қылып, мал табатын. Бір күні кәсіпкер жігіт бауырының еңбек етпейтінін айтып, Пайғамбарымызға ﷺ шағымданады. Сонда Алла Елшісі ﷺ оған: «(Қайдан білесің), мүмкін саған сол бауырың себепті ризық беріліп жатқан шығар», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2345). 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 5 мая3 486287

    ♦️8️⃣3️⃣-ХАДИС: Әнәс (р.а.): Алла Елшісі ﷺ: «Кімде-кім үйінен шыққанда: «Бисмиллә, Аллаға тәуекел еттім және Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш-қуат жоқ!» - десе, оған: «Тура жолға түсірілдің, мұң-мұқтажың өтелді және бәле-жаладан қорғалдың», - деп айтылады ¹². Сөйтіп, шайтан одан алыстайды», - деп айтты». (Әбу Дәуіт: 5095; Тирмизи: 3426; Нәсәи 9837). Әбу Дәуіт жеткізген хадис мәтінінде: «Сонда шайтан басқа бір шайтанға: «Тура жолға түсірілген, мұң-мұқтажы өтелген және бәле-жаладан қорғалған кісіні қалай азғырасың?!» - деп айтады», - делінген. Түсіндірме: Хадистегі «Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш те, қуат та жоқ!» деген сөздің мағынасы - егер Алла Тағала бізге күш-қуат бермесе, бізде нәпсі қалаулары мен күнә атаулыдан тыйылатын және игі істер істейтін күш те, қуат та жоқ дегенді білдіреді. 📍¹² Бұл сөзді оған Алланың Өзі айтады немесе соған бекітілген періште айтады. 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 21 апр.2 7664310

    ♦️8️⃣2️⃣-ХАДИС: Махзум руынан болған мүміндердің анасы Үммі Сәләма, өз аты-жөні Әбу Умәйя Хузайфақызы һинд (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ үйінен шыққанда: «Бисмиллә, Аллаға тәуекел еттім. Уа, Алла! Өздігімнен адасудан, не біреудің адастыруынан, өздігімнен жолдан таюдан, не біреудің тайдыруынан, зұлымдық жасаудан немесе зұлымдыққа ұшыраудан, наданның ісін істеуден немесе наданның ісіне тап болудан бір Өзің сақтай көр», - дейтін», - деп жеткізеді. (Әбу Дәуід 5094; Тирмизи 3427). 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy

  • 17 апр.2 740243

    ♦️8️⃣1️⃣-ХАДИС: Өзі, әкесі және анасы сахаба болған Әбу Бәкір Сыддық ¹¹ (р.а.): «Алла Елшісімен ﷺ бірге үңгірде жасырынып жатқанымызда, саңылаудан тас төбемізде жүрген мүшріктердің аяқтарын көріп: «Уа, Расулалла! Егер мыналардың біреуі аяғының астына сәл үңіліп қараса, бізді сөзсіз көріп қояды ғой», - дегенімде, маған: «Уа, Әбу Бәкір! Үшіншісі Алла болған екі кісі жайлы (яғни, Алланың қорғанындағы екі адам жайлы) не ойлайсың? (Ол екеуінің қандай да бір жамандыққа ұшырауы мүмкін бе?)» - деп айтты», - деген. (Бұхари: 3653; Муслим: 6169; Ахмад: 11). 📍¹¹ Толық аты-жөні - Абдуллаһ ибн Осман ибн Амир ибн Омар ибн Қағб ибн Сағд ибн Тәмим ибн Мурра ибн Қағб ибн Луәй ибн Ғалиб әл-Кураши, әт-Тәйми (р.а.) 📚 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy