ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ
Статистика📕ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ. ✍️ Құранды араб тілінен аударған -Исламтанушы, PhD доктор Ершат Оңғаров.
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 3
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 89
- 1/48двое суток
- 101
- 1/72трое суток
- 110
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
12. Түн мен күндіз секілді екі ғажайыпты Біз Алла құдіретінің дәлелі еттік. Қараңғы түнді түнеріңкі қалыпқа түсіріп, Раббыларыңнан сендерге беретін ризық-несібесін табуларың үшін және жыл мен күндердің есебін білулерің үшін күндізді жарқырата түстік. Осылай Біз әрбір құбылыстардың мәнін түсіндіреміз. 17:12 https://t.me/kuran_kariim
11. Адам баласы жамандықты, жақсылық тілегендей өздері тілеп алады. Ақиқатын айтар болсақ, адам баласы сабырсыз болып келеді. 17:11 https://t.me/kuran_kariim
10. Ақыретке сенбейтіндер үшін Біз жантөзгісіз жаза дайындадық. 17:10 https://t.me/kuran_kariim
9. Ақиқатын айтсақ, мына Құран сендерді ең дұрыс жолға бастайды, салихалы амалдар жасаған мүминдерді, шын мәнінде үлкен сауапқа кенелетіндігімен қуантады. 17:9 https://t.me/kuran_kariim
8. Егерде (бұзықтық жолдан өз еріктеріңмен қайтсаңдар) Раббыларың сендерді Өз рахымына алуы да мүмкін. Ал егерде жаманшылықтың жолына қайтадан түссеңдер, Біз де сендерді жазалауға қайтадан кірісеміз. Кәпірлер үшін Жаһаннамды зындан етіп даярладық. 17:8 https://t.me/kuran_kariim
7. Егерде сендер әлдебір жақсылық жасасаңдар, оны өздерің үшін жасайсыңдар. Ал егерде жамандық жасасаңдар, кесірі өздеріңе тиеді. Ал сендерге берілген екінші уәденің мерзімі жеткен кезде, дұшпандарың жүздеріңді жерге қаратып, алғашқы кездегідей ғибадатханаларыңа басып кіріп, қолдарына түскен дүниелерді тонап, қалғанын быт-шыт қылып қиратады. 17:7 https://t.me/kuran_kariim
6. Содан соң сендерге Біздің мейіріміміз түсіп, оларға қарсы соғыста жеңісті сендерге бердік. Онымен қоймай дүние, байлық беріп, ұрпақтарыңды өсіріп сандарыңды көбейттік. 17:6 https://t.me/kuran_kariim
5. Мезгіл жетіп, сендер өздеріңнің бірінші бүліктеріңді шығарған кездеріңде өте күшті қатігез құлдарымызды жібердік. Олар сендердің үйлеріңе басып кірді. Сөйтіп ол уәдеміз осылайша орындалған еді. 17:5 https://t.me/kuran_kariim
4. Біз Исраил ұрпақтарының тағдырына: «Жер жүзінде сендер міндетті түрде екі дүркін бүлікшілік жасап, шектен тыс тәкаппарлық танытасыңдар» деп (Ләухул-махфуз) кітабына жазып қойғанбыз. 17:4 https://t.me/kuran_kariim
3. Уа, Нұхпен бірге кемеге мінгендердің ұрпақтары! Ақиқатын айтар болсақ, Нұх шүкіршіл құл болатын. Тәпсірі: Өзіне бұйыртқан ішіп-жемі, киген киімі және басқа да игіліктері үшін Нұх пайғамбар, Аллаға ризалықпен рахмет айтып отыратын. Сондықтан да оны «ризашыл құл» деп атаған. Бұл жерде де барлық пайғамбарлардың тек қана Алланың құлы екені баса айтылып отыр (Ибн Касир тәпсірі). 17:3 https://t.me/kuran_kariim
2. «Менен өзге қамқоршы іздемеңдер!» деген қағидасы бар кітап (Тәуратты) Біз Мұса арқылы Исраил ұрпақтарына түсіріп, тура жолды нұсқаушы еттік. 17:2 https://t.me/kuran_kariim
1. Ғажайыптарымыздың кейбіреулерін көрсету үшін құлымыз (Мұхаммедті) Әл-Харам мешітінен (Меккеден) айналасына біздің шапағатымыз жауған әл-Ақса мешітіне бір-ақ түнде алып барған Алла кемшілік атаулыдан пәк (аса үстем тұр). Ақиқатын білер болсаңдар, Ол – Естуші әрі Көруші. Тәпсірі: Аят Алланы жаратылысқа тән сипаттардан жоғары, барлық нұқсан атаулыдан пәктеуден басталған. (әл-Матуриди тәпсірі). Бұл жерде пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтып отыр. (әл-Жәләләйн тәпсірі). Пайғамбарды аспанға ұшыртқандай құрметті Алла оған дейін бірде-бір адамға көрсетпесе де, бәрібір оған «Алланың құлы» деп ашық айтып, Мұхаммедтің де дәл орнын көрсетіп отыр. 17:1 https://t.me/kuran_kariim
Мейірімді де Рахымды есімімен Алланың. https://t.me/kuran_kariim
ӘЛ-ИСРА СҮРЕСІ (Түнгі серуен) 111 аяттан тұратын Меккелік кезеңде түсірілген бұл сүренің он екі (26, 33, 57, 73-80) аяты Мәдиналық кезеңде түсірілген. Құрандағы реттік саны – он жетінші. Уахи арқылы түсудегі реттік саны – елу. Қасиетті сүре құдіреті күшті Алла Тағаланы мадақтаумен басталады да, Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір түнде (Миғраж түні) Иерусалимге жасаған сапары жайлы әңгімелейді. Және де Мұсаның (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлық парызы әрі оған Исраил жұртының көзқарасы жайлы баян береді. Қиямет күні адамдардың фәни жалғандағы жасаған амалдарына сай жаза берілетіні анық айтылады. Сонымен қатар тарихтағы көптеген халықтардың рухани азғындап кеткен себептері, жеке тұлғалардың тәртібіне баға беріледі. Бұдан кейін жас ұрпақтың ата-аналарына деген құрметі, оларды сыйлап үнемі қамқорлық жасау балаларының парызы екені ескертіледі. Және де бұл сүреде көпқұдайшылдардың періштелер жайлы ойдан шығарған жалған қауесеттері сынға алынады. Бұдан соң құдіретті Алла рух жайлы және оның болмысы жайлы мәлімет береді. Сонымен қатар қасиетті Құранда шынайы иман келтірген жандардың мінез-құлқы мен қасиеті қандай болу керектігі, олардың үнемі Жаратқан Иелеріне риза болып Алла акбар, Аллаға мадақ, Алла – Ұлы деген сөздерді айтып жүру керектігі түсіндіріледі. https://t.me/kuran_kariim
128. Ақиқатын айтар болсақ, Алла тақуалармен және ізгілік амалдар жасайтындармен бірге. Тәпсірі: Бұл сүре мұсылмандардың жүрегіне үлкен үміт пен сенім ұялатумен аяқталады. Алланың үнемі олармен бірге екеніне мүминдер еш күмәнданбауы керек. Осы қағидаға байланысты екі ережені айта кеткен орынды: 1) олар өздерінің ашуға берілу, шыдамсыздық көрсету, өзімшілдік секілді пендешілік әлсіздіктеріне жол бермеуі керек; 2) олар айналасындағылардың барлығына үзбей жақсылық жасай берулері керек. Алла Тағалаға жақын болуға өзін лайықтау – адам баласының ең үлкен мақсаты (әс-Сабуни тәпсірі). 16:128 https://t.me/kuran_kariim
127. Үнемі сабырлық сақта, (уа, Мұхаммед!) Өйткені сенің сабырлығың Алладан келген сый. Олар үшін уайым жеме, (имансыз) пенделер үшін аса қайғыра көрме және олардың жасаған айла-шарғылары үшін де уайымдама. 16:127 https://t.me/kuran_kariim
126. Егерде сендер (жауларыңды) жазалайтын болсаңдар, олардың өздеріңе қолданған жазасымен жазалаңдар. Егерде жазалаудан бас тартып кешірім берсеңдер, сабырлы мүминдер үшін сол қайырлы. 16:126 https://t.me/kuran_kariim
125. (Уа, Мұхаммед!): (Жамағатты) Раббыңның жолына шақырар болсаң, даналық сөздермен, көркем түрде пікірлесіп, сұхбат жүргіз! Ақиқатын айтсақ, Алланың тура жолынан адасқан пендені, сондай-ақ тура жолдағыларды да Ол жақсы біледі. 16:125 https://t.me/kuran_kariim
124. Қасиетті сенбі күнінің шарттарын сақтау парызы, сол жөнінде талас-тартысқа түскен қауымға парыз болған еді. Ақиқатына келер болсақ, Қиямет күні сенің Раббың, алауыздықпен дауласып жүргендерге Өзінің үкімін айтады. 16:124 https://t.me/kuran_kariim
123. Біз саған (уа, Мұхаммед) (Аллаға бойұсынған) мүшріктердің қатарына еш қосылмаған Ибраһимнің салған таза дінінің жолымен жүр деп, уахи түсірдік. Тәпсірі: Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ибраһимнің жолымен жүруге әмір етілді. Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар мен оның жақтастары, Ибраһимнің шынайы ізбасарлары еді. Өйткені олардың дінінде мүшріктердің ізі де жоқ болатын. 16:123 https://t.me/kuran_kariim