tgindex
K
@kapayevsportСпортказахский

Канал о спорте в Казахстане и в мире

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
18
Всего постов
39
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Спорт
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
92
0 за 4 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
11
25 постов
Вовлечённость
12,0%
к подписчикам
Постов в день
2,6
всего 39
Упоминаний
3
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
3
1/48двое суток
3
1/72трое суток
3

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 14 авг.5из olympickz

    🎾 Елена Рыбакина Канададағы «Мастерс» турнирінің финалында жеңіліп қалды Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында жеңіліп қалды. Жүлде үшін өткен матчта әлемнің екінші ракеткасы Польша өкілі Ига Швёнтекпен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласына екі сетте де есе жіберді. Финалдағы есеп – 2:6, 3:6. . 🎾 Елена Рыбакина уступила в финале "Мастерса" в Канаде Лидер женской команды Казахстана по теннису Елена Рыбакина потерпела поражение в финале турнира серии WTA 1000 в Торонто (Канада). В матче за титул вторая ракетка мира сыграла против Иги Швентек (Польша). Казахстанская теннисистка уступила сопернице в двух сетах. Итоговый счёт финала составил 2:6, 3:6.

  • 14 авг.4из olympickz

    🏋️‍♂️ Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті. Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды. Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні көтерді. Сондай-ақ 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды. . 🏋🏻‍♂️ Казахстан завоевал три медали на чемпионате Азии по тяжелой атлетике среди юниоров и юношей В Ташкенте (Узбекистан) продолжается чемпионат Азии по тяжелой атлетике. В очередной день сборная Казахстана завоевала три медали. Нуржан Жумабай стал победителем среди юношей в весовой категории до 95 кг. В сумме двоеборья он поднял 354 (159+195) кг. Алихан Аскербай в этой же весовой категории среди юниоров занял третье место. Его результат 361 (163+198) кг. В юношеских соревнованиях в весе свыше 77 кг Софья Шешукова подняла 232 (100+132) кг и стала третьей.

  • 14 авг.4из olympickz

    🚣🏻‍♂️ Асылан Құсайынов: Биыл әлем чемпионатына қатыспаймыз, өйткені құраманың басты мақсаты - Азия ойындары Осы маусымда Қазақстан құрамасы академиялық ескек есуден бірнеше маңызды нәтижеге қол жеткізді. Олардың қатарында әлем кубогы кезеңі мен U23 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған қола медальдар бар. Енді спортшыларды жылдың басты додасы – 2026 жылғы Азия ойындары күтіп тұр. Осы жарыс алдындағы дайындыққа басымдық берген ұлттық құрама ересектер арасында әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Асылан Құсайынов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді. – Құраманың осы маусымдағы өнеріне қандай баға бересіз? – Жалпы, осы маусымды оң бағалаймын. Біз үшін маусым сәтті өтті деуге болады. Ең бастысы, Қазақстанның академиялық есу спортында дамып келе жатқанын және біртіндеп халықаралық деңгейдің жаңа сатысына көтеріліп жатқанын көрсетті. Спортшыларымыздың тек Азия деңгейінде ғана емес, ірі халықаралық жарыстарда да өздерін жақсы қырынан көрсете алғаны ерекше маңызды. Люцернде өткен әлем кубогы кезеңінде Мария Чернец пен Екатерина Носкованың қола медаль иеленуі, сондай-ақ, Артём Матусевичтің U23 әлем чемпионатындағы қола медалі – спортшылардың, жаттықтырушылардың және бүкіл команданың атқарған ауқымды жұмысының нәтижесі. – Артём Матусевич ел тарихында айтулы нәтижеге қол жеткізді. Оның жетістігін бағалау қиын шығар? – Бұл Қазақстан үшін шынымен де тарихи нәтиже. Артём жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Біздегі академиялық ескек есу спорты үшін бұл – өте маңызды жетістік. Бұл біз үшін жай ғана жүлде емес, қазақстандық ескекшілердің әлемнің үздіктерімен тайталаса алатынын дәлелдеген маңызды жетістік. Бұл бүкіл командамызға және жас спортшыларға қосымша мотивация береді деп үміттенемін. Толығырақ Olympic.KZ . Асылан Кусаинов: Мы пропустим чемпионат мира в этом году, потому что приоритет сборной - это Азиатские игры В этом сезоне команда Казахстана по академической гребле добилась нескольких важных результатов, включая бронзовые медали на этапе Кубка мира и чемпионате мира U23. Впереди у атлетов главный старт года - Азиатские игры-2026, ради подготовки к которым сборная отказалась от участия во взрослом чемпионате мира. Об этом в интервью Olympic.kz рассказал главный тренер Асылан Кусаинов. - Как оцениваете выступления сборной в текущем сезоне? - В целом оцениваю этот сезон положительно. Для нас он получился достаточно успешным и, самое главное, показал, что академическая гребля в Казахстане развивается и постепенно выходит на новый международный уровень. Особенно важно, что спортсмены смогли проявить себя не только на азиатском уровне, но и на крупнейших международных стартах. Бронзовая медаль Кубка мира в Люцерне у Марии Чернец и Екатерины Носковой, а также "бронза" Артёма Матусевича на чемпионате мира U23 - это результат большой работы спортсменов, тренеров и всей команды. - Артем Матусевич добился исторического для страны результата. Наверное, сложно переоценить его достижение. - Это действительно исторический результат для Казахстана. Артём завоевал бронзовую медаль чемпионата мира среди молодежи, и для нашей академической гребли это очень серьёзное достижение. Для нас эта медаль имеет большое значение не только с точки зрения результата, но и как показатель того, что казахстанские спортсмены способны конкурировать с сильнейшими гребцами мира. Надеюсь, что этот успех станет дополнительной мотивацией для всей нашей команды и молодых спортсменов. - Как оцениваете его дальнейшие перспективы? Насколько у него большой потенциал? - У Артёма очень хороший потенциал. Он молодой спортсмен, при этом уже имеет опыт выступлений на крупнейших международных соревнованиях и понимает, что необходимо для борьбы за медали. Конечно, нам ещё есть над чем работать - в физической подготовке, технике, тактике и стабильности выступлений. Но я считаю, что при правильной подготовке Артём способен бороться за самые высокие места на международной арене. Подробнее на Olympic.kz

  • 14 авг.5из olympickz

    Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеу кезеңі аяқталды. Іріктеу қорытындысы бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет бақ сынаған Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева үш финалға жолдама алды. Жекелей көпсайыста гимнастардың ең үздік үш нәтижесі есепке алынды. Ерекешева 84,200 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға өтті. Шешуші кезеңге барлығы 18 спортшы іріктелді. Сонымен қатар қазақстандық гимнаст жекелей жаттығу түрлерінде де медаль үшін таласады. Ақмарал ұршықтармен орындалатын жаттығуда 29,000 ұпай жинап, төртінші нәтиже көрсетті. Таспамен орындалатын жаттығуда да 28,350 ұпай алып, төртінші орынға ие болды. Әр жаттығу түрі бойынша финалға сегіз спортшыдан өтті. Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңінен өте алмады. Көпсайыста ол 24-орынға тұрақтады. Жекелей жаттығу түрлерінде Айбота шығыршықпен орындалатын жаттығуда 10-орын, доппен 33-орын, ұршықтармен 15-орын және таспамен 32-орын алды. Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық кезеңі 14 тамызда басталады. . На чемпионате мира по художественной гимнастике во Франкфурте-на-Майне (Германия) завершился квалификационный раунд. По итогам отбора представительница сборной Казахстана Акмарал Ерекешева, которая дебютировала на взрослом ЧМ, пробилась в три финала. В индивидуальном многоборье в зачёт шли три лучших результата гимнасток. Ерекешева набрала 84,200 балла и вышла в финал с восьмого места. Всего в решающую стадию квалифицировались 18 спортсменок. Также казахстанская гимнастка поборется за медали в отдельных видах. В упражнении с булавами Акмарал показала четвёртый результат - 29,000 балла. Ещё одно четвёртое место она заняла в упражнении с лентой, набрав 28,350 балла. В финалы в каждом из видов прошли по восемь спортсменок. Вторая представительница Казахстана Айбота Ертайкызы не смогла преодолеть квалификацию. В многоборье она заняла 24-е место. В отдельных видах Айбота стала десятой в упражнении с обручем, 33-й - с мячом, 15-й - с булавами и 32-й - с лентой. Отметим, что финалы чемпионата мира начнутся 14 августа.

  • без подписи

  • 13 авг.71из AyanLive

    8 млрд тенге экономии, вдвое больше финансирования детского спорта и +30% тренерам - самые главные слова и цифры реформ в сфере спорта!

  • 13 авг.7из AyanLive

    Теперь я видел все Поп-ММА (YouTube им заполнен, ок, это уже отдельная культура) Поп-бокс (мастерство хайпа и трэш-тока Мухита Амантаева и Ануарбека «Мотиватора» тоже достигло потолка) Поп-борьба (теперь мы пришли и к этому - палуаны на фото будут бороться целых два дня, как настоящие батыры!)

  • 13 авг.5из olympickz

    НОК РК принял участие в конференции в преддверии Дня спорта Генеральный секретарь Национального Олимпийского комитета Республики Казахстан Алимжан Акаев принял участие в конференции "Спорт в Казахстане: от реформ - к результатам", приуроченной ко Дню спорта. Мероприятие, организованное Министерством туризма и спорта Республики Казахстан и Советом спортсменов Казахстана, прошло на базе Казахского национального университета спорта. Алимжан Акаев выступил одним из спикеров панельной сессии "Реформы в спорте - анализ эффективности, практические результаты и стратегия развития". Вместе с ним в дискуссии приняли участие заместитель председателя Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта РК Нурлан Есембаев, председатель исполнительного комитета Союза спортсменов Юрий Мельниченко, вице-президент Казахстанской федерации бокса и президент ФК "Ордабасы" Дархан Кызайбаев. В ходе выступления генеральный секретарь НОК Казахстана рассказал об основных направлениях международной деятельности Комитета. В частности, он отметил системное взаимодействие с Международным Олимпийским комитетом, Олимпийским советом Азии, Ассоциацией национальных олимпийских комитетов, а также международными и континентальными спортивными федерациями. За последние два года руководство НОК провело встречи более чем с 25 руководителями международных и 15 азиатских федераций. Отдельное внимание было уделено образовательным и социальным инициативам НОК. В их числе программы обучения за рубежом, специализированные технические курсы, проекты для спортивных менеджеров и семинары, помогающие спортсменам подготовиться к профессиональной деятельности после завершения спортивной карьеры. Также генеральный секретарь рассказал о проектах НОК, направленных на формирование экологически ответственного отношения к природе среди представителей спортивного сообщества. Отдельным направлением стала работа по развитию сообщества болельщиков, объединенного интересом к олимпийскому спорту и его ценностям. В рамках других панельных сессий конференции обсуждались вопросы развития государственной политики в сфере спорта, формирования личного бренда, коммерциализации спортивных технологий, спортивной медицины и применения искусственного интеллекта в спорте. Спикерами мероприятия выступили казахстанские специалисты, ветераны спорта, предприниматели и спортивные врачи.

  • 13 авг.4из olympickz

    ҚР ҰОК Спорт күні қарсаңында өткен конференцияға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы Әлімжан Ақаев Спорт күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстандағы спорт: реформалардан нәтижеге дейін» конференциясына қатысты. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Спортшылар кеңесі ұйымдастырған іс-шара Қазақ ұлттық спорт университетінде өтті. Әлімжан Ақаев «Спорттағы реформалар – тиімділікті талдау, практикалық нәтижелер және даму стратегиясы» атты панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйледі. Онымен бірге талқылауға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Спортшылар одағы атқарушы комитетінің төрағасы Юрий Мельниченко, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті әрі «Ордабасы» футбол клубының президенті Дархан Қызайбаев қатысты. Қазақстан ҰОК Бас хатшысы өз сөзінде Комитеттің халықаралық қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, Халықаралық Олимпиадалық комитетпен, Азия Олимпиадалық кеңесімен, Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығымен, сондай-ақ, халықаралық және құрлықтық спорт федерацияларымен жүйелі түрде өзара байланыс орнатылғанын атап өтті. Соңғы екі жылда ҰОК басшылығы халықаралық 25-тен астам және азиялық 15 спорт федерациясының басшыларымен кездесу өткізді. ҰОК-нің білім беру және әлеуметтік бастамаларына да ерекше назар аударылды. Олардың қатарында шетелде білім алу бағдарламалары, мамандандырылған техникалық курстар, спорт менеджерлеріне арналған жобалар және спортшыларға мансабын аяқтағаннан кейінгі кәсіби қызметке дайындалуға көмектесетін семинарлар бар. Сонымен қатар Бас хатшы ҰОК-нің спорт қауымдастығы өкілдері арасында табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобалар туралы айтып берді. Олимпиадалық спорт пен оның құндылықтарына қызығушылық танытатын жанкүйерлер қауымдастығын дамыту жұмысы да жеке бағыт ретінде жүзеге асырылуда. Конференцияның басқа панельдік сессияларында спорт саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, жеке бренд қалыптастыру, спорттық технологияларды коммерцияландыру, спорт медицинасы және жасанды интеллектіні спортта қолдану мәселелері талқыланды. Іс-шарада қазақстандық мамандар, спорт ардагерлері, кәсіпкерлер және спорт дәрігерлері спикер ретінде сөз сөйледі.

  • 13 авг.4из olympickz

    Қазақстандық балуандар Германиядағы Гран-при турнирінде бақ сынайды Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы Германияның Дортмунд қаласында өтетін Гран-при сериясындағы халықаралық турнирге қатысады. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы жарысқа 20 балуанды тіркеді. 55 келіге дейін: Арсен Жұма 60 келіге дейін: Айбек Айтбеков, Аманғали Бекболатов 63 келіге дейін: Ғалым Қабдунасаров, Айдос Сұлтанғали, Еркебұлан Ардақов, Дәулет Әшірханов 67 келіге дейін: Бағдат Сабаз 72 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Мәди Данелов, Данияр Каленов 77 келіге дейін: Юсуф Ашрапов, Мерей Мәулитқанов 82 келіге дейін: Ибрагим Магомадов, Омар Сатаев, Завен Акобян 87 келіге дейін: Диас Кален, Тимур Оспанов 130 келіге дейін: Джохар Узарав, Әлішер Ерғали Айта кетейік, турнир 14-16 тамыз аралығында өтеді. . Казахстанские борцы выступят на Гран-при в Германии Команда Казахстана по греко-римской борьбе примет участие в международном турнире серии Гран-при в Дортмунде (Германия). Тренерский штаб казахстанской сборной заявил на соревнования 20 "классиков". До 55 кг: Арсен Жума До 60 кг: Айбек Айтбеков, Амангали Бекболатов До 63 кг: Галым Кабдунасаров, Айдос Султангали, Еркебулан Ардаков, Даулет Ашырханов До 67 кг: Багдат Сабаз До 72 кг: Алматбек Аманбек, Мади Данелов, Данияр Каленов До 77 кг: Юсуф Ашрапов, Мерей Маулитканов До 82 кг: Ибрагим Магомадов, Омар Сатаев, Завен Акобян До 87 кг: Диас Кален, Тимур Оспанов До 130 кг: Джохар Узаров, Алишер Ергали Добавим, что турнир пройдет с 14 по 16 августа.

  • 13 авг.4из olympickz

    🥇 Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Қазіргі таңда Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келіні еңсерді. Екінші орынды Өзбекстан өкілі Дильнура Холдорова иеленді - 224 (101+123) келі. Үздік үштікті тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева түйіндеді - 223 (100+123) келі. Айта кетейік, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарған еді. . 🥇 Аянат Жумагали завоевала золотую медаль на чемпионате Азии среди юниоров по тяжёлой атлетике Команда Казахстана по тяжёлой атлетике отметилась очередной золотой медалью на на чемпионате Азии среди юниоров в Ташкенте (Узбекистан). На первую ступень пьедестала поднялась Аянат Жумагали, победив в весовой категории до 77 кг. В сумме двоеборья представительница нашей сборной подняла 237 (104+133) кг. Второе место заняла Дильнура Холдорова из Узбекистана - 224 (101+123) кг. Тройку призеров замкнула Дильноза Файзуллаева (Узбекистан) - 223 (100+123) кг. Отметим, что ранее среди юниоров золотые медали также завоевали Снежана Кашкарова (до 57 кг), Бейбарыс Ерсеит (до 65 кг) и Акжол Курманбек (до 85 кг), а в юношеской категории победительницей стала Ксения Прозорова (до 61 кг).

  • 13 авг.3из olympickz

    Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Әлем біріншілігі аясында Қазақстан құрамасы командалық сайыста (техникалық бағдарлама) өнер көрсетті. Нәтижесінде отандастарымыз 250.0992 ұпай жинап сегізінші орынға тұрақтады. Ресей құрамасы 290.1267 ұпаймен жеңіске жетті. Қытай спортшылары 283.0642 ұпай жинап, екінші орын алса, Испания құрамасы 273.0474 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, бүгін, 13 тамызда Қазақстан құрамасы жұптық сайыста (техникалық бағдарлама) өнер көрсетеді. Қазіргі таңда құраманың қоржынында бір медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин техникалық бағдарламада қола жүлдеге ие болған еді. . Казахстан вошёл в топ-10 на юниорском чемпионате мира по артистическому плаванию В Будапеште (Венгрия) в эти дни проходит юниорский чемпионат мира по артистическому плаванию. В рамках мирового первенства сборная Казахстана приняла участие в групповых соревнованиях (техническая программа). По итогам выступления наши соотечественницы набрали 250,0992 балла и заняли восьмое место. Победу одержала сборная России с результатом 290,1267 балла. Спортсменки из Китая набрали 283,0642 балла и заняли второе место, а Испания с 273,0474 балла замкнула тройку лучших. Отметим, что сегодня, 13 августа, сборная Казахстана выступит в соревнованиях среди дуэтов в технической программе. На данный момент в активе нашей команды одна медаль. Ранее бронзовым призёром стал Виктор Друзин (техническая программа).

  • 13 авг.3из olympickz

    🥇 Ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында топ жарды Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді. Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды. Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды - 357 (161+196) келі. Сурет: AWF . 🥇 Тяжелоатлет Акжол Курманбек стал победителем чемпионата Азии среди юниоров В Ташкенте (Узбекистан) продолжается чемпионат Азии по тяжёлой атлетике среди юниоров. Казахстанский тяжелоатлет Акжол Курманбек завоевал золотую медаль в весовой категории до 85 кг. По итогам двоеборья наш соотечественник поднял 358 (160+198) кг. Также в этом весе Ерасыл Саулебеков поднял 351 (154+197) кг и стал бронзовым призёром. Серебряную медаль завоевал представитель Узбекистана Хикматилло Хайдаров - 357 (161+196) кг. Фото: AWF

  • 13 авг.3из olympickz

    🥉 Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Виктор Друзин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада үшінші орын алды. Виктор Друзин сайыс нәтижесі бойынша 238,5317 ұпай жинады. Ресей өкілі Захар Трофимов (241,2409 ұпай) жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Испания спортшысы Энеко Санчес Агилар (240,5016 ұпай) иеленді. Айта кетейік, әлем чемпионаты бүгін, 12 тамызда басталды. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы топтық бәсекеде де техникалық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. . 🥉Представитель команды Казахстана по артистическому плаванию Виктор Друзин стал бронзовым призёром юниорского чемпионата мира в Будапеште (Венгрия). Казахстанец показал третий результат в технической программе. За свое выступление Друзин получил 238. 5317 балла. Победителем стал Захар Трофимов из России - 241. 2409. Второе место занял Энеко Санчес Агилар (Испания) - 240. 5016. Добавим, что мировое первенство стартовало сегодня, 12 августа. В первый день Казахстан также будет представлен в групповых соревнованиях (техническая программа).

  • 13 авг.3из olympickz

    Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Медальдар қарқынды және спринттік дисциплиналарда сарапқа салынады. Сондай-ақ аталған жарыста жасөспірімдер арасында бәсекелер өтеді. Айта кетейік, чемпионат "Сарыарқа" велотрегінде ұйымдастырылып, 22 тамызға дейін жалғасады. . В Астане пройдет чемпионат Казахстана по велоспорту на треке Астана примет чемпионат Республики Казахстан по велоспорту на треке. Медали будут разыграны в темповых и спринтерских дисциплинах. Также в рамках соревнований пройдет республиканский турнир среди юниоров. Отметим, что ЧРК пройдёт на велотреке "Сарыарка" и продлится до 22 августа.

  • 13 авг.4из olympickz

    Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетуді бастады Бүгін, 12 тамызда Венгрияның Будапешт қаласында әртістік жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. Ұлттық құраманың тізімі келесідей: Салима Ақылбек, Виктор Друзин, София Ихшенко, Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Жанерке Нұркенқызы, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова. Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз ерлер арасындағы техникалық бағдарламада және командалық сайыста (техникалық бағдарлама) сынға түседі. Айта кетейік, әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады. . Казахстан стартовал на чемпионате мира по артистическому плаванию среди юниоров Сегодня, 12 августа, в Будапеште (Венгрия) начался чемпионат мира по артистическому плаванию среди юниоров. Сборную Казахстана на турнире представляют Салима Акылбек, Виктор Друзин, София Ихшенко, Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, Макпал Калмурза, Полина Мерзлякова, Жанерке Нуркенкызы, Алдияр Рамазанов, Айганым Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова. В стартовый день наши спортсмены выступят в мужской технической программе и командных соревнованиях (техническая программа). Отметим, что чемпионат мира продлится до 16 августа.

  • 13 авг.4из olympickz

    🥈 Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті. Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді. Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды - 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді - 268 (122+146) келі. Сурет: AWF . 🥈 Торехан Асанхан завоевал серебряную медаль чемпионата Азии по тяжёлой атлетике На проходящем в Ташкенте (Узбекистан) чемпионате Азии среди юношей копилка сборной Казахстана пополнилась серебряной медалью. Торехан Асанхан занял второе место в весовой категории до 70 кг. В сумме двоеборья он поднял 269 (119+150) кг. Золотую медаль завоевал представитель Таиланда Витчая Пратхумта - 273 (119+154) кг. Спортсмен из Ирана Реза Замани замкнул тройку призёров с результатом 268 (122+146) кг. Фото: AWF

  • 13 авг.6из olympickz

    “Мықты құрама жасақтадық”: бас бапкер Қазақстан құрамасының Азия ойындарына баратын спортшылары мен дайындық барысы туралы айтты Қазақстандық садақшылар 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықты жалғастыруда. Маусымдағы басты құрлықтық жарыс басталғанға дейін құрама Қазақстанда жаттығады. Бапкерлер штабы қалған уақытты спортшылармен жеке жұмыс жүргізуге барынша тиімді пайдалануды жоспарлап отыр. Ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Жолдыбаев Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Азия ойындарына қатысатын спортшыларды іріктеу талаптары, құрама ішіндегі бәсекелестіктің артуы және Жапонияда өтетін додада спортшылар алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді. Айта кетейік, алдағы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын садақшылардың тізімі келесідей: Классикалық садақ: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Медина Мұрат, Самира Жұмағұлова. Блоктық садақ: Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова. – Азия ойындарына баратын құрам жасақталды. Спортшыларды іріктеуде кезінде қандай талаптар ескерілді? – Құрамды жасақтау кезінде ең алдымен спортшылардың маусым бойы көрсеткен тұрақты нәтижелеріне мән бердік. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсете алуы да іріктеу кезінде ескерілген маңызды талаптардың бірі болды. Сонымен қатар Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарындағы, түрлі халықаралық жарыстардағы нәтижелер, спортшылардың қазіргі спорттық бабында болуы және психологиялық тұрғыдан төзімділігі де ескерілді. Қазіргі спортта садақты дәл ату шеберлігімен қатар, ірі жарыстар кезіндегі жоғары қысымға төтеп бере білу де аса маңызды. Біздің мақсатымыз – жарысқа жай ғана қатысатын емес, жоғары орындар үшін нақты күресе алатын әрі Азия ойындарында Қазақстанның намысын абыроймен қорғайтын мықты құрам жасақтау болды. Толығырақ Olympic.kz . "Сформировали боеспособную команду": главный тренер рассказал о составе сборной Казахстана на Азиаду и подготовку к Играм Казахстанские лучники продолжают подготовку к Азиатским играм-2026. До старта главного континентального турнира сезона команда будет тренироваться в Казахстане, а тренерский штаб намерен максимально эффективно использовать оставшееся время для точечной работы со спортсменами. В интервью Olympic.kz главный тренер национальной сборной Бауыржан Жолдыбаев рассказал о принципах отбора в состав на Игры, выросшей внутренней конкуренции и задачах, которые стоят перед атлетами в Японии. Напомним, что на предстоящей Азиаде страну представят следующие лучники: Классический лук: Ильфат Абдуллин, Даулеткельды Жанбырбай, Дастан Каримов, Александра Землянова, Медина Мурат, Самира Жумагулова. Блочный лук: Андрей Тютюн, Акбарали Карабаев, Муса Дильмухамет, Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова. - Состав на Азиаду уже сформирован. Какой был основной принцип отбора? - При формировании состава мы опирались прежде всего на спортивный результат и стабильность выступлений на протяжении сезона. Ключевым критерием была способность спортсмена показывать высокий уровень именно на международной арене. Также нами учитывались результаты чемпионатов и Кубков Казахстана, различных международных стартов, текущая форма и психологическая устойчивость. В современном спорте важно не только уметь хорошо стрелять, но и выдерживать давление крупных соревнований. Наша задача была сформировать боеспособную команду, которая сможет не просто участвовать, а реально бороться за высокие позиции и достойно представить Казахстан на Азиатских играх. Подробнее на Olympic.kz

  • 10 авг.11из chesskazakhstan

    Жеңіс - соңына дейін күрескендерге бұйырады! Кейде үлкен жеңістер бір ғана партиямен емес, соңғы секундқа дейінгі табандылықпен келеді. Бүгін соның жарқын көрінісін көрдік. АҚШ командасымен өткен тартысты кездесуде халықаралық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек тай-брейктегі шешуші партияда жеңіске жетіп, команданың мүмкіндігін сақтап қалды. Ал Армагеддонда тағы бір жауапты партияда жеңіске жетіп, Қазақ ұлттық спорт университетіне командалық әлем чемпионатының қола жүлдесін сыйлады. Бұл медаль - бір ойыншының ғана жеңісі емес. Бұл - спортшылардың жігері, жаттықтырушылардың еңбегі, университет басшылығының қолдауы және әрбір жанкүйердің сенімінің нәтижесі. Осындай сәттерде Қазақстан шахматының деңгейі ғана емес, жеңіске деген мінезі де көрінеді. Қазыбекке, командаластарына, жаттықтырушыларына және Қазақ ұлттық спорт университетінің барлық ұжымына шын жүректен алғыс айтып, осы тарихи жетістіктерімен құттықтаймын! Қазақстан шахматының абыройын асқақтатар жеңістеріміз көп болсын!

  • FIDE World University Team Chess Championship 2026 Closing Ceremony in Almaty 📽️ https://youtu.be/8gQEMDVE-tU?feature=shared