tgindex
Kuanitto
@kuan_olenказахский

Өлең өмір. Ұсыныстар: @kunkorgish

Последний пост
5 авг.
Последнее чтение
14 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
53
−2 за 3 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
105
20 постов
Вовлечённость
198,1%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
28
1/48двое суток
32
1/72трое суток
34

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • Әуесханның жауабы Жазы дауыл, күзі дауыл, Көшкен құмы бұйралы жақ. Біздің ауыл - қызық ауыл, Иманы бар, имамы жоқ. Мешіті бар, атағы ірі, қол бастаған қабырғалы, бар қазақтың баһадүрі, Жанқожаның атындағы. Мұндай мешіт таптырмайды! Мақтансам ба, арлансам ба? Келген молда көп тұрмайды,  Көшпелі елден болған соң ба? Биік күмбез, есік бүтін, Қойған әрлеп, жарын бояп. Молдасы жоқ мешіт бүгін, Жолдасы жоқ арудай-ақ. Қала жақтың молдалары, Болғаннан соң "жалдамалы". "Күні жақын" қариялар, Мәселені қолға алады. Сенім жоқ деп бұл ажалға, Молда іздеуге бекініпті. Кезекті бір құдажолда, Әуекеңе өтініпті: "Тиген сенің үлесің көп, Мешітке көп кіресің деп, Фатиха мен Ықыластан, Басқа сүре білесің деп". Қабылдар деп бұл "бақытты", Қарап тұрды сенгендер көп. Сонда Әуекең тіл қатыпты: "Маған сеніп өлмеңдер" деп. Дәулет Жадырасын

  • Жас өмір, саған өкпем жоқ, Көктем боп тұрдың сан жылдар. Жеткенде жеріп кеткем жоқ Өктем боп талай тағдырлар. Бір жылға тең боп бір күнің, Санасыз, ойсыз мас қылдың. Мінезін бермей түлкінің, Жүрегін бердің қасқырдың. Қапыда кейде қан құсып, Қасқырмын дедім, қасқырмын!.. Кеудеме мына нан пісіп, Басыммен барып, тасты ұрдым. Шашырады ұшқын көзімнен, Бас осал екен, тас мықты. Ес кіріп, сонда сезінгем, Өткенін қайран жастықтың. Жасарып ылғи жан-жағым, Тұратын еді көктем боп. Жарқ етіп өткен арманым, Өкпем жоқ саған, өкпем жоқ. Мұқағали Мақатаев

  • Білесің бе? Оқыған кітаптарымдағы ең ғажап сөздердің астын сыздым Сен білсін деп. Үлкен-үлкен шаһарларды кездім Сен сенсін деп. Қайта-қайта жаңылсам да тұнық аспанның жұлдыздарын санадым Сен шомсын деп. Бақтарды араладым Сен көрсін деп. Жүрегімде сарай тұттым – Сен енсін деп. Тағдырыма талап қойдым – Өміріме [тек сен] келсін деп. (с) Дастан

  • Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе! Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе? Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме. Абай Құнанбайұлы

  • Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар! Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?! Нағыз жаза – жұмысқа салу емес, Нағыз жаза – жұмыссыз қойған шығар! Қадыр Мырза Әлі

  • «Ақындар шабыт құшағына бөленгенде – құдайдай құдіретті, ал күйбең тіршілікте – құмырсқадан дəрменсіз» Пушкин

  • Өмірдің өрін тауысып, Білімсізбен алысып, Шықтық міне белге енді. Енді аяңда, жығылма, Сыймас жерге тығылма, Қой бұрынғы желгенді! Қайғы шығып иыққа, Қамалтпасын тұйыққа, Сергі, көңілім, сергі енді! Абай

  • 🎤Автордың оқуында

  • Маңдайымнан сүйші Маңдайымнан сүйші Ботам, жазмышымда табы қалсын ерніңнің. сен бақыттың сыңарсысың, мен мұңның. Түнек ойдың түрмесінде жатқанда, сәуле шашып өміріме сен кірдің. Маңдайымнан сүйші Ботам, Күлтелерін шашып алмай сезімнің, Мен – өзіңнің сүйем деген сөзіңмін. Сағыныштан елеңдеймін сен жаққа Мөлдіреуін қарашы енді көзімнің. Маңдайымнан сүйші Ботам, Сүйініші жүрегімнің сол менің, Ең бір нәзік сөздерімсің сен менің. Сөйлесейік ой ішінде екеуміз, Жан жылытар жылы сөзге шөлдедім. Маңдайымнан сүйші Ботам, Қызғанардай екеумізді көрсе кім. Сүйісіңді сағынышыңмен өлшедім. Маңдайымнан сүйші, Ботам, дәл қазір, Ерініңнен сүйем сосын мен сенің Әні : @e_sabyrzhanov сөзі : esineck

  • ...Қуанышсыз жүректе құралмас ән, Қайғы басса есіңе ал мұны әрқашан. Ештеңеге риза бола алмайсың Жаңа жауған ақ қарға қуанбасаң. Жүрекке мейірім мен жылу керек. Сүйсінбеуге бола ма сұлуға ерек? «Ойлай берсең, ой да көп, уайым да көп», Шыққан күнге қуана білу керек!.. Күләш Ахметова

  • 29 июн.73из kuan_olen

    без подписи

  • БІЗДІҢ ҒАСЫР Келдік біз де дүниеге адамзаттың көшімен, Тағдыр бізді ендігі таңғалдырар несімен? Бір сұлулық керек боп жаралдың-ау, сен осы, Бір сұлуға құмартып келгенмін-ау, осы мен. Қанша қауым сүрді өмір, дәуір кешті не түрлі, Осы ғасыр – тек біздің ғасырымыз секілді. Осы жылдар әдейі екеумізді тосқандай, Осы жолдар әдейі екеумізді қосқандай. Осы көше қиылысып, өттің, сірә, жанымнан, Осы қала әдейі екеумізге салынған. Бақыт берді – сезіндік, қайғы берді – қамықтық, Сағынсын деп жаратты-ау Ғаламшарды алып қып. Жаралмаған ғаламда тектен-текке түк те осы, Бақыт деген - жолдардың қиылысқан нүктесі. Құдіретті Құдайдың санамызда сауалы, Сауалының, жан сәулем, табылады жауабы. Саусағың мен саусағың түйіскенде табылар, Ерінің мен ерінім сүйіскенде табылар. Құдай қазір тылсымды, сенші маған, ғашығым, Жүрегіме жыр қылып жазып жатыр жасырын. Сезе тұра неліктен қымсынасың, асылым, Мынау – сенің ғасырың, мынау – менің ғасырым. Осы ғасыр – тек біздің махаббаттың ғасыры!

  • Ақ пен қара өмірімнің жолағы, Жолағы да уақыттың қонағы. ДОС деген сол үш-ақ әріп кей кезде ТУЫС деген төрт әріптен жоғары!

  • Сен – бағымның Раушаны, оны да өзің білесің, Сен – жанымның Кәусары, оны да өзің білесің. Сен жүзіне қарасаң, Күннің көзі ұялар… Оның да сен – аңсары… оны да өзің білесің. Руми

  • 🎤@tangyshyk

  • ❤️‍🩹

  • без подписи

  • Кісі болдым… боқтап кеттің біреуің. Кішірейдім… аттап кеттің біреуің. Қайран менің астаң-кестең көңілім, Қайран менің қырық жамау жүрегім. Табан асты тапталған соң биігі, Бұ жүректің естілмей жүр жиі үні. Жақын көрген адамыңның жат ойын Жанарынан оқып қою - қиыны. Күнге теңеп көтеріп ап, күндейді ел, Ал, сонан соң жыламай көр, күлмей көр. Кеше біреу "жер - домалақ" деп кетті, Өз басының доп екенін білмейді ол. Сағым сынды, бір ой қозғап бір ойды, Сартап мұңым сарқылатын сыңайлы. Пенде біткен пәк болса егер, Құранда "кешірімді" демес еді-ау Құдайды. Жалқы-сыңар жанымды ерте-кеш ұғар, Қолдан келсе шапанымды шешіп ал. Жұмақты айтып қызықтыра алмасам, Тозақты айтып қорқытамын, несі бар? Тұрақ таппай не аспаннан, не жерден, Татқан уым таңдайымда кезерген. Өзегімді жарып шығып, түбінде Өлмес өлең жазарымды сезем мен. Аружан ОРАЛБАЙ

  • Жақын көрген адамыңның жат ойын Жанарынан оқып қою қиыны. Аружан Оралбай