Таңғы шық💕
Статистика- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 4
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 151
- 1/48двое суток
- 173
- 1/72трое суток
- 186
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Таң арайлы♥️ Істеуге қорқып жүрген іске кіріс. Ойға алған дүниең әлемге керек. Осыны ескер де алға қадам бас🕊
Кейде өстетінім бар еді ғой Білесіңдер ғой иә
без подписи
Байқағаным: ештеңе кездейсоқ емес екен. Белгілі жайт/әрекет/таныстықтан бөлек, айтқан/естіген сөздеріміздің өзі де жайдан жай емес. Яғни естуіміз керек болған сөзді естиді екенбіз. Оқуымыз керек болған сөзді оқимыз. Айтуымыз керек һәм екінші тарап естуі керек дүниені айтады екенбіз.
Сезім жайлы Адам - туыстарымен, өз қанымен тірі. Өзге елде адамның еңсесі түсіңкі болатыны сонан. Өз жеріңде жүріп қана қоймай, өз қандасыңмен бір жүру адамға қуат, жігер, рух береді. Олармен тірісің. Олармен ірісің. Қанша ыңғайсыз болса да туыстық қатынасты бұзбауға кеңес берер едім (кк болса). Неге? Себебі, олармен тарихың бір, естелігің бір, кодың бір. Біздің менталитет те, Ислам діні де осы тұста өте әдемі әрі нәзік қарым-қатынасты ұсынады ғой. Жақсылықты туыстан бастау, туыспен ара-қатынасты үзбеу т.т Менің бүгінгі кешкен күйім де осы. - ірі һәм тірі болуға мүмкіндік болса қалт жібермейік.
Тамыз, қош келдің! Тамыз - қазақтың тамылжу, маужырау, тыныштыққа шому, елжіреу, ыстыққа баулу, жылылыққа шақыру және сол сезімдерді сездіретін сөздерден шыққан екен. Қазақ кейде «сарша тамыз» деп те айтып жатады ғой. «Сарша» деген «сары» сөзінен шыққан. Сын есім. Осы мезгілде төңірек шөбі қурап, сарғаяды, сары түске енеді. Содан болар. «Тамыз» айының атауы Византиядан Ресейге ауысқан. Ирландиялықтар ХХ ғасырдың басында бірінші тамызда кельттердің Брон Трограйн мерекесінен басталатын дәстүр бойынша «жазды шығарып салуды» өткізді, ал тамыз айы күздің бірінші айы болып саналды. Ендеше күз де қош келіпті🥰🍂
Білесің бе? Оқыған кітаптарымдағы ең ғажап сөздердің астын сыздым Сен білсін деп. Үлкен-үлкен шаһарларды кездім Сен сенсін деп. Қайта-қайта жаңылсам да тұнық аспанның жұлдыздарын санадым Сен шомсын деп. Бақтарды араладым Сен көрсін деп. Жүрегімде сарай тұттым – Сен енсін деп. Тағдырыма талап қойдым – Өміріме [тек сен] келсін деп. (с) Дастан
*** Көптен бері бала кезімді сағынып жүрмін. Ересек болудың қиындығын терең сезініп жатсам керек. Шынында ересек болу қиын ба әлде өзіміз қиындатады ма екенбіз? «Неге біз осы оқта-текте жылап алмаймыз?» деген сөз еске орала береді, орала береді…
*** Сіз шарасыз күйге түсіп көргенсіз бе? Жалпы, шарасыздық деген не екенін білесіз бе? Екіұдай ой, екіұдай күй, екіұдай сезім. Ары тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледі. Кейде дәл осы шарасыздық біздің шын бағамызды һәм алдымыздағы нәрсенің де бағасын айтатын тәрізді, иә?! Сіз солай ойламайсыз ба? Мен солай ойлаймын. Дәл қазір мәселен басым жарылатын секілденіп тұр. Бірақ тек екіұдай күйден емес. Бәлкім, дер кезінде ішілмеген дәріден шығар. Ағзама әлі жетпеген дүниенің өзін кінәлі етіп шығардым әне Менен асқан адам бар ма?!
Кайф әнді қабыл алыңдар💘
без подписи
Мәжнүн мұңы
Ойланып қарашы: бәрі қас-қағымда ұмыт болады. Мақтанға салынған жандардың пікірлері қаншалықты мәнсіз әрі тұрақсыз. Ал саған берілген кеңістік соншалықты тар. Жердің өзі бір нүкте ғана. Сенің орның қай бұрышында? Ал сені мақтайтындар көп пе, олардың өзі қандай адамдар? Ақыры,өзіңнің ішкі тыныш мекеніңе қайтуды есіңе ал. Ең бастысы әр нәрсенің басын бір шалма, күйгелек болма, бірақ еркін бол. Бар нәрсеге адамға тән бекемдікпен, өмурі өлшеулі пендеге тән сабырлықпен қара. Мына 2 ақиқатқа назар аудар: 1.Сыртқы нәрселер жанға әсер етпейді. Шағымдардың себебі ішкі сенімдерде. 2.Сен көріп тұрған нәрсенің бәрі өзгеріске ұшырайды. М.Аврелий
Сенің ашуыңды әп-сәтте баса алатын дәлелдер қысқа әрі қарапайым болсын. Сонда ғана өз істеріңе ренішсіз қайта орала алатын боласың. Саған ауыр тиіп жатқан не? Адамдардың бұзылғандығы ма? Бірақ егер сен ақыл-ойы бар тіршілік иелерінің бір-бірі үшін жаратылғанын, сабырдың әділет ұғымына енетінін, адамдардың тек білместіктен қателесетінін және бұрын өшпенділікпен, күдікпен, жеккөрушілікпен өмір сүріп, шайқасқан қаншама адамның өліп, қазір топыраққа айналғанын ойласаң ренішің басылады. Марк Аврелий
«Сені түсінетін адамды табу — сені сүйетін адамды табудан да қиын.» — Харуки Мураками.
без подписи
Пионы гүлінің қазақ тіліндегі нұсқасы ұнайды Пионы - таушымылдық😍 Ал кемпірқосақтың түрік тіліндегі нұсқасы әдемі Кемпірқосақ - gökkuşağı😍 көк құшағы деген әйбат естіледі, ә?!
Сен ең қымбат қасиетіңнен айрылдың: ізгілік пен шындықты сүюді доғардың. Сонда сен тек қолмен ұстап, көзбен көретін дүниелерді ғана жоғалтуға болады деп ойлайсың ба? Жоқ, одан да ауыр шығын бар - рухани шығын. Эпиктет
🕯️ Сен іздеген нәрсе, сені де іздеп жүр. • Мәулана Руми
көпшілік: “қалауыңды алу үшін манипуляция жаса”. ал, Карл Юнг: “барлық теорияны біл, барлық техника қолыңнан келсін. бірақ, адамның жан-дүниесіне келгенде адамгершіліктен аттама”.