tgindex
С

СтиХХІ самого юного классика

Статистика

Дәурен ТІЛЕУХАН🖋️

Последний пост
25 мая
Последнее чтение
ещё не заходили
Постов за неделю
0
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
русский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
225
−1 за 5 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
352
21 постов
Вовлечённость
156,4%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 21
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 25 мая182111

    …Қабарған, өңі суық қала мұңды – Оралдым… жәудіретіп жанарымды. Қанша күн аңсайды екем, білмеймін мен, Саусағын суға малған сол аруды?! Бетінде сағыныштың секпілі өшіп, Сол ару жүрегіме кетті көшіп. «Жарығым, Жетісуға жетем!» деймін, Күйдірген күйбең күнмен кескілесіп!.. Шайқалып өмір-айдын ағынында, Бола ма енді бізге жабығуға? …Жеті күн жиырады күнтізбені, Жеті өзен ағып жатыр тамырымда!.. Дәурен ТІЛЕУХАН 📖|«Нәзік түндегі ноктюрн» кітабынан|

  • без подписи

  • ЖЫРТЫЛҒАН ПАРАҚТАР Алматыдағы Ұлттық кітапхананың сирек қорында Ілияс ақынның «Құлагер» поэмасы алғаш рет басылған газет нөмірлері сол қалпында сақталған. Алайда үнпарақ беттеріндегі поэма басылған кейбір парақтар қиылып қалған. («Социалистік Қазақстан» газеті, №260 (3964), 12 қараша, 1936 жыл) Тілгілеп жүрегімді жыр әуелгі, Тұрған сәт есіме алып «Құлагерді», Ұлттық кітапхананың қақпасынан, Ертай досым елпілдеп шыға келді. Асығып келген бетім Алматыға, (Мен күткен бір құпия бар да, сірә.) «Сирек қорға» жетелеп жетті Ерекең, Әдепкі кірісіп кеп шаруасына. Қала анау – тоқтамайтын көші мәңгі, Мен мұнда Ертайға еріп, есім ауды. «Келгенің дұрыс болды, көптен бері көрсетсем деп жүр едім осыларды…» Көненің көрдім небір көң басқанын, Бұл бірақ басқа тарих… Бұл басқа мұң! Жыртылған парақтардың жанайқайын, Алдыма жайып салды жолдас ғалым. Әп сәтте ететіндей күлкімді ойран, Күмілжіп, күрмеуі көп мың түрлі ойдан – Қолыма ап «Құлагердің» түпнұсқасын, Қобалжып тұрғанымды ол білсін қайдан?! Қырқылған қиянаттың сынығымен, Қолымда – Ілиястың жыры кілең. Қатігез саусақ табы сезіліп тұр, Сарғайған газеттердің дірілінен. Тұрса да тауқіметтер құйып көктен, Дүние-ай, сөздің құны биік неткен! Алқынам... алақанда – қос Құлагер, Қайшысы қараулардың қиып кеткен... Көргендей түнегі мол түстер ғана, Қайтейін, қаусатады іштен нала. Қағазға түскен сызат… қағазға емес – Қазақтың жүрегіне түскен жара! ...Жазықсыз оққа қиған кешегі ерді, Жанардан жендет жылдар өшеді енді. Жоғалған жазуларға мұнара қып, Орнына орнатсам ғой осы өлеңді!.. Дәурен ТІЛЕУХАН #нәзіктүндегіноктюрн

  • без подписи

  • ТҮРГЕНКЕНТ немесе ҚАМАЛ ҚАБЫРҒАСЫНДАҒЫ ҚАСИЕТ «…Қорғандар белгілі бір дәрежеде әскери қорғаныспен қатар, Ұлы Жібек Жолы бойындағы сауда-саттық байланысына қауіпсіздік рөлін атқарып отырғандығы және бар. Оған мысал ретінде Жаркент өңіріндегі «Түрген қорғанын» немесе «Түргенкентті» айтуға болады…Қамалдың қираған жұртынан өткен дәуірдің белгісі болып бізге жеткен қыш құмыралардың, шойын, темір, шыны ыдыстардың сынықтары көптеп кездеседі.» Қали Ибрайымжановтың «Тарихи толғаулар және Жаркент өңірі» кітабынан. «Қабырға құласа да, қасиет құламайды» Жыр болған жартасы да, самалы да, Сол сурет сыймайды, әттең, жанарыма! Алыстан менмұндалап шыға келді, Мәңгілік байыз тапқан қала мына. Ай нұры, Күн жүзіне шағылған әр – Қарсы алды қасиетті қабырғалар. Қарсы алды, түркілік рух тербетілген – Айбарлы, асқақ өлке, қадым қамал! Елеңдеп, елес қуған сәтім, міне, (Еңкейіп күн құлайды екіндіге.) Құмыққан қабырғалар сыр ашпайды. Үнсіздік - құмға сіңген секілді ме?! Жерұйық Жетісудың даласында, Бұйығы Бурақожыр* жағасында. Қарт қамал. Қанша дәуір жатыр үнсіз, Үшарал, Сарпылдақтың* арасында. Айналған ел білетін ертегіге, Өзіңсіз өзегімді өртеді не?! Өзіңсіз қайраңдаған қайықтайын, Қараймын жел қиратқан желкеніме. Табандап тақыр кешіп, өртте қалар, Жалғасып жандәрмен күн, жетпеді амал. Шұбаған адырлы тау тізбегіндей, Құлазып құмайт шөлге шөкті обалар. Ақ қанат арманы ұшқан мың ғасырмен, Беу, шаһар, сынық көңіл мұңдасым ба ең?! Бабалар қоныс еткен дөңге келіп, Көремін ғасырларды құмға сіңген. Көремін сол мекеннен елесіңді, Табардай елесіңнен көне сырды. Түсімде телегей бақ, теңіз кешем – Тербелген кең айдында кеме сынды. Қайтейін, түсімде ылғи теңіз кешем… Толқиды теңіз кеудем – сені іздесем. Тасжүрек уақытқа талқан болар, Қайғымыз екеуміздің егіз бе екен?! Тұншығып тамағымда тұмадай мұң, Мүлкіне айналатын мұражайдың, Мүжілген қабырғаға маңдай тіреп, Есіме түсе берді бұлағай күн… Ойларды арқалатып мұңнан да ауыр, (Шындық па, шытырман ба шырмалғаным?!) …Сусиды алақаннан мың ғасырлық, Бір уыс топыраққа тұнған ДӘУІР!.. Бурақожыр* - Ілеге құятын өзен Сарпылдақ, Үшарал* - ескі қала маңындағы елдімекендер Дәурен ТІЛЕУХАН #нәзіктүндегіноктюрн

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • 📖 ЖАҢА КІТАБЫМ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ 🇰🇿Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірлескен «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында шыққан «НӘЗІК ТҮНДЕГІ НОКТЮРН» атты жаңа кітабым оқырманға жол тартты. Жастарға жақсы мүмкіндік, жаңа серпін сыйлаған жобаға мың алғыс! 📷Жасулан Сейдазым 📍Кітапхана Түркістан

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • «ШАБЫТ» СЫЙЛАҒАН КҮН! 🇰🇿Астанада 18-22 қараша күндері ХХVIII «ШАБЫТ» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтті. Қазіргі қазақ поэзиясындағы біршама алдыңғы толқын ақындардың жұлдызын жаққан байқауда биыл мен де бағымды сынап, өлең аламанына жырларымды қостым. 📝Алдымен еліміздің әр өңірінен түскен 63 ақынның қолжазбасы қаралып, соның ішінен 30 қаламдас аға-бауыр, әпке-қарындастарыммен бірге финалдық кезеңге, Астанаға шақырту алдым. Өлеңдерімізді Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы, филология ғылымдарының докторы, ақын Жанат Әскербекқызы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қалқаман Сарин сынды белгілі ақындар бағалады. Мәртебемізді өсіріп, мерейіміз тасытқан ақын аға-апайларға да мың алғыс! 🎉Осылайша, жас қаламгерлер арасындағы ең беделді байқаудың ГРАН ПРИ марапаты маған бұйырды. Қолдаған барша жанашыр, тілеулес жандарға алғысым шексіз! Барша жүлдегер қаламгерлерді де құттықтаймын✨

  • без подписи