tgindex
Sun

Шығармашыл жанның шым-шытырық ғаламға күн секілді шуақ шашатын жарық ойлары

Последний пост
13 дек.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
589
−3 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
2 476
21 постов
Вовлечённость
420,4%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 21
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 13 дек.1 7555910

    Кейде ең ғажап дүниелер ең қарапайым шешімде бой көрсетеді.

  • 26 нояб.2 067766

    📖 Ертеде Бақыттың жер бетінде жүргені туралы хабар тарапты. Оны естіген адамдар шу шығарып, әлемді шарлап, шаршап, ақыры іздеп таппапты. Ал Бақыт тыныштықта кітап оқып отырған адамның үйін паналапты…

  • 10 нояб.2 311422

    Солмайтын жапырақ Ғалам қалай өзгерсе де, ғасыр қалай жылжыса да, адамдардың жан әлемі бір әуеннің ноталарындай сайрайтыны қызық. Қыркүйектің салқын түнінде, жан жолдасымның жанында отырып, бал қосылған жылы шай ішіп, шимайлатып отырған мен де, қонақүйде жарты планета асыға күткен шедеврдің соңғы сөйлемін теріп жатқан Роулинг те, Париж көшелерін аралап, сүйікті кафесінде күнделік жүргізіп отырған Хэмингуэй де – дәл осылай шексіз бейтаныс таныстардың бәрі бір күйді кешеді. «Өзін алыптармен салыстырды» демессіз, мен бар болғаны алып бақытты кішкентай әріптерге ұстата салғанымызды сөз етіп жатырмын... Қыркүйек қоштасуды еске түсіреді. Жаз әкелетін еркіндіктен беймәлім уақытқа ажырайсың. Күннің өзі жиі түнеріп, жиі жылағанда, мен сияқтылар жылы көрпесін оранып, терең ойдың қараңғы бұрыштарына тығылып алады. Бұл жолы мен қартайған кезімді елестеттім. Бақытсыз кәрі шағымды. Оның күзгі жапырақтай солған жанары маған ұзақ тесіледі. Кім екенімді ұққан соң, бойында қалған тамшы қуатын сарп төгіп, қалтасынан ескі қаламын шығарып, қалтыраған саусағын маған қарай созады. Үміт етіп... 🍁 22 қыркүйек, 2025.

  • без подписи

  • 4 тамыз, 3:33. Жүректегі жүгінен қанаттарын қаға алмай Көз жасына ақ құстың күн де куә, куә ай. Жан-тәнімен сүйетін ұясынан алысқа Үш күннен соң ұшарын жүрген шығар ұға алмай. Еркелеген ғаламның кең төрінен айрылмай Арпалысқан сол бір құс менің өзім шығар-ай…

  • Өскен сайын “сыныптас”, “әріптес”, “жай ғана таныс” деген атауларды қолданып бастайсың. Өйткені дос деген ұғымның бала кездегідей ойынмен өлшенбейтінін білесің…

  • Таза қазақша сөйлейтін жандардың үні бөлек… Күй тыңдап отырғандай боламын🎶

  • – Кейде қателіктер моншақ сияқты. Үзіп алсаң, төгіле бастайды. – Иә. Бірақ қайта жинауға, оған тіпті басқаша «өмір» сыйлауға болатыны қандай жақсы…

  • Ұшпаған түлек Неше жыл өтсе де, бұл күні ақ бантигіңді тағып, соңғы қоңырауға барғың келеді… барған соң, достарыңмен риясыз күлкің сақталған сыныпта тығылып қалғың келеді… тығылып қарап, көзден жас тарап, оқушы өзіңе, бақытты кезіңе қызығасың… сонда санаңнан көше бастаған естеліктерді, санаңнан тіпті өше бастаған өзіңді көріп үзілуге шақ қалғанда, айналаңа бұрылып қарайсың… мектептің сен секілді «ұша алмаған», сағынышын арқалап қиялымен қайта айналып қона бастаған түлектерін көріп, өзіңді жұбатасың.

  • қорықпайтыннан қорқамын

  • 💌 Асыл Алматыма хат:) Алматыдан 3 айға көшіп бара жатырмын. Заттарым таусылар емес, менің кетпей жатып басталған сағынышым секілді… Амандық болса, енді келгенде ғұмырымның жаңа тарауын арқалап келемін. Ол тарау маған батпан тастай ауыр емес, анамның алақанындай жұмсақ тиеді деп үміттенемін. Біз Асылмен 3 жыл бірге сан кезеңнен, тар кезеңнен өттік. Қазір қаңырап бастаған пәтерімізге қарап, ұйықтап жатқан Асылға қарап, жүрегімдегі толассыз естеліктер атып шығып, көз алдымнан кино лентасындай сырғып өтіп, батпырауықтай алысқа, тым алысқа ұшып бара жатыр… Бірге тұру бөлек, өмірдің ағысына қарсы бірге жүзу, бірге күлу мен бірге жылау бір басқа.. Студенттік шағымның ең асыл бейнесі болған, әртүрлі, бірақ тым ұқсас болған құрбыма өмірімнің соңына дейін тілекшімін. Болашақта қандай қашықтықта болсақ та, телепатияң тоқтамасын 🌌 p.s. Соңғы чемоданымды жаптым. Біз, бәлкім, Алматыны емес, ондағы асыл жандарды қимайтын шығармыз…

  • 8 мая 2025 г.1 702311из staaarmooon

    Алтын қалам – Неге шығармашыл адамдарды ерекше қолдайсыз? – Әдебиет әлемі де, мәдениет әлемі де өзгені қолдауды үйретеді. Сүйікті кейіпкерім Мартин Иденге әсер етіп, қолдау көрсеткен Бриссенден болды. Еш суреті сатылмаса да, өмір бойы Ван Гогтың бүкіл шығынын ағасы Тео көтеріп, сенім білдірді. Менің де өмірімнің әр кезеңінде мықты ұстаздар, қолдаушы жандар табылды… Сонымен қатар есіме Мұқағалидың алтын қаламы түсіп тұр. Күнделігінен үзінді: «Өткен аптада Мүсіреповте болдым. Бұл адаммен жақын келіп сұхбаттасқаным осы. Үйінде өзі жалғыз екен. Жылы қарсы алды. Екі сағаттай әңгімелестік. «Аққулар ұйықтағандаға» тебіреніп пікір айтты, сүйсініп қалды, мен ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған қалам сыйлады, алтын қалам…»

  • Даттау оңай, ақтау қиын. Таптау оңай, сақтау қиын.

  • 🏊‍♀️ Судың өзі ойы сергек, денесі мен миына ауырлық артпайтын, өзін жеңіл әрі еркін сезінетін адамды жақсы көреді. Сол адамды биікке көтеріп жібереді. Судың өзі…

  • Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған, Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі... Табылды Досымов туралы қойылымда көз жасымды тоқтата алмай қалмасым бар ма? Ешқашан көрмеген жандарға деген сағынышты айтам. Жүрек шіркін көз сияқты емес, уақыт пен кеңістіктің шырмауына ілінбейді екен-ау…

  • Жаны шаршағанда мән бермейтін адамның денесі сөйлейді. Ал оны байқамау мүмкін емес. Сондықтан әбіржіген жақыныңды көргенде, «жаны сау ма екен» деп ойлайсың…

  • Біздің кей тұсымыз туған қаламызға ұқсайтын секілді. Есте жоқ кезден табанымыз тиген жерден ештеңе жұқпауы екіталай. Мысалы, Қызылорда маған бірде тыныш жүріп, үнсіз боп көрінуді, бірде желдей есіп, жыр болып төгілуді үйретті… Ал саған?

  • сақта…

  • Біреудің арман орманында өзіңнің қалауың адасып жүрген жоқ па?

  • Ес кіргенде кішіпейілдіктен кіші, асқақтықтан биік болып кетпейтініңді түсінесің…