tgindex
TUGYRYM
@tugyrymказахский
Последний пост
2 авг.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
272
−3 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
117
20 постов
Вовлечённость
43,0%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
99
1/48двое суток
113
1/72трое суток
122

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Автобусқа мінбегелі біраз болыпты. Ең артқы орындықта 5 мектеп оқушысы және мен отырмын. Балалардың барлығы телефон қарап отыр. Бір жасы қырықтар шамасында бір әйел кісі жанымызға келіп тұрды. Жанымдағы бала өтірік ұйықтап қалды. Басқа балалар телефоннан бас алған жоқ. Эхх, қазіргі ұрпақ бұзылыпты ғой деп, өзім де телефон қарап кеттім.

  • - Атың кім? - Дидар - Толық атың кім? - Теледидар шеше

  • Қазіргі қоғам бәрін бөлшектеп, детальға бөліп қарауға үйреніп бара жатқандай. “Тәрбиені - ата-ана береді, білімді - ұстаз береді” деп, педагогтың миссиясын екіге жарып қойдық. Ал шын мәнінде, бұрын ұстаз - әрі білім беруші, әрі тәрбиеші болған. Сондықтан да “Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы” деген сөз бекер айтылмаған. Егер сен ұстаз бола тұра, тәрбиесіз балаға көз жұма қарасаң, оның бойына ізгіліктің дәнін екпесең - онда сен не үшін ұстазсың? Спортшы боламын деген адам ішімдік, темекі, бос жүрісті тәрк етеді. Өйткені ол — таңдау. Ұстаздық та дәл сондай таңдау. Бұл мамандыққа “үлгі боламын”, “тәрбиелеймін”, “білім беремін” деген адам ғана келуі керек. Бай боламын деген адам ұстаздық жолды таңдамауы керек. Ал ұстаз күн көру үшін екі-үш жерде жұмыс істеуге мәжбүр болмауы тиіс. Себебі ұстаз — жай ғана қызметкер емес. Ол — тұтас бір ұлттың болашағына әсер ететін тұлға. Сондықтан мемлекет бұл мамандыққа кімнің келетінін сұрыптауы керек. Және сол адамдарды өмір бойы лайықты деңгейде қамтамасыз етуі тиіс. Біз кейде орынсыз адамдарды көтереміз. Ал шын мәнінде көтеру керек адам — ұлағатты ұстаз. Ата-ана ретінде өзің ұстазға қызметші ретінде қарасаң, еліміздің болашағы ұстазға ұстаз деп лайықты құрмет көрсетпейді. Ұстаздың мәртебесі көтерілмей, қоғамның деңгейі көтерілмейді. #Тұғырдағыойлар

  • 14 июл.1011из shylgau

    Ойлашы, сен Роналдудың сосын Реалдың жанкүйерісің. Бар сенген Португалияң дым бітірмей ұшып кетеді. Рон хейттің астында. Анау сұмырау пепсси ол айырып жатыр жыныңды келтіріп. Аргентина кіммен ойнаса соған жанкүйер боласаң. Ол сорлылар жеңіліп одан әрмен мазаңды қашырады. Бір кезде Мбаппе есіңе түседі. Сәйгүлігім ай бір кегімізді қайтарса осы қайтарар деп оған тақым қысасың. Сүйтсең ол да доландай боп Испаниядан жеңіледі. Испания финалда. Оны жек көресің толған Барсаның ойыншылаоы. Ана жақта ол Мессидің Аргентинасы финалға шығатындай боп ол тұр. Ойлашы, сен үшін ееееең бишара әлем чемптонаты ғой иә?! #хаха

  • Жалқаулық — ертеңгі өкініштің бүгінгі себебі

  • Бізде адамдар кеңесті нәтижесі бар адамнан емес, өз ойын әдемі жеткізетін адамнан алады. Сосын неге нәтиже жоқ деп таңғаламыз. #Тұғырдағыойлар

  • Бір күні бүгінгі уайымдарыңа күліп қарайтын боласың. Қазір жұмыс табуды уайымдайсың. Ертең жұмыстан емес, отбасыңа уақыт таба алмай уайымдайсың. Қазір “қашан үйленемін?” деп ойлайсың. Ертең “осы отбасымды қалай бақытты етемін?” деп ойланасың. Қазір ата-анамен бірге тұру ма, бөлек тұру ма деген мәселе маңызды көрінеді. Ертең жарыңның денсаулығы бәрінен маңызды болып кетеді. Қазір бала сұрайсың. Ертең балаңның амандығын сұрайсың. Өмір қызық. Әр кезеңнің өз уайымы бар. Бірақ жаңа уайым келген сайын бұрынғысының қаншалықты ұсақ болғанын түсінесің. Сондықтан бүгінгі мәселеңді өміріңнің соңы сияқты қабылдама. Бәлкім, бірнеше жылдан кейін ол сенің есіңде де қалмайтын шығар. #Тұғырдағыойлар

  • Kaspi gold енді Apple Pay - да бар.

  • “Әйеліңе дауысыңды көтерме, сөзіңнің деңгейін көтер. Өйткені гүлдерді өсіретін найзағайдың күркірі емес, жаңбырдың тамшысы”

  • Көп адам ғашық болғаннан емес, жалғыз қалудан қорыққандықтан қарым-қатынас құрады.

  • - “Мен осындаймын” деу - өзгергісі келмейтіндердің соңғы қорғаны.

  • “Гештальтымды жаптым” деген сөз сәнге айналып кетіпті. Бала кезде ала алмаған пультпен істейтін ойыншық көлік алып: - Гештальтымды жаптым. Жоқ. Сен гештальт жапқан жоқсың. Сенің қолыңа ақша түсті. Қазір адамдар “қалауымды орындадым” дегеннің бәрін “гештальт” деп атап жүр. Ертең біреу жалақы алған күні донер жеп отырып та “гештальтымды жаптым” деп шығатын шығар. Бала кезде істей алмаған, ала алмаған затыңды қазір алсаң да, ол бала кездегідей сезім бермейді. Гештальт - аяқталмай, қол жетпей қалған дүниелер. Ал одан бірнеше уақыт өтіп, қол жетсе ол қалауыңды орындау. Бәрібір гештальт күйінде қала береді. Сөздің мағынасын білмесек, тым болмаса әр нәрсеге жапсыра бермейік. #Тұғырдағыойлар

  • 22 июн.121из tengri_kz

    Алматы облысында алкоголь сатудан бас тартқан ауылдардың саны 23-ке жетті. Солардың бірі – Бура ауылы. Тұрғындардың айтуынша, мұнда соңғы бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылда төрт жыл бұрын ақсақалдардың бастамасымен дүкендерде алкоголь мен темекі сатудан бас тартылған. Қазір той-томалақ та ішімдіксіз өтеді.

  • Месси әлем чемпионатын екінші рет жеңетін сияқты

  • Бізді әлі күнге дейін “тезірек бастық бол, кабинетте отыр, көп ақша тап” деген түсінікпен тәрбиелейді. Сол қате тәрбиенің кесірінен көп адам өз саласының маманы болуды емес, мүмкіндігінше тезірек бастық болуды армандайды. Тәжірибе жинамай жатып басқарғысы келеді, жұмыс істемей жатып бұйрық бергісі келеді. Ал шын мәнінде қоғамға бастықтан бұрын өз ісін жақсы білетін мамандар керек. Жетістік - креслоның биіктігі емес. Жетістік - өз ісіңнің шебері болып, қоғамға пайда әкелу. #Тұғырдағыойлар

  • - Тик токта көтін көрсетіп билегеннің бәрі байып кетті, соны білем… - Сен де билесей. Сенің көтің бар ғой😂

  • - “Месячный келді” деп айтатын қыздарды түсінбеймін. - Сүндеттеліп, соған той жасап, жүздеген адам шақыратындарыңмен жұмыстарың жоқ па? Кейде қоғамдағы стандарттардың қаншалықты таңдамалы екенін байқайсың. Қыз баланың ағзасындағы табиғи процесс туралы айту ұят көрінеді. Бірақ ұл баланың денесіне жасалған операцияны тойлап, мал сойып, жұрт шақыру қалыпты нәрсе саналады. Мәселе сүндет тойында немесе етеккір туралы әңгімеде емес. Мәселе - бір нәрсені “дәстүр” деп қабылдап, екіншісін “ұят” деп қабылдайтын көзқараста. Біреудің табиғи физиологиясы туралы айту ұят болса, онда барлығына бірдей өлшем қолданайық. Ал егер біріне рұқсат болып, екіншісіне болмайтын болса, онда мәселе ұятта емес, біздің қос стандартымызда. #Тұғырдағыойлар

  • Бұрын мектепте «жетім», «жартылай жетім», «аз қамтылған отбасыдан» деген мәртебелерді ешкім жасырмайтын. Мұғалімдер де, оқушылар да оны қалыпты қабылдайтын. Ол үшін адам өзін кем санамайтын, өзгелер де оны ерекше нәрсе көрмейтін. Ал қазір сондай ақпараттардың бәрі құпия сақталады. Себебі «буллинг болады», «баланың психологиясына әсер етеді» дейді. Бірақ мәселе шынымен сөзде ме? Әлде біз балаларды шындықпен өмір сүруге емес, шындықтан қашуға үйретіп жатырмыз ба? Әр адамның өмірінде түрлі жағдай болады. Біреу әкесіз өседі, біреу анасыз өседі, біреу жоқшылық көреді. Бұл ұят нәрсе емес. Ұят нәрсе – сол қиындықты сылтау етіп, өмір бойы жәбірленуші болып қалу. Адам өзінің жағдайынан ұялмауы керек. Керісінше, оны қабылдап, соған қарамастан өсіп-жетілуі керек. Өйткені өмір ешқашан бәрімізге бірдей мүмкіндік бермейді. Буллингтің шешімі – шындықты жасыру емес. Буллингтің шешімі – балаларды бір-бірін мазақтамауға тәрбиелеу және қиын жағдайдан ұялмауды үйрету. Қиын тағдыр – кемшілік емес. Ол адамның өмір жолының бір бөлігі ғана. #Тұғырдағыойлар

  • Подругасынан тойға бір күнге көйлегін сұрайтын қыз, жігітке “Көлігің болу керек. Үйің болу керек. Бөлек тұрамыз” деп талап қоюы әділ емес. (С) Ақжан Өксікбай

  • Қазіргі кейбір қыздар туа сала ханшайым болып өскендей талап қояды. Ханзада күтеді. Ханшайымға лайық сый-құрмет күтеді. Ал шын мәнінде ұсынатыны көбіне сыртқы келбет қана. Оның өзі бояудың арқасында әдемірек көрініп тұрған болуы мүмкін. Білімі жоқ, еңбегі жоқ, жетістігі жоқ, бірақ талаптары өте жоғары. Одан да қызығы — сондай талаптарды орындауға тырысатын жігіттер табылады. Қарыз алып болса да қымбат сыйлық әперіп, әсер қалдырғысы келеді. Сөйтіп, адамның құндылығы мінезімен, ақылымен емес, жұмсаған ақшасымен өлшенетіндей көрінеді. Өмірде бәрі қарапайым: тең теңімен. Егер ханзаданы қаласаң, өзің де ханшайым бол. Тек сырт келбетіңмен емес, ақылыңмен, біліміңмен, мәдениетіңмен, адамдық қасиетіңмен. Шын мәнінде, мықты қарым-қатынас «маған не береді?» деген сұрақтан емес, «мен не ұсына аламын?» деген сұрақтан басталады. Өзің дамымай тұрып, өзгеден мінсіз адам іздеу — әділ емес. #Тұғырдағыойлар