tgindex
dárýmen🪐
@darymennРелигияказахский

qoiyn dapter📚 olender ✨ oi qazynasy 🍃 #notebook #thoughts #vitamin

Последний пост
16 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
566
−2 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
553
20 постов
Вовлечённость
97,7%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіңе құмар қылған оның әмірі. Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі — дәhрі 📝 Абай Құнанбайұлы

  • мәңгілік аманатым🤍

  • 🌺 мен көрген махаббат — қарапайым еді. ол ауыз толтырып сөз беруден гөрі, жай ғана үздіксіз қамқорлықпен сезілетін. ол жаныңдағы жанды түріне, түсіне бөлместен, жай ғана бар болмысымен қабылдауды көрсетті. ол махаббат кей сәттерде жақының үшін өз қалауларыңды тәрк етіп, кішіреюді үйретті.

  • Саған деген сезім шектеле ме?!🫂🤍

  • өзің ғана🤍

  • 🌺 Таусылмайтын әңгімені жалғастырайық. Бұл өмірдің бір заңы бар екен. Адам әлдекімді немесе бір затты неғұрлым қатты сүйсе, сол дүниемен байланысты соғұрлым үлкен сынақтардың келуі — бір заңдылық. Тәңірдің жазған низамы сол. Ал оның алдын алу үшін тағы сол ұлылардың жолына көз саласың. Олар үлкен жүрек иесі болған, сүйе білген. Бірақ сүюдің де орны мен шарты бар. Оның басы да — сүю сезімін берген Раббыңа шүкір етпек! Әр нәрсенің шүкірі сол дүниенің өзінен болады дейді. Сондықтан сол ұлы сыйдың Иесіне әуелгі махаббатыңды арнамақ керек! Кейін Оның күллі жаратылысын ретімен, орнымен жақсы көрмек керек. Ең қысқа, Абай атамызша қайырсақ, мына бір шумақ өлеңді оқып, санамызға бек сіңірсек, өзімізге жақсы: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті». Иә, солай, Хақтың жолы — махаббат. Оны сен нәрестенің шырылдаған үнінен де, қарттың айтқан нақылынан да, ата-анаңның жылы құшағынан да, жарыңның нұрлы жүзінен де, күннің атысы мен батысынан да көре аласың. Сүйе алсаң, сезе алсаң, жақсы көре алсаң…

  • 🌻Ал, қазір махаббат жайлы сөйлесейік. Платон махаббатты ауру деп санаған, Бернард Шоу нағыз махаббат тек тамаққа арналады деп есептеген, ал Ницшенің пайымынша, махаббат — ол бір құмарлық пен ессіздік қана. Тағысын тағы. Іздесең, махаббат жайлы жазғандар сансыз, айтпаған, жазбағандар сірә жоқтың қасы. Бірақ бір қызық тұсы — ұлыларды ұлы еткен бір ұстаным бар, ол — махаббатты өмірдің мәнімен байланыстыру. Мысалы, кешегі өткен ең ізгі тұлға Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бастап, күллі пайғамбарлар, әулие-әнбиелер, дана-данышпандар. Барлығының өткен жолына назар салсаң, махаббаттың ізін көресің. Жаратқанға деген, жаратылысқа деген, күллі ғаламға деген. Сосын пайымдайсың: «Сірә, оларды осы деңгейге жеткізген осы бір сезім шығар», — деп. Бірақ махаббат — ол бір сезімнің ғана жемісі емес. Ол сансыз сезімдер мен шешімдердің тоғысқан бір тұсы. Махаббат — сансыз мағынаны өзіне жасырған бір ғана сөз. Ол жайлы талай хикая, әңгіме, жыр-дастан, мысалдар жазылған әрі жазыла бермек. Адам кеткенше, заман көшкенше. Мұхтар атамызша айтсақ: «Махаббат — ол таусылмайтын әңгіме».

  • 📚Қаламым – қаруым, досым, сырласым.

  • Уақыт жоқ! Қарап отырсам, «әне бастаймын, міне бастаймын» деп жүргеніме де біраз уақыт болыпты. Мұнда жазба жарияламағаныма да бір айға жуықтап қалған екен. Ұзақ ойланып, бір нәрсені түсіндім: мен жазуым керек екен. Адам жайлы, сезім мен махаббат жайлы, өмір мен өлім жайлы. Жазу арқылы жан жарамды емдеп, Жаратқанмен сырласып, жақындарыма жылулық сыйлап, жұртыма қызмет еткендей күй кешемін. Жазған сәтте жаным жайланып, ішімде бір тыныштық орнағандай сезіледі. Білмеймін…

  • 9 июн.440172

    ✨ Құл Құлдырайды, құлазиды, құлайды. Жер жапанда жалғызсырап жылайды, Сол мезетте пана болар тек Алла. Сейілтеді болса-дағы мың қайғы! 19.08.2022

  • 11 мая6943111

    Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр! 🖌️Бауыржан Момышұлы

  • 9 мая636181

    📝 Адам қолының, аяғының, көзінің, құлағының қадірін біледі, оларды жоғалтудан қауіптенеді; бірақ көбіне Алламен жүректік байланысын жоғалтады да, соны мүлде байқамайды. Ар-ұжданы сөніп, түндерде Алланың нұры жүрегіне сәуле шашпайды, ал ол болса ештеңе болмағандай рақаттана береді. Биік мұраттарға жетудің азабын сезінбеген жүректің хайуанның жүрегінен еш айырмасы жоқ. Өйткені ол енді тек денеге қан айдайтын бір жапырақ ет қана.

  • 📌Алла адам баласына ұмтылғанын береді дейді. менің ұмтылысым — оның разылығы. оның разылығын алу жолында мен үлкен-үлкен армандар қойып, биік-биік шыңдарға ұмтылып, мол-мол жауапкершілік арқалауға дайынмын. бірақ бұл жолда оның разылығына не кедергі болса, мейлі менің ең үлкен арманым болсын, мейлі басқасы болсын — бәрі де тәрк. ал оның разылығы ең кішкентай дүниеде немесе амалда болса, соны істеуге өмір бойы мен де разымын.

  • 6 апр.706181

    📝 Қожа Ахмет Яссауи

  • 2 апр.738176

    ✨сырлы сезім — селдей тасиды сен дегенде.

  • адам өмірі толассыз сапарлар, кездесу мен қоштасулардан тұрса керек. хақ тағаланың жазып берген низамы — бұл. солай ғана адам өседі екен. солай жүріп, бұл ғұмыр да өшеді екен. маңыздысы — қаншалықты ұзақ жүргенің емес. маңыздысы — қандай жолмен жүргенің, кімді жолдас тұтқаның, кімге жолдас болғаның. бір сапардың соңы, екінші бір сапардың басына алып келсе керек. бізде солай атамызды ақтық бір сапарға шығарып салдық. мекенің жәннат болғай ата! атам мен үшін еңбекқорлықтың символы. role model. кішкентайымнан-ақ нағашы ағаммен бірге атама еріп саяжайға барып егін салып, жеміс жинап жанында жүретінбіз. атаның қасында жүріп егіннің қыр-сырын үйренгеніміз бар. сол кезде көп дүниені түсініп, байыбына бармасақ та қазір қадірін ұққандаймыз. ол сәттер келмеске кетті. мұның бәрі соңсыз естелік. таспаланып қалмаса да, мына мендік санада мәңгі жаңғырып тұра бермек. мен атамның қайсарлығына, еңбекқорлығына, байсалды кейіпіне қарап таңқалатынмын. Өте шымыр, мықты жан еді. Атаңа ұқсайсың десе бір марқайып та қалатын едім. рухың шат болғай, ата! әжеммен жәннаттың төрінде жолықтырсын Раббым! ал, біз сіздің берген үлгі-өнегеңізді, тәлім-тәрбиеңізді санамызда мәңгі сақтаймыз. сіздің немереңіз еді деген атты абыроймен арқалауды нәсіп еткей!

  • Тәңірдің заңы мен низамы адам болмысына ар-ұят арқылы дариды. 📖“Махаббаттың мәні” кітабынан үзінді.

  • Қош, құт ай! Оқып отырып дәл осы жерге келіппін! Бұлда бір белгі, бұл да бір ескерту! Өзіңді бір “check” жаса деп жібергендей.

  • ✨ Уа, Мейірімі шексіз Раббым! Ойымызда, бойымызда ізгіліктің, мейірім-махаббаттың, риясыз сезімнің, туралықтың, батылдықтың, сабырлықтың, қайырымдылықтың, кішіпейілділік пен қарапайымдылықтың, арлылық пен абыройдың, жомарттықтың, тұрақтылық пен табандылықтың, мол қайырлы ілім-білімнің дәндерін өсіріп, гүлдендіре гөр!

  • consistency over intensity.