muzbalaqq📝
Статистикакеңістікті биіктен шолған, салқын қанды, қыран жүректі - Мұзбалақ.
- Последний пост
- 15 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
белгісіздік кезінде ми ең жаман сценарийлерді өзі жасап алады.
ойыңда құрап алған өмірде емес, әрекет жасай отырып, нәтижеге сенген кездегі өмір әлдеқайда жеңіл.
қадамыңнан жаңылмай, өз-өзіңе адал болу өмір сүрудің дұрыс қадамдары дер едім. әр ісің, жүрген жолың, шындығың сен үшін әрқашан пайдасын береді.
түсінсем, махаббат ол - сенбеу, күдікке бой алдырып, оған күйе жағу емес, кеңістігін тарылтып, еңсесін езу, мүмкіндігін шектеу, өзгертуге тырысу емес. оны өзін бірінші орынға қоя алуға мүмкіндік беріп, шабытын шыңдау, шартсыз сүю, оның қызығушылықтарына, қалауына сыйластық, құрмет таныту. расында, қателік жібермесем, жібертпесем бұндай түсінік болмас та еді…
мен әлі шын сүюдің не екенін білмейді екенмін, топалаң басқан асау сезімді, еліктірген уақытша көңілді, қызыққа, шытырманға толы бос ойын-күлкіні, шыдамсыздық пен құмарлық билеген көңілімді махаббат деп шегелеген кезімді есіме алсам қатты қателескен екенмін дедім. бірақ та, ол кезде дәл бүгінгідей ес болмады ғой.
жақсы ой ойлай алу бір бөлек. ойлаған ойыңды жүзеге асыра алу бір бөлек. ортада тәуекел немесе бастау деген есік болатыны рас. бірақ ол сенің ойыңда қорқынышты не сәтсіздікке толы болады. екінші адамның жетер жетістігі. мұнда адамның ішкі болмысының көрінісіне тән таңдау жасалынады.
еш кінәлаусыз, жазғырусыз өз күшіңді барынша өзіңнің жақсы нұсқаңды қалыптастыруға жұмсау керек. бос сөз, негатив, ойсыз ашық-жарқын көңіл-күймен, әділ шешіммен, өтіріксіз өмір сүру неткен жеңіл десеңші.
бұрын мен, өз комфортым, өз кеңістігім деп өзімді көп аяушы едім. керісінше өзіңді аямаған кезде, өзің күткеннен көп нәрсеге жетуің мүмкін екенін білгенде олай ойлауды қойдым. аямау деген не? кеше оқыдым ғой, бүгін демалайын деп емес, күнде оқысам, жаңа нәрсе үйреніп аламын деп ойлау. шаршап тұрмын, кейін жасаймын деп емес, қазір жасап тастап, артық уақытымда басқа нәрсеге арнай алатыныңды білу. адамдармен коммуникацияда жабық болмай, керісінше араласып, сөйлесу, пікір алмасу. жабық адам болсаң, тырысудың өзі әрекет. сен өз өзіңмен бола берсең, мүмкіндігіңнің кеңістігі тарыла береді.
адам жетем деген биігіне, жетер шыңына жасырылған құпия жоқ секілді. жай ғана бүгінгі елеусіз қалдырылған, жалқаулық пен ерінудің артынан ерген адамның әрекетсіздігінің астында жатқан, жасалуы керек дүниелер. бұл дүниелер - біз қалаған шыңның кілті болмақ.
уақыт өткен сайын, өмірге бейімделесің. кейде бәрі сен қалағандай болмайтын сәттер, кейде өз қалауыңнан асып түсетін күтпеген өзгерістер болады. қалай десек те, адамның бір жұмыр жүрегінде ішкі бала көңілдегі немесе ересек еркін көңілде әттеген ай тұстарда өзіңнің берік нұсқаңды қалыптастыруға қадам жасай аласың.
ойланып, ой елегінде шар құрып, сенімсіз болып жүрсең ең басты маңызды әрекет - бастаудан қорықпау.
бастау - қорқынышты сейілтетін, сенде жасай алу мүмкіндігі бар екенін, сәтсіздік - артқа шегіну нүктесі емес екенін көрсетеді. табандылығың - сенің күш-жігеріңнің мықтылығын, әлсіздердің қатарынан еместігіңді, мақсатқа жасалып жатқан қадамдар екенін айқындар береді.
адам өз мүмкіндіктерін, қабілетін көре алғанда, ұлы мақсаттарына деген нық сенім пайда бола бастайды.
әкемнің сабырлығын, анамның көрегенділігін, әпкемнің мінез-қайсарлығын, ағамның жомарттығын, іні-бауырымның жұмсақ мінез ақкөңілділігін өз бойыма сіңіріп әлі де өсіп келем. өзгеден үлгі өнеге қатты асығып, алысқа қол созып та қажет те емес, бірақ ол да керек-ақ. десек те, жаныңдағы жақыныңнан да керегіңді алуға болады.
бақытымызды еселейтін себеп қашанда табылады, біз көрмей, жүрекпен сезінбей қалып жатамыз.
бір бастаманы жүзеге асырмас алдын адамның ойында шырғалаң, шиеленіс сан жолдарға бой алдыратынымыз рас. “мүмкін болмай қалса ше?” осы бір ой іште бізді көп жағдайда тоқтатады. “ал мүмкін болып қалса ше? осындай оймен бастау әлдеқайда жолымызды ашып бермек. мұнда ішкі күйдің деңгейі өте маңызды.
бұл ортада мен өз өмірімнің әр бөлшегінен алынған жазбаларды ғана жариялаймын. мен жеткен жетістігім мен сәтсіздіктерімде болуы ғажап емес.
өмір парадоксқа толы өз ойың күмән тудыратынын осыған қарап ақ білуге болады. әлемде мүмкіндік шексіз. оны біреу көре алады, көре тұра жасай алады немесе тіпті өз қабілетін іште жасырып, қорқыныштың иелігіне жіберіп қоя бермек. мұнда әрине адамның таңдау еркіндігінде…
ішкі әлеміңе үңіліп, өз жүрегіңді, өз ақылыңды қосудан бас тартпа. себебі, сені сен ғана білесің.
білмегенді білуге, үйренуге талпыну бұл әлсіз, білімсіз адамның әрекеті емес, өсу баспалдағының бірін бағындыру.