кітапқа дейін
Статистика- Последний пост
- 11 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 303
- 1/48двое суток
- 347
- 1/72трое суток
- 374
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
қолыңдағы азығыңнан жаныңның азығы салмақты болсын
“махаббат өмірді жеңілдетуі керек” деп ойласам да, махаббатқа “керек” деген сөзді қосқым келмейді. “махаббат өмірді жеңілдетеді” деп жазуға болады-ау, түп-тереңіңді ол да жеткізбейді. соңы, кенжеге түскен тіркес “махаббатта болыңыздар” ғана. болған адам өзі сезінер, өзі түсінер
Сенің ұлтарағың Таңертең тез киініп, Фотографқа бармақ болдым. Оған үлкейтуге берген Суретіңді алмақ болдым. Костюм киіп, аяқты, Шапшаң, бәтіңкеге сұқтым. Әлдене табанға батып, Оның не екенін ұқтым. … Сен бір жолы дүкеннен Ұлтарақ сатып әкелдің. Үстінде бүршігі бар, Денсаулыққа жақсы! — дедің. Арлы-берлі жүріп едім, Бүршіктер табанға батты. — Мынауың қиямет қой, Әкелдің қайдағы затты!? — Деп, іштей наразы болып, Мен саған күңкілдедім. — Үйреніп кетесің, — деп, Сен маған күлімсіредің. Енді ойласам сен сонда Менің қамымды жедің: — Түртіп, оятып жүреді Аяқтың нервтерін! — дедің. — Тамырлар тегіс қимылдап, Балтыр ешқашан іспейді. Ақсақ-токсақ болып, Аяққа жем түспейді. Ұзақ жасауға мұның Септігі орасан екен! Сондықтан мұны жай емес, «Емдеуші ұлтарақ» деген. «Здоровье» журналы Осылай деп жазыпты. Әдейі әкелсем саған, Мен емес, журнал жазықты. Шыдасаң бір-екі күн, Әбден үйреніп кетесің. Сонда сен де, аяндап, Тоқсанға жетесің! — Деп едің маған күлімдеп, Ақырын арқамнан қағып. Расында, үйреніп кеттім, Ұлтарақ жаныма жағып. Отыз үш жылдан бері Сол ұлтараққа иемін. Жазда бәтіңкеге салып, Қыста етікпен киемін. Ұлтарағың өзіңе Шырқатады ойымды. Және бір сантиметрге Биіктетеді бойымды. Сенің бұл қамқорлығыңды Жиі есіме аламын. Мақтанып кейбір достарға Ептеп, айтып та қаламын. Жақында Тұманбай да Бұл сөзге құлағын салды: — Апамның әрбір ісі — Өлең, ән ғой! — деп тамсанды. Бауырыңның бұл сөзіне Мен мүлде марқайып қалдым. Бүгін де, киініп жатып, Өзіңді есіме алдым. Ұлтарақ аяғыма, Қазір де, батпайды менің. Жанымды жегідей жейді Қасымда жоқтығың сенің! Бармақ тістеп өкінемін, Кемсеңдеп, жылағым кеп: Неге сол ұлтарақтың бірін Саған әпермедім деп!… 28.07.2003.
Уатанабе мен Наоконы жиі еске алам дегем, соның есебіне жазып отырғаным
мен оқыған біртүрлі бірақ сүйкімді кітаптар көп. мен оларды ұсынған емеспін, бірақ оқимын/оқып жатырмын деген адам үшін қуанамын
«біреулермен жалғастырып жең ұшын, жасап жүрсем жаным сүймес келісім, барлығы да поэзия сен үшін!» деген өлең-тіркес оқып отырмын Мұқаңнан, түнсүйер қауымға бұдан шығар кең бірақ кенже ойлармен бөліспегенді жөн көріп мен кеттім ұйқыға. | Мұқаңның кітабын ертең қолға алмаса болмас, көзім ауырды |
ішіңдегі “шығамын” деген “мен”-дерді шығара бермек керек, жеңгені жеңеді
адасып барып, сүрініп сосын ес кірді.
Сағым жылдар
Мені ешкім сағынбасын, сен сағын. Сағын, көзден үзіп мұңның моншағын. Дәл осылай сағынуға бола ма?, -деп таңғалсын Аспан. Ай. Күн. Жер шары! Мені ешкім іздемесін, сен ізде. Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе! Дәл осылай бола ма екен сүюге?, -деп таңғалсын Өзен. Мұхит. Теңіз де!
бір адамды сүюге бір өмір де аз сияқты
өзімді түсінбеймін, мен жүз, тіпті, мың рет те кешіруге дайынмын. бірақ бір күні қаламымды қайтармағаныңа ренжуім мүмкін. ал сен әңгіме қаламда деп ойлайсың.. мүмкін, мен де..
«тағдыр дәптерінде ешнәрсе қате жазылмайды. адасып қалсақ, бір-бірімізді табу үшін. алыстасақ, жақындап қалу үшін…»
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз, Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз. Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан, Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан. Ойың мен ісің — жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді, Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді. Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен, Шатастырып алдық, құдай-ау, бір туар махаббатпенен. Алдану, сірә, түк емес бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да, Үйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ, қана. Ата-анаң, үрім-бұтағың, бәрі де сені тұр қолдап Бастысы — сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ,? Махаббат — қайсар заңғар шын, кез келген өрлей алмаған Он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған. Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған, Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған. Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де, Жұбайың досың бола ма? Miне, бұл — басты мәселе. Не бермек тәннің одағы? Жаныңа жаны қосылмау Бұл — нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген — ашылмау! Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған? Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған. Рухы қосылмағандар — жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз, Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі — бақытсыз. Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп Жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен, Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең: "Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайың, Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым? Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы, Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы? Ұқпаса... Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от, Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ. Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болар өз көгін, Өзіңді-өзің ұмыта біл, бақыты үшін өзгенің.
менікі сол өмірге еркелеу, тағдырға күңкілдеу, өкінішке өртеніп, ұяттан ұялып, бірде бақытты, бірде бақытсыз күй кешу. ең бастысы кеудемде жүрегім бар. қалғанын қолға алармыз әупіремдеп
барар жол, болар уақыт, тіпті күн де кездейсоқ келе қойды да, екеуі кездесер уақ келді.. кездейсоқ деймін-ау, Ғасыр олай ойламады
без подписи
өмір-ай деймін кейде мен
кітапқа дейін pinned a video
дұғадан басқа жердің бәрінде реалист бол мына сөз санамда қалқып кетті күні бойы