Áitarym bar
СтатистикаАйтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын. Пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 7
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 327
- 1/48двое суток
- 374
- 1/72трое суток
- 404
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Бүгін Алматы не көрмеді десеңші, біз де одан артық көрмесек, кем көрмедік🫠
Қалаған адам кез келген кедергіні кесіп өтеді. Оған сылтау да себеп емес. Динара Боранбай
«Жұмыстан шаршап кеттім» деп шағымдану дұрыс емес екенін білемін. Құдай жұмыс істеп, шаршауға да мүмкіндік бермеген қанша адам бар… Кейде шүкірсіз адамға демде айналамыз ғой. Барымызға шүкір етейікші…)
Нұрайдың жаны тыныштық тапқан күн…💔 Өліміне себеп болған қылмыскер өмірбойына сотталды.
«Сөз деген май тиген дақ сияқты тез жайылады» Нүкет Ашкын. «Макбуле ханым» кітабынан
Метромен үйге қайтқанда сан түрлі жанар көремін. Адамның жанары. Мұңлы, шаршаңқы, сөнген, сырға толы, қызарған, отты, жасаураған, бақытты… Әр көз адамның ішіндегіні бір өзіне сидырып алған. Бәрінің айтары бар, бірақ үнсіз ғана сипаттайды. Ал менің жанарым басқаларға қалай көрінеді екен… Динара Боранбай
«Отбасылы адамға ғашық болып қалдым…» Жақсым, ғашық болған жақсы ғой. Бірақ кейде жаман. Адамы барды, жүрегі бос еместі, сезіміңе жауап қатпағанды жақсы көріп қалсаң… Мұндай «тыйым салынған» махаббат у секілді, күннен-күнге бойыңа тарайды. Адам шіркіннің сезіміне шек қоюы, оны нәпсісіне байлап қоюы қиын-ақ… Мұның артында ар жолы жатыр, шыдасаң – жеңдің, шыдамасаң – опат боласың. Бір өзің емес, бүтін бір толық бақытты өз шырмауыңа әкетесің. Сезім жүректен шығады, ақылдан емес. Жақсыны жақсы көру де, көрмеу – де айып емес. Ғашық болу да сол секілді. Тек «тәк» дей алу керек, жүректі ақылға бағындыру керек. Сол сүйген жүрегің күйіп қалады, абайламасаң… Өмірді, отбасылық өмірді ойыншық көріп қажет емес. Өз сезімдеріңе еге бола алмағанның зардабы бар. Ар алдында, Алла алдында. Иә, жүрекке сезімді салатын бір Құдай. Бірақ өз қалауыңды «Құдай солай қалады» деп ақтап алу қаншалықты әділдік? Адамның бойындағы ізгілігіне, жақсы тұстарына, ақылына, жүрегіне ғашық бол, бірақ жүрегіңді адамға байлама. Динара Боранбай
кеше маркетингті сағынамын деп отыр едім, Астанадан сәлемдеме жетті. оны да көрейік бұйыртса, істеп.
Маған графикке байланбай жұмыс істеген ұнайды. Бір орында жұмыс істей бергеннен тез жалығамын, бірақ амалсыздан істейсің…) Қазір мемлекеттік мекемеде, 8 сағаттық жұмыс істеп жүрмін. Шүкір ғой, асылық айтпаймын, бірақ «мә, осы шынымен менікі ме» деп ойланатын сәттерім мен өзіме қояр сұрағым көп. Арасында кітапқа корректорлық, редакторлық, диплом жазу сияқты жұмыстар жасаймын. Міне, осындай жұмыстардан рахаат күй кешемін. Әзірге қай салада тұрақтайтыным белгісіз, қабілет кеп тұрғанды көре беру де керек қазіргі заманда)
Qalan💙 Кейде осы ортаны, осы саланы сағынамын. Қабілетімді шындыққа айналдырған, шамалы армандарымды орындаған жер. Сағынышыма айналған сәттер өте көөөп. Соларды көөөп ойлаймын. Дұрыс па, бұрыс па білмеймін. Өмірде құндылығыңа сай орта таңдау жақсы. Ондай орта сені өшірмейді, өсіреді. Бойдағы қабілетіңді байқап, соған сай бағытқа бағыттайды.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
❤️🩹
Кейде өз-өзіңнен сақтаған құндылығыңды басқалар таптауға әзір тұрады. Өмір емес, қазір адамдар ешкімді аямайды. Сенім аз, өзіңе сен. Себебі өзіңнен де сақтағанды өзгелер алып қойып жатады… Динара Боранбай
Ендігі шешім – Кездесу қиын, Жүздесу, тіпті, қиындау. Сөздерді қойшы, сезімді Қиын ба сонша мойындау? Биледі нендей қорқыныш, Менен тым биік бойыңды-ау? Менде енді күтер уақыт жоқ, Жүрек те, сен де қойыңдар! Динара Боранбай
Ендігі шешім – Кездесу қиын, Жүздесу, тіпті, қиындау. Сөздерді қойшы, сезімді Қиын ба сонша мойындау? Биледі нендей қорқыныш, Менен тым биік бойыңды-ау? Менде енді күтер уақыт жоқ, Жүрек те, сен де қойыңдар! Динара Боранбай