Мәңгі Тас 𐰋𐰭𐰏𐰇:𐱃𐱁
СтатистикаКөне түрік жазбалары мен тас (🗿) ескерткіштері туралы арна. Түрік халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты деректермен бөлісеміз. Навигация посты - https://t.me/mangi_tas/19
- Последний пост
- 5 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 17
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
Təŋircilik pəlsapası jaylı atam jazğan kitap
Күйік ханның таңбасы ᠮᠥᠩᠬᠡ ᠲᠩᠷᠢ ᠶᠢᠨ ᠬᠦᠴᠦᠨᠳᠦᠷ ᠶᠡᠬᠡ ᠮᠣᠩᠭᠣᠯ ᠤᠯᠤᠰ ᠤᠨ ᠳᠠᠯᠠᠢ ᠢᠨ ᠬᠠᠨᠤ ᠵᠷᠯᠭ ᠢ ᠪᠣᠯᠭᠠ ᠢᠷᠭᠡᠨ ᠳᠦᠷ ᠬᠦᠷᠪᠡᠰᠦ ᠪᠦᠰᠢᠷᠡᠲᠦᠭᠦᠶ ᠠᠶᠤᠲᠤᠭᠠᠶ Möngke ṭngri-yin küčündür. Yeke Mongγol ulus-un dalai-in qanu ǰrlγ. Il bulγa irgen-dür kürbesü, büsiretügüi azatuγai. Мәңгілік Тәңірінің күш-дүр! Ұлы Моңғол ұлысының теңіздей ханының жарлығы! Ел, жаулар мен ерікті халыққа жетсе, бүгіліңдер, қорқыңдар! Базылхан, Н., & Тұяқбаев, Ө. (2014). Далалық мемлекеттер дипломатиясының ресми құжаттары: Жарлықтар, хаттар, елшілік белгілер (XIII–XVIII ғғ.)
Тоқтамыс хақанның байсасы 🇰🇿 ᠪᠦᠰᠢᠷᠡᠬᠦ ᠬᠦᠮᠦᠨ ᠠᠯᠳᠠᠬᠤ ᠦᠬᠦᠬᠦ ᠲᠣᠬᠲᠠᠮᠢᠰ ᠬᠠᠭᠠᠨ ᠤ ᠵᠠᠷᠯᠢᠭ ᠦᠯᠦ ᠶᠡᠬᠡ ᠰᠤᠤ ᠵᠠᠯᠢ ᠶᠢᠨ ᠢᠭᠡᠭᠡᠨᠳᠦᠷ ᠮᠥᠩᠬᠡ ᠲᠩᠷᠢ ᠶᠢᠨ ᠬᠦᠴᠦᠨᠳᠦᠷ möŋke teŋri-yin küçündür yeke suu jali-yin igegendür toqtamis qağan-u jarliğ ken ülü büsirekü kümün aldaqu ükükü Мәңгі Тәңірдің күшімен, Ұлы құт қолдауында, Тоқтамыс хақанның жарлығы: Ардақтамаған кінәлі саналып өлімге бұйырылады Көшпелі хандықтар дәуірінде биліктің басты құқықтық белгілерінің бірі байса болған. Бұл хан тарапынан бектерге, әмірлерге, елшілерге және керуенбасыларға берілетін арнайы рұқсат белгісі. Көбіне алтын, күмістен жасалып, иесінің дәрежесіне сай лашын, арыстан, сұңқар секілді бейнелермен бедерленген. Осы белгісі бар адам империя аумағында және шет мемлекеттерде еркін жүріп, азық-түлік пен көлікпен қамтамасыз етілген. Байса жүйесі әлемдік дипломатия тарихында ерекше орын алып, қазіргі визалық қатынастардың тарихи негіздерінің бірі саналады Рева Р.Ю., Беляев В.А. (2017) 25–37 бб. Аударуға көмек үшін @bogdocholun, @Konyrboruk көп көп рақмет
без подписи
без подписи
Білге қаған ғұрыптық кешенінен табылған алтын тәж (👑). Ортаңғы бөлігінде бейнеленген құсты ғалымдар бүркіт, сұңқар немесе феникс деп сипаттайды. Мұндай құс көне түріктер үшін кең таралған символ болған. Қазір жәдігер Ұланбатыр қаласындағы Моңғолия Ұлттық музейінде сақтаулы
Көне түріктерге (V-VI ғасыр) тиесілі, лағыл тастармен көмкерілген алтын бетперде. Шыңжаңдағы "Бома" қорғанынан табылған. Қазір Іле Қазақ аймақтық музейінің қорында сақтаулы.
𐰋𐰃𐰕𐰭 ⁚ 𐱅𐰃𐰠𐰢𐰔 ⁚ 𐰋𐰃𐰼
без подписи
без подписи
Ырық бітік кітабының үзіндісі: 𐰋𐰃𐰼:𐱃𐰉𐰞𐰴𐰆: 𐰘𐰇𐰔:𐰉𐰆𐰞𐱃 𐰃:𐰘𐰇𐰔:𐱃𐰉 𐰞𐰴𐰆:𐰢𐰃𐰭: 𐰉𐰆𐰞𐱃𐰃:𐰢𐰃𐰭: 𐱃𐰉𐰞𐰴𐰆:𐱅𐰇 𐰢𐰤:𐰉𐰆𐰞𐱃𐰃: 𐱅𐰃𐰼:𐰨𐰀:𐰋 𐰃𐰠𐰃𐰭𐰃𐰠𐰼: 𐰽𐰍𐰃:𐰉𐰺: 𐰓𐰏𐰇:𐰆𐰞: Bir tablılqu yüz boltı. yüz tabılqu mıñ boltı. mıñ tablılqu tümen boltı tir. ança biliñler: asığı bar, edgü ol Аударма: Бір тобылғы жүз болды, жүз тобылғы мың болды, мың тобылғы түмен болды. Сондықтан біліңдер: пайдасы бар, игі белгі Қайнаркөз: Текін Т. (1993)
без подписи
без подписи
Қарсақпай жазбасы 1391 жылы Әмір Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жасаған жорығынан кейін ойып қалдырылған көне ескерткіш. Бұл тарихи мұра Қазақстанның Ұлытау өңіріндегі Қарсақпай маңынан табылған. Оны алғаш болып әйгілі қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаев 1935 жылы зерттеу экспедициясы барысында анықтаған. Мәтін Шағатай тілінде, Көне Ұйғыр алфавиті мен жазылған Тасқа қашалған жазу: Tariq yettı yuz yıl toqsan üçintä qoy yaznıñ ara ay Turannıñ sultanı Timurbeg üç yuz miñ çerig bile Islam üçün Toqtamışqan bulğar qanıqa yurıdı Bu yerge yetip belgü bolzun tep bu obanı qopardı Teñri nısbat bergey inşalla Teñri ul kişike rahmat qılğay bizni dua bıla yad qılğay Аударма: Жеті жүз тоқсан үшінші қой жылы, ара айында, Тұран сұлтаны Темір-бек үш жүз мың әскермен Ислам үшін Бұлғар ханы Тоқтамысқа жорық жасады. Бұл жерге жетіп, белгі болсын деп, осы обаны тұрғызды. Тәңір нәсіп берсін, иншалла! Тәңір елге рақым етсін, ел бізді дұғамен еске алсын! Қайнаркөз: Пономарёв (1945) Григорьев, Теллицин, Фролова (2010)
Навигация посты📍 Енесай жазбалары: Ұйбат - I Қарлұқ жазбалары: Қарсақпай Көне ұйғыр жазбалары: Ырық бітік - Тобылғы нышаны (••• • •)
Channel created