- Последний пост
- 11 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 131
- 1/48двое суток
- 150
- 1/72трое суток
- 161
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Дәрігерлерді жек көрмейміз. Реніш болмасын, айтпаса, сөздің атасы өледі. Менің қызым — аутизмі бар ерекше балалардың бірі. Биыл 6 жасқа келді. Балаларды ай сайын, жыл сайын медициналық тексеріске таситын ата-ана емеспіз. Енді мектеп жасындағы бала деп міндетті медициналық тексерістен өтіп жатырмыз. Мұндайда көп дәрігердің нақ бірдей ұрандайтын аттаны бар: «Неге осы уақытқа дейін баланы әкелмегенсің?!» Білмедім, мүмкін осылай топастануды оқу орнында үйрететін шығар. Елімізде емханаға баланы қай жасында апарсаң да, тіпті, өзің ем іздеп барсаң да, сені қуана емдейтін дәрігер жоқ. Құдды бір белсене кірісіп, соңына дейін жеткізіп, мәселеңді шешіп беретіндей «неге баланы әкелмей жүрсің?» деп бетіңе бажыраятынына таң қаласың. Бізсіз-ақ емханаға мың қырық кісі барып жүр ғой. Солардың шаруасын реттеп берші, айналайын. Біреудің баласына жаның ашымайды ғой. Бетперденің қажеті жоқ. Біз бармағаннан түн ұйқың бұзылғандай сыңай танытпашы, ақұдай. Өзіңнің балаң тәуір ма, шүкір етсей, шырағым. Онсыз да медициналық тексерісті бес мың теңгемен өтіп жатқандар өріп жүр емес пе?!
Жақсы кітаптарды оқу – бұл өткен заманның ең көрнекті адамдарымен тілдесу. (с) Рене Декарт Әр күніңді бізбен paraqta!🕊️
«Сұлудың жоқ дегені» әні сынға қалды ғой. Пікір де әртүрлі. Бір тарап позитив мағынада қабылдаса, енді бір тарап негатив контекске байлады. Әлеуметтік желі психологиясына тән талас. Мұнда ешкім байқамаған тағы бір үлкен мәселе бар. Мұсылмандық тілде ғана болған соң мән бермейтініміз рас. Мойындау керек, бұл ән жігіт пен қыз ретінде некесіз кездесе беру ұстанымына жақын, мақұлдайтын топқа арналған. Әнді толық тыңдамадым, толық мәтінін де оқымадым. Бірақ некесіз қарым-қатынастың (зина) жақсылыққа апармайтынын айтуымыз керек. Көпшілік мысал ретінде зорлық-зомбылық ісін, мәселесін алға тартады. Бірақ әйелдер-қыздар қауымының бәрі қарсы бола бермейтін, нәпсісіне ауыр тиетін, тіпті, пір тұтатын психолог-коучтары да зиянын түсінбейтін «зинақорлық» деген зорлықтан да зор нәрсе бар. Зинаның зардабы тек мешіттерде айтылады. Басқа ортада сөз етсең, сұмырай боласың.
#көмірсу 📝 «Осыдан үш жыл бұрын ілмиген ап-арық қыз еді, бүгінде қол-аяғы балғадай бойжеткен болды. Көрші-қолаң кемпір-шалдың бәрі: – Па, шіркін, қыз өссе Нәзирадай боп өссін. Бір үйдің ер-азаматын жоқтатпас! – деп тамсанады». 📖 Сайын Мұратбеков. «Жабайы алма» *** 💡 Еңбек пен қиындықтың адамды шыңдауы Қиындықтар мен үлкен жауапкершілік адамды әлсіретпейді. Керісінше, оны мықты, төзімді тұлғаға айналдырады. Дағдарыс кезеңі – кез келген адамның немесе компанияның әлеуетін толық ашатын мүмкіндік уақыты. Өз мойнына жауапкершілік алудан қорықпаған адам ғана нағыз көшбасшы деңгейіне көтеріледі. 📚 @paidabook #пайдалыкітап
#ақуыз 🧩 «Жазушы болу үшін бойыңызда аңғалдық (табиғилық) пен рефлексияны (терең талдау) ұштастыра білу қажет». 📖 Орхан Памук. «Наивный и сентиментальный писатель» *** 🛠️ Бұл ережені бизнесте немесе кез келген шығармашылық жұмыста «Баланс ұстау» әдісі ретінде қолдануға болады. Идея ойлап тапқанда немесе жаңа жоба бастағанда «аңғал» болыңыз: шектеулерді ойламай, еркін, шабытпен, қорқынышсыз әрекет етіңіз. Ал жобаны жүзеге асыру, қателерді тексеру кезеңінде «рефлексив» адамға айналып, әр қадамыңызды сыни тұрғыдан бағалап, жүйелеп, сараптаңыз. 📚 @paidabook #пайдалыкітап
«Жетістік бақыттың кілті емес, керісінше, бақыт — жетістіктің кілті. Ал бақытты болу — жетістікке жетудің ең тиімді әрі жылдам тәсілі». 📚 Марғұлан Сейсембай. «Миссия выполнима 2.0» Адамдар көбіне қандай да бір жетістікке жетсем ғана бақытты боламын деп қателесіп, өмір бойы табыс соңынан қуады. Шын мәнінде, ішкі бақытқа қол жеткізген адам ғана өз ісінде үлкен әрі шынайы жетістіктерге оңай жетеді.
Қызылордада күн жақсы еді. Байқоңырда ысып кетіпті ғой. Масқара!
Тасбөгеттің түбінен (Ертуғанов көшесі) ОМЦ-ға жаяу бардым. 1 жарым сағат жүріппін. 7.6 шақырым екен. Бір бауырым маған қажылыққа баруың керек дейді. 🤭 Жаяу жүріп шаршай қоймассың деп қояды.
Я, Раббым! Футбол фанаттарын менен алыстат! Футбол фанаттарына мені мұқтаж етпе!
Осыған дейін журналистер сайт ашып, білген боғын жазатын. Қазір сайттың керегі жоқ, әлеуметтік желіден парақша аша салады. Олардың бәрін журналис деп ойлау қате болар. Ерінбегеннің бәрі белгілі бір салаға қатысты парақша ашуға құмар. Әсіресе, спорт тақырыбы. Ең қызығы, спорт жаңалықтарын жариялаудың орнына исламофобиялық ұстанымын ашық көрсетеді. Өсек жазатын басқа журиктерді айтпасақ та түсінікті.
Байқоңыр қаласында дүниеге келдім. Қызылорда облысы ғой. Облыста тек Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарына барған екем. Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм – нағашы-бөлемнің ауылы. Әкем Қаратереңнің тумасы болса да, Арал жаққа ешқашан бармағам. Жалағашта ағайын жоқ. Ол жақта да болмағам. Жаңақорғанда Әлібек деген группаласым бар. Оқуды 25 қыздың арасында жүріп оқыған едік. Ол жаққа да бармағам. Қызылорда ауылдарымен қызық қой. Қаншама мықтылар ауылдардан шыққан. Бірақ ауылдарға жол түсе бермейтіні өкінішті. Бұрын ауылдың адамдары қонаққа шақыратын еді. Қазір бұл үрдіс жоқ. Керісінше, ауылдағылар қалаға асығады. Қала нәпсіні семірткенімен, руханиятыңды аш қалдырады.
ЖИ жүйесінің көмегімен дайын болған фото, видео, сайт т.б. боқтан өзгенің бәрі ұнайды екен да-Е-э! Ал мәтін ұнамайды екен да-Е-э! Мұншалықты соншама топас болуға бола ма екен, ә?!
Ісіміз теріс, сөзіміз жөнсіз болса, реніш болмасын. Білесіздер, қазір күн ыстық. Жаяу жүретін мен үшін ыстықтың өзі жүйкеге әсер етеді. Күн сасып, тер сасып жүру де оңай емес. Жұрт секілді демалысқа да шыққан емеспіз. Суға шомылатын маусымда дененің ақысын өтей алмай, қу тізені құшақтап отырмыз. Әйел, бала-шаға да шайлыққа шүкір деп отыр. Таудай табыстың төбесі көрінер емес. Нағыз мүмкіндігі шектеулі мына біз болдық қой, сірә. Жағаға шыққан балықтай күн кешіп отырған жайымыз осы…
Я, Алла! Қияметте футбол фанаттарымен бірге тірілте көрме!
Аргентинаның соңғы 20 минутта гол соғатын әдісі Испанияға келгенде істен шығады.
Аргентинаның маған ұнаған тұсы: бокстағыдай қарсылас шаршаған соң шабуылдай түседі. Аргентинамен ойнаған командалардың қателігі: соңғы 10 минутта белсенді қорғанбай, ұйқыға кету.
Футболды түсіну үшін ойыншылардың аты-жөнін жаттап, өмірбаянын оқып, ережесін зерттеп, фанаты болып, оны көрудің қажеті жоқ. Футболды түсіну үшін оның бірде жеңіс, бірде жеңіліс екенін ұғу жеткілікті. Бүгінгі жеңілістен команданың, ойыншылардың бүгінге дейін жинаған абыройына ешқандай нұқсан келмейді. Бар болғаны ертеңгі ойынға дайындық, қатемен жұмыс қызу жүреді.
Чемпионат бітеді. Ал адамгершілік пен сыйластық қалуы керек. Өз өміріміздің жеңімпазы болуға ұмтылайық!
Бұл чемпионат та өтеді. Белгілі бір команда жеңімпаз болады. Бірақ елі, халқы жеңімпаз болмайды. Пайдасын тек футбол командасы көреді. Аргентинаға, Мессиге қарсы болған бізге де пайда мен зияны тимейді. Аргентинаға жақ болған Мессидің фанаттарына да пайда жоқ. Нағыз жеңімпаздар – осы мұңдиалда миллиардтап табыс табатын корпорациялар, ФИФА, демеуші брендтер мен букмекерлік кеңселер. Біздің босқа кеткен эмоциямыз бен уақытымыз олар үшін үлкен бизнес.
Қадірдің футболы