tgindex
QazTaspa - Жаңалықтар

QazTaspa - Жаңалықтар

Статистика

Ел және әлем жаңалықтары @taspanews - орыс тіліндегі Telegram-арна. Ақпаратыңыз болса, @taspanews_bot жазыңыз. https://kaz.taspanews.kz/ Zakon.kz интернет-басылымының компаниялар тобы

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
20
Всего постов
30
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ (по похожим)
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
2 508
−6 за 4 дн.
Сутки
−4
−0,16%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
124
29 постов
Вовлечённость
4,9%
к подписчикам
Постов в день
2,9
всего 30
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
115
1/48двое суток
131
1/72трое суток
142

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • Астанада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті 13 тамызда Түркістан көшесінде үш жасөспірім автобус жолағымен қарсы бағытта жүріп, аялдамаға кіріп келе жатқан Yutong автобусы мен жол жиегінің арасынан өтпек болған. Екеуі үлгергенімен, үшіншісі автобус астына түсіп, самокаты дөңгелектің астында қалды. Автобустың алдыңғы әйнегі де сынған. Жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер тексергеннен кейін оны амбулаториялық емге жіберді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Фото: halyqstan t.me/qaztaspa

  • Астанада басына капрон шұлық киген ер адам стоматологияны тонап кетті Астанада маска ретінде капрон шұлық киген ер адам стоматологияға ұрлыққа түскен. 34 жастағы күдікті жабық клиниканың кілтін тауып, ішке кіріп, ноутбуктер, гаджеттер мен сейфті алып кеткен. Келтірілген шығын шамамен 2 млн теңге. Ұры бетін жасырғанымен, полиция оның кім екенін бейнебақылау камералары арқылы анықтаған. Ер адам шұлықты кимей тұрып камераға түсіп қалған. Қылмыстан кейін күдікті жүзін жасыру үшін пайдаланған шұлықты қоқыс жәшігіне тастамақ болған кезде де камераға түсіп қалған. t.me/qaztaspa

  • Ұлытауда «рекультивация» желеуімен 1 млрд теңгенің марганецін заңсыз өндіргендер ұсталды Ұлытау облысында карьерді қалпына келтіріп жатырмыз деген сылтаумен марганец кенін заңсыз өндіріп келген топ анықталды. Іс жүзінде аумақта толыққанды кен байыту кешені жұмыс істеген. Күдіктілер 23 мың тоннадан астам өнім өндіріп, оны 1 млрд теңгеден жоғары сомаға өткізген. Заңсыз өндіріс салдарынан табиғатқа да зиян келген. Бүлінген аумақтарды қалпына келтіруге 150 млн теңгеден астам қаражат қажет. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. t.me/qaztaspa

  • 🚫 Қазақстанда «Дайвинчик» танысу сервисіне тыйым салынды Алматының Алатау аудандық соты Telegram-дағы «Дайвинчик» сервисінің жұмысын заңсыз деп танып, Қазақстанда қызмет көрсетуіне тыйым салды. Сот мәліметінше, платформада қолданушылардың жасы тексерілмеген. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің сауалнамалары еркін жарияланған. Прокуратура сервис арқылы кәмелетке толмаған қызбен танысуға қатысты қылмыстық істің болғанын да атап өтті. t.me/qaztaspa

  • Нұрай Серікбайды өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты Шерхан Аймаханға үкім шықты. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол некеге тұруға мәжбүрлеу, сталкинг және аса қатыгездікпен адам өлтіру баптары бойынша кінәлі деп танылды. t.me/qaztaspa

  • Ақтөбелік әйел TikTok-та тікелей эфирде балағат сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамалды Полиция 26 жастағы тұрғынды TikTok эфирінде балағат сөз айтып, әдепсіз ым-ишара көрсеткені үшін анықтаған. Сот оның әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық деп танып, 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Полиция әлеуметтік желідегі әрекеттер заң алдындағы жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті. t.me/qaztaspa

  • 15 млн қазақстандықтың дерегін сатпақ болған адам іздестіріліп жатыр Қазақстанда 15 млн азаматтың дербес мәліметтері сатылымға қойылғаны туралы ақпарат тараған. Осыған байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастады. Қазір құқық қорғау органдары хабарландыруды жариялаған адамның кім екенін, деректердің шығу тегін және іске басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. ІІМ мәліметінше, eGov жүйесіне заңсыз кіру фактісі әзірге анықталмаған. Министрлік бұған дейін даркнетте тараған файлдардың eGov жүйесінен алынбағанын мәлімдеген. t.me/qaztaspa

  • Министрлік Telegram мессенджерінің істен шығуына байланысты түсініктеме берді Қазақстанда Telegram мессенджеріне кіру қиындаған. Цифрлық даму министрлігі техникалық мамандар мәселенің себебін анықтап жатқанын хабарлады. «Қазақтелеком» да Telegram қолжетімділігінің төмендегенін растады. Компанияның мәліметінше, Франкфурт пен Мәскеудегі халықаралық пиринг нүктелерінде мессенджерге бағытталған трафик күрт азайған. Бұл ретте «Қазақтелеком» желілерінде ешқандай апат немесе техникалық ақау анықталмаған. Компания мәселенің себебін анықтау үшін Telegram-ның техникалық тобына сұрау жолдаған. t.me/qaztaspa

  • Павлодарда әйел жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған Павлодарда 24 жастағы әйел жаңа туған сәбиін интернет арқылы ақшаға беруге әрекет жасаған. Түркістан облысының тұрғыны қаржылық қиындыққа байланысты «ВКонтакте» желісіндегі бала асырап алуға ниетті адамдар жиналған қауымдастыққа хабарландыру жариялаған. Ол қызын 800 мың теңгеге беруге келіскен. Әйелдің әрекеті прокуратура жүргізген жасырын тергеу шаралары кезінде әшкереленді. Оқиға 31 наурызда Павлодардағы пәтерлердің бірінде болған. Сот әйелді кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды. t.me/qaztaspa

  • Алматыда жүргізуші өзіне жол бермеген ер адамды ұрып, есінен тандырған Оқиға Сейфуллин даңғылындағы Forum сауда орталығының маңында болған. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, көлік ағынына қосылмақ болған. Алайда басты жолмен келе жатқан басқа жүргізуші оған жол бермеген. Кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісі қарсыласын қуып жетіп, көліктен түскен ер адамды ұрып жіберген. Жәбірленуші алған соққыдан асфальтқа құлап, есінен танып, тырыса бастаған. Ол тек жедел жәрдем көлігінде ғана есін жиды. Алматы ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында. t.me/qaztaspa

  • Анасын пышақтады деген күдікке ілінген қазақстандық ер адам Вьетнамнан экстрадицияланды Тергеу мәліметінше, өткен жылдың қараша айында ер адам үйінде мас күйде болған. Анасы екеуі жанжалдасып қалғаннан кейін, ол әйелге бірнеше рет пышақ сұғып, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Оқиғадан кейін күдікті ізін суытып, халықаралық іздеуге жарияланған. Маусым айында оны Вьетнамның Дананг қаласында ұстап, қамауға алған. Қазір ер адам Қазақстанға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. t.me/qaztaspa

  • Алматылықтар, жер сілкінісін сездіңіздер ме?

  • Алматылықтар, жер сілкінісін сездіңіздер ме?

  • БҚО-да 37 жолаушы мінген автобус жол бойында өртеніп кетті Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда жол жиегінде отқа оранған автобустан қолдарына сөмкелерін ұстаған жолаушылардың қорқып сыртқа шығып жатқанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, автобус Оралдан Қаратөбеге жолаушылар тасымалдаған. Өрт кезінде автобустың ішінде 37 адам болған. Қуанышқа орай, олардың барлығы көлік толықтай отқа оранғанға дейін сыртқа шығып үлгерген. Оқиға орнына келген 8 өрт сөндіруші екі арнайы техникамен өртті жедел сөндірді. t.me/qaztaspa

  • Нұрай Серікбай ісі: прокурор айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта жарыссөз басталды. Прокурор Шерхан Аймаханды жазаны жеңілдететін жағдайлар жоқ деп санап, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Нұрайдың Аймаханға өкпесі жоқ екенін айтқан видеосын сотта ескермеуді өтінді. Сараптама бойынша, қыздың видеодағы сөзі алдын ала жатталған. Нұрай 11 қаңтарда Шымкентте қаза тапқан. Тергеу нұсқасы бойынша, оған бірнеше рет пышақ жарақаты салынған. t.me/qaztaspa

  • Шығыс Қазақстанда «күйеу жігіттің достары» жол ережесін бұзған Өскеменде үйлену тойына бара жатқан көлік керуені жолда ерекше «шоу» ұйымдастырған. Алайда мерекелік көңіл-күй тәртіп бұзуға себеп болмады. Полиция жүргізген тексеріс нәтижесінде 6 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Оның бесеуі жолаушыларды тасымалдау ережесін сақтамағаны үшін жауапқа тартылса, тағы бір жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған. Полиция жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды. Видео: Polisia.kz t.me/qaztaspa

  • Енді мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды Тамыз айынан бастап азаматтарға берілетін бірқатар мерекелік төлемді рәсімдеу жеңілдейді. Бұған дейін төлем алу үшін мемлекеттік органға барып, қажетті құжаттарды жинап, олардың тексерілуін күту керек болатын. Енді бұл процесс цифрландырылады. Азаматқа бір ғана өтініш беру жеткілікті. Қалған қажетті ақпаратты жүйе мемлекеттік ақпараттық базалардан автоматты түрде алады. Содан кейін тиісті шешім қабылданып, төлем рәсімделеді. Жаңа цифрлық платформа арқылы жергілікті атқарушы органдар ұсынатын 13 әлеуметтік қолдау шарасы онлайн форматта қолжетімді болады. t.me/qaztaspa

  • Астанада автобуста ер адам кәмпитке қақалып қалған баланы құтқарды Бала арбада отырған кезде кенеттен кәмпитке қақалып, дем ала алмай қалған. Сол сәтте жолаушылардың бірі дереу көмекке ұмтылып, баланы қолына алып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Көп ұзамай бала қайтадан тыныс ала бастаған. Кейін баланы құтқарған азаматтың Астана қаласы ПД қызметкері Әлішер Жарқымбеков екені анықталды. Ол сол кезде қызметте болмаған, алайда алғашқы көмек көрсету дағдылары қиын сәтте кәдеге жарады. t.me/qaztaspa

  • Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды Ақмола облысында Астана – Петропавл бағытындағы тасжолда ауыр жол апаты болды. Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше түнде автожолдың 97-шақырымында болған. Mercedes-Benz Sprinter мен ГАЗ-53 көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан Sprinter көлігінің бір жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы жеті жолаушы мен ГАЗ-53 көлігіндегі бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазір жол апатына қатысты тиісті тексеру жүргізіліп жатыр. t.me/qaztaspa