РСК области Абай
СтатистикаОфициальный канал Региональной службы коммуникаций в области Абай
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 50
- Всего постов
- 50
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 17
- 1/48двое суток
- 19
- 1/72трое суток
- 21
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🖼️ «Бейбітшілік сәбилер көзімен» көрмесі ашылды Бүгін Семей қаласының өлкетану музейінде «Бейбітшілік сәбилер көзімен» балалар суреттері көрмесі ашылды. Көрме Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналды. Шараны «Полигон 21» комитеті ұйымдастырды. Көрмеге балалардың бейбітшілік, қауіпсіздік және жарқын болашақ туралы жұмыстары қойылды. Жас суретшілер өз туындыларында бейбіт өмірді, мейірімділік пен қуанышты сәттерді бейнелеген. Осылайша олар болашақты қалай елестететінін сурет арқылы жеткізді. – Біз өткенді еске алып қана қоймай, оның тағылымын кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Балалар бейбіт өмірдің қадірін біліп өсуі маңызды. Бұл – бәрімізге ортақ міндет, – деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлнұр Ыдырышева. «Полигон 21» комитетінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты, қоғам қайраткері Марат Құрманбай көрменің мәніне тоқталды. – Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына биыл 35 жыл толып отыр. Балалардың суреттерінен олардың әлемді қандай көргісі келетінін аңғаруға болады. Олар бейбітшілікті, мейірімділікті және бақытты өмірді қалайды. Бұл көрменің де негізгі ойы – осы, – деді Марат Құрманбай. Оның айтуынша, жас ұрпақ Семей полигонының қасіретті тарихын білуі керек. Өткенді ұмытпау бейбіт өмірдің қадірін терең түсінуге үйретеді. Көрме соңында ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға, жас суретшілерге, ата-аналарға, ұстаздары мен жетекшілерге алғыс айтылды. https://t.me/rsk_abay
без подписи
Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы туралы есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикадағы жағдай, іскерлік белсенділік, инфляцияға әсер ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. Жылдық инфляция он ай қатарынан төмендеп, шілдеде 10,2 пайызды құрады. Бұған жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, теңге бағамының нығаюы, тұтыну белсенділігінің тұрақталуы, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияға қарсы бірлесе қабылдаған жан-жақты шаралары ықпал етіп отыр. Ұлттық банк төрағасы Президентке экономиканы несиелеу динамикасы туралы мәлімдеді. 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша банктердің бизнеске берген кредиттерінің несие портфелі жылдық мәнде 17,1 пайызға ұлғайған. Бұл ретте шағын және орта бизнесті кредиттеу қарқыны 29,6 пайызға дейін жеделдеген. Ал тұтынушылық кредиттің өсуі жыл басындағы 21,0 пайыздан 13,0 пайызға дейін баяулаған. Бұл қабылданған пруденциялық шаралардың тиімділігін және тұтынушыларды кредиттеу қарқыны қалыпқа келгенін көрсетеді. Осылайша, кредит ресурстары бизнесті қаржыландыруға көбірек бағыттала бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев валюта нарығындағы жағдайдан, Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің, сондай-ақ елдің алтын-валюта резервтерінің жай-күйінен хабардар болды. Биыл 1 шілдедегі көрсеткіш бойынша Ұлттық қор мен алтын-валюта резервтерінің жиынтық көлемі 127,3 миллиард долларды құрады. Alatau City қаржы экожүйесін дамыту мақсатында Ұлттық банк капиталдың жылдам әрі икемді қозғалысын қамтамасыз етуді және қаланың дамуына инвестиция тартуды көздейтін шаралар әзірледі. Ұлттық қордың инвестициялық кірісі бірінші жартыжылдықта 2,3 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері жыл басынан бері 1,7 триллион теңгеге ұлғайып, 27,8 триллион теңгені құрады. Мемлекет басшысына цифрлық қаржы активтері индустриясы мен Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Трансшекаралық төлем жасау үшін стейблкоинді қолдану, инфрақұрылымды дамыту мен токенделген мемлекеттік активтерді шығару жаңа бағыттар ретінде аталды. Сондай-ақ төлем нарығының жаңа сегменті – лицензияланатын бірінші санаттағы төлем ұйымдары қолданысқа енгізілді. Бұл бәсекелестікті ынталандыруға мүмкіндік беріп, клиенттердің шығындарын азайтады және халық пен бизнес үшін инновациялық цифрлық сервистердің қолжетімділігін кеңейтеді. 19 шілдеден бастап Ұлттық төлем жүйесі аясында кез келген банктің клиенттеріне өзара QR арқылы төлем жасауға және телефон нөмірі бойынша ақша аударуға мүмкіндік беретін тетік іске қосылды. Жүйе жұмыс істей бастаған сәттен бері жалпы сомасы 170 миллиард теңге болатын 6,5 миллион операция өңделді. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инфляцияны орта мерзімде 5 пайызға дейін төмендету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Кездесу соңында Президент Ұлттық банк қызметі бойынша бірқатар міндет жүктеп, инфляцияны одан әрі тұрақтандырудың маңызына назар аударды.
без подписи
Қазақстанда еңбек нарығы тұрақты дамып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңейіп келеді Елімізде халықтың экономикалық белсенділігі артып келеді. Қазіргі таңда елдегі жұмыс күшінің саны 9 млн 838,1 мың адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 103 мыңнан астам адамға көп. Ал жұмыспен қамтылғандардың саны 9 млн 392 мың адамды құрады. Бұл еңбек нарығында жаңа жұмыс орындары ашылып, азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Еңбек нарығындағы тұрақтылықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі – ресми түрде жұмыс істейтін азаматтар санының өсуі. Бір жыл ішінде жалдамалы жұмыскерлердің саны шамамен 150 мың адамға артып, 7 млн 290,4 мың адамға жетті. Сонымен қатар өз бетінше жұмыс істейтін және тұрақсыз жұмыспен қамтылған азаматтардың саны азайып келеді. Бұл азаматтардың еңбек шарты жасалып, әлеуметтік кепілдіктері толық қарастырылған ресми жұмысқа біртіндеп ауысып жатқанын көрсетеді. Жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар да өз нәтижесін беріп отыр. 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекет пен жұмыс берушілердің қолдауымен 388 512 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 298 904 адам тұрақты жұмысқа тұрды. Бұл көрсеткіштер мемлекет үшін уақытша жұмыспен қамтудан гөрі, азаматтардың тұрақты әрі сапалы жұмысқа орналасуына жағдай жасау маңызды екенін көрсетеді. Тұрақты жұмыс адамның табысын қамтамасыз етіп қана қоймай, оның әлеуметтік кепілдіктерге ие болуына мүмкіндік береді. Азаматтарды жұмыспен қамтуда Электрондық еңбек биржасының, кәсіби оқыту бағдарламаларының, субсидияланатын жұмыс орындарының және жұмыс берушілермен жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызы зор. Бұл тетіктер жұмыс іздеп жүрген азаматтар мен маман қажет ететін жұмыс берушілерді жылдам байланыстыруға мүмкіндік береді. Электрондық еңбек биржасы арқылы азаматтар бос жұмыс орындарын қарап, өзіне сәйкес жұмысты таңдай алады. Ал кәсіби оқыту бағдарламалары жаңа мамандық меңгеруге немесе біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқып, жұмысқа орналасқысы келетін азаматтар үшін маңызды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы уақытта да еңбек нарығының тұрақтылығын сақтау, жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін дамыту, азаматтардың біліктілігін арттыру және еңбек өнімділігін көтеруге қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Жұмыссыздық деңгейінің төмен болуы және ресми жұмыспен қамтылғандар санының өсуі Қазақстандағы еңбек нарығының біртіндеп нығайып келе жатқанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде халық табысының өсуіне және ел экономикасының тұрақты дамуына мүмкіндік береді.
без подписи
Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық экономиканы және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» (Data Center Valley) жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Қуаты 50 МВт болатын «ДӨО алқабының» бірінші нысанының құрылысы қарқынды жүруде, энергия орталықтары мен AI-фабрикалардың ғимараттарына арналған қазаншұңқырларды әзірлеу бойынша жұмыстар 90%-ға аяқталды, энергия орталықтарының іргетасы қалана бастады, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар салынуда. 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін дата-орталық пен энергоблоктардың, әкімшілік-тұрмыстық кешеннің, бақылау-өткізу пункттерінің, сыртқы инженерлік желілердің бір бөлігінің негізгі корпустары тұрғызылатын болады. Іске қосу-жөндеу жұмыстары 2027 жылдың мамыр айында аяқталады. Бірінші нысанды пайдалануға беру 2027 жылғы маусымға жоспарланған. Сонымен қатар алаңның инженерлік инфрақұрылымы да дамуда. Жобаны энергиямен жабдықтау үшін қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынды, сумен жабдықтау желілерінің жобасы әзірленді және телекоммуникациялық инфрақұрылымның жобасы жасалуда. Құрылыс алаңында жұмыс барысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Data Center Valley-дің ұзақмерзімді энергетикалық әлеуеті жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейін кезең-кезеңімен кеңейе бермек. Бұл жоба – деректер орталықтарын, AI-фабрикаларды, GPU-кластерлерді және халықаралық гиперскейлерлердің бұлтты платформаларын орналастырып, оларды одан әрі кеңінен таратуға арналған алаң. Оны жүзеге асыру Қазақстанда цифрлық экономиканың экспортқа бағдарланған жаңа секторын құрып, жасанды интеллект саласындағы отандық шешімдерді әзірлеу үшін IТ-инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. «Data Center Valley Қазақстанның жаңа экспорттық әлеуетін қалыптастырады. Есептеу қуатын ел ішінде орналастыра отырып, біз отандық AI-шешімдерді дамытуға, жаһандық компанияларды тартуға және Қазақстанның халықаралық цифрлық қызметтер нарығына шығуына жағдай жасаймыз», — деп атап өтті Жаслан Мәдиев. Firebird AI және NVIDIA халықаралық технологиялық серіктестерімен бірге Data Center Valley базасында жасанды интеллект, бұлтты технологиялар және жаңа буынның цифрлық қызметтерін дамыту үшін заманауи экожүйе құрылуда. Сонымен қатар қосымша IT-қуаттарды құру бойынша бірқатар шетелдік компаниямен ынтымақтастық пысықталуда. Келіссөздер сонымен қатар жаңа инвесторлар мен негізгі клиенттерді тартуды, өнімділігі жоғары есептеу кластерлерін орналастыруды және бұлтты қызметтерді дамытуды қамтиды. «Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – бірінші нысанның құрылысын 2027 жылдың маусым айында аяқтау. Сонымен қатар клиенттер тарапынан расталған сұранысты ескере отырып, кампус қуатын дәйекті түрде арттыруға мүмкіндік беретін инженерлік негіз құрып жатырмыз», — деп атап өтті Бағдат Мусин.
без подписи
Коммуналдық секторды жаңғырту: өңірлерге нақты міндеттер қойылды ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Қарағандыда «Энергетикалық мен коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық офисінің көшпелі отырысын өткізді. Өңірлердегі жобалардың орындалу қарқыны, конкурстық процедуралардың барысы мен қаржыландыру, сондай-ақ коммуналдық саланы цифрландыру мен есептеу құрылғыларын орнату мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. 2026 жылы еліміздің тұрғын үй-коммуналдық саласына 1,3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды, оның 791 млрд теңгесі ЭКСЖ Ұлттық жобасы аясында бөлінді. Қазіргі уақытта 328 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 457 млрд теңге болатын тағы 257 жоба бойынша конкурс жүріп жатыр. Ал 228 нысан бойынша мердігер мекемелер анықталып қойған. Жалпы оң қарқынға қарамастан, өңірлердегі жобаларды дайындау мен бастау жылдамдығы әртүрлі болып тұр. Мониторинг дерегіне сүйенсек, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында конкурс өткізу және келісімшарт жасасу жұмыстары әлі де баяу жүріп жатыр. Қанат Бозымбаев жөндеу маусымының мерзімі шектеулі екенін ескеріп, өңірлерден жұмысты жеделдетуді талап етті. Жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын тездетіп өткізуді қоса алғанда, Үкімет деңгейіндегі қажетті шешімдердің барлығы қабылданды. Әкімдердің саланы бақылайтын орынбасарларына Ұлттық жобаның орындалуын жеке бақылауға алу, ал түйткілді мәселелер туындағанда оларды Жобалық кеңсеге және Үкімет Аппаратына дереу жеткізіп отыру тапсырылды. «Жөндеу маусымы өте қысқа. Жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын тездетуді қоса алғанда, Үкімет деңгейіндегі қажетті шешімдердің бәрі қабылданды. Ендігі кезең әкімдіктерге байланысты. Әкімдердің осы саланы бақылайтын орынбасарлары Ұлттық жобаның орындалуын жеке бақылап отыру керек», — деді Қанат Бозымбаев. 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өңірлер дайын құжаттамасы бар жобалар бойынша жөндеу жұмыстарын бастап, ЭКСЖ Электронды платформасы арқылы 2027 жылға өтінім беріп үлгеруге тиіс. Сонымен бірге қалған нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді және сараптамадан өткізуді тездету тапсырылды. Ал «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ биылғы барлық жобаның қаржыландырылуын қамтамасыз етуі керек. Отырыста Ұлттық жобаның Қарағанды облысында іске асырылуы бөлек қаралды. Өңір пилоттық жобалар кезеңінде-ақ ЭКСЖ тетіктеріне белсенді араласқандардың қатарында атап өтілді. Биылдың өзінде мұнда 85 млрд теңгеден астам сомаға жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
без подписи
без подписи
без подписи
https://t.me/rsk_abay
🏆 День спорта в области Абай: более 3 тысяч жителей примут участие в праздничных мероприятиях В области Абай ко Дню спорта подготовили более 50 праздничных и спортивных мероприятий. В них планируют задействовать свыше 3 тысяч жителей городов и районов региона. Основное празднование в Семее состоится 16 августа. 🏅 Торжественное мероприятие, посвященное Дню спорта, прошло в Астане. В его рамках ведомственными наградами Министерства туризма и спорта РК отметили четырех ветеранов спорта области Абай, внесших значительный вклад в развитие спортивной отрасли региона. Как отметил заместитель руководителя управления физической культуры и спорта области Абай Мерей Кайрат, День спорта — это не только повод отметить достижения спортсменов, но и возможность привлечь жителей к занятиям физической культурой. – День спорта – это важный праздник, в рамках которого чествуется труд спортсменов, тренеров, ветеранов и специалистов спортивной отрасли. Ежегодно в рамках этого праздника награждаются граждане, внесшие значительный вклад в развитие спорта, а также проводятся различные мероприятия, направленные на популяризацию массового спорта, – отметил Мерей Кайрат. 🏃♂️ Праздничная программа охватит все города и районы области. Жители смогут принять участие в соревнованиях по футболу, волейболу и баскетболу, а также қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ и традиционной стрельбе из лука. Кроме того, состоятся массовые соревнования по легкой атлетике, настольному теннису, велоспорту, плаванию, шашкам и шахматам, а также спортивные эстафеты. 📍 Основное праздничное мероприятие в Семее пройдет 16 августа в 10:00. Площадки организуют на площади у железнодорожного вокзала возле памятника Кабанбай батыру, на площади Мухтара Ауэзова, возле фонтана в микрорайоне Карагайлы и на острове Бейбітшілік. Отдельное внимание уделят знакомству жителей с деятельностью спортивных школ и секций. В программе — показательные выступления спортсменов и воспитанников спортивных школ, дни открытых дверей, консультации тренеров и информационные мероприятия для родителей. 🥇С 12 по 16 августа в Семее проходят турниры по пляжному волейболу, шахматам, шашкам, велоспорту и настольному теннису, а также открытый турнир по боксу среди юношеских команд. В них участвуют спортсмены из Семея, районов области Абай и других регионов Казахстана. Как отметил руководитель отдела физической культуры и спорта города Семей Куат Исажанов, 16 августа в Alikhan Bokeikhan University состоится торжественное чествование спортсменов и ветеранов спорта с участием акима города. Лучшим спортсменам и ветеранам вручат почетные грамоты, благодарственные письма и памятные подарки. Также для участников подготовят праздничный дастархан и концертную программу. – Участников и гостей ждут спортивные соревнования, викторины, интеллектуальные игры, розыгрыши призов, массовые физкультурные занятия, развлекательные программы для детей и акции, направленные на популяризацию здорового образа жизни, – заключил Мерей Кайрат. РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ ОБЛАСТИ АБАЙ
без подписи
🏆 Абай облысында Спорт күніне орай 3 мыңнан астам тұрғын мерекелік іс-шараларға қатысады Абай облысында Спорт күніне орай 50-ден астам мерекелік және спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Оларға өңірдің қалалары мен аудандарынан 3 мыңнан астам тұрғын қатысады деп жоспарлануда. Негізгі мерекелік шаралар Семей қаласында 16 тамызда өтеді. 🏅 Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара Астана қаласында өтті. Оның аясында Абай облысының спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан төрт спорт ардагері ҚР Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды. Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мерей Қайраттың айтуынша, Спорт күні – спортшылардың жетістіктерін атап өтумен қатар, тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға тартуға мүмкіндік беретін маңызды мереке. – Спорт күні – спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт ардагерлері мен сала мамандарының еңбегін дәріптейтін маңызды мереке. Жыл сайын осы мереке аясында спортты дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталып, бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі, – деді Мерей Қайрат. 🏃♂️ Мерекелік бағдарлама облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтиды. Тұрғындар футбол, волейбол және баскетболдан, сондай-ақ қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан жарыстарға қатыса алады. Сонымен қатар жеңіл атлетика, үстел теннисі, велоспорт, жүзу, дойбы және шахматтан бұқаралық жарыстар, сондай-ақ спорттық эстафеталар ұйымдастырылады. 📍 Семей қаласындағы негізгі мерекелік іс-шара 16 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді. Спорттық алаңдар теміржол вокзалы алдындағы Қабанбай батыр ескерткіші маңында, Мұхтар Әуезов алаңында, Қарағайлы шағын ауданындағы субұрқақ жанында және Бейбітшілік аралында ұйымдастырылады. Тұрғындарды спорт мектептері мен секцияларының қызметімен таныстыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Бағдарламада спортшылар мен спорт мектептері тәрбиеленушілерінің көрсетілімдік өнер көрсетуі, ашық есік күндері, жаттықтырушылардың консультациялары және ата-аналарға арналған ақпараттық іс-шаралар қарастырылған. 🥇 12-16 тамыз аралығында Семейде жағажай волейболы, шахмат, дойбы, велоспорт және үстел теннисінен турнирлер, сондай-ақ жасөспірімдер командалары арасында бокстан ашық турнир өтуде. Жарыстарға Семей қаласының, Абай облысы аудандарының және Қазақстанның басқа да өңірлерінің спортшылары қатысуда. Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Исажановтың айтуынша, 16 тамызда Alikhan Bokeikhan University-де қала әкімінің қатысуымен спортшылар мен спорт ардагерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді. Үздік спортшылар мен ардагерлерге Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар қатысушылар үшін мерекелік дастархан мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. – Қатысушылар мен қонақтарды спорттық жарыстар, викториналар, зияткерлік ойындар, жүлделер ұтысы, бұқаралық дене шынықтыру жаттығулары, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акциялар күтеді, – деп қорытындылады Мерей Қайрат. АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
без подписи
🔵БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯ 📌: Абай облысындағы спорт күніне арналған іс-шаралар туралы 👤: Қайрат Мерей Қайратұлы — Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исажанов Қуат Қайырбекұлы — Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы 📆 14.08.2026 ж. 🕙: 11:00 Тікелей эфир: 🌐rsk_abai https://instagram.com/rsk_abai?igshid=YmMyMTA2M2Y= ___________________________________ 🔵ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ ДЛЯ СМИ 📌: О мероприятиях, посвященных Дню спорта в области Абай 👤: Кайрат Мерей Кайратович — Заместитель руководителя управления физической культуры и спорта области Абай Исажанов Куат Кайырбекович - руководитель отдела физической культуры и спорта города Семей 📆: 14.08.2026 г. 🕙: 11:00 Трансляция прямого эфира: 🌐rsk_abai https://instagram.com/rsk_abai?igshid=YmMyMTA2M2Y=
без подписи
без подписи