- Последний пост
- 2 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 432
- 1/48двое суток
- 495
- 1/72трое суток
- 533
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Құрметімді келістіретін кісілер көп екен! Шүкір)
Қызымды Сандыбай Піржан Ерланұлының оқуларына дайындап жатырмын)) Бас жүлдені ешкімге бермеу үшін қазірден-ақ күн сайын бір сағатымызды Сандыбай Піржан шығармашылығына арнап жүрміз…!
Жалаңаш тал 2 Сол бір кеш! Жаңбырлы еді, жаңбырлы еді, Тұла бойды тоңдырған әрбір лебі. Қоштасам деп жаныңа барғандығым, Таңдау ма еді, білмеймін тағдыр ма еді? Ол кезде жалаңаш тал киімде еді, Жасыл желек жайқалған күйінде еді. Соққан желмен ырғалған қимылына Қарап тұрып жанымның сүйінгені. Бекер дедім, барлығы бекер дедім, Осы болды-ау ақырғы жетер жерім. Ышқына кеп құшаққа қысып тұрып, Кетем дедім, амалсыз кетем дедім. Ал ол маған бәрі бір үн қатпады, Ашылмады жанының жұмбақтары. Шарасыз көз жасымның кетті сонда, Жерге түспей жүзімде құрғап бәрі. Көп жұмбақтан болғаны мезі жүрек, Әр тынысым тым ыстық сезіліп от. Үнсіз ағаш міз бақпай тұра берді, Кеудесінде жаны бар, сезімі жоқ! Айғай салдым содан соң ызаланып, Кеткім келіп барлығын бұзып жарып. Неге мені ұқпайсың деп өксідім, Көз жассыма, ол тұрды жүзі аларып. Мен жыладым менімен жылады аспан, Найзағайлап ызама ыза қосқан. Жұдырықтап кеудемнің сол бұрыныш, Нәлет айттым тағдырға біз адасқан. Сенде жүрек жоқ дедім! Бітіп, тынып, Өз кеудемді саусақпен нұқып тұрып. Айғай салғам осылай ашынғаннан, Бір ауыз сөз айтар деп күтіп тұрып. Сол бір кеш! Жаңбырлы еді, жаңбырлы еді, Тұла бойды тоңдырған әрбір лебі. Қоштасам деп жаныңа барғандығым, Таңдау ма еді, білмеймін тағдыр ма еді? Тек жылады ол, жылды түк демеді, Жаңбұр мұлы көрсетіп тіптен оны. Қимастық пен қиналыс қоса кернеп, Жүрегіме түспейтін жүк боп еді. Жауапсыздық жанымды сыздай қарып, Тағы да үнсіз, баяғы мұздай қалып. Қимай тұрып ант еттім қоштасарда, Мен қайта оралам деп күзге айналып!
Өзіңді бақытты сезінген сәтте абайла! Сақ бол! Артық сөз айтпа, артық іс істеме! Баяу қимылда! Сәттеріңді үркітіп аласың…
Кешірім өтінемін. Соңғы кездері ештеңе жаза алмай жүрмін. Ойларым ретсіз, істерім мәнсіз, көңілім тұрақсыз. Басым жарылып кететін сияқты. Сол баяғы мұңға қайта еніп бара жатқан сияқтымын.
Жаным. Сенің әлі ашпаған сырың алып, Жүрсің бәрін кеудеңе бұғып алып. Тып-тыныш өмір сүріп кете бардың, Жүрегімді кеттің де жұлып алып. Қалдым үнсіз жанарым жасқа шомып, Сеніммім мен сезімім босқа солып. Таңдауымнан жерідім жаным сорлы, Маңдайымды тауға да, тасқа соғып. Не істей алам, айтшы енді, не етем айнам? Өкінішім өзекті етеді ойран. Өзімді өзім қоярға жер таппадым, Жарылып кете жаздап шекем ойдан. Арым тоқтау болғанда арманыма, Сезімімде қалмады мән мағына. Сонда менің сорыма берген жүрек, Сені көрген әр сәтте алдады ма? Алдаған жоқ, жүрегім білем мені, Болды әншейін әлемнің құр ермегі. Ол сүймесе осы бір күнге дейін, Аласұрып, қан жылап жүрер ме еді? Алдамады, онда да амал бар ма? Айналам деп ақыры адал жанға. Ей адамзат мәселе жүректе емес, Жүрексіз адамдарда! Махаббаттан мән іздеп құлағандар, Кеудені ұрып құр босқа жыламаңдар! Адамдарды жүрегі алдамайды, Жүректерді алдайды бұл адамдар.
… Барлығы өзгелерге, барлық ісім, Кеудемде бір толмайтын бар қуысым. Өзім үшін ештеңе қалғаны жоқ, Өмір сүрдім өзгенің тағдыры үшін. Ал арымда амалсыз арбасу көп, Күле қалсам сен ойлап қалма шын деп. Қуануға тырыстым көре қалса, Әке-шешем қиналып қалмасын деп. Көрінседе тым қызық, тәтті өмірім, Шықпай жүр ғой әйтеуір әттең үнім. Ашулансам, ызамда жұта салам, Жығып алып жүрер деп жат көңілін. Құштарлықтан құмартып болсам әлек, Оған ерер жаныма әл шама жоқ. Арын құйып бергенде алақанға, Артқа қайтып кеткенмін қаншама рет. Жығылып мына жұрттың қолайына-ақ, Сынашы деп Тәңірге о жайырақ. Өмір сүру қиындап кетті-ау сонша, Өле қалу көрінді оңайырақ. Сен де жаным бекерге жолықтың-ау, Жаным онсыз мұңдарға толып тұр-ау. Әлде қашан жүрегім өліп қалған, Тек сен үшін амалсыз соғып тұр-ау. Білмеймін.
… Қайырлы түн. Көз ілдің бе? Алтыным, Сезіндің бе мынау түннің салқынын. Өзің жақтан бір қауым жұрт келгелі, Болған екен жарты күн. Сол жарты күн, шығара алмай санамнан, Ойға батып жүрмін әлі сан алуан. Сен бе екен деп елеңдедім қайтейін, Аспанымнан ай көрінсе ағарған. Бар кезіңде байқамағам о қалай? Неге жүргем үнсіз, түнсіз жоламай. Жаның жалғыз жабырқаған жоқ па де, Иә дейін, обал ай… Мен ойладым, сен де ойлауға тиіссің, Жұлдыздардай ойың самсап ұйыссын. Мені ойласаң көкке қарап қойшы бір, Тым болмаса жанарымыз түйіссін. Өкінішім өртеніспен өтелмек, Сағынышым басқасынан бетер боп. Алматыдан шыққан күнге жармасып, Саған қарай кетіп қалсам бекен деп. Ойландым)
Мен сұрандым! Ар таза тұрса ғой деп, Жан дегенде басымда мың сан ой көп! Мен намысты өлтірмей тұрған кезде, Намыс мені өлтіріп тынса ғой деп!
Басқа ертегі таппай молда, Айдалдырып одаға. Хор қыздары көп дейді онда, Болса сенен садаға! Көрсем бірін көзім іссін, Бассын онда елес түн! Хор қыздарын өзі құшсын, Мен зинақор емеспін! Қуаныш Жазай. Сайтанның өлеңі! Мен түс көрем, сосын шошып оянам, Хәлмен мынау қыз тағдырын аяған. Қара шапан киген молда жас қыздың, Орамалын қан қызылға бояған. Ақ мешіттің айқара ашып есігін, Тербеп жұрттың иман жатқан бесігін. Күнәсіне құн төлеген сорлыға, Тор артынан сұрап отыр кешірім. Қулық-сұмдық жасырып ап не түрлі, Біледі ғой жұртты ақымақ етуді. Жоқшылықтан қашқан сорлы кедейге, Құр бос үміт сатып отқан секілді. Әперем деп күлімдесең күн айды, Уағыз айтып молда көкем тұр әйгі. Ұжымақтан үміт күткен сорлы қыз, Бір тозақтың құшағына құлайды. Төрт әйелдің төрін былғап әз алмас, Қанға бөкпей қайтсін енді қазанбас. Ар көйлегі ақ шүберек емес ол, Бес уақыт дәрет алып тазармас. Соның бәрін көріп тұрып мың өлем, Мен күнәһәр соны сынап мінеген, Екі қолын жайып тастап Құдайдан, Қатарынан 3-4 қатын тілеген. Сорлылар! Сандыбай Піржан
Күмән күндеп, жәбірлеп мені уайым, Не түсініп, өмірден нені ұғайын. Бәрі қарсы шықса да сүйем деуге, Тұрмыс қарсы болып тұр не қылайын…
Адамды ішу мен шегу емес, ішкізіп, шеккізетін мәселелер өлтіреді.
Қайырлы күн! Ақын Данияр Сәбит бауырымыздың үйін тілсіз жау жалмап кетіп, қазіргі таңда баспанасыз қалып отыр. Кез келген көмекке қарсы емес. Бауырымызға барынша, қолдан келгенше қол ұшын беріп жіберейік Каспий/xалық: +77761172675 Нескипуль. А
… Әй менің Аппақ асыл аруым, Ғасырға мұңын жасырған. Ақ Нұрдан тәж бар басыңда күнім, Әз басың қымбат, асылдан. Арбапты бақта, алдапты құтта, Жалмапты ғашық көп сырын. Ақынның бәрі ардақты жұртқа, Арудың бәрі жексұрын. Сынына мынау төзбедік көптің, Безбедік бірақ сез, ұғын. Өсем деп жүріп өзгеріп кеттік. Өзгермей қапты сезімім. Жаныма келші мұңдасайықшы, Тыңдасайықшы болды деп. Тағы да бір рет сырласайықшы, Сырласайықшы соңғы рет. Жаныма келсең жасып тұрарсың, Тасып тұрар шын көмейің. Көзімнің жасын мәсіх қыларсың, Қолыңа құйып берейін.
Үнсіз Жақсы ма екен өмірің менен ада? Жанарымнан көз алмай төне қара. Бірдеңе деп жұбатшы жанымды бұл, Үндемейсің, жарығым неге ғана? Тыныштық басы талай дүлейлердің, Жаратқаннан бір дауыс тілей бердім. Әлдилемей мызғымас сәби жаным, Үнсіздіктен үркідім, үрейлендім. Бала күнім дәл солай өтіпті арман, Кеудемде бір жамалмас кетік қалған. Үндемей жүріп, жүріп менің атам, О дүниеге аттанып кетіп қалған. Талай мәрте кеудеме мұң, сыз келіп, Жабырқатқан жанымды тілсіз көміп. Солардың барлығыда жүрегіме, Үнсіз кеткен, қайтейін, үнсіз келіп. Бәрін қойшы жалған ғой құрығыр-ай, Сенім сондай мендегі сынық ұдай. Мен еңкілдеп, еңіреп жылағанда, Үнсіз қарап тұрады Ұлы Құдай. Енді сенде жанымды жапырып ап, Қайтарымда жаныңа шықырып ап. Үнсіз жылап отырсың кетем десем, Ақ жүзіңді, қолыңмен жасырып ап. Аман болшы, аман бол тек сен көкем, Өкпелеме енді боп өтсем бөтен. Мынау жалған жарықтық дүниеден, Үнсіз ғана жоқ болып кетсем бе екен? …
Жылайын десем жанардан ұятты, Бәйгеде ұлдай аты өлген. Құлайын десем анамнан ұятты. Ұятты сосын әкемнен. Меңіреу тірлік мезі қылғанда, Мезгілсіз ойдан шаршағам Шымбайдан шындық езіп, ұрғанда, Айтып көр қандай бар шарам? Шағынсам уәжі шағымшыл жанның, Сарсаң боп бақыт сағыммен, Сынақтан сырғып сағым сынған күн, Ұялам үнсіз Тәңірден. Сабырға көнбес сабаз көңілім, Сарқылса күшім, қуатым, Ақтығын былғап қағаз көңілім, Су таппай жүрмін жуатын.
Жаза қылмысты жасағандарға емес жасамағандарға көбірек қатысты.
Қазір қазаққа соғыс керек. Жалпы, қазақ деген жұрт ат жалында, атан қомында өсіп, көз ашқаннан ерлік пен өрлікке сусындап келе жатқан жауынгер халық. Ұлдары ұрғанын уатып, тепкенін тесіп жіберетін қайратты халықпыз. Содан ғой жылқысы ауыздықпен су ішіп, жігіті етігімен су кешкен қилы замандардан қисаймай өте шыққанымыз. Осындай бабалардың ұрпағы болған соң, тегімізге тартпай қоямыз ба? Бейбіт заманның өзінде қан көксеп жүрміз. Басымызға бейбіт күн орнағанда, соғысарға жау таппай, енді бір-бірімізбен соғыса бастадық. Өз бауырымыздың қанына қол жуып, өз шешелеріміздің қарғысына қалып жатырмыз. Соңғы жаңалықтардың легінің бәрі осы: Қызылордада колледж студентін өлтіріп кетті, Димаш деген кәмелетке толмаған баланы бауыздап кетті, Талғарда адам өлімі болды, топ бала жабылып бір жігітті сабап кетті — осындай ақпараттардың қатары көбейіп бара жатыр. Бір қазақтың балалары бір-бірін қырып тастамай тұрғанда, басқа бір соғыс керек-ау, шамасы. Сонда ғана намысы оянып, мейірімі оянар. Бауырдың қадірін, бауырмалдықтың құнын ұғар. Адам жанынан басқаның бәрі сатылады. Сондықтан болар, ол тым арзан…
Адам жанынан басқаның бәрі сатылады. Сондықтан болар, ол тым арзан… #меніңше
Іздедім, таптым, жоғалттым дейді Сандыбай