tgindex
𝚂𝚢𝚛𝚕𝚊𝚜𝚢𝚖 📌

𝚂𝚢𝚛𝚕𝚊𝚜𝚢𝚖 📌

Статистика
@syr1asymказахский

Нәлібек Ердәулеттің авторлық жеке өлеңдер арнасы

Последний пост
15 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
466
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
914
20 постов
Вовлечённость
196,1%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • ЕҰУ-ге арнау Кетпейді ғой бойымды таламай мұң, Шешімімді кейде өзім қаламаймын. Не болсада қайырын берсін Алла, Тағы бір жыл Шым қаланы паналаймын, Келмейді шіркін жігерімді босқа малып, Қалатындай ішкі намыс, көш қамалып. Ойдағыдай болса бәрі келем саған, Мәңгілік болам сосын «астаналық». Солай екен өмір мына Есілім, Толқыныңдай толқытады есімің. Жанында мен тулай алмай жүрмін ғой, Сол үшін де шын сұраймын кешірім. Алтын әріп болмаса да өзіңнің, Архивіңде жазылады есімім. Кешір-кешір, кешіре ғой Есілім.

  • ... Түннің бүгін құбылмалы сарайы, Жұлдызы бар, аспаны бар, бар айы. Әй, бірақ та өзім сүйген айым жоқ, Бір есімнен кетер емес арайы. ​Қыс, жаз, күз, бүршік атқан көктемім-ай, Сезіндің бе мендік сезім бөктерін-ай? Қанша мына бөрі болып жаралсам да, Мұңымды айтпаған ем көкке бұлай. ​Есіңде ме, асқақ еді, тұнық болған арманымыз, Қиялменен болашаққа барғанымыз? Сол ойларым бір мезетте мертке айналды, Жұлқылады, өлтірді қарғалы күз. ​Сен де ұнаттың, мен деп жаның жылаушы еді, Мендік жүрек тек сені сұраушы еді. Қанша, жаным, мойымай келгенімен, Сен жайлы мұңды өлең құраушы еді. ​Сеніменен сөйлесуші ем кеш кіргенде, Дәл мендей мәз емес еді ешбір пенде. Қоңыраумен өзіңе алғаш батқам, Одан кейін сөйлеспедім ешкіммен де. ​Содан бері көңілім жайқалмаған, Көп сезімдер жатыр іште айта алмаған. Өзгені шын ұнатып көрейінші, Бір сәт болсын сезімімді қайтар маған. ​Тексеріп кет, егер сезім жалған десе, Сені бүгін ойладым, қарғам, кеше. Ойланбастан сол аруды айтар едім, «Орындалмай қалған бір арман» десе. ​Баласы бар, тұрмыс құрған, ұзатылды, Ұмытуға тура келеді «қыз» атыңды. Барғым келеді, күйеуің болса-дағы, Құдай бірақ жақтырмас бұзатынды. ​Алғаш рет сол кезде шарап ішкем, Қандай бақыт шықсын дейсің жаралы іштен... Егер де өзіңді мен ұмытпасам, Не пайда маған мына қара күштен? ​Менің мына рухыммен егіз бе едің? Тоғытылып, қарғам-ау, сені іздедім. Есімде, ең алғаш «ағам ғой» деп, Қара нанға май жаққандай жегізгенің. ​Сол түні сені ойлап жата алмадым, Ұйықтайын десем дағы, бата алмадым. Қазір мен ешбір қызға сене алмаймын, Содан болар «қыз құмар» атанғаным. ​Менің жаным содан бері жасаурайды, Іштен тынам, мұң менен қаша алмайды. Сенен кейін қанша қызбен жолықсам да, Тұнық мына көздеріңнен аса алмайды.

  • 4 апр.1 050247

    Ұмыт мені дейсің бе ұмыт мені, Жетелеп жүр жарық сәуле, үміт мені. Қойшы болды кеткен адам десем тағы, Түсімде жарқын бейнең күліп келді. Күмән да бар, сол оймен сөне берем, Кейде шіркін сол кезеңге сене берем. Сен менен қанша мейлі жырақта бол, Өміріңе періштең боп келе берем. Бар күмәннің артында үмітте бар, Сенгім келмей тұрады күдікке тар. Көп емес аз қалды ораламын, Менсіз шалқып өміріңді сүріпте қал.

  • 22 мар.1 8902327

    Іңкәр жаным, іңкәрім-ай, іңкәрім, Өткен шаққа арнай берсін жұрт әнін. Маған бәрі ынтазар боп тұрсада, Сені күтіп айларымды құртамын. Сен керексің, аяулысың мен үшін, Теңеулерім таусылмайды сен үшін. Махаббаттың майданында шіркін-ай, Бір сенімен көрсем деймін жеңісін. Болмыс бөлек сырларындай жұмбақтың, Қадіріне жеткім келеді шын бақтың. Қарғам саған шын жете алмай жүрмін-ау, Бүкіл дүние асылынан қымбаттым. Сенсің бе ей Мұқаң айтқан жас қайын, Хабарсызсың еш ошарсыз ашпай үн. Уа, Тәңір-ау сол бір мезгіл келгенше, Ешбір жанға жүрегімді ашпайын.

  • 17 мар.1 0052213

    Сағыныш хаты Жігітің де, ағаң да емеспін мен, Содан болар жолдаспын дөңес мұңмен. Өкінішті бірде бар, жоқ болатын, Өміріңде жүрген жәй елеспін мен. Саған ғашық адаммын, бірақ, жаным, Арамызда жол жатыр, жырақ жаның. Өзгелерге жәй ару болғаныңмен, Өмірім де өзіңсің — шырақ жалын. Түсімнен де кетпейсің, ойымнан да, Еш аумайсың әсем гүл, мойылдан да. Рас айтам: шын бақытты боламын мен, Сен келіп, сенсіздік жойылғанда.

  • 16 мар.793182из ansarlarmen

    Аллаһуммә иннәкә ‘афуввун тухиббуль-‘афуа фа‘фу ‘анни. اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ العَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي. «Уа, Алла! Расында, Сен өте кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр.»

  • Қадірлім Менің мына жарығым-ай, қадірлім, Сен десе шіркін кернейді менде жәудір мұң. Қадір түні еш ойымнан кетпейсің, Содан да болар сен деп дұға жаудырдым. Сен тұрасың жатсам да егер қол жайып, Дұғамен әркез тілекші болып, болжайық. Өмірді теңіз, ал мен қайық деп алсам, Дұғамен шіркін жетсінші саған сол қайық.

  • Өткенге мына жүрмін ғой жаным шерлене, Білмеймін, бірақ мұңайып жүрмін мен неге? Я, Құдайым, маған бір белгі бергейсің, Мен үшін мына қайырлы болған пенде ме? Сені сүю жетелейтіндей бақытқа, Шіркін-ай, десейші, өтпей де қойды уақытта. Шыдамым менің, білмеймін, бірақ жете ме Қалқатай-ау, біз келіскен уақытқа. Тұрмын мен, жаным, осы сәт сені сағынып, Жүргім де келмей, артыңнан қалмай жағынып. Дұғамнан әркез табылып жүрген есімің Қалса екен, шіркін, болашағымнан табылып. Жаным-ай, менің болашақтан күт емін, Күтуім бекер болса егер, жаным, бітемін. Пешенеме Наталья болып жазылсаң, Пушкиндей, жаным, екі жыл сені күтемін.

  • 5 мар.746105из karamysyq

    Сезімдер қалды пана көрмеген. Ескірген ойды жаңа жерлегем. Жүрек те қалды көнерген күйі, Ісіңе асса, ала бер дер ем! Армандар қалды жаратылмаған. Қиялдар қалды, санаға орнаған. Ақша сұрасаң— бәрі бейшара, Ақыл сұрасаң — бәрі ақылды адам. Көңілім қалды, сен бе кінәлі? Асуларым көп, мінбеген әлі. Жұлдыздай ағып бара жатқандай, Жылдарым жылжып, күнде-күн әрі. Аспанда қалды көзі ағып барып... Тамшы жас үзер, қозы бұлтта анық. Сол түні аспан ұзақ жылаған... Екеуміз жастан ұзақ ұрттадық. Қиялдар қалды, санаға орнаған. Армандар қалды, жаратылмаған. Өмір де қалып бара жатыр-ау, Өзіңе ғана бола тумаған... (с) Отан Ерсін

  • Сен мені сағынбайсың, сағынбайсың, Өмірімнен өртеніп, жалындайсың. Қанша мына алыстап кетсең дағы, Мендегі кірбің түстен табылғайсың. Сен мені ойламайсың ерке бағым, Жаныңның жарқын етіп шертем әнін. Мен оралам өміріңе бағың болып, Аяқтағым келмеген соң ерте бәрін. Көңілімде бақытты сәт көп атпауда, Құдай сені ойларымнан жоғалтпауда. Махаббатта, сағынышта білесің бе? Орасан күш керегін жоғалтпауға.

  • Білмеймін мен, өзіңді ойлай берем, Содан болар, ғашықтыққа бойлай денем. Қанша мына «кет, қой» десең дағы, Жын соққан мақұлықтай қоймай келем. Білмеймін, бір өзіңе аңсармын мен, Қызықсың, аумайсың сен барша гүлден. Содан, бәлкім, сені ойлап кірпік қақпай, Бір өзіңді тіледім қанша түннен. Сені ойласам, уақыт өтер баяулатып, Сен кетпеші жанымды қаяулатып. Сенің мөлдір даусың естілгенде, Кезіп жүрер жанымда таяу бақыт. Кезіп жүрер сені іздеп мендік болмыс, Тоғыстырып, айыруда тағы сол қыс. Мені күт, ораламын саған қайта — Шындыққа айналады ғажап сол түс. Сол кезде уәде, қалқам, сүйіп өтем, Өзімнен болмысыңды биік етем. Уайымдама, сезіміңді ашып алып, Ыстық сенің сезіміңе күйіп өтем. Сен кеткелі, қалқатай, білемісің — Мендік, сірә, көңілдің күйі бөтен...

  • Менің мұңым — ол менің әлсіздігім, Өмірім көрсетуде мәнсіздігін. Жалындап өртенетін кезімде мен, Ұғындырды тұла бойым жансыздығын. Мен кейде өзіме өкпелеймін, Ішім ашып, көз жасымды төкпелеймін. Өмірімді бақ санап жүргеніммен, Әттең дейтін сәттерім көп пе деймін. Жаным-ай, сергелдеңмен жасаураған, Ешбір бақыт оның орнын баса алмаған. Мұң дейтін абақтыда жүргендеймін, Тордан ытқып ешқалай қаша алмаған.

  • 9 февр.791162из poeziya_muzika

    Мақатаевқа жыр толғау Кешіріңдер, Мақатаев емеспін мен, Бір сөзімен бір шумақты жалындырар, Поэзияның артынан сағым қуар. Ақындар жоқ саған мына тең келетін, Саған шешен адамның бәрі құмар. Мұқағали бөлексің, білемісің, Поэзияның биік шыңы, жүрегісің. Сендей ақын мың ғасырда бір туады, Мінез керек сен секілді түлеу үшін. Өлеңдерің мағыналы, терең ойлы, Әрбір шумақ тербетеді жүрек, бойды. Уа Мұха ғаппары ғой ақындықтың, Әрбір сөзі тесіп шығар түлеп ойды. Нәлібек Ердәулет

  • 4 февр.1 654189

    Ақпанда туған алыптар Қош төрлет ақпаным, ардағым-ай, Қарт қаңтарды қаяулатпай жалғадың-ай. Ошағыңда туған асқар алыптармен, Менің мына көңілімді жауладың-ай. Сенен келген алыптар білсін далам, Өлең десе өзімше дүрсіл қағам 75-ке толамын келмедің деп, Ренжімессің ақсақалым Жүрсін маған. Өзінше шабыт мені тербеді кеп, Мұқаң тірі айта аламын өлмеді деп. Бір ғасырда бір келетін ақыным-ай, Ренжімесін туған күнге келмеді деп. Ұлы ақындар қадірлегің, ұлықтағың, Басқа мейрам, мерекені құлыптағың. Жамбыл бабам 180-ге толады ғой, Замандас-ай еске ал, ұмытпағың. Жыр болмаса жылынады жаның немен? Құлаққағыс етейін бәріңе мен. Сөзін емес, өзегін тыңдай білген, Халықпыз өз абызын қадірлеген. PS: Ақпанда туған Жамбыл Жабайұлының 180 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына және Жүрсін Ерман атамыздың 75 жасына арнау

  • Қандай ә, алабұртқан өмір-ай, Болып қала берем неге сұмырай. Еш күмәнсіз өмір сүрейін десең де, Келе береді көңіліме құрымай Кетсе кетсін, өшсін мейлі бар үміт, Тұрсын қанша сезімдерім жағылып. Өзің жайлы енді өлең жазбаймын, Келседағы қанша шабыт ағылып. Ақын жігіт мықты екен пәк жандай, Жүр ма бәлкім содан сендік бақ жанбай. Екі ақын бірге жүрген жарамас, Сейфуллин мен Жұмабаев Мағжандай.

  • 26 янв.1 0101411

    Мен өзіңді сүйе тұра, қызғанамын, Ұнамайды, содан болар сыздағаным. Бір өзіңе көңіл бөлмей қалсам егер, Тәрк еткендей сезім болады құзға бағын. Себеп сенде тұнық мына жанарың бар, Сол жанарға қызығып қаларым бар. Сорақысы болмысыңа менен бөлек, Қызығады бір дөкейлер, хабарым бар. Мейлі олар досым деп үгіттесін, Оларда құмартатын үміттесің (үміттес-ің). Өз сүйгенін қызғанбаса егер мына, Серігің боп жүрген сері жігітке сын. Солай міне көңіл тар, болмыс таяз, Қызғанғанда ішім дауыл, сыртым аяз. Жігіт болып келген соң бұл дүниеге, Ерлер жайлы жөні түзу мендік ой аз. Түсін, ұғын қызғанбайды адам бекер, Жан емеспін болмысыңды жалаң етер. Аласалау болсамда, дөкейлерге, Уайымдама, қорғаймын шамам жетер.

  • Уақыт өтіп, азаюда сенім десе, Айтшы қалқам өзі сенде сенім неше? Танысыңа шеріңді ақтарып ал, Егер ішің шынымен жеңілдесе. Неге, неге ішім менің мұңаяды, Қанша уақыт жүреміз бұлай әлі. Ішім ашып тұрсада әлденеге, Ақиқат бар оған дәлел Құдай бары. Пендеміз ғой жүре алмаймыз жаңылмастан, Алданудан шерленіп, жаным қашқан. Бір кездері көңілім пәк болған еді, Қазір бірақ сенім өлген, жаным мыстан. Бірақ менің өкпем жоқ өмірге түк, Мұңайтып та, аламын көңілдетіп. Есірген ессіз мына махаббат-ай, Өзіңе қалмасыншы шөлім кетіп. Мен өзіңді дәл бұлай қинамас ем, Тұрса егер мына саған қолым жетіп.

  • 18 янв.9702011

    Көздеріңе көз тимесін көріктім-ау Мен өзіңе ғашық екем, соны ұқтым-ау. Түнек басқан қараңғы ғұмырыма, Жарық берген жарығым боп жолықтың-ау. Шаштарың-ай асыл болған, мөлдірімен, Әрбір талы қымбат дерсің бір-бірінен. Жүрегім болмысыңа ынтық болды, Толықтай жаулап алды дүлдүлімен. Содан болар мен сенен кете алмаймын, Келгеніммен қадіріңе жете алмаймын. Кеш құрым серуендеп қайтатында, Үй жағыңа елеңдеп өте алмаймын. Себеп бізде арада қашықтық бар, Жанға батар намыс дейтін тал шыбықтар. Несін айтам сүйе тұра жек көретін, Өзіңе ерекшелеу ғашықтық бар.

  • 17 янв.8461310

    Жігітім бар Түс көрдім, оралыппын бала кезге, Өзіншелеу ерекше дара кезге. Сыныптасқа ғашық болған кездерім-ай, Қызық емес болатын қыздар өзге. Алғаш ұққам сезімнің сергелдеңін, Бала ғашық сен соны көрген бе едің? Мен өзіңе шынайы ынтазар ем, Сол кездері өзіңді көргем теңім. Мына жаным бірақ сені ұға алмайтвн, Сені көрсем жаным бір сәт тұра алмайтын. Аласалау болсамда, бұқаларың Сен тұрғанда мына мені жығалмайтын. Солай өстік алысып достарменен, Саған бірақ берік еді құштар деген. Қайтарында жыртылып қайтушы еді, Өлең жазған ұшақ-парақ ұшқанменен. Себебі мына сенің жігітің бар, Сонда да алабұртқан үмітім бар. Жігер жинап сезімімді білдіргенде, Деуші едің есімде "жігітім бар". Құрбыларың, Арай, Ерке, Аяна, Әсел деген Жүруші едім солар берген әсерменен. Алғаш мына есімде өзің жайлы, Өлең жазып, өзімше әсемдегем. Солай солай арам ойлар сезілмеген, Білмеймін құмартушы ем өзіңе мен. Жігітім бар деуші едің бірақ маған, Құрбыларың сол жігіт өзің деген. Мен ауылдан қалаға кеткен күні, Мәңгілікке өлгендей көктем үні. Жігітің шынымен мен болғам ба, Ұғына алмай кеттім қарғам мүлдем мұны. Е. Жақыпбек ағамыздың "Жігітім бар" өлеңінен туған идея

  • Сөзі:Нәлібек Ердәулет Әні: Сабыржан Наркулов