бір тамшы көздің жасындай
Статистикажәй, өнерді сүй. сосын, мені. электронды түрде оқыған кітаптарымды осында жүктеп отырам: t.me/ooqukerek
- Последний пост
- 6 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 99
- 1/48двое суток
- 113
- 1/72трое суток
- 122
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Человек не всегда включается от слов - ты сможешь. Иногда он должен услышать, что он не сможет. Чтобы это его задело и он начал действовать. Поэтому, если ты услышал негативные слова в свой адрес не спеши им верить. Быть может как раз таки с этими словами что-то в тебе щелкнет и ты начнешь действовать. Используй свою злость и не довольство из-за слов твоего окружения для того, чтобы начать что-то новое в своей жизни, а не для того, чтобы упрямо держаться за старое… только потому что тебя задели или обидели… Злись, что ты не меняешься))) и начни…
you don’t learn how to swim by reading about water.
қиялым жеткен жерге өзім де жетермін.
https://youtu.be/8RuWp3s6Uxk?si=I-VvCZkR-QAcdIFS
https://youtu.be/5o-tRub-0pQ?si=U84YSx1rGddYsBj7
ғажап, ғажап. сұмдық ғажап.
https://youtu.be/60Q9KLXDwvo?si=7p0KTPP1tMIEtzP5 до мурашки💔💔💔💔💔 как всегда на высоте! көкең оралды 😭😭😭
соңғы кезде өмірімнен токсик адамдарды біртіндеп шығарып жатырмын. иә, мен эмпатпын. маған бәрін бетіме айтып беру міндетті емес. кейде үнсіздік те, салқындық та, еленбей қалу да көп нәрсені сездіреді. бұрын мұндай дүниелерге мән бермеуге тырысатынмын. қазір өзімді тыңдаймын. негатив естісем, одан бірден алыстаймын. жанымды қажытатын орта болса, үнсіз кетемін. соңғы жарты айда чаттарым босап қалды. бұрын күнде сөйлесетін адамдармен де байланыс сиреді. жалғыз қалғаным үшін емес. ішкі тыныштығымды таңдағаным үшін. ортаның адамға әсері расында үлкен. сондықтан ішінде не жасырып жүргенін білмейтін адамдарға жан дүниемнің ең нәзік тұстарын көрсеткім келмейді. #қалдық
без подписи
мен адамның шегі алдын ала белгіленген дегенге сенбеймін. қажет болса, адам өз басынан да биік секіреді.
менің aesthetic-ды сағынғандар бар шығар, мына бейнетаспаны бағалай өтіңіздер✨ #электрпанары
танымал фильм көресің, міндетті түрде мін табасың. жұрт мақтаған мейрамханаға барасың көңілің толмай шығады. мыңдаған адам бағалайтын шығармашыл жанды көрсең беделін түсіруге асығасың. көпшілік оқып жатқан кітапты қолыңа алсаң - оны жоққа шығаруға дайын тұрасың. неге? не үшін? өзіңде жоқ мінсіз өлшемді өзгеден талап ету үшін бе? әлде біреудің жасап шығарғанын жоққа шығару, өзің ештеңе жасамағаныңды ақтап тұрғандай көріне ме? сын айту оңай. бірдеңе жасау қиын. сондықтан бар күшіңді жасағандарды кемсітуге емес, өзің де бірдеңе жасауға жұмса. өміріңнің бәрі батылдық танытып, дүниеге бірдеңе сыйлаған адамдарды сынаумен өтіп кетпесін. #ойсараныңүзіктүйіні
сенің өнерің — карта. бір күні әлдекім сол картаға қарап, өз жолын табады. өзін табады.
кейде махаббаттағы ең терең жақындық тәнде емес, сана мен жүректің арасында туады. бірге ұзақ сөйлесу. пікірталасқа түсу. ой бөлісу. өмірдің мәнін іздеу. бір-біріңнің жан дүниесін бірге зерттеу. адамды шын мәнінде жақын ететін жанасу емес жаныңды жалаңаштау. ішкі әлеміңді жасырмай, біреудің алдында толықтай ашыла алу. #ойсараныңүзіктүйіні
мәселе ашуда емес. айқай да. мәселе көңіл қалуда емес. айыптауда. мәселе сәтсіздікте емес. бас тартуда. мәселе келіспеушілікте емес. құрметсіздікте. мәселе ауырсынуда емес. өзгені жаралауда. мәселе қызғанышта емес. бақылауға тырысуда. мәселе әлеуметтік желіде емес. өзгемен салыстыруда. сезімдеріңнің бәрі орынды. бірақ оған қалай жауап беретінің өз таңдауың.
әр әйелге өнерін қорғап қалатын жұмбақ бір табыс көзі бұйырсын.
«арамызда қалсын, жарай ма? қазір сізге бірдеңе айтамын…» — дедім. ол басын изеді. мен сендім. ішімдегінің бір шетін ғана аштым. қалғанын айтпағаныма қазір шүкір деймін. ертеңіне сол адам біздің үйде, көптің ортасында отырып, әңгімені маған бұрып жіберді. «басқа қалаға барып келгелі бұл қыз өзін жоғалтып алыпты…» мә, сол сәтте айтқан сөзімнен бұрын, сенімімнің сатылғаны қатты ауыр тиді. ертең тағы да жүздесеміз. көмектесуге барамын. қазірден бастап құлаққап тағып алайын ба, әлде өзімді басқа нәрсемен әуре қылайын ба деп ойлап отырмын. ауыз ашпай өткен жиырма екі жылымдағы ең үлкен қателігім - дәл осы жолы біреуге сеніп, ішімдегіні айтқаным шығар. #қалдық
«бізге жақсы фильмдер керек! өнер әлсіреп кетті» - дейсіңдер. бірақ біреу гуманитарлық мамандықты таңдаса, оны келемеждейсіңдер кеп. білім беру жүйесі өнер адамын мектептен бастап-ақ біртіндеп тұншықтыруға құрылған. оларды бала күнінен «ой, одан пайда жоқ, одан да ана юристке барып оқы, болмаса повар болсай» деген сөзбен өлтіреді. сол себепті өнердің бүгінгі күйіне таңғалудың қажеті жоқ, деп ойлаймын. #ойсараныңүзіктүйіні
сосын, шүкіршілікті де олай көзбен өлшеп, біреудің жоқшылығымен таразыламаңдаршы. өзгенің тар тірлігіне қарап “тәубе” деу шүкіршілік емес қой) шынайы шүкірің біреудің мұқтаждығын қызықтамай-ақ, өзіңе бұйырғанның қадірін білу емес пе? ал біреудің тозығын тамашалап отырып айтылған шүкірің тап-таза тәкаппарлық қой, қалқам)
көңіл де көз секілді, неге қадалса, содан өң алып, содан рең жұқтырады