tgindex
The Education Media

The Education Media

Статистика
@theeducationmediaказахский

Бұл арнадан тұлғалық даму үшін қажетті ақпараттарды таба аласыз: грант, курс, стипендия, тағылымдама, байқау, лайфхак, бос жұмыс орындары. Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша: @alzhanmyrza

Последний пост
10 авг.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
669
−1 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
382
20 постов
Вовлечённость
57,1%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
62
1/48двое суток
71
1/72трое суток
76

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • 10 авг.633из otandastar

    4% квота арқылы 2 378 қандас түлек Қазақстанға оқуға түсті 2026–2027 оқу жылында ұлты қазақ шетел азаматтарына 2 497 грант бөлініп, игерілу көрсеткіші 95,2% құрады. Ең сұранысқа ие бағыттар — инженерия, педагогика және IT. Барлық жаңа грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Қандастарға арналған мүмкіндіктер туралы толығырақ @otandastar_qory Дереккөз: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі “Отандастар қоры” КеАҚ Баспасөз қызметі @otandastar

  • 7 авг.7822из SayasatNurbekOfficial

    без подписи

  • 7 авг.892из SayasatNurbekOfficial

    МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ ▪️ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. ▪️ Мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген ұзақ мерзімді сұранысын ескере отырып қалыптастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру гранттарының 60%-ы бүгінде елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінді. ▪️ Өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Серпін» жобасы аясында екі мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алады. ▪️ Білім беру гранты – бұл тек жоғары білімді тегін алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл – мемлекеттің елдің болашағына және әрбір дарынды жасқа салған инвестициясы. Биыл 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік грант иегері атанды. Сонымен қатар гранттар конкурсын өткізу қағидалары өзгеріссіз қалып, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті. Біз жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді жүйелі түрде кеңейтіп келеміз. Бүгінде Қазақстаннан шықпай-ақ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының дипломын алуға болады. Сондай-ақ елімізде жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің филиалдарында оқу үшін де мемлекеттік гранттар қарастырылған. Бұл – қазақстандықтар үшін сапалы халықаралық білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам. ▪️ 2026 жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Өтініштер санының артуы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары білім алуға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді. ▪️ Гранттарды бөлу барысында заңнамада көзделген мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері сақталды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс берілетін гранттар, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант қарастырылды. Конкурс нәтижелерімен келесі ресми ақпараттық ресурстардан https://t.me/SayasatNurbekOfficial, https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim таныса аласыздар.  Мемлекеттік білім беру грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.

  • Қазақстан – Орталық Азияның жетекші академиялық орталығына айналып келеді Бұл туралы Quacquarelli Symonds (QS) мамандары "Kazakhstan’s Higher Education: Building Central Asia’s Leading Academic Ecosystem" атты мақалаcында жазды. Ел университеттерінің әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштері артып, Қазақстан Орталық Азиядағы ең танымал жоғары білім беру жүйесіне ие мемлекет ретінде қалыптасуда. Негізгі көрсеткіштер: – QS World University Rankings 2027 рейтингіне Қазақстанның 18 университеті енді. – QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде 44 қазақстандық университет ұсынылды. – QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингтеріне 13 университет кірді. – QS Sustainability Rankings 2026 рейтингінде Қазақстанның 23 университеті бар. – 27 университет QS Stars рейтингі бойынша бағалаудан өтті. Қазақстанның Алматы және Астана қалалары да QS Best Student Cities 2027 рейтингіне енді. Алматы әлем бойынша 78-орынға, ал Астана 119-орынға орналасты. Қазақстан 2029 жылға қарай шетелдік студенттер санын 100 мыңға дейін арттыруды мақсат етіп отыр. Толығырақ: qs.com

  • Франция 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды 21 шілдеде Франция парламенті 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салатын заңды мақұлдады, деп хабарлайды Le Monde. Франция Еуропалық одақта мұндай шектеу енгізген алғашқы мемлекет болды. Заң парламенттің қос палатасында да қолдау тапты: Сенатта 243 депутат «қолдап» дауыс берсе, Ұлттық жиналыста 279 депутат заңды қолдаған. Бұл бастаманы белсенді түрде қолдап келген Франция президенті Эмманюэль Макрон шешімді құптады. Заң қабылданғаннан кейін жариялаған бейнеүндеуінде ол: «Бұл – алға жасалған маңызды қадам. Балаларымыз бен жасөспірімдерімізді қорғау мәселесінде Франция Еуропада көш бастап келеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз», – деді. Өзгерістер кезең-кезеңімен енгізіледі. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салынады. Ал 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін платформалар 15 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі бұрыннан бар аккаунттарды жоюға міндетті болады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, пайдаланушылардың жасын тексеру үшін платформалар Францияның дербес деректерді қорғау жөніндегі реттеушісі мақұлдаған құралдарды пайдалануы тиіс. Le Monde басылымының атап өтуінше, заңда нақты әлеуметтік желілердің тізімі көрсетілмеген. Алайда шектеу TikTok, Instagram және Snapchat платформаларына да қатысты болуы мүмкін. Құжатта «онлайн-энциклопедиялар» немесе «білім беру және ғылыми анықтамалықтар» сияқты бірнеше ерекшелік те қарастырылған. Маусым айында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Кир Стармер 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға толық тыйым салу жоспарын жариялаған болатын. Бұл өзгерістер 2027 жылдың көктеміне қарай күшіне енеді деп күтілуде. 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне толық тыйымды алғаш рет 2025 жылғы желтоқсанда Австралия енгізді. Кейін Испания, Дания, Канада, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдер жасөспірімдерге қатысты осындай шектеулер енгізетінін мәлімдеді. @theeducationmedia

  • без подписи

  • 6 апр.34227из otandastar

    Құрметті үміткерлер 🎓 Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжаттарды қабылдау басталды 📚🇰🇿 Үміткерлер құжаттарын онлайн режимде 2026 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін) мына сілтеме арқылы тапсыра алады: 🔗 https://studyin.kz/admission Гранттар саны: 🎓 Бакалавриат – 490 📖 Магистратура – 50 🔬 PhD докторантура – 10 Стипендиялық бағдарламаның операторы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 🤝 Толық оқу кезеңіне арналған стипендиялық бағдарламаларға қатысуға өтінім қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылады @otandastar

  • Илон Маск бағдарламалау туралы: «Шынын айтсам, бәрі соған келуі мүмкін деп ойлаймын: бәлкім, осы жылдың соңына қарай саған бағдарламалаумен айналысудың да қажеті болмайды. Жасанды интеллект бинарлық кодты бірден дұрыс күйінде өзі жасай алады. ИИ кодты аударатын бағдарламадан (компилятордан) да тиімді дайын бағдарламаны жасай алады. Сен жай ғана: “осындай нәтижеге арналған оңтайландырылған бинарлық файл жаса” деп айтасың және әдеттегідей код жазбай-ақ қоюға болады». x.com @mumkindik

  • https://youtu.be/6a0Pjp6IGaw?si=50rvydDrUj_HtxsE

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • 10 окт. 2025 г.73723из otandastar

    🎓 Құрметті қандас студенттер! Сіздерді өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «OQ STARTUP» үздік жоба байқауына қатысуға шақырамыз! Байқауға кез келген саладағы инновациялық, әлеуметтік немесе шығармашылық бағыттағы жобалар қабылданады. 📎 Қатысу үшін: 2 минутқа дейінгі бейнероликті немесе 10 беттен аспайтын презентацияны төмендегі байланыстардың біріне жіберу қажет: 📱 WhatsApp/Telegram: +7 747 508 01 00 📧 Электронды пошта: Oqbaiqau@gmail.com Хатпен бірге келесі мәліметтерді көрсетіңіз: – Толық аты-жөні – Азаматтығы – Оқитын университеті мен курсы – Жасы ⏰ Құжаттар мен материалдар 2025 жылғы 11 қарашаға дейін қабылданады. 🏆 Үздік деп танылған 2 жоба иегері 21 қарашада Астана қаласында өтетін “Отандас ғалымдар форумында” марапатталады. Жаңа идея – жаңа мүмкіндік! 🌟 @otandastar

  • 🔝NU ғалымдары – әлемнің үздік 2% зерттеушілері қатарында! Әлемнің ең көп дәйексөз келтірілетін 2% ғалымының жыл сайынғы жаһандық рейтингінде Nazarbayev University атынан енген зерттеушілер саны 42-ге жетті. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артық көрсеткіш. 💡Сондай-ақ, NU ғалымдары жариялаған мақалалардың жалпы саны 10 640-тан асты. Бұл - Қазақстан жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарында жарық көрген барлық ғылыми еңбектердің шамамен алтыдан бірі. @mumkindik

  • Green Card лотереясын қалай толтыру керек? DV-лотерея 2027 бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылдың қазан айының басында басталып, қараша айының алғашқы жартысына дейін жалғасады. Бұл бағдарлама — АҚШ-та тұрақты тұруға мүмкіндік беретін Green Card (тұрақты тұру куәлігі) ұтып алу мүмкіндігі. Толығырақ: el.kz @mumkindik

  • 7 сент. 2025 г.56834из phdnurbolat

    Тізім

  • 21 авг. 2025 г.69713из otandastar

    26-29 тамыз аралығында (4 күн) «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында 12 сағаттық онлайн біліктілік арттыру курсы өтеді. Шетелде қазақ тілін насихаттап жүрген барша қандастарды курсқа қатысуға шақырамыз! Қатысу үшін +7 707 419 77 62 номеріне өзіңіз туралы ақпаратты жолдаңыз. Курс 17:00-20:00 аралығында ZOOM платформасында өтеді @otandastar