ùrpek
Статистика🫴🏻✨: жайлы & шынайы алаң хат, оқиға мен құнды сөз – кітап, отбасы, бала тәрбиесі мен болмыс тану туралы мақсат – жүрек кеңейту | 🩷
- Последний пост
- 7 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Аллаh сделает так, что ты совершишь грех, который порицал, чтобы сломать твою гордость. Чтобы ты не был уверен, что это зависит только от тебя. Чтобы после того, как ты совершил грех, так же обращался к Аллаhy за защитой от этого греха и находил оправдания другому человеку также, как ты нашел оправдания себе. Не стоит никому из вас обольщаться.
Анасының қолындағы қасық баланың жүрегіне түсетін тәрбие. Анасы ащы тамақ дайындауға үйренсе, оның балалары да ащының дәмін жақсы көріп өседі. Анасы тағамын тұзсыз, жеңіл етіп дайындаса, балалары да көп тұзды ұнатпайды. Бірақ тәрбие тек ас дайындаудан емес, ана жүрегінен, ана тілінен, ана мінезінен басталады. Егер анасы адамдар туралы жаман сөйлеп, күйеуі мен оның туыстарын, көршілерін өсектесе, бала да өсек сөзді қалыпты нәрсе деп қабылдайды. Егер ана баласының көзінше бір нәрсені рұқсатсыз алса, бала да ержеткенде ұрлықты ақтауға тырысады. Егер ана өтірік айтса, бала да өтірікке оңай үйренеді. Ал егер ана намаз уақыты кіргенде барлық дүниелік тірлігін тоқтатып, Раббысының алдына асықса, бала да намаздың құнын, оның жүрекке тыныштық әкелетінін ерте сезеді. Егер ана әр сөзінде, әр ісінде Алланың разылығын іздеп, өсек пен кемсітуге жол бермесе, бала да сол көркем мінезді бойына сіңіріп өседі. Баланың мінезі ананың көлеңкесі. Біздің әдетіміз олардың ертеңі. Біздің амалдарымыз олардың болашағы. Сондықтан бала тәрбиесі өзіңді тәрбиелеуден басталады. Әйел үйдің көркі ғана емес, отбасының бақташысы. Алла оған аманат етіп тапсырған балалардың жүрегін дұрыс қалыптастыру оның ең үлкен міндеті, ең үлкен сауап жолы. Бала айтқанымызды емес, көргенімізді қайталайды. Ал егер ана өз жүрегін түзесе ұрпағының жүрегі де түзеледі. (аударма)
Хажар ананы ұмытпа… Ол шөлдің дәл ортасында қалды. Қасында нәрестесі. Қолында ештеңе жоқ. Көзге көрінетін себеп те, көмек те жоқ. Бірақ оның жүрегінде бір нәрсе бар еді: Аллаға деген мызғымас сенім. Ол отырып алып мұңаймады. “Болмайды” деп үмітін үзбеді. Қол қусырып тағдырын күтпеді. Ана жүрегімен шөл далада болуы мүмкін емес нәрсені іздеді, су іздеді. Сафа мен Мәруа арасында қайта-қайта жүгірді. Бір рет емес, екі рет емес, жеті рет. Сырттай қараған адамға оның әрекеті нәтижесіз көрінуі мүмкін еді. Бірақ Алла оның жүгірісіне қарап тұрды. Оның көз жасын, қорқынышын, шаршауын, бірақ соған қарамастан тоқтамағанын көріп тұрды. Сөйтіп Алла Тағала оның талпынысын зая қалдырмады. Оған бір жұтым су ғана емес, қияметке дейін сарқылмайтын Зәмзәмды нәсіп етті. Кейде біз де өмірде дәл Хажар ана секілді күйге түсеміз. Алдымызда шешімі жоқтай көрінетін мәселелер тұрады. Жол жабық сияқты көрінеді. Себептер таусылғандай болады. Бірақ дәл сол сәтте Хажар ананы еске алу керек. Өйткені бұл оқиға бізге бір нәрсені үйретеді: Алла сенің нәтижеңе емес, талпынысыңа қарайды. Сен көрмеген жерден ризық келеді. Сен күтпеген жерден жеңілдік келеді. Сен мүмкін емес деп ойлаған нәрсені Алла бір сәтте мүмкін етеді. Хажар ана су тапқан жоқ. Алла оған суды нәсіп етті. Бірақ Зәмзәм оның жүгірген жерінде емес, талпынғанынан кейін шықты. Сондықтан шаршасаң да тоқтама. Қорықсаң да жалғастыр. Жыласаң да үмітіңді үзбе. Себебі Алла үшін жасалған бірде-бір қадам, бірде-бір дұға, бірде-бір көз жасы зая кетпейді. Уа, Раббым! Бізге Хажар анадай тәуекел ететін жүрек, қиындықта сынбайтын сабыр, тоқтамауға күш беретін қайсарлық және Сенен үміт үзбейтін иман нәсіп етші. Әмин🤍
Не жаздым? Не үшін мұндай сынақ келді? Деген сұрақ қойылмайды. Өйткені бұл сұрақтардың көбіне жауабы жоқ. Немесе жауабын біз қазір түсіне алмаймыз. Ал мүміннің сұрағы басқа: Бұл сынақтан қалай өтемін? Қалай сабыр сақтаймын? Қалай Аллаға ренжімеймін? Қалай иманымды жоғалтпаймын? Қалай Раббыма жақындай түсемін? Өйткені сынақтың мақсаты сені жазалау емес. Кейде сені тазарту. Кейде дәрежеңді көтеру. Кейде жүрегіңді Өзіне қайтару. Сондықтан: Неге мен? деп емес, Я, Аллаһ, осы сынақтан көркем түрде өтуге көмектесші деп дұға ет. Сонда сынақтың өзі де құлшылыққа айналады🍃
Сенің көзің Құранның қасиетін әлі толық көре алмай тұр… Тек оқу жағын ғана көресің. Әріпті тану, дұрыс оқу, тәжуид… Бірақ оның мазмұнына, мәніне, жүрекке түсетін салмағына әлі араласа алмай тұрсың. Неге? Өйткені жүрек әлеуметтік мусормен толып қалған. Солар сені Құраннан тезірек тартып әкетеді. Құран салмақты. Ал сен нәпсіңді жеңіл нәрселерге үйретіп қойғансың. Құран оқып отырғанда телефонға хабарлама келсе, жүрек бірден соған қарай бұрылғысы келеді. Міне, осының бәрін емдеу керек. Құранға жүрекпен оралу үшін, алдымен жүректі артық нәрседен тазалау керек… ©️ Ерлан Ақатаев ұстаз
Қуанышты хабар естідің бе? Бірден бәріне жариялауға асықпа… Алдымен жүрегіңді Аллаға бұр. Аятүл-Курси оқы. Фәләқ пен Нас сүрелерімен өзіңді қорға. Сол қуанышыңның берекесі үшін садақа бер. Содан кейін ғана адамдармен бөліс. Ал егер жүрегің ауырса… Бір жағдай көңіліңді сындырса… Тағы да алдымен адамдарға емес, Аллаға бар. Дертіңді ең бірінші Аллаға айт. Көз жасыңды да, ішіңдегі ауыр сөздерді де, ешкім түсінбеген үнсіздігіңді де Оған тапсыр. Аятүл-Күрси оқы. Фәләқ пен Нас сүрелерін оқы. Садақа бер. Сосын ғана адамдарға айт. Өйткені кейбір қуаныш қорғауды қажет етеді. Кейбір қайғы алдымен шипаны қажет етеді. Ал жүрекке ең бірінші пана болатын адамдар емес, Аллаһ.
көңілдегіні көңілі кең ғана адамдар жайлы ете алатын сияқты. құрбымның «женщина женщине - дом» деп айтқанын ерекше ұнатамын. сондай көркем көрініс екенін есейе келе түсінесің.
Басыңа келген әр нәрсеге ренжіп қарама. Кейде дәл сені жылатқан нәрсе сені құтқаратын нәрсе болады. Ауырдың ба? Сонда Алланың Шипа екенін таныдың. Қателестің бе? Сонда Алланың Кешірімді екенін аңғардың. Жүрегің сынды ма? Сонда Алланың жұбатушы екенін сездің. Таршылық көрдің бе? Сонда Алладан басқа шынайы сүйеніш жоқ екенін түсіндің. Мәселе сенің не өткеріп жатқаныңда ғана емес. Мәселе сол арқылы Алланы қаншалық танып жатқаныңда. Өйткені бұл өмір тек қуаныш үшін берілмеген. Бұл өмір тану үшін берілген. Раббыңды тану үшін. Өзіңнің әлсіздігіңді тану үшін. Бұл дүниенің өткінші екенін түсіну үшін. Кейде біз жайлылықта ұйықтап кетеміз. Жүрек қатып қалады. Дұға азаяды. Зікір сирейді. Ал сынақ келеді де, жүректі қайта тірілтеді. Сол үшін де әр ауырлықтың ішінен тек қайғыны ғана көрме. Оның ішінен хикмет ізде. Оның ішінен тәрбие ізде. Оның ішінен Аллаға апаратын жол ізде. Себебі сенің басыңа келген ешбір нәрсе бақылаусыз емес. Ешбір көз жасың елеусіз емес. Ешбір күрсінуің жауапсыз емес. Сен ұмыттым деп ойлаған сәтте де, Алла сені ұмытқан жоқ. Басыңа келгендердің бәрі жүрегіңді Аллаға қайта бұру үшін келетін белгілер ғана…
Таң намазына ұйықтап, құптанға ерінген аналардан ғалым ұрпақ шықпайды. Бөгде еркектерден көзін де, өзін де, нұрын да сақтамағандардан ибалы қыз өспейді. Өзі қалағанын істеп, кейін Алладан мінсіз ұрпақ сұрау себепсіз нәтиже күткендік. Баланы медресеге апарып тастаумен тәрбие түзелмейді. Алдымен ата-ана өзі түзелмей, ұрпақ өздігінен түзеліп кетпейді… Ұрпақ - ата-ананың сөзі емес, хәлі мен амалының жемісі.
Қадір түні - мейірімнің есігі ашылатын түн… Қасиетті Қадір түнінде жасалған бір түнгі құлшылық мың айдан да артық. Осы түнде түсетін әрбір дұға, әрбір көз жасы, әрбір шынайы ниет Рахымды Раббымыздың назарында. Суфьян әс-Саури (р.а.): “Қадір түнінде мен үшін дұға ету намаз оқудан да сүйіктірек” - деген. Өйткені бұл жүрек пен Жаратушы арасындағы ең шынайы байланыс түні. Айша анамыз (р.а.): “Уа, Алланың Елшісі! Қадір түніне тап болсам, не айтуым керек?” - дегенінде, Пайғамбарымыз ﷺ былай жауап берген: اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ كَرِيمٌ، تُحِبُّ الْعَفْوَ، فَاعْفُ عَنِّي “Уа, Алла! Расында Сен Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!” Бұл дұғаның тереңдігі неде? - Алла тек кешірмейді, кешіруді жақсы көреді. - Бұл үмітсіздікке жол жоқ деген сөз. - Бұл қанша күнә жасадың десең де, қайтып келуге есік ашық деген белгі. Қадір түнінде не істейміз? - Шынайы тәубе ет. - Кешіруді сұра, кешіруді үйрен. - Жыла, үндеме, тек жүрегің Раббыңмен болсын. - Сен үшін ең қымбат адамдарға шын жүректен дұға ет. - Қазір кешірім сұрап үлгермеген күнәларыңды есіңе ал… Ұмытпа: - Бұл түн құтқарылуға мүмкіндік беретін түн. - Бұл түнде періштелер түседі, Жаратушы тыңдап тұрады. - Бұл түнде ешкімнің шынайы дұғасы жауапсыз қалмайды. Жүрегіңмен жалбарын. Тіліңмен сұра. Ішіңнен төгіл. Бұл түн - саған арналған. Алла сені кешіргісі келеді… Бүгін Қадір түні болуы мүмкін түндердің бірі. Жүректеріміз тазара берсін, дұғаларымыз қабыл болсын!
нағыз тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында садақа бергендер, (ашу қысқанда өзін ашуландырған адамның сазайын беруге шамасы жете тұрып) ашуын жеңе білгендер һәм адамдарға кешірімді болғандар. шүбәсіз, Алла (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді. «Әли Имран» сүресі 3:134 жүрегім(із) кеңейе берсе екен… игі жолда🥹🩷
Қош келдің, қасиетті Рамазан ✨ Рамазанның алғашқы түні –ерекше түн (бүгін). Бұл түні “Фәтіх” сүресін оқудың сауабы жайлы ғұламалар еңбектерінде риуаяттар келген. 📖 Кей деректерде: – Алғашқы түні “Фәтіх” сүресін 3 рет оқу ризықтың берекесіне себеп болатыны, – Бірінші күні немесе түні оқу бір жыл Алланың панасында болуға себеп болатыны айтылған. (Абдулқадир Ғәйлани, “Ғуния”; Бурсауи, “Рухул-Баян”). ✨ Сонымен қатар, екі рәкәт намаз оқып, әр рәкәтта “Фәтіх”сүресін оқу жайлы да риуаят бар.
Рамазан айына орай “Мүфтият” баспасы ұсынған “Ораза жайлы 200 сұрақ” кітабы. Кітапшада Оразаға қатысты өзекті 200 сұрақ жинақталған.
https://youtu.be/ec4S7KV2uFw?si=Es4Z_hU_7WWy3fxC
видео или голосовое, без подписи
to my yellow person <3 deidi хат жазғыш құрбымнан жылы хат
Жасырын рияның мақсаты-адамдар арасында құрметке ие болу, сол арқылы адамдар оның айтқанын орындауын қалау. Ол өз қалауын орындамағандарға ашуланады. Тіпті өзіне тиісті құрмет көрсетпегендерге Алла Тағаланың тезірек жаза беруін де тілеп қоюы мүмкін. Кім өз бойынан осы қасиеттерді байқаса, біліп қойсын, бұл- жасырын рияның белгісі. 🪶ибн Атоийллә р.һ
Уақытты босқа құрту өлімнен де жаман. Өйткені, босқа өткен уақыт – Алладан және ақыреттен айырады. Ал өлім – жәй ғана дүние мен оның күйбелең тіршілігінен айырады». ©️ Ибн Әбу Бәкр
иногда тревожно от того, что я не справляюсь сама с собой, со своими эмоциями и страхами но это и есть путь, путь к Нему и к себе настоящей слово «справляться» ощущается грузом, хочу научиться принимать и проживать это экологично, с любвью и благодарностью ведь так намного легче, намного
видео или голосовое, без подписи